kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тақырыбы "Бауырсақ пен құрт"Б дыбысы мен әріпі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалар біз күнделікті сауат ашу сабағымызды бастаймыз.Олай болса сабағымызды бастамас бұрын ортаға шығып шаттық шеңберін жасап,топқа бөлініп алайық.

Шаттық шеңберіне жиналып топқа бөліну

Аспанда күн жарқырайды алақай.

Атқан таңға иіліп бір сәлем беріп,

Бақыт тілеп бір-бірімізге осылай.

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Сәлеметсіздер ме, қонақ апайлар!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы "Бауырсақ пен құрт"Б дыбысы мен әріпі»

«Бекітемін»

Мектеп директорының оқу жұмысы жөніндегі

орынбасары _______________Қ.Шияпова

«__» _12____2019 жыл

Қысқа мерзімді жоспар


САБАҚ: сауат ашу

МЕКТЕП:Ю.А.Гагарин атындағы жалпы орта мектебі

Күні:

Тәрбиешінің аты-жөні: Кушкинбаева Арайлым Серікқызы

СЫНЫП: Мектепалды даярлық

Қатысқандар саны: 16

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы:

Бауырсақ пен құрт. Бб дыбысы және әрпі

Сабақ негізделген оқу мақсаты

(мақсаттары)

0.1.1.1 Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.

0.1.1.2 Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Сұрақтарға толық жауап береді.

Б дыбысы – дауыссыз дыбыс, б дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды. Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі б дыбысының орнын ажыратады.

Қолды үзбей сызуға жаттықтырады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратып, дыбыстық талдау жасай алады.

Б дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы б дыбысының орнын ажыратады.

Сұарққа жауап бере отырып, шағын əңгіме құрайды.

Жазу жолына б əрпінің элементтерін жазады.

Ұлттық тағамдарды атайды.

Кейбір оқушылар:

- Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады.

Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады.

Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

Б дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады.

Қазақтың дəстүрлері туралы айтады


Тілдік мақсат

Оқушылар:

... (істей) алады. Суреттегі заттардың аттарын атай алады, таниды;

Ұлттық тағамдармен танысады.

Қазақтың дəстүрлері туралы біледі.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

балық-рыба-fish, балмұздақ-морожное-ice-crem

Ресурстар:шар, маркер,ламинатталған бетше, БББ кестесі, 3х4 фото,желім.

Сыныптағы диалог /жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тақырыптар:

Суреттен Б дыбысы естілетін зат атауларын ата.

Қазан бетінен аспанға ұшып жатқан не?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Зат атауларын буынға бөліп, дыбыстық талдау жаса

Жазу үшін ойға салу:

Б-ға ұқсайды?

Алдыңғы оқу

Пп дыбысы және әрпі

Жоспар


Жоспарланған уақыт

25 минут

Ресурстар

Басталуы

Дұрыс әсерлі көңіл-күй орнату

3мин












Сабақтың мақсатын қою:

Балалар біз күнделікті сауат ашу сабағымызды бастаймыз.Олай болса сабағымызды бастамас бұрын ортаға шығып шаттық шеңберін жасап,топқа бөлініп алайық.

Шаттық шеңберіне жиналып топқа бөліну

Аспанда күн жарқырайды алақай.

Атқан таңға иіліп бір сәлем беріп,

Бақыт тілеп бір-бірімізге осылай.

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Сәлеметсіздер ме, қонақ апайлар!


Шардың ішіне бауырсақ ,құрт,ірімшік, және көженің суреті бар,сендер қандай суретті таңдап алдыңыздар сол сурет бойынша топқа бөлінеміз) Ал балалар келісеміз бе? Суретті біреуден алсаңыздар болды.

Балалар 4 топқа бөлінеді:

І-топ: Бауырсақ

ІІ-топ : Құрт

ІІІ-топ: Ірімшік

ІV-топ: Көже

ІІ-бөлім:Біз өткен сабақты еске түсіріп алайық.

А) Біз сауат ашу сабағында не үйренеміз?Кәне кім айтады?

Ә) Балалар біз дыбысты нешеге бөлдік?

Б) Дауысты дыбыс деген не? Қандай түспен белгілейміз?

В) Дауыссыз дыбыс деген не? Қандай түспен белгілейміз?

Г) Дауысты дыбысты нешеге бөлдік? (2-ге жуан,жіңішке)

Д) Дауыссыз дыбысты нешеге бөлдік (3-ке қатаң,ұяң,үнді)

ІІІ-бөлім: Біз «Бинго» әдісін қолданамыз. «Бинго» әдісінің шарты ламинадталған параққа өткен әріптерді есімізде сақтап,кім оны тез жазып береді?

1-ші А дыбысынан бастайық.Н, П , Т қаламсаптарды орнына қоямыз.Енді мұқият тыңдайықшы.

IV-бөлім: Бір ертегі тыңдап жіберейікші кәне “Бауырсақ пен құрт»ертегісін тыңдату.

Дастарқанға алдымен не қояды екенбіз?(Бауырсақпен нан)

Балалар мына суретке қарай қойыңыздар ненің суреті бейнеленген? Қандай мереке? (Наурыз мерекесі)

Сұрақтар: Наурыз туралы кім не біледі?

Наурыз көжеге неше түрлі дәм салынады.

V-бөлім: «Ребус» шешу

Шарты: Алдарыңызда тұрған қима суретті құрап шығыңдар кәне 1,2,3.Сурет бойынша әңгімелейміз. (Асық, тұсаукесер, бесік) Болған топ қол шапалақтайды. Сурет бойынша 2 бала ортаға шығып әңгімелейді.






Іс-қимылмен көрсетеді.




Суреттер .Шар


Топтастыру әдісін қолдану
















Аудиожаз

ба




Ортасы
22 мин

Тақырып бойынша жұмыс

Тыңдалым:





Айтылым:











Жазылым:

VІ-бөлім: Жаңа сабақ: Б дыбысы мен әріпі.

Сиқырлы кітап арқылы Б дыбысын таныстыру.

Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Б дыбысы мен әріпі екен.

-Балалар бұл сөздердің барлығы қандай дыбыстан басталып тұр?
-Олай болса балалар бұгін біз "Бб дыбысы мен әрпімен" танысамыз.


"Сиқылы әліппеден" Б әрпін тыңдату.

Кәне айтайықшы Б дыбысы ауыз қуысынан шыққанда кедергіге ұшырап тұр.Ерініміз бір-біріне тиіп тұр

Б- ұяң дауыссыз дыбыс. Оны көк текшемен белгілейміз.

Баспа түрін қай жерде қолданамыз?кітапта, компьютерде қолданамыз.

Жазба түрін қай жерде қолданамыз?(тақтада,хат жазғанда)

Б дыбысынан келетін сөздерді кім айтады?(байрақ,бесік, бала,балапан т.б)


VІІ-бөлім: Б дыбысын көк үйге апарып салайын ба,әлде қызыл үйге ме? Не себепті?(Көк үйге ,себебі ол дауыссыз дыбыс)

Б дыбысын ауада жазу:

Сызық 1 элемент,дөңгелек 2 элемент ,басындағы сызығы 3 элемент.

Алдымызда тұрған ермексазды алып Б дыбысын мүсіндеу.

Қаламсапты алып дәптерге жазамыз.Қаламсапты орнымызға қоямыз.


Сергіту сәті: «Қара жорға» биі асықпен орындау.

VІІІ-бөлім: Келесі топтық жұмысымызды жасайық. «Кім тапқыр?» Құмның ішінде тығылып жатқан суретті алып ,дыбыстық талдау жасау. Неше әріп ,неше дауысты,дауыссыз дыбыс бар.(байрақ, бесік, бала)

Келесі жұмыс «Аквариум» әдісі арқылы буынға бөлу. Оқу.

Балаларды мадақтау: БББ кестесіне смайликтер жапсыру.

Бүгінгі сабағымызға кері байланыс берейік: Сабақ ұнады ма? Қай жері ұнады?





видеоматериал






Тыңдайды


Кітаппен жұмыс








Жұптық жұмыс







Дәптермен жұмыс


Аяқталуы

5 мин

Қорытынды

Рефлекция

Балаларды мадақтау: БББ кестесіне смайликтер жапсыру.

Бүгінгі сабағымызға кері байланыс берейік: Сабақ ұнады ма? Қай жері ұнады?



Балықтарды қолдану

Жұлдызшалар қолдану

Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша көмек

көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті

жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?



Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Сабаққа өтте жақсы қатысқан оқушыларды жұлдызшамен бағалау.
"Бағдаршам" әдісімен рефлекция жасату.

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ- мен байланыс Құндылықтардағы байланыс
сөйлеуді дамыту, қоршаған орта АКТ-ны қолдану


Рефлекция

Сабақ /оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт

ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың оқу мақсаттары шынайы болды. Сабақта оқушылардың тәрбиелік, дамытушылық, білімділік міндеттері жүзеге асты. Балалар сабақтан Бб дыбысының дыбысталуын, оның жазылу элементтерімен танысты. Сабақта балалалар бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болды.

Мен жоспарлаған сарлау шаралар сәл тиімсіз болды. Мен кітаппен жұмыс мүлдем болмады, балалрдың сөздік қорын дамытатын тапсырмаларды толық орындатпадым. Жазудың баспа түрін емес жазба түрін жаздыртыппын, ол қате екен. Уақытты тиімді пайдаланбадым. Көп бөлігі әліппені оқытумен кетіп қалды. Маған сол жағынан кемшілік болды. Б әрпінің 6 санына ма5 санына ма қайсысына ұқсас екенін толық ашып айтпай кеттім. Балалар сабақта кішкен қиындық болды. Олар топпен отырып көрмегендіктен.

Қорытынды бағымдау

Сабақта қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:Сабақта дидактикалық ойындар балалардың жаас ерекшеліктеріне сәйкес жоспарланды.

2:Балалар ұн тағамдары мен сүт тағамдарын дұрыс ажырата білді

Қандай екі нәрсе Сіздің сабағыңызды жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:АКТ-ны тиімді өолдана білу

2:Бағалау және рефлекция

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Даярлық сыныбы болғандықтан кейбір күрделі тапсырманы жеңілдетіп қолдану, жеелей жұмыстар ұйымдастыру, оқушыларды көп сөйлетуге үйрету






























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тақырыбы "Бауырсақ пен құрт"Б дыбысы мен әріпі

Автор: Кушкинбаева Арайлым Сериковна

Дата: 10.12.2019

Номер свидетельства: 531211


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства