балаларды маманды? т?рлерімен таныстыру,маманды?тарды ??рметтеуге т?рбиелеу.Балаларды? ойлау ?абілетін дамыта отырып маманды??а байланысты??ымдарын тере?детіп,?ызы?ушылы?ын арттыру,сурет бойынша с?здер,ша?ын м?тіндер ??растыру?а ?йрету с?зді байланыстырып с?йлеу ?абілетін дамыту,топта жеке ж?мыс істеу.Бас?аны? пікірін ты?дап,сыйлай білуге т?рбиелеу.Маманды? иелеріні???рал-саймандарымен таныстыру.Е?бекке ??штарлы?тарын оятып,?лкендерді? е?бегін ба?алай білугет?рбиелеу
Просмотр содержимого документа
«Б?рі жа?сы маманды? »
Білім беру саласы: “ Қатынас”,
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: ”Бәрі жақсы мамандық ”
Мақсаты:
Балаларды мамандық түрлерімен таныстыру.Ойлау қабілетін дамыта отырып,болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру.Еңбекке құштарлықтарын оятып,үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.Тіл байлықтарын дамытып,әңгіме құрастыруға үйрету.
Әдістері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ -жауап,дидактика-лық ойын, жұмбақтар жасыру мақтау-мадақтау
Қолданылатын құрал-жабдықтар : Түрлі мамандық суреттері,мамандық иелерінің құралдары,оқу іс-әрекетінің тақырыбы,көрнекіліктермен безендіру
Ж ылулық шеңбері
Үлкенге де «сіз» Кішіге де «сіз» Баршаңызды құрметтеп Бас иеміз біз!
Мотивация лық қозғаушы
-Балалар бір жерден жылаған дауыс шығады?
- Балалар, қоянға қалай көмектесеміз? - Қоянды кім емдеп жазады?(дәрігер)
- Балалар қоянның сіздерге алып келген тапсырмасы бар.
- Қоянның көңіл күйі жақсы болу үшін, сиқырлы қорапшаға салынған
тапсырмасын орындайық. - Ал мына жұмбақтардың шешуін табыңдаршы?
1. Алып жатқан жан – жақты,
Үйлерді кім тұрғызды. (Құрылысшы)
2. Өміріңді күзеткен
Ысқырығы күшті адам. Ол кім? (милиционер)
3. Өскен шашты жаратпайтын
Қайшысы бар жалаңдайтын. (шаштараз)
Балалар енді суретке назар аударайықшы,
қазір сұрақтарға толық жауап беріп, сөйлем құрастырайық. Мысалы – құрлысшы маманы кім?
Сергіту сәті
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлерден,
Ытқып –ытқып жүгірді.
Қарап еді артына ,
Қиығын салып көзінің .
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
- Балалар қоянды емдеп жаздық
қоянда қызығып сендермен ойнағысы келіп тұр.
- Бірге ойнайсыңдар ма?
Дидактикалық ойын:«Кім тапқыр»
- Балалар мен достарыма барайын. Сендер дәрігерлік көмек көрсеттіңдер.
Ал енді мен сыйлықтарыммен бөлісейін.
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарнын тіленбей»,
«Еңбектің – наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті»