Мотивациялық- қозғаушылық | Ғажайып сәт - Балалар, бүгін бізге қонақ келегнін білесіңдер ме? Ол бізге тәулік мезгілдері (бөліктері) туралы әңгімелеп, бермекші. Мен бір жұмбақ жасырайын, жауабын тапсңдар келегн қонақтың не екенін білесіңдер. Жұмбақ Тиіскенді түйреген, Киімі бар инеден. (Кірпі). - Балалар, жұмбақ не туралы? Осы кезде шымылдықтың артынан кірпі шығып, балалармен амандасады. Кірпі балаларға бір тәулікте төрт мезгіл болатынын, олар мезгіл болатынын, олар: таңертең, күндіз, кеш, түн деп аталатынын айтады. - Сендер үлкендер мен балалар таңертең, күндіз, кешке, түнде немен айналысатынын білгілерің келе ме? - Таңертең үлкендер жұмысқа, ал балалар балабақшаға, мектепке барады. Күндіз үлкендер жұмыс істейді, ал балалар сабақ оқиды. Кешке бәрі демалады, ал түнде ұйықтайды. Совет Әлімқұловтың тақпағын тыңдандар. Кірпі шымылдықтың артында тұрып тақпақты оқиды. Таң Таң шапағы алаулап, Дала нұрға боялды. Мүлгіген бақ манаурап, Ұйқысынан оянады. | Қызығушылық танытады. Тыңдайды және жұмбақтың шешуін айтады. - Кірпі туралы. Кірпінің айтқанын балалар мұқият тыңдайды. - Иә, білгіміз келеді. Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды. |
Ұйымдастырушылық – ізденістік | «Бұл қай кезде болады?» ойыны. Тәрбиеші балаларға бірнеше сұрақтар қояды: - Балалар, тақпақтың қай мезгілі (бөлігі) туралы айтылған? - Біз таңертең не істейміз? Кірпі таңертең тамақтанғаннан кейін балалар балабақшаға баратынын, оқушылар мектепке, ал үлкендер жұмысқа баратындарын айтады. - Бала не істеп жатыр? «Үлкен және кішкентай» ойыны. Кірпі балалардан суреттен оның достарын табуды ұсынады. - Суреттен нені көріп тұрсындар? - Кірпілер бірдей ме? -Олар қандай екен? Кірпі суретте сүті бар тағы екі кесе салынғанын айтады: үлкен кесе үлкен кірпіге, ал кішкентай кесе кішкентай кірпіге арналған. Содан соң кірпі балаларға тапсырма береді: үлкен кірпіден үлкен кесеге қарай, кішкентай кірпеден кішкентай кесеге қарай жол салындар. - Үлкен кірпі қай кеседен сүт ішеді? - Кішкентай кірпі қай кеседен сүт ішеді? Сөздік жұмыс: таңертең, үлкен, кіші. Билингвальді компоненет: таңертең – утро, үлкен- большой, кішкентай - маленький. Сергету сәті. Жаттығу жасаймыз! Бір деп – тік тұрамыз. Екі деп – екі рет айналамыз. Үш деп – үш рет серіріп. Төрт дегенле – отырамыз! «Бір және көп» ойыны. Кірпілер тек сүтті ғана емес, алманы да қатты жақсы көретінінайтады. - Балалар, кірпі қысқа азық жинап алмақшы екен. | -Таңертең (таң) туралы. - Ұйқыдан тұрамыз, төсегімізді жинаймыз, жаттығу жасаймыз, жуынамыз, таңғы асымызды ішеміз. Кірпінің айтқанын тыңдайды. - Бала оянып, жуынып, таңғы асын ішіп отыр. Балалар сұрақтарға жауап береді: - Кірпілерді көріп тұрмыз. - Әртүрлі. - Үлкен және кішкентай. Балалар берілген тапсырманы орындайды. - Үлкен кеседен ішеді. - Кішкентай кеседен ішеді. Қайталайды: таңертең, үлкен, кіші. Қайталайды: таңертең – утро, үлкен- большой, кішкентай - маленький. Балалар жаттығу жасайды. Бойларын тіктеп тұрады. 2 рет айналады. 3 рет секіреді. Отырады. Балалар мұқият тыңдайды. |
| Кірпіге көп алма қайда, бір алма қай жерде тұрғанын айтып жіберіндерші. Кірпі мынадай сұрақтар қояды: - Ағашта неше алма бар? - Жерде неше алма жатыр? - Қай жердегі алма көп? Кірпі ағаштағы өсіп тұрған алманы қоршап сызуларын тапсырады. Жеке көмек көрсетеді. Кірпі тапсырманы дұрыс орындағандары үшін балаларға рақмет айтып, қоштасады. Тәрбиеші балалардан: «Топтағы заттардың қайсысы көп, қайсысы бір-бірден», - деп сұрайды. Түскі ас кезінде тәрбиеші балаларға сорпаны үлкен қасықпен, ал компотың ішіндегі жемістерді кішкентай қасықпен жеу керектігін түсіндіреді. Текешелрмен, пирамидалармен, матрешкалармен ойнаған кезде балалардың назарын олардың көлеміне аударып отырады. | Балалар жауап береді: - Бір алма бар. - Көп алма жатыр. - Жердегі алма көп. Кірпімен қоштасады. Үлкен орындық біреу, ал кішкентай орындықтар көп, аквариум біреу, ал гүл көп, сағат, біреу, ал ойыншықтар көп, үлкен үстел біреу, ал кішкентай көп. Тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды. |