kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы: "Орманда?ы саяхат"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Поездбен орман?а саяхат жасау.Орманда геометриялы? пішіндермен ж?мыс жасап,?р т?рлі тапсырмалар орындау.Балаларды тап?ырлы??а,шапша?ды??а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: "Орманда?ы саяхат"»

Сабақтың тақырыбы: «Ормандағы саяхат»

Сабақтың мақсаты:Балаларды геометриялық пішіндерді атай білуге (дөңгелек, төртбұрыш,үшбұрыш)үйрету.Заттардың негізгі белгілерін (пішінін,көлемін,түсін)ажырата білу іскерліктерін дамыту.Көп-аз,бірдей ұғымдарын салыстыруды жалғастыру.Тапқырлыққа,шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сала:Таным.Әлеуметтік орта.Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті:Қ.М.Т.Қ,Сенсорика,Құрастыру,Жапсыру.

Қажетті заттар:ватманға салынған тиіндер,жаңғақ суреттері(тиіннің санына қарай)паровоз суреті.

Музыкалық дыбыс: «Табиғат дыбысы»құйын,поездың дауысы.

Таратушы материалдар:қағазға жапсырылғанған поезд доңғалақсыз, желім, түрлі -түсті геометриялық пішіндер (дөңгелек, төртбұрыш,үшбұрыш)шалбар жапсырылған қағаздар.

Сабақтың барысы:

-Амандасу.Шаттық шеңбері.

Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, жер ана!
Амансың ба,
достарым!

Тәрбиеші:Балалар мен бүгін сендерді орманға саяхатқа шақырамын.Біздер орманға поездбен барамыз.Өйткені орман өте алыстағой.-Қараңдаршы балалар сендер қандай поезды көріп тұрсыңдар?Біз онымен орманға бара аламызба?

-Жоқ.

-Неге?(өйткені поездың дөңгелектері жоқ)

Қане ендеше поездымызды жөндейікші.Желімді алып оған дөңгелек жапсырып берейік.Поездың дөңгелегі қандай пішін?(дөңгелек)

Балалар поезд дөңгелектерін жапсырады.

Тәрбиеші:-Жарайсыңдар балалар сендер поездың дөңгелектерін жөндедіңдер. Ал енді әрқайсыңа поездға отыру үшін билет керек.Үстелдің үстінде геометриялық пішіндер бар,оларды атаңдаршы. (дөңгелек, үшбұрыш төртбұрыш)-Қане маған дөңгелекті,төртбұрышты,үшбұрышты көрсетіңдерші.-Ал енді осы пішіндерді саусақпен сызып көрсетейік.

Балалар қайсы пішін билетке ұқсайды деп ойлайсыңдар?(төртбұрыш)

-Қане,ендеше дөңгелекпен үшбұрыш пішінді үстелдің үстіне қалдырыңдар. Төртбұрышты қолдарыңа алып маған қарай келіңдерде поездға отырыңдар.(Тәрбиеші билеттерді жинап алады)

Поездға отыру.(әуен қосылады)

Тәрбиеші:Міне балалар орманға да келіп жеттік.Балалар қараңдаршы мына жерде шыршалар аз қалыптығой.-Сендер қалай ойлайсыңдар,мұнда не болды екен?

Балалардың жауабы:-Мүмкін барлық шыршаларды жаңа жыл мерекесіне алып кеткен шығар.Біз бәрін дұрыстауымыз керек.Бұл үшін бізге мына геометриялық пішіндер көмектеседі.

Сендер қалай ойлайсыңдар шыршаны қандай пішіндерден құрастырады?(үшбұрыштан)

Балалар қане жұптасып тұрайық.Әрбір жұпқа мен үшбұрыш пішіндерді беремін.Осы үшбұрыштардан мына жерге шыршалар құрастырамыз.

Сендер екеуің неше шырша құрастырдыңдар?(бір).Ал сендер барлығың қанша шырша құрастырдыңдар?(көп)

-Ой орман қандай әдемі болды.Жарайсыңдар балалар.Ал,енді барлық үшбұрыштарды жинап маған беріңдер.(жинап алу)

-Қазір мен сендерді орманда демалуға шақырамын.

Сергіту сәті.

Ұжымдық жұмыс.

Тақтада ватманда тиіндер бейнеленген.

-Балалар қараңдаршы,бұтақта отырған бұл не?(тиіндер)

Ал,енді қараңдаршы қыста тиіннің жүні қандай болады?Ал жазда ше?

-Бұтақтарда қанша тиін отыр?(көп)

-Ал менде оларға арналған сыйлықтар бар-жаңғақтар.Ал,жаңғақтар қанша?(көп)

Қане бұл жаңғақтар тиіндерге жетеді ме?Әр тиінге бір жаңғақтан береміз.

(ватманға жаңғақтарды қою)

-Жаңғақтар қанша?(тиін қанша болса,жаңғақтарда сонша болды,бірдей)Бәрінеде жаңғақ жетті.

-Ал,енді балалар осы тиіндерді бізбен ойнауға шақырайықшы.Тиіндер бізбен ойын ойнағыларың келедіме?Балалар тиіндер маған құлағыма сыбырлады, олардың бұтақтан түскісі келеді,бірақ олардың бұтақтан-бұтаққа секіріп жүргенде шалбарлары жыртылып қалыпты.Енді олар не істеу керектігін білмей отыр.

Ал,мен оларға көмектесе аламыз деп ойлаймын.Қане орындарымызға отырамыз.Біз олардың шалбарларын жамап берейік.

Балалардың жеке жұмыстары.

-Қане мұқият шалбарға қараңдар.Сендер сәйкес келетін шалбар жамауларын түсіне сай қоюларың керек.(балалар қояды)

Жарайсыңдар балалар тиіндерге көмектесіп,оларды қуанта алдыңдар.Енді ойын ойнасақ болады.

Ойын: «Кім жылдам?»

Жаңғақ пен бүр жинау.

Тәрбиеші:Міне балалар біздің ормандағы саяхатымыз аяқталды.Біздің балабақшаға қайтатын уақтымыз болды.

Қане енді көздеріңді жұмыңдар.Қазір сендерге мына сиқырлы таяқша көмектеседі.

(табиғат дыбысы құйынның)Тыңдаңдар мына құйын бізді ұшырып жіберейін деп тұр.-Бір,екі,үш.Сен құйын,бізді орманнан балабақшаға қайтар.(Рефлексия)

Қорытындылау.

Міне балалар біз өзіміздің балабақшамызға қайтып келдік.Балалар сендерге саяхат ұнадыма?Не көбірек ұнады?Біз орманда не істедік?т.б.























Сабақтың тақырыбы: «Ормандағы саяхат»

«Ақбота»2-кіші тобы.





Тәрбиеші:Тажимуратова.П.А.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Та?ырыбы: "Орманда?ы саяхат"

Автор: Тажимуратова Перуза Абдуллаевна

Дата: 12.09.2016

Номер свидетельства: 343488


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства