kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Балабақшадағы денсаулық сақтау технологиясы.doc

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балабақшадағы денсаулық сақтау технологиясы.doc

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Балабақшадағы денсаулық сақтау технологиясы.doc»

10











































Мектепке дейінгі мекемеде денсаулық сақтау педагогикалық технологияларды кешенді қоланудың тиімділігі


Мектепке дейінгі мекемеде баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған алауан түрлі формалары мен тәсілдері бар. Осындай кешенді іс-шаралар жалпы «Денсаулық сақтау технологиялары» деп аталады. Баланы тәрбиелеу және оқыту этаптарындағы денсаулығын нығайту және сақтауды қалыптастыруға бағытталған бар білім салаларымен өзара байланысты және өзара әрекеттеседі.


Денсаулық сақтау технологияларын жалпы екі топқа бөлуге болады:


  1. Медициналық (МДМ-дегі мед. қызметкерлері емдік-дене тәрбие, массаж, су процедуралары және т.б өткізуі).


  1. Педагогикалық (МДМ-дегі барлық педагогтар және тәрбиешілер өткізуі.)



Денсаулық сақтау технологияларын таңдап алу ең әуелі МДМ-нің түріне, ондағы балалардың болу мерзіміне, педагогтардың жұмыс істейтін бағдарламасына, педагогтың кәсіби құзіреттілігіне және баланыңденсаулығының көрсеткішіне байланысты.


Заманауи МДМ-дегі жаңа технологияларды қарастырайық


  1. Денсаулық сақтау және ынталандыру технологиясы

  2. Салауатты өмір салтын сақтауға үйрету технологиясы

  3. Түзету (коррекциялық) технологиялар




Дене тәрбиесінің әртүрлі вариаттарын қолдануды ұсынамыз:


  • Дәстүрлі сұлба бойынша сабақ

  • Сабақ, өсімталдығы үлкен, орташа және баяу қимылды ойындар жиынтығынан құралған

  • Негізгі қимыл түрлерін үрететін сабақ

  • Ырғақты гимнастика

  • Жарысу сабағы, балалар екі топқа бөлініп әртүрлі жарыс арқылы жеңімпаздарды айқындайды

  • Сынақ-сабағы, балалар дене тәрбие мөлшерін тапсырады

  • Мазмұнды-ойын немесе дәстүрден тыс сабақ

Денсаулық сақтау технологияларын осылай бөлу шартты емес, себебі олардың арасындағы шекаралар нақты көрінбейді. Мысалы алсақ, түзету технологиясы коммуникативтік ойындардан басталып, релаксациямен аяқталуы мүмкін. Ал ертегі баланың ерте сәбилік шағынан бастап сүйемелдесе, классикалық музыка баланың құрасу ішіндегі кезінен қабылданады.

Динамикалық үзілістк де әртүрлі гимнастика түрлері енуі мүмкін – көзге арналған, тыныс алу, т.б. Тіпті бөлмені безендірілуінің түстері баланың көңіл-күйіне арнайы іс-әрекетсіз-ақ әсерін тигізеді.

Осы сипатталған әртүрлі педагогикалық әсерлердің сауықтыру, білім беру және түзету құзіреттіліктері бар.

«Педагогикалық технология» туралы педагогтар арасында әліде көптеген дау-дамайлар бар.

Нақты бұл түсініктің оншақты белгілері болады. Толығырақ келсек: Педагогикалық технология – бұл амалдар, әдіс-тәсілдер және адымдар жүйесі, бірізділігі. Баланыі тәрбиелеуінің, білім беру және дамудың міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді.

Негізінде нақты әрекет процедура түрінде ұсынылады, яғни әрекеттің жүйесін анықтау, педагогикалық процесіндегі әрекет жүйесінің түрлерін өңдеу, кепілдемелі нәтижені қамтамасыз ету.

Білім беру мекемесінің жұмысысның денсаулық сақтау бағыттын сипаттау үшін көптеген авторлар «Денсаулық сақтау іс-әрекеті» деген тұжырымдаманы қолданады. Өйткені ең дұрысы білім беру мекемесінде баланың денсаулығын сақтау және нығайту бойынша өткізілетін іс-шараны жүзеге асыру арнайы мамандармен (мед. қызметкерлері, психолог, т.б.) байланысты.

Тек МДМ-дегі баланың денсаулық мәселесі көбінесе педагогтың практикалық жұмыс барысында шешіледі, яғни педаготың кәсіби іс-шарасына тығыз байланысты.

Содықтан кез-келген технологияның сауықтыру бағытында болуы да өте маңызды, денсаулық сақтау іс-әрекеттерін кешенді қолдану кейін баланың салауатты өмір салтына, толыққанды қиналмай дамуының тұрақты сарынын қалыптастырады.













  1. Таңертең. Балаларды қабылдау. Кешке.


  1. Қимыл белсенділік



  1. Топтар


    Дүйсенбі


    Сейсенбі


    Сәрсенбі


    Бейсенбі


    Жұма

    Бөбектер

    1

    Еңбектеу, Өрмелеу

    Допты домалату

    Заттарды аттап жүру

    Допты лақтыру, беру

    Секіру

    2

    Жүру, жүгіру

    Еңбектеу

    Секіру

    Секіру

    Кеңістікті бағдарлау, зейінділік

    Сәбилер

    1

    Секіру

    Допты домалату

    Допты лақтыру, қағып алу

    Еңбектеу, өрмелеу

    Заттарды аттап жүру

    2

    Еңбектеу, өрмелеу

    Жүгірумен

    Секірумен, ырғумен(подпрыгивание)

    Допты лақтыру, қағып алу

    Кеңістікті бағдарлау, зейінділік

    Ортаңғы

    1

    Еңбектеу, өрмелеу

    Допты лақтыру және жерге соғу

    Секіртпеден секіру

    Алысқа, көздеп лақтыру

    Секіріп өту, секіріп жету

    2

    Жүгірумен

    Секірумен

    Еңбектеумен,өрмелеумен

    Зейінге

    Лақтырумен

    Ересек

    1

    Еңбектеу

    Алысқа және көздеп лақтыру

    Допты

    жерге соғу

    Секіртпеден секіру

    Ұзындыққа, биіктікке секіру

    2

    Жүгірумен

    Секірумен

    Еңбектеумен, өрмелеумен

    Лақтырумен

    Зейінге

    Дайындық

    1

    Ұзындыққа, биіктікке секіру

    Допты биікке, көлденеңінен және көздеп лақтыру

    Өрмелеу

    Допты жүргізу, бір орнында жерге соғу

    Секіртпеден секіру

    2

    Алысқа лақтыру, қағып алу

    Өрмелеумен

    Зейінге

    Секірумен

    Жүгірумен

    Жеке-дара жұмыс











Күн ағымындағы қимыл белсенділік


Күндізгі серуен


  1. Қимыл белсенділік

  2. Жеке-дара жұмыс



Топтар


Дүйсенбі


Сейсенбі


Сәрсенбі


Бейсенбі


Жұма

Бөбектер

1

Қ/о Жүрумен, жүгірумен

Қ/о Ырғумен (подпрыгиванием)

Қ/ о Кеңістікті бағдарлауға арналған

Қ/о Өлеңмен (сөздік ойындар)

Қ/о Допты лақтырып және қағып алумен

2

Еңбектеу, өрмелеу

Допты лақтыру, бір-біріне беру

Секіру

Заттардан аттап жүру

Допты домалату

Сәбилер

1

Қ/о Еңбектеу, өрмелеумен

Қ/о Жүгірумен

Қ/о Скірумен және ырғумен (подпрыгив)

Қ/о Допты лақтырумен және қағып алумен

Қ/о зейінге және кеңістікті бағдарлауға арн.

2

Допты домалату

Допты лақтыру және қағып алу

Еңбектеу және өрмелеу

Заттарды аттап жүру

Секіру

Ортаңғы

1

Қ/о

жүгірумен

Қ/о Допты лақтыру және қағып алумен

Қ/о Өрмелеумен және еңбектеумен

Қ/о еңбектеумен қызықты-ермек ойындар

Қ/о Секірумен

2

Допты лақтыру және соғу

Секіртпеден секіру

Алысқа және көздеп лақтыру

Секіріа өту, секіріп жету

Еңбектеу, өрмелеу

Ересек

1

Қ/о Секірумен

Эстафеталық ойындар

Қ/о Доппен

Спорттық ойындар, қ/о өрмелеумен

Қ/о жүгірумен, ермек-қызықты ойындар

2

Алысқа және көздеп лақтыру

Допты соғу

Секіртпеден секіру

Ұзындыққа, биіктікке секіру

Еңбектеу, өрмелеу

Дайындық

1

Қ/о Секірумен

Спорттық ойындар

Эстафета жүгірумен

Қ/о Доппен

Жүгірумен ермек-қызықты ойындар

2

Алысқа және көздеп лақтыру

Өрмелеу

Допты соғу, жүргізу

Секіртпеден секіру

Ұзындыққа, биіктікке секіру






МДМ-дегі денсаулық сақтау педагогикалық технологияларды

кешенді қолданудың тиімді жолдары

МД кезең – бала ағзасының өте қарқынды дамитын кезеңі екенін білеміз. Яғни осы жас шамадағы баланың ағзасының барлық жүйке жүйелері мен дене мүшелерінің, жүйкелік-психикалық дамуы қалыптаса түскен кезі.

Сондықтан да МДМ-де осы денсаулық сақтау іс-шаралары міндетті түрде кешенді де жүйелі жүргізілуі қажет. Сонда ғана жаңа өсіп келе жатқан өскелең ағза сыртқы факторлар әсеріне төтеп бере алатын болады.


Денсаулық сақтау технологияларының кешенді жүргізудің басты мақсаты

МД балалардың қимыл-әрекеттерін жетілдіріп, оның ағзасын суыққа төзімді болуға жаттықтыру.


Дені сау баланы өсіруде бірнеше бағыттар алынды.

Балалар ауруларын төмендетуге мүмкіндіктер жасау үшін педагогтардың кәсіби-шеберліктерін өрлету және де ата-аналармен ынтымақтаса отырып, шынықтыруды кешенді ұйымдастыру

Бұл іс-шаралар барлық білім салаларымен байланыстырып, әрекеттестіріп жалпы «Денсаулық сақтау технологиялары» деп атадық.


Шынықтырудың негізгі міндеттері

Баланың тұлғалық ерекешелігін ескере күш-қайраттарын қалыптастыру және денсаулығын шынықтыруды жүзеге асыру. Бұл міндеттерге, тек шынықтыру шараларынын кешенді түрде өткізгенде ғана нәтижеге қол жеткізді, яғни балабақшадағы баланың болған бір күні - оның ағзасына пайдалы дәрумендерді енгізіп асмәзірін түрлендіріп, оны балаға жеткізу, қарапайым шынықтыру мен қатар арнайы жоспарланған шараларды, қимыл-әрекеті үйлесімді ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, баланың қимыл-белсенділіктерін арттырудың апталық кестесін туғыздық. Таңертең және кешкі мезгілдерде допты домалату, лақтыру, тебу, еңбектеу, өрмелеу, секіру-жүгіру.

Ал күндізгі серуендегі қимылды ойындарды негізгі қимыл-белсенділік әрекеттер түрлеріне бөлдік(эстафеталық ойындар, қызықты-ермекті ойындар, т.б.)


Баламен шынықтыру шараларын ұйымдастыру алдында бірнеше ережелерді сақтау керек:

Дені сау баламен шынықтыруды жүйелі жүргізу, оның теріс эмоциясын (үрей, жылау, мазасыздық) тудырмайтын және біртіндеп үдетіп, ұзартылып, медбике мен педагогтың қатаң қадағалауында болуы қажет.


Денсаулық сақтау технологияларын жалпы екі топқа бөлдік:

  1. Медициналық –бұл мед. қызметкерлердің емдік-дене тәрбиесі, физио-массаж, су процедуралары және т.б өткізілуі).

2. Педагогикалық- бұл амалдар, әдіс-тәсілдер және адымдар жүйесінің бірізділігі, яғни әрекеттің жүйесін анықтау, педагогикалық процесіндегі әрекет жүйесінің түрлерін өңдеу, кепілдемелі нәтижеге қол жеткізу болды.


Денсаулық сақтау технологияларын біз, өзіміздің қалыпты балабақшамызға сәйкес және алдын-ала әр педагогтың кәсіби-шеберліктерін жетілдіргеннен кейін ғана таңдап алдық

Олар: (Ынталандыру, салауатты өмір салтын үйрету, түзету (коррекциялық) технологиялар

  1. Ынталандыру- бұл технология өзінің атына сәйкес, яғни баланың ағзасын шаршатпай, қалжытарпай үнемі қызықтырып, алға тартып отыру.

  2. Бұл технологияда бала өзбетімен дербес әрекеттеніп бір мәселені шешіп барып өз ағзасын бекітеді, жетілдіреді. Нақты бір талапты орындауға тырысады. Осыған балабақшада арнайы жағдайлар туғыздық. Яғни, топтарда шынықтыруға арналған бұрыштар, спорт залында дене тәрбие сабағына арналған құрал-жабдықтармен қамтамасыз еттік және балабақша алаңында спорт алаңын жабдықтадық.

  3. Түзету (коррекциялық) технологияларда баланың әліде жаңа жетіліп келе жатқан ағзасындағы жағымсыз мінез-құлықтарына кедергі болу, баланың тұйықтық, өз-өзіне сенімдіздік, гипер-белденді, дөрекілігін жоя отыра, оның эстетикалық-шығармашылық талғамдарын тәрбиелеу, жетелеу.

Өзіміздің білім беру мекемесінің жұмысында денсаулық сақтау бағыттын сипаттау үшін «Денсаулық сақтау іс-әрекеті» деген тұжырымдаманы қолданып жүзеге асыруды арнайы мамандармен (мед. қызметкерлері, психолог, т.б.) байланыстыра ұйымдастырып, баланы сауықтыру және аурудың алдын-алу емдік жұмыстарының жүйесін өңдеп құрастырдық:

Балабақшада сонымен қатар баланың денсаулығын нығайту және аурудың алдын-алуға мүмкіндік беретін, күн тәртібіндегі шынықтыру шараларына ерекше назар аудардық. Шынықтыру шаралары баланың бақшадағы болған барлық уақыт ағымын қамтамасыз еткенде ғана тиімді болатыны көрінді.

Бақшамыздағы қолданылатын шынықтырулар:

Сымбат

Жалпы, адам баласының дене қозғалысында сымбаттың түзу болуы оның денсаулығын білдіреді. Өз денесін емін-еркін ұстап жүретін адам қашан да көз тартарлық көрікті болып жүреді. Негізінде адам баласы іштен сымбатты болып тумайды. Адам өсіп-жетілу, еңбек ету процестерінде, сондай-ақ, дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану барысында қалыптасады.

Адамның сымбаттылығы негізінен алғанда омыртқаға байланысты, өйткені ол бүкіл қаңқа сүйектерін і біріктіріп тұрған негізгі буын.

Сымбаттың бұзылуы - біріншіден мешел ауруына, екіншіден, сколиоз ауруына әкеп соғады.

Жалпақ табандылық – балалар арасындағы қимыл-тірек аппаратының кеңінен таралған ауыруларының бірі.

Оның дамуына әсер ететін факторлар. Тұқымқуалаушылық, аяқ киімді дұрыс кимеу, аяққа түсетін жүктің тым артық болуы, мешел ауруы, табан және балтырдың салдығы.

Бұл аурудың алғашқыда бала денсаулығына соншалықты тигізер әсері байқалмайтындықтан, кей-кездері, ата-аналар аурудың қаншалықты қауіпті екенін жете түсіне бермейді. Бұл қате түсінік және ол үлкен зардап қасіретіне әкеліп соғады. Жалпақ табандылық табан «рессорлық» функциясын бұзып, амортизацияны (соқыны, дірілді жұмсарту) жояды және әрбір жасаған адымда барлық «Қайтарым немесе кері соғым»(сілку)күші жамбас сүйегіне және балтырға түсіп, буын ауруларына әкем соғады.

Арт-терапия

Шығармашылық әрекетте баланың өз-өзін тануға мүмкіндік береді, өзінің қарым-қатынасын, бүкіл әлемге және айналасындағы адамдарға танытады.

Бала шығармашылығы ол оның шынайы өмір көрінісі. Өзі туралы айтуға тырысатын өзінің сезімдерін қуанышы мен мұңын білдіретін өзіндік «тілі».

Арттерапияның тағы бір саласы – психо –терапия.

1930-шы жылдары психолог Фредрик Аллен арттерапияны кеңінен қолданып, оның «Қатынас терапиясы» депте атаған. (Өз сөзімен)

Стретчинг Созылу

Сүйкімді пішінді (форманы) сақтау тәсілі. Созылуға арналған жаттығулар, ЯҒНИ бұлшық етті созғанда, оған қан жақсы түсіп, оның босансуына, иілгіштігіне әкеледі, денеге тұз жиналудың алдын-алу, терең де шоғырланып дем алу мидың демалуына пайдалы және бұл жаттығуды кез-келген уақытта, өздігінен үйде жасауға болатындығы да ұтымды.

Қарындаш және нүктелі массаж саусақты және алақанды уқалай отырып қимыл мүмкіндіктерін жетілдіріп қана қоймай, қарындашпен ойнау барысында айтылатын әзіл-сқақ өлеңдер баланың тілдерін дамытуға өте қолайлы.


Әлбетте, баланың денсаулығы мен қимыл белсенділіктерін дамытуда дене тәрбие сабағы ерекше орын алады.

МДМ-дегі өткізілетін дене тәрбие сабақтарының түрлері дә әртүрлі және баланың жас шамалық ерекешелігіне қарай дене тәрбие сабағының бағыттары да әртүрлі болады:

  • Сәби балаларына ол – рақаттанушылық туғызу, кеңістікті бағдарлай білу, құрал-жабдықтармен дұрыс жұмыс істеу, сақтану тәсілдерінің элементтерін үйрету

  • Ортаңғы жаста – Физиологиялық сапаны дамыту (ең бастысы төзімділік пен жігер) жаттықтыру

  • Ересек топтарында – Қимылдың сұранысын қалыптастыру, қимыл және дербестік қабілеттерін дамыту және т.б.

Міне, осы жоғарыдағы айтылып кеткен МДМ-дегі денсаулық сақтау педагогикалық технологияларын кешенді қолдану арқылы бақшамыздағы тәрбиеленушілердің лы ауру көрсеткіштерін үш ай мезгілінде 60-75 % көтердік

Жалпы барлық топтарда баланың балабақшаға бейімделу кезеңіндегі ауруға шалдығуының төмендеуі шынықтыру-сауықтыру шараларының кешенді жүргізілуі психо-физиологиялық жағынан да өте тиім екені аңғарылды.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Балабақшадағы денсаулық сақтау технологиясы.doc

Автор: ЖаншакимоваГулнасиф Хамзеновна

Дата: 15.02.2017

Номер свидетельства: 391982


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства