kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жаратылыстанудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мата мен қағаздың қасиетін түсіндіруге жүргізілген тәжірибелер.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жаратылыстанудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы»

Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

№ 3 бөбекжай - бақшасы» МКҚК





Білім саласы: Таным «Жаратылыстану»



«Көбелек» тобы»



Тәрбиеші: Асылбекова Ж.Ж.











2016- 2017 оқу жылы

Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің технологиялық картасы

Технологическая карта организованной учебной деятельности Күні: 27.01.2017ж Тәрбиеші: Асылбекова Ж.Ж.

ІІ кіші тобы «Көбелек»

Білім саласы: «Таным», Жаратылыстану

Тақырыбы: «Қағаз бен матаның қасиеті»

Мақсаты: Мата мен қағаздың қасиетін таныстыру. Қоршаған ортадағы заттарға және үлкендердің еңбегіне жанашырлық сезіммен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: қағаз және мата түрлері (қиындылар), қағаздан жасалған заттар, матадан тігілген заттар, үтік, шараша суымен

Сөздік жұмыс: үтіктеу, жуу, кептіру,

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің басқарымдық қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балалар бізге бүгін Буратинодан хат келіпті.

Буратино Қуыршақ құрбысына көйлек тігіп бергісі келеді екен

Бірақ неден тігетінін білмейді

Көмектесейік?!


Балалар хатты көреді

Хатқа қызығады.


Хатты тыңдайды


Көйлекті матадан тігуге болады.

Балалар тәрбиешінің ұсынысына келіседі.

Ұйымдастырушылық ізденіс

Ол үшін балалар қағаз бен матаны тексерейік

Билингвальдық компонент: мата – ткань, қағаз – бумага

Әр балаға қағаз бен мата бөліктері беріледі.




Ал енді қағаз бен матаны қолымызбен сипап көрейік




Қағаз бен матаны суға салып жуып көрейік.




Матаны кептіріп, үтіктеуге болады, ал қағазды кептіруге де, үтіктеуге де болмайды.

Сергіту сәті (дұрыс, бұрыс)








Балалар сендер ойынды жақсы ойнадыңдар рахмет

Балалар қараңдаршы үстел үстіндегі заттар бір-бірімен араласып кетіпті соларды бөлейік

Балалар қағаз бен матаны қолдарына алады

Қағазды жыртады

Матаны жыртуға тырысады, бірақ мата жыртылмайды.

Мата – шыдамды, ал қағаз – тез жыртылады

Балалар қағаз бен матаны қолдарымен сипап салыстырады

Қағаз денемізге ыңғайсыз, ал мата денемізге ыңғайлы

Балалар суға екі затты салып жуып көреді.

Суға матаны жууға болады, ал қағаз суда жібіп жыртылып қалады.





Дәптер қағаздан (басын изеу)

Кітап матадан (аяқпен топылдату)

Кілем қағаздан (аяқпен топылдату)

Кітап қағаздан (басын изеу)



Балалар үстел үстін қарайды

Матадан жасалған заттарды бір бөлек, қағаздан жасалған заттарды бір бөлек орналастырады.

Рефлексивті-коррекциялау

Балалар сонымен айтыңдаршы Бурантиноның хатына не деп жауап береміз


Қуыршаққа көйлекті неден тігеміз?

Қағазды жууға бола ма?

Неге?

Матаны жууға бола ма?


Балалар тәрбиешінің сұрапғын мұқият тыңдайды

Сұраққа жауап беруге ойланады

Көйлекті матадан тігу керек.

Қағазды жууға болмайды

Қағаз суда еріп кетеді

Матаны жууға болады

Мата жуылады және кебеді.

Күтілетін нәтиже

Қағаз бен матаның айырмашылығын ұғынады

Мата мен қағаздың түрлері түсінеді

Матамен, қағазбен тәжірибе жасау қолданады




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Жаратылыстанудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Автор: Асылбекова Жанар Жангалиевна

Дата: 03.02.2017

Номер свидетельства: 387332


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства