Мнемотехника-ақпаратты қабылдау мен оны есте сақтаудың әдістемелік жүйесі. Мнемотехникалық немесе мнемотехника жатталуы керек ақпараттың орнын ойша реттеу және ассоциация арқылы оларды бір-бірімен жалғау. Ақпараттарды орналастыру мен оларды байланыстыру үшін адамның ойлану (айрықша ойлану), қиялдау, назар салу қабілеттері қолданылады.
Мнемотехниканың құнды қасиеттерінің бірі онымен танысқаннан кейін оны бірден қолданып кете берсеңіз болды. Оның негізгі ілімін үйренсеңіз қатты ұзын емес сандар немесе сөздер тізбегін жаттай алу қабілетіне ие боласыз.
