Просмотр содержимого документа
«Техкарта құрастыру "Бауырсақ"»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің
№ 17 технологиялық картасы
Өткізген: Сулейменова Г.М.
Өткізу мерзімі:04.05.2021 ж.
Топтың жас ерекшелігі: №1 I кіші топ
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: «Бауырсақ»
Міндеттері:
Б.М.: Балаларды қағаздан халық ертегілерінің кейіпкерлерін құрастыруға, бауырсақ бейнесін жасауға қызығушылық туғызуға үйрету; балалардың түрлі-түсті жұмсақ қағаздан комочкаларды домалату іскерлігін бекіту;
Д.М.: Қағаздан құрастыруға қызығушылықты дамыту;
Т.М.: Бір-біріне кедергі келтірмеуге тәрбиелеу.
Әдіс –тәсілдер:көрсету,түсіндіру.
Көрнекіліктер: «Бауырсақ» ертегісінің суреттері, сүттің босаған қораптары, 4/1 бөлікке бөлінген сары түсті жұмсақ қағаздар,үлестірмелі материалдар.
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық
«Бауырсақ» ертегісін еске түсіру,суреттері немесе үстел үсті театры арқылы әңгімелеу.
Ата мен әжені көрсете отырып, Бауырсақ қандай аңдарға кездескенін сұрайды.
Балалар қоян,қасқыр, аю және түлкіге Бауырсақтың кездескені туралы айтып береді.
Ұйымдастырушы-лық- ізденістік
Есік қағылып, қонаққа Бауырсақкеледі. Тәрбиеші: «Бауырсақ бүгін көңілді, ол сендерге өзі сияқты бауырсақты қағаздан жасап беруді өтіне келіпті. Жасап берейік пе?»-деп балалардан сұрайды.
Ол үшін:сары түсті қағазды алып оны 4/1 бөлігін саусақтармен басып,умаждап көрсетеді, әр балаға қағаз таратып беріп,енді өздері оны умаждауларын сұрайды,қағазды ашып, жазып көрсетеді де, қайтадан тағы да умаждау керектігін айтады.Осылай үш рет ашып, бүктеп умаждайды. Қағаз «домалақталады»бұл Бауырсақ болады.
Тәрбиеші сүттің бос қорабынан екі шағын топқа арналған көрнекілік дайындайды. Қораптың сырты бір түспен қапталған және оның бір бетінде қоян мен қасқыр,екінші бетіне аю мен түлкінің суретін жапсырып дайындап қойған. Тәрбиеші қораптарды бірінің үстіне бірін қойғанда ертегі кейіпкерлері құрастырылатындығын түсіндіреді. Екі топтан кезекпен балалар шақырылып, суреттерді құрастыру ұсынылады.
Бауырсақпен амандасады.Өздеріне берілген қағаздарды саусақтарымен басып,алақандарына салып умаждайды. Осы іс-әрекет түрін бірнеше рет қайталайды. Қағаз домалақтанып,
Бауырсақ пішіні шығады.
Балалар қораптарды бірінің үстіне бірін қою арқылы қоянның, қасқырдың, аюдың және түлкінің бейнесін құрастырады.
Рефлексивтік- түзетушілік
Балалар бүгінгі сабақта не жасағандары жайында айтып береді,қалай жасады, неден жасады?
Балалар бауырсақты бір кейіпкерден бірнеше кейіпкерге қалайдомалатып ойнайды. «Бауырсақ»ертегісін естеріне түсіріп, әңгімелеп, қағаздан Бауырсақ бейнесін жасағандарына қуанады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: бауырсақ ертегісінің мазмұнына сәйкес кейіпкердерді ажыратаалуы.
Игереді: «умаждау», «бүктеу» деген ұғымдарды түсінуді және оны іс-әрекет барысында көрсете алуы.
Меңгереді: қағаздан жұмыс жасауда саусақ қимыл- қозғалыстары арқылы қағазды умаждауды, одан белгілі бір затты жасай білуге дағдыланады.