Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі | 9.00 9.30 | 1.Сөйлеуді дамыту Дидактикалық ойын «Отбасы мүшелерін атап бер». Балаларды отбасының мүшелерін атай білуге үйрету. Ересектің сөзін тыңдай білуді қалыптастыру, балам, қызым, ата, әже, апа, аға сөздерін қолдануды жетілдіру. Бауырмалдыққа және мейірімділікке тәрбиелеу. 2.Дене шынықтыру Алға қарай ұмтыла екі аяқтап секіру. Алға қарай ұмтыла екі аяқтап лентадан секіруге үйрету. Қимылды ойын «Күннің көзі мен жаңбыр» | Сенсорика Дидактикалық ойын«Қуыршақ Сәуле қонақ күтуде» Отбасы мүшелеріне қамқор болуға тәрбиелеу. Пішіні, түсі бойынша заттарды ажыратуға және атауға үйрету, сөйлегенде заттардың, ыдыстардың аттарын қолдана білуге үйрету. 2.Музыка Ән тыңдау (музыкасы А.Тани, сөзі А. Есенов «Тәй-тәй»)Таныс музыкалық шығарманы тани білуге үйрету. Ән айту: әндегі жеңіл айтылатын, қайталанатын сөздерді әндетіп айту; Музыка сипатынының ауысуымен бірге қозғалысты ауыстыруға, берілген бағытта тәрбиешінің артынан жүруге және жүгіруге үйрету. | Мүсіндеу «Дәмді бауырсақ» (қамырмен жұмыс ) Алақандарының арасында домалату арқылы кесектерді жаюға үйрету; ұсақ қол моторикасын дамыту. Үлкен кесектерден кіші кесектерді бөліп алуға үйрету. Мүсіндеуге қызығушылықтарын дамыту. Дене шынықтыру Тепе-теңдікті сақтау жаттығуы.Кедергіден аттап өту. Ойын-жаттығу «Қонаққа барамыз». Кедергілерден аттап өтуге жаттықтыру. Қимылды ойын «Мені қуып жет». | 1.Жаратылыстану «Анамызға гүл суаруға көмектесеміз (ересектермен бірлеске әрекет ) Қарапайым еңбек дағдыларына тәрбиелеу. Бөлме өсімдігін көрсетуге және атауға үйрету (фикус). Табиғатты тануға деген ынтасын дамыту. 2.Музыка Музыкалық-дидактикалық ойын «Көңілді саусақтар» (Музыкасы Г.Абдрахмановтікі)Музыкалық аспаптардың дыбысталуын тани білуге үйрету (барабан, сылдырмақ), Ән айту: ойын қимылдарымен сүйемелдей отырып, таныс әнді айту; Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: ойын қимылдарымен тәрбиешінің артынан жүру және жүгіру . | 1.Сурет салу Заттарды бояулармен бейнелеу («Үйдегі шамды жақ») Балаларды қылқаламды дұрыс ұстауға, қылқаламды бояуға батырып, қағаз бетінде із қалдыруға үйрету. Дене шынықтыру Бір-біріне допты домалату. 1м арақашықтықтан отырып допты домалатуға жаттықтыру. Қимылды ойын«Торғайлар мен автомобиль». |