kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

БАЯНДАМА: "Мектеп пен балаба?шаны? серіктестігі мен саба?тысты?ы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауыш мектеп пен мектепке дейінгі ?йымдарды? арасында ?здіксіз саба?тасты?ты ?алыптастыру ?азіргі кездегі к?кейкесті проблемаларды? бірі болып саналады. Бастауыш мектеп пен мектепке дейінгі ?йымдарды? арасында ?здіксіз саба?тасты?ты ?алыптастыруды? басты ма?саты мен міндеттері мына?ан ба?ыттал?ан:

  • баланы адамгершілікке т?рбиелеу: ?орша?ан ?лемде адамдармен ?арым – ?атынас аясында бала ??зырлы?ын дамыту;
  • баланы? дене ж?не психикалы? саулы?ын ?ор?ау ж?не ны?айту.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«БАЯНДАМА: "Мектеп пен балаба?шаны? серіктестігі мен саба?тысты?ы" »



Теректі аудандық білім беру бөлімі

Аудандық әдістемелік кабинет

















(баяндама)






Оқыған: АББ әдіскері

Россейкина А.М.









Фёдоров ауылы – 2008 жыл.

Мектеп пен балабақшаның серіктестігі мен сабақтыстығы.


Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан – жақты жетілген, бойында имандылық сана – сезім қалыптасқан, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат ретінде өмір сұру – отбасының, балабақшаның, жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға мәлім.

Бастауыш мектеп пен мектепке дейінгі ұйымдардың арасында үздіксіз сабақтастықты қалыптастыру қазіргі кездегі көкейкесті проблемалардың бірі болып саналады. Бастауыш мектеп пен мектепке дейінгі ұйымдардың арасында үздіксіз сабақтастықты қалыптастырудың басты мақсаты мен міндеттері мынаған бағытталған:

  • баланы адамгершілікке тәрбиелеу: қоршаған әлемде адамдармен қарым – қатынас аясында бала құзырлығын дамыту;

  • баланың дене және психикалық саулығын қорғау және нығайту.

Педагогикалық салада сабақтастықтың қызметі жан – жақты және ол жалпы педагогикалық заң болып табылады. Мектепке дейінгі жастан бастап, бала тұлғасының қалыптасу және дамуының барлық кезеңдерін камти отырып мектеп жүйесін құрған Я.Каменский осы жайды ескерген болатын. Өзінің «Аналар мектебі» еңбегінің соңғы бөлімін «Баланы мектепке қалай даярлау керек?» деп атады. Ол осы кезеңде баланың мектепке деген оң көзқарасын қалыптастыру, баланы оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын жан – жақты анықтау қажеттігін атап көрсетті.

Мектепке дейінгі мекеме мен мектептің сабақтастығы мектеп басшылығы жасап бекіткен келісім шарт арқылы жүзеге асады. Келісім шарт аясында сабақтастық моделі мен мазмұны анықталады.

Мектепке дейінгі мекеме мен мектептің өзара қарым – қатынасының негізгі мақсаты – мектепке даярлық тобы мен мектептің бірінші сыныбында баланы оқыту және тәрбиелеудің өзара байланысы мен сабақтастығын қамтамасыз ету болса, мазмұнының негіздемесі:

  • білімпаздықты дамыту – танымдық белсенділікті қалыптастыру;

  • бала қабілетін дамыту – табысты болудың кепілі;

  • шығармашылық қиялын қалыптастыру – интеллектуалды – тұлғалық дамуын жетілдіру;

  • коммуникативтілікті дамыту.

Сабақтастық іс - әрекет жоспарлау, әдістемелік және практикалық шараларды ұйымдастыру, бағдарлама мазмұнын талдау деңгейінде жүзеге асырылады.

Оқу жылында орындалатын жұмыс жоспарын мектепке дейінгі мекеме меңгерушісі мен мектеп директоры бірігіп жасайды. Онда сабақтастықтың түрлері, мазмұны, орындалу мерзімі, жауапты адамдар белгіленеді. Жоспар балабақша мен мектептің оқыту тәрбиелеу бағытына қарай әртүрлі болуы мүмкін. Соған орай олардың өз дәстүрі мен әлеуметтік ортасы қалыптасып, қосымша қызметі анықталады. Осының бәрі сабақтастықтың жоспарын жасағанда ескеріледі:

  • балабақша тәрбиешілері мен мектеп мұғалімдерінің ынтымақтастығы, кәсіби байланысы;

  • жұмыс жоспарының жүзеге асырылуын әкімшілік тарапынан бақылау;

  • мектепке дейінгі жастағы баланың жалпы даму және психологиялық диагностикасы, олардың оқу әрекетіне ынтасы, қабілеті, дайындығы;

  • баланың ата – аналарымен жұмыс түрлері міндетті түрде ескерілуі керек.

Әдістемелік отырыстарда, педагогикалық кеңесте бекітілген, мұғалім мен балабақша тәрбиешілерінің сабақтарының өзара қатысу жоспары талқыланады. Мұғалім өзінің болашақ оқушыларымен, ата – аналарымен танысып алдын ала жұмыс жүргізуге «Ашық есік» күндері мүмкіндік алады.

Бала мектепке келген кезде тәрбиешінің мінездемесі қажет. Ол бала дамуындағы ерекшеліктер жайында өз бақылауы мен қорытындысы, онымен жасаған жұмыстың тиімді әдіс – тәсілдерімен бөлісуге мүмкіндік береді. Бұл мінездеме мұғалімге мектепке дейінгі кезеңде баланың не үйренгенін, дайындық деңгейін анықтау үшін қажет.

Балабақша мектеппен бірге отырып, түрлі іс – шаралар ұйымдастырады, экскурсия, мұражайға бару, спорттық шаралар, шығармашылық көрмесін т.б. танымдық – мәдени іс – шаралар ұйымдастырады. Бұл баланың білім алуға, мектепте оқуға деген қызығушылығын арттыруымен қатар, мінез – құлқының қалыптасуына әсерін тигізеді.

Мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш білім берудің сабақтастығы және үздіксіздігі проблемасы педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын жоспарлау кезінде ерекше орын алу керек. Осындай курстарды ұйымдастырудың мақсаты – мектепке дейінгі және бастауыш білім беретін қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, яғни кәсіьи білім мен іскерлікте жетіспейтін кемшіліктің орнын толтыру, кәсіби сала қызметін жетілдіру жолдарын анықтау:

  • мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім беру сабақтастығын қамтамасыз ететін құқықтық – нормативтік негіздер;

  • сабақтастықтың психологиялық – педагогикалық негіздемесі;

  • мектепке дейінгі мекеме мен мектептің өзара тиімді қарым – қатынасын қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларының мақсаты, міндеті, әдістері;

  • психологиялық – педагогикалық саралау диагностикасы, баланың мектепке бейімделуіндегі қиыншылықтарының алдын алу проблемасын шешу.

Мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш мектептің арасындағы

сабақтастық сақталғанда мектепалды тобында баланың мектепке жалпы, арнайы және психологиялық жағынан қамтамасыз етіледі. Сондай – ақ, бастауыш сыныптағы оқыту мен тәрбие беру жұмыстарының негізі қаланады, мектепке дейінгі балалық шақтан жүйелі оқытуға кедергісіз көшу үшін жағдай жасалып жатыр.

Жас ұрпақты Отансүйгіш азамат етіп тәрбиелеу, оларға сапалы білім беру – ұстаздар қауымының төл міндеті. Тәуелсіз ел болған соң және қазіргі кездегі қоғамның қажеттіліктеріне байланыста Қазақстан барлық салада өркениетті елдермен ықпалдас іс – қимыл жасауда. Бұл бірден – бір дұрыс жол екенін өмірдің өзі дәлелдеуде. Сондықтан қазақстандық білім сапасы да өркениетті елдердің білім саласымен тығыз байланыста дамығаны жөн. Ол үшін әлемнің көптеген елдеріндегі сияқты біз де 12 – жылдық орта білімге көшуіміз керек.

Біз 12 – жылдық жалпы орта білімге көшкенде ғана мектептеріміздегі білімді өзге елдер мойындап, біздің балалар өркениетті елдерде білімін жалғастыра алады. Сол арқылы білім саласында өзге елдермен ықпалдасу жүзеге асырылып, тәуелсіз еліміздің тірегіне айналар жас ұрпақтың сапалы білім алуына қол жеткіземіз. Қазақстан Республикасында білім беру дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасы бойынша жүзеге асатынын ескере отырып, 12 – жылдық білім беруге байланысты нормативтік – құқықтық актілер мен әдістемелер әрбір ұстаздың терең меңгеруге ұмтылып, әрдайым ізденіп жүргені абзал.

12 – жылдық білімге көшу - өмір талабы. Бұл біздің игі қадамымыздың жемісі жақсы білім алған жас ұрпақтың еңбегі арқылы елімізге бақ болып еселеп оралатынын да есте ұстағымыз жөн. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Бәрі де мектептен басталады. Сондықтан біздің 2008 жылдан бастап 12 – жылдық жалпы орта білім беруге көшіп, педагогтардың кәсіптік деңгейін, оқулықтар мен білім беру бағдарламасының сапасын арттыруымыз керек», - деп нақты айтты.

Қорыта айтқанда, жоғарыда көтерілген мәселелер бойынша елімізде ауқымды іс – шаралар жүзеге асырылуда.

12 – жылдық білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мен мектепке дейінгі тәрбие және оқыту стандарттарының жасалуы білім беру жүйесіндегі бірізділік пен сабақтастықтың мақсатқа сай іске асуына кепіл бола алады. Олар құрылымы мен мазмұны әлемдік талапқа сай, жеке тұлғаның дамуына тікелей ықпал ететін негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруды көздейтін ұстанымдардан құрылған. Сондай – ақ осы нормативтік құжаттар негізінде еліміздің білім беру тәрбие ісін жетілдірудің оңтайлы шешімдері ойластырылған бағдарламалар мен оқу - әдістемелік кешендер әзірленіп, тәжірибеде қолдануға ұсынылатын болады.

Жалпы алғанда, алты жасар баланың мектепке даярлығы мен мектеп оқушысының қатарына еркін еніп кетуі баршамызға ортақ іс.

Жарқын болашақтың тамырын терең, тұғырын биік жасаймыз деген игі мақсатымыз ізгі іспен көмкеріліп, үзіліссіз жүйемін өріліп жатса, еліміздің әрбір азаматының арманы орындалып жатыр деп ұғынуға болады.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
БАЯНДАМА: "Мектеп пен балаба?шаны? серіктестігі мен саба?тысты?ы"

Автор: Бородулина (Россейкина) Анна Михайловна

Дата: 11.06.2015

Номер свидетельства: 219032


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства