МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ГЕНДЕРЛІК БІЛІМ БЕРУ ӘЛЕУМЕТІ
Мектеп жасына дейінгі білім беруде барлық оқу бағдарламаларында гендерлік тәсілдер ұстанымы қарастырылуы керек. Мектеп жасына дейін білім берудегі қолданылатын әдістемелік әдебиеттер осы кезге дейін гендерлік ерекшеліктерді, қыз бала мен ер баланың ортаны қабылдау ерекшеліктерін, гендерлік психология сипаттамасын, яғни гендерлік сезімталдық ұстанымын есепке алмай құрастырылуда. Мектеп жасына дейінгі мекемелер үшін әдістемелік және дидактикалық басылымдарда гендерлік сараптама жасау олардағы патриархаттық гендерлік таптаурындарды анықтау үшін жүргізіледі. Қыз бала мен ұл балалардың бойында адамзат өкіліне қатысты екендігін және жыныс қасиеттеріне байланысты өздерінің ерекшеліктерін сезіну қабілеттерін дамыту қажет. Осы аталған жағдай мектеп жасына дейінгі балалардың гендерлік санасын дамыту мен гендерлік тендікке қол жеткізудің алғы шарты болуда.