kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тақырыбы: «Астана-арман қала»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты: еліміздің елордасы Астана қаласы туралы балалардың түсініктерін кеңейту. Астананың көрікті жерлерімен, әсем ғимараттарымен таныстыру. Тілдік қорларын дамыту.

 

Көрнекіліктер: ҚР картасы, Астана ғимараттары бойынша слайд-шоу, түрлі суреттер.

Билингвалдық компоненті: елорда-столица, қала-город,

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Тәрбиеші балаларды жылулық шеңберге шақырады.

 

Күлім қағып жанары,

Бір.екі,үш деп соғайық

Қарап тұрған көршіме

Қолымды мен былғайын

Ыстық алақаныммен

Қолымды бер, қысайын.

Амандасып өзіңмен,

Құшақтасып алайын,

Осы отырған бәріңе

Иіліп сәлем берейін

Ұйымдастыру-іздестіру

-          Балалар біз қай республикада тұрамыз?

-          Елбасымыз кім?

-          Біздің еліміздің бас қаласы қай қала?

Астана қаласы-жас қала және жылдан-жылға көркейіп келеді.

Балалар, мен сендерге кең байтақ қазақ елінің картасын көрсетейін.

-          Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?

-          Астана қаласы картада қандай белгімен белгіленген?

Астана қаласы Қазақстанның дәл ортасында орналасқан. Астана –отанымыздың бас қаласы, жүрегі. Астананы  көркейту үшін көптеген адамдар еңбек етті.

(тәрбиеші құрылыс алаңынан суреттер көрсетеді)

-          Зәулім ғимараттарды кім салды?

-          Балалар олай болса, слайд-шоу бойынша Астана ғимараттарын тамашалайық!

-          Астана қаласының әсем де көрікті жерлеріне саяхат жасағыларың келе ме?

Олай болса, жолға дайындалайық!

-          Міне, Астана қаласының «Қазақ елі» алаңына да келіп жеттік!

-           Бұл Ақорда. Елбасы резиденциясы. Ол осы жерде қабылдаулар жасап, саяси жағдайлар туралы келіс сөздер жүргізеді.

-          Бәйтерек Астананың биік те зәулім ғимараты. Бұл бірліктің, еркіндіктің белгісі. Бәйтерек халқымыздың еркіндігі мен батылдығының көрінісі ретінде салынған.

-          Балалар сендер бәйтеректе болдыңдар ма?

(жарайсыңдар балалар)

-          Келесі аялдамамыз –цирк. Цирк алаңында сайқымазақтар мен түрлі жануарлар өнерлерін көрсетеді. Ал балалар ата-аналарымен көңіл-күйлерін көтеріп,демалады.

-          Ғимарат неге ұқсайды?

-          Ал енді «Думан» ойын-сауық орталылығына да келіп қалдық.

-          Думан орталығында не бар?

(қалаға қайтады, ж)

- Балалар, Астана қаласының бүлдіршіндеріне әдемі балабақша керек екен. Құрылыс алаңына барып жаңа балабақша салуға ат салысайық.

(тәрбиеші балалармен балабақша құрастырады!)

Астана қаласының бүлдіршіндеріне әсем балабақша құрып, үлкен көмек көрсеттік.жарайсыңдар балалар!

 Сергіту сәті:

қане балалар, тұрамыз

бойымызды жазамыз

балықтарға ұқсап біз

жүзіп-жүзіп аламыз.

Балалар қуана келіседі.

 

Қазақстан Республикасында

Н.Ә. Назарбаев

 

Астана қаласы

 

 

 

 

Балалар картаны тамашалайды.

 

Орал, Алматы, Астана, Тараз, Шымкент, Ақтөбе т.б

 

Астана қаласы ту белгісімен белгіленген

Балалар тәрбиешіні зер қойып тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

Құрылысшылар, сәулетшілер, нұсқаушылар, тас қалаушылар.

Балалар , слайд-шоу бойынша Астана ғимараттарын тамашалайды

 

 

 

 

 

 

Иә

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар өз ата-аналарынан естіген әңгімелерін айтып береді.

 

 

Тәрелкеге

 

Үлкен балықтар, акула, балаларға арналған ойын алаңы

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: «Астана-арман қала»»

Тақырыбы: «Астана-арман қала»

Сабақтың мақсаты: еліміздің елордасы Астана қаласы туралы балалардың түсініктерін кеңейту. Астананың көрікті жерлерімен, әсем ғимараттарымен таныстыру. Тілдік қорларын дамыту.


Көрнекіліктер: ҚР картасы, Астана ғимараттары бойынша слайд-шоу, түрлі суреттер.

Билингвалдық компоненті: елорда-столица, қала-город,

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Тәрбиеші балаларды жылулық шеңберге шақырады.

 

Күлім қағып жанары,

Бір.екі,үш деп соғайық

Қарап тұрған көршіме

Қолымды мен былғайын

Ыстық алақаныммен

Қолымды бер, қысайын.

Амандасып өзіңмен,

Құшақтасып алайын,

Осы отырған бәріңе

Иіліп сәлем берейін

Ұйымдастыру-іздестіру

-          Балалар біз қай республикада тұрамыз?

-          Елбасымыз кім?

-          Біздің еліміздің бас қаласы қай қала?

Астана қаласы-жас қала және жылдан-жылға көркейіп келеді.

Балалар, мен сендерге кең байтақ қазақ елінің картасын көрсетейін.

-          Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?

-          Астана қаласы картада қандай белгімен белгіленген?

Астана қаласы Қазақстанның дәл ортасында орналасқан. Астана –отанымыздың бас қаласы, жүрегі. Астананы  көркейту үшін көптеген адамдар еңбек етті.

(тәрбиеші құрылыс алаңынан суреттер көрсетеді)

-          Зәулім ғимараттарды кім салды?

-          Балалар олай болса, слайд-шоу бойынша Астана ғимараттарын тамашалайық!

-          Астана қаласының әсем де көрікті жерлеріне саяхат жасағыларың келе ме?

Олай болса, жолға дайындалайық!

-          Міне, Астана қаласының «Қазақ елі» алаңына да келіп жеттік!

-           Бұл Ақорда. Елбасы резиденциясы. Ол осы жерде қабылдаулар жасап, саяси жағдайлар туралы келіс сөздер жүргізеді.

-          Бәйтерек Астананың биік те зәулім ғимараты. Бұл бірліктің, еркіндіктің белгісі. Бәйтерек халқымыздың еркіндігі мен батылдығының көрінісі ретінде салынған.

-          Балалар сендер бәйтеректе болдыңдар ма?

(жарайсыңдар балалар)

-          Келесі аялдамамыз –цирк. Цирк алаңында сайқымазақтар мен түрлі жануарлар өнерлерін көрсетеді. Ал балалар ата-аналарымен көңіл-күйлерін көтеріп,демалады.

-          Ғимарат неге ұқсайды?

-          Ал енді «Думан» ойын-сауық орталылығына да келіп қалдық.

-          Думан орталығында не бар?

(қалаға қайтады, ж)

- Балалар, Астана қаласының бүлдіршіндеріне әдемі балабақша керек екен. Құрылыс алаңына барып жаңа балабақша салуға ат салысайық.

(тәрбиеші балалармен балабақша құрастырады!)

Астана қаласының бүлдіршіндеріне әсем балабақша құрып, үлкен көмек көрсеттік.жарайсыңдар балалар!

 Сергіту сәті:

қане балалар, тұрамыз

бойымызды жазамыз

балықтарға ұқсап біз

жүзіп-жүзіп аламыз.

Балалар қуана келіседі.

 

Қазақстан Республикасында

Н.Ә. Назарбаев

 

Астана қаласы

 

 

 

 

Балалар картаны тамашалайды.

 

Орал, Алматы, Астана, Тараз, Шымкент, Ақтөбе т.б

 

Астана қаласы ту белгісімен белгіленген

Балалар тәрбиешіні зер қойып тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

Құрылысшылар, сәулетшілер, нұсқаушылар, тас қалаушылар.

Балалар , слайд-шоу бойынша Астана ғимараттарын тамашалайды

 

 

 

 

 

 

Иә

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар өз ата-аналарынан естіген әңгімелерін айтып береді.

 

 

Тәрелкеге

 

Үлкен балықтар, акула, балаларға арналған ойын алаңы

 


Рефлексивті – түзетушілік

-балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Астана қаласының қандай ғимараттары ұнады?

Бүгінгі сабағымыз осымен аяқталды, сендер бүгінгі сабаққа белсене қатыстыңдар. Сендерге үлкен рахмет!

Ұнады

 

Ақорда, Бәйтерек

 

Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек: балалар бас қаламыз Астана қаласындағы ғимараттарды танып біледі.

Қандай түсініктерді игерді: құрылысшы қызметі туралы түсінігі болады

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Елорда Астана қаласы туралы әңгімелеуді,құрылыс құралдарын пайдалануға меңгереді

 

















«Үш батыр» балабақша-яслиі



































Тобы: «Балапан»

Тәрбиеші: Ермұхамедова Г.












2017 жыл

Тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» спорттық сайыс 


Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру. 
Көрнекілігі: түрлі-түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, ысқырық. 
Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі 
Шынықсаң шымыр боласың, 
Сауығып айдай толасың. 
Спортты серік ете біл, 
Жақсы азамат боласың. 
Жеңімпаз болу оңай ма, 
Арман болған талайға? 
Болмасаң да ұқсап бақ, 
Жарысқа түсіп қалайда. 
Құрметті әріптестер және кішкентай көрермендер бүгінгі «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» спорттық сайысына қош келдіңіздер! 
Көңілді жарысқа «Балапан» және «Құлыншақ» топ бүлдіршіндері қатысады.
Әр таңды бақытпенен аттырамыз 
Өнерді ой көгінде бақылаңыз, 
Сайысқа қатысуға енді ортаға 
топ бүлдіршіндерін шақырамыз. 
(әр топ өз орындарына келіп тұрады) 
Ал,құрметті халайық! 
Жарысты енді көріңдер 
Әділ қазы алқасы 
Әділ баға беріңдер! 
Сайысты бастамас бұрын,сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық. 
1. Берканова З.
2. Айтімова Г.
Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады. 
Сайыстың бағдарламасы 6 кезеңнен тұрады 

1. «Эстафета» 

2. «Кеңгуру» 

3. «Пингвин»

4. «Алтын қасық» 

5. «Кім шапшаң» 

6. «Кім күшті» 

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! 
Сайысымызды бастаймыз. 
«Балапан» тобын ортаға шақырамыз 
Топтың ұраны: Бәріміз біріміз үшін! 
«Құлыншақтобын ортаға шақырамыз 
Топтың ұраны: Біз әрқашанда мықты 
Бәрін жеңіп шықты 
І кезең: «Эстафета» 
Шарты: Әр топ қатысушылары жалаушаны алып мәреге дейін жүгіріп барып өз орынына келіп өзінен кейінгі қатысушыға жалаушаны тапсыруы қажет, қай топ бірінші мәреге жетсе сол топ жеңімпаз.

ІІ кезең: «Кеңгуру» 
Шарты: Балалардың алдына алжапқыш байлап, жеміс – жидектерді жинап өздеріне тиесіл себетке жинауы тиіс, қай топ көп жинаса,сол топ жеңімпаз.

IІІ кезең: «Пингвин»

Шарты: Допты аяқ арасына қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, мәреге жетуі тиіс, қай топ бірінші келсе сол топ жеңімпаз.

ІV кезең: «Алтын қасық» 

Шарты: Әр қатысушы теннис добын қасыққа салып алып, мәреге дейін жүріп барып,қайта келуі тиіс, қай топ мүшелері бірінші болып келсе сол топ жеңімпаз.
V кезең: «Кім шапшаң» 
Шарты: Үлкен батуд резеңкі доптың үстіне отырып секіріп жарысу. 
VI кезең: «Кім күшті» 
Шарты: Әр топтар жерде үріліп жатқан шарларды, үстеріне отырып жаруы тиіс қалдығын жинап себетке салуы керек қай топ көп шар қалдығын жинаса сол топ жеңімпаз. 
Қорытынды бөлім 
Жарыс заңы ежелден- 
Жеңімпазды анықтау 
Жеңімпаз болу шарты сол- 
Еңбектену,жалықпау 
Біреу озса сайыста, 
Біреу артта қалады 
Жеңілгендер ренжімей 
Тараса бізге жарады 
демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды марапаттауға әділқазы алқасына сөз кезегін берейік.
Уа,халқым назар аудар денсаулыққа! 
Өмірде бақыттысың денің сау да. 
Денсаулық терең бақыт деген сөзді 
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші 
Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп-көп рахмет.





































Тақырыбы: Қызыл, сары, жасыл.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Ойын, тренинг

Міндеті: Жол және адам қауіпсіздігін балаға түсіндіру.
Мақсаты: Жол және адам өмірінің қауіпсіздігін алдын ала алу.
Балаларды бағдаршам туралы жол ережелерін маңызды екенін ұғындыру.
Дене жаттығуларын жасау арқылы жылдам
өмірін сақтау үшін жол қауіпсіздігінің ережелерін орындауды дамыту.
Қолданылатын көрнекіліктер: Бүктемелер, бағдаршам
ҰОӘ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Балалармен сәлемдесу, назарын ҰОӘ-не аудару.
Алдын -ала жұмыс:Баларға бағдаршам туралы тақпақтар жаттату.
Тәрбиеші: —
 Саламатсыздар ма балалар! Саламатсыздар ма қонақтар! Бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы: «Қызыл, сары, жасыл» Балалар қане жылы лебізімізді білдірейікші.
Шаттық шеңбері.
Күндей жадырап, айдай арайлап.
Жұлдыздай жарқырап, судай көңілмен бүгінгі күнімізді бастайық. Балалар біз бүгін жол ережесімен танысамыз. Жолда жүрудің, адамдардың да көліктердің де өз тәртібі бар. Ал енді балалар мен сендерге жол ережесі туралы өлең оқып берейін.
Ауыл менен оның көшесінде.
Жүрмейді тек алаңсыз
Ережесін білмесеңіз
Түседі қайғы амалсыз.
Сақтық ойлар әрдайым
Кеудесінде жаны бар
Жүргіншімен жүргізушінің
Өзіне тән заңы бар.

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі кешіміздің ең басты қонағы бағдаршамды ортаға шақырамыз. Балалар көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады. Бағдаршам өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілің алу баршамызға ортақ. Олай болса балалар бізге «Бағдаршам» қонаққа келіпті.
Бағдаршам: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мені барлық елдердің балалары жақсы біледі. Бүгін сендерге арнайы қонаққа келдім.
Тәрбиеші: Қош келдің Бағдаршам! Бүгінгі айтар әңгімеміз саған қатысты болмақ. Сондықтан да бізбен бірге бол.
Бағдаршам:
Күндіз түні жанамын
Дабыл беріп бәріне.
Үш түрлі түсім бар
Белгілі жаспен кәріге
Мен бағдаршам боламын.
Тәрбиеші: Бағдаршам біздің балалар өте ақылды! Бағдаршам туралы көп тақпақ біледі. Тыңдап көріңізші!
Нұрай:
Сапар шексек сізбен біз,
Сан көлікке мінеміз
Троллейбус, трамвай
Автобусбен жүреміз

Айша:
Көлік, көлік, көлік
Көліктерге мінеміз
Көшелермен, көшелерімен
Күнде тынбай жүреміз
Алихан:
Тәртіп бұзсақ абайсыз
Жағдай туар қолайсыз
Май қызметкерлерінен
Сан кешірім сұраймыз
Айару:
Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз
Сақтағанда қатерден
Сау саламат жүреміз
Бағдаршам: — Иә, расында да балалар өте ақылды екен. Балалардың тапқырлығын тексеріп көрейінші! Балалар мен сендерге сұрақ қойғым келіп тұр. Бағдаршамның неше көзі бар?
Балалар: — үш көзі бар.
Бағдаршам: — бағдаршамның көздерінің түсі қандай?
Балалар: — қызыл, сары, жасыл
Бағдаршам: — Оның түстері нені білдіреді?
Балалардың жауабы.
Бағдаршам болып киінген үш қыз тақпақтарын айтып береді.
Қызыл – Еркежан
Қызыл көзі жанғанда
Қалт тоқтай қал табанда

Сары – Асемай:
Сары көзі жанғанда
Сақ абай бол барынша

Жасыл – Ердос
Жасыл жарық жол ашық,
Жүгіре бер бел асып

Үшеуі бірге: Бас аяқты ойлап,
Бол ұқыпты жолда

Сергіту сәті:
1) Бағдаршамның қызыл түсін көрсету.
Балалар орындарынан тұрады.
2) Бағдаршамның сары түсін көрсету.
Балалар екі жаққа кезек-кезек дайындалады.
3) Бағдаршамның жасыл түсін көрсету.
Аяқтарын топ-топ басады.

Тәрбиеші: Балалар бағдаршамның қызыл жарығы жанғанда кімдерге өтуге рұқсат етілген.
01- Өрт сөндіру мәшинесіне
02- Жол полиция мәшинесіне
03- Жедел жәрдем мәшинесіне
04- Газ мәшинесіне. Балалар ол мәшинелер белгілі дабылмен жолдан өтеді.
Өте тамаша балалар сұрақтарға керемет жақсы жауап бердіңдер.
Қорытынды:
Тәрбиеші:
 Рахмет балалар бүгін сендер өздерінің жол ережесін білетіндеріңді көрсеттіңдер. Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар дегім келеді.

Нені білдік? Нені біле алмадық? Нені білгіміз келеді?
ҰОІӘ қорытындылау.
Мадақтау.

































Тақырыбы: "Кел, ойнайық!"

Мақсаты: Балаларға ұлттық ойындарды ойната отырып, қазақ тілі сабағына көңіл аудару.
Міндеттері: Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тез ойлауға баулу. Ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ребустар, ою - өрнектер, ұлттық ойындар.
Сабақ түрі: Ойын - сабақ.

Сабақ барысы:
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып
Тәрбие, тәлім табар ма?
Бұл бәйге – ойдың бәйгесі.
Кім жүйрік ойға – сол алда – дегендей сабағымыз «жарыс» ойын түрінде өтілуі және ең озық ойлы топты анықтаймыз.

Бүгінгі ойынға екі топ қатысады. «Балапан» және «Құлыншақ» топтары.
«Жарыста» ұлттық ойындар, ребустар, логикалық есеп тапсырмалар орындалады.

- Олай болса, жарысымызды бастайық.

1 - тапсырма «Аяқталмаған мақал - мәтелдер»

 Отансыз адам, ормансыз.........(бұлбұл)
 Ата – ағаш, бала -........ (жапырақ)
 Туған жердей жер болмас.
Туған елдей........ (ел болмас)

2 - тапсырма «Хан талапай ойыны»

Жіліктен шыққан сүйек,
Ойнаймыз біз шертіп.
Бәрімізге таңсық
Аты оның – асық.

(Асықтар шашылып нөмірлер бойынша сұраққа жауап беріледі)
1 - сұрақ. Қазір жылдың қай мезгілі?
Қазір қыс мезгілі
2 - сұрақ. Балабақшада кімдер бар?
Балабақшада балалар бар
3 - сұрақ. Бүгін аптаның қай күні?
Бүгін сәрсенбі
4 - сұрақ. Біздің Отанымыз қандай?
Біздің Отанымыз - Қазақстан.

4 - тапсырма. «Теңге алу» ойыны
Шарты: Шеңбер бойынша теңге (сурет) қою. Ішкі жағында лексикалық тақырыптарға қатысты суреттер. Балалар шеңбер бойынша ән қимылдарын көрсетіп жүреді, музыка тоқтатылады. балалар теңге суретін алып - сөздерді қазақ тілінде атайды.

5 - тапсырма: «Ою - өрнектер» құрастыру.
Шарты: Төрт бөлікке бөлінген оюдан бүтіндей ою шығару керек. Ол үшін тапсырманы орындау керек.
«Сөйлем құрастыр» -
1 - топ: "Балабақша" тақырыбы бойынша
- Балабақша үлкен, жарық, таза, әдемі. Балабақша екі қабатты. Мен балабақшада ойнаймын, тамақ ішемін, ұйықтаймын.

2 - топ: "Ойыншықтар" тақырыбы бойынша.
- Менде ойыншық қоян бар. Ойыншық қоян әдемі, үлкен, түсі ақ.

Қимыл ойын кезегі «Арқан тарту»

6 - тапсырма. «Тай жарысы» ойыны
Шарты: Әр топқа екі тапсырма беріледі.
1 - топ: "Көкөністерді жина"
2 - топ; "Жемістерді жина"

Қорытынды: Балалардың білімін бағалау. Мадақтау. Қоштасу.





Топ тізімі

Балалардың аты-жөні

1

Аманжол Айару

2

Асқар Нұрай

3

Әбдіманап Айша

4

Әбдірахманова Айару

5

Байділдә Анель

6

Байділдә Асель

7

Ерғали Дильдар

8

Ерболұлы Алиахмет

9

Ермағанбет Аян

10

Жандосқызы Әсемай

11

Жақыпбек Нұрай

12

Жолдыбай Нурикамал

13

Тойғанбай Ғайни

14

Колосов Артем

15

Қалмахан Ерсұлтан

16

Қанатқызы Жәния

17

Кириенко Артем

18

Маметов Тамерлан

19

Мырзахмет Әбілмансұр

20

Каюмова Карина

21

Назметов Нұрислам

22

Рысбек Ердос

23

Серікбаев Алихан

24

Шераханұлы Расул

25

Марат Еркежан










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тақырыбы: «Астана-арман қала»

Автор: Қойшыбаева Жазира Үсенқызы

Дата: 28.03.2019

Номер свидетельства: 505059


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства