kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Технологиялық карта: Жайлауда қонақта.

Нажмите, чтобы узнать подробности

бүлдіршіндерге өз елі, Отаны, жасыл жайлау  туралы түсінік бере отырып, оларды Отансүйгіштік, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Қазақ халқының тұрмыс тіршілігімен таныстыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Технологиялық карта: Жайлауда қонақта.»


Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Жайлауда қонақта.

Мақсаты: бүлдіршіндерге өз елі, Отаны, жасыл жайлау туралы түсінік бере отырып, оларды Отансүйгіштік, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Қазақ халқының тұрмыс тіршілігімен таныстыру.

Қажетті құрал - жабдықтар: бауырсақ, жер үстелі, жануарлар, асықтар, киіз үй, домбыра, төр көрпелер, аттың макеті, қазақ киімін киген қуыршақтар.

Сөздік жұмыс: киіз үй-юрта, домбыра-домбыра.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық жаса, жаса Алтын Күн!

Жаса, жаса жарқын Күн!- деп балалар пойызбен жайлауға келеді.

Балалар пойызбен топқа кіріп келеді. Өлең жолдарын орындайды.













Ұйымдастырушылық - ізденістік

Т: Балалар жан-жақтарыңа қараңдаршы, біз қайда келдік?

Балалар, біз Зере әженің жасыл жайлауына келдік.

Жайлауға әжемізге көп қонақтар келіпті, қонақтармен амандасайықшы.

Енді, балалар әжеміздің киіз үйіне баралық.

ӘЖЕ: Ой-бүй Жайлауыма бүлдіршіндер келіп қапты ғой, сәлеметсіңдер ме қарақтарым! Жайлауға қош келдіңдер!

Балалар сендер жайлауға немен келдіңдер?

-Қазақстаннның қай қаласынан келдірдер?

ӘЖЕ:Жарайсыңдар балалар, сендер қонақ болыңдар мен сендерге тәтті бауырсақ пісіріп әкелейін.

Балалар әжеміздің киіз үйін қараңдаршы төрінде нені көріп тұрсыңдар?

Домбырамен не істейді?

Бұл балалар, қазақ халқының киелі домбырасы, ұлттық музыкалық аспабы.

-Ал, балалар, домбырамен күй тартамыз ба? (Балалар домбырамен күй тарта бастайды)

-Жарайсыңдар, балалар!

-Балалар, жан-жақтарыңа қараңдаршы, тағы нені көріп тұрсыңдар?

-Балалар, жайлауда нелер жайылып жүр?

-Ал, балалар, бұл не?

-Бұл асықтар, асықтар не үшін керек. Асықтармен не істеген?

-Асықтармен балалар, үлкендер ойнаған. Қазақ халқының ұлттық ойынының бірі-асық ату. Қазір балалар, біз асық атуды ойнап үйренеміз, үйренгілерің келе ме?

-Балалар естимісіңдер. Айжан мен Айбек бізді қара жорға биін билеуге шақырып жатыр, олармен бірге билейміз бе?

Қара жорға қазақ халқының ұлттық биі, сендерге ұнады ма?

-Ия ұнады.

- Балалар, қараңдаршы жайлауда тағы не жайылып жүр?

- Жылқылар, аттар. Жылқы қазақ халқына киелі жануар болып саналады. Аттың үстінде отырып, ата-бабаларымыз «Қыз қуу» ойынын ойнаған. Ал, енді, біз сол ойынды ойнап көрсек қайтеді?

Балалар жұп –жұппен «Қыз қуу» ойынын ойнауға кіріседі?

  • Қалай сендерге ұлттық ойын ұнады ма?









-Сәлеметсіздерме!









-Сәлеметсіз бе!

-Біз Пойызбен келдік.

-Петропавл қаласынан.






-Киіз үйдің төрінде домбыра тұр.


-Күй тартады, өлең айтады.




-Ия.









-Жайлауды түйелер жайылып жүр.

-Бұл асықтар





-Ия.

Балалар асықтармен «Асық ату» ойынын ойнайды.





-Ия, билейміз.


Рефлексиялық түзетушілік

ӘЖЕ: Міне, қарақтарым, бауырсағым дадайын болып қалды, келіңдер жер үстелге айнала отырайық.

ӘЖЕ: балалар, жайлау сендерге ұнады ма?

ӘЖЕ: Жайлауда сендер не істедіңдер?

-Балалар, мынау жайлауымыз, тау-тастарымыз бұл біздің Отанымыз. Біздің Отанымыз.....Қазақстан. Балалар Зере әженің дастарханына, бір-бірімізге, қонақтарға бата берелік.

  • Зере әже біздің қаламызға, балабақшаға кететін уақыт болып қалды.

  • Сіздің қонақжайлығыңызға көптен көп рахмет.

  • Балалар, бәріміз бірге әжемізге рахмет айтайықшы.

  • Рахмет.

ӘЖЕ: жолдарың болсын! Сау болыңдар, балалар!

-Сау болыңыз әже, қонақтар.








-Ия ұнады.



-Біз би биледік, күй тарттық, асық ойнадық.









Асың, асың, асыңа,

Береке берсін басыңызға,

Денсаулығымыз зор болсын!

Дастарханымыз мол болсын!

Әке-шешеміз аман болсын!

Аспанымыз ашық болсын!

Қазақстан жайнай берсін!

Аумин!!!



Күтілетін нәтижелер:

біледі: домбыра туралы, қалай тарту керектігін;

игереді: жайлауда да тұрмыс-тіршілік жүретіндігін;

меңгереді: асық ойынын, оның ойнау жолдарын.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Технологиялық карта: Жайлауда қонақта.

Автор: Жакубаева Шынар Кабиевна

Дата: 15.05.2017

Номер свидетельства: 415392


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства