Просмотр содержимого документа
«Ұсақ маториканы дамыту»
Ұсақ маториканы дамыту
3-4 жас
Тәрбиеші: Машаева Г.К
Семей 2017-2018 оқу жылы
Ұсақ моториканы дамыту
«Аққаланы жина»
Мақсаты: ұсақ моториканы дамыту, әртүрлі заттармен әрекет етуге үйрету. Ойынның барысы. Ойында әртүрлі шарлар немесе кубиктер пайдалануға болады. Тәрбиеші шарларды не кутиктерді көрсетеді, балалар қолдарына ұстайды. Содан соң аққала көрсетеді. Аққала қандай дөңгелектерден жасалғанын айтады: атында – үлкен, ортасында – орташа, үстінде – кішкентай. Шарлардан аққаланы жасауға ұсынады немесе кубиктерден жасауға болады. Астында – үлкен, ортасында – орташа, үстінде – кішкентай кубик.
«Анасына төлдерін тауып бер»
Мақсаты: әр жануардың өз төлін немесе балаларын дұрыс табуға, тани білуге үйрету. Ойын барысы. Тәрбиеші балаларға көлікті көрсетіп, әңгіме айтады. «Бір күні бұзау, кішкентай мысық, құлыншақ аналарынан қашып кетіп, адасып қалады. Жоғалған төлдердің аналары көлікпен іздеуге шығады. Мысықтың баласы ең кішкентайы болды. Ол сүрінді де мияулады. Ол қалай мияулады? (балалардың жауабы). Оны естіген анасы баласын шақырады: «Мияу-мияу». Сол дыбыс бойынша мысық өз баласын табады». Тәрбиеші әңгімесінен кейін бір балаға көліктің ішінен мысықты алуға ұсынады. Сол ойыншықпен үстел үстіндегі төлдер бейнеленген суреттердің ішінен мысықтың баласын тауып беруге ұсынады
.«Сиқырлы қапшық»
Мақсаты: заттарды ерекше белгілері бойынша танып үйрету. Ойын барысы. Ойынды ұйымдастыра отырып, тәрбиеші балалар танитын заттарды жинақтайды. Қысқаша әңгіме өткізеді. Балаларды заттарды атап беруге және де олар не үшін керек екенін айтуға ұсыныс береді. - Қазір біз ойнаймыз. Шақырған бала мына қапшыққа не салғанымды айтып беру керек. Айгүл, үстел үстіндегі заттарға қара, еске сақта! Енді айналып тұр. Мен ойыншықты қапшыққа саламын, сен сол ойыншықты айтып бересің! Қолыңды қапшыққа, онда не жатыр? Содан соң қиындалады. Бірнеше ойыншықтар қапшыққа салынады. Ол ойыншықтарды бір бала да білмейді. Шақырылған бала қапшықтағы қолына түскен ойыншықты атап беру керек.
«Бұл не зат?» Мақсаты: затты атап, сипаттап үйрету. Ойын барысы. Бала сиқырлы қапшықтан ойыншық немесе бір затты шығарады да айтады. Мысалы: доп. Тәрбиеші алдымен сол затты сипаттап береді, содан соң бала қайталайды. - Мынау – доп. Ол дөңгелек. Оның түсі көк, т.с.с.
«Ойыншықты тап» Мақсаты: затты оның сипаттамасына қарай табу біліктілігін қалыптастыру. Ойын барысы. 3-4 ойыншық балалардың алдына қойылады. Тәрбиеші былай дейді: - Балалар, мен қазір бір ойыншықты сипаттап беремін, ал сендер ол не ойыншық екенін айтып берулерің керек.
Ескерту: бірінші заттың 1-2 сипаттамасы ғана айтылады. Егер балалар қиналса 3-4 сипаттамасы.