Қостанай қаласы әкiмдiгiнiң «Қостанай қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмiнiң
№40 бөбекжай-бақшасы»
Мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны
«Менің сүйікті ертегілерім»
/№40 бөбекжай –балабақшасындағы балалармен қойылған ертегілер сценарилері/
Қазақ тілі мұғалімі: Брахметова
Сәуле Мұратқызы
Ертегі «Жеті лақ»
Музыкамен жеті лақ билеп шығады.
1. Мен көнілді білгіш лақпын
2. Мен көңілді мылжың лақпын
3. Мен көңілді сүзгіш лақпын
4. Мен көнілді ұрыншақ лақпын
5. Мен көңілді ерке лақпын
6. Мен көнілді әдемі лақпын
7. Мен кенже лақпын
Музыкамен анасы ешкі шығады.
/музыкамен қолына шелек алып кетеді/
Лақтар секіріп ойнап қалады.
Есіктен дүрсіл естіледі.
Қасқыр: - Тук- тук- тук ! Есікті ашыңдар
Лақтар: Сен қасқырсың, қасқырсың есікті ашпаймыз
Қасқыр жұдырығын түйіп
Қайтадан келеді
/Көнілді білгіш лақ есікті ашып жібереді./
Қасқыр: - Мен сендерді жеймін! / Лақтарды ұстап алып кетеді, кішкентай лақ тығылып қалады/
Әтеш: - Жаман хабар, жаман хабар!
Анасы келеді: – Лақтарым қайдасыңдар?
Кішкентай лақ : - Лақтарды қасқыр алып кетті!
Анасы: -Әтеш лақтарды құтқарайық . олар жүріп қасқырды тауып алып таяқпен ұрады қалған лақтар шығады, қасқыр қашып етеді. Барлығы билейді.
Бауырсақ
Ерте заманда бір шал мен кемпір өмір сүріпті.
Шал: -Кемпір, маған бауырсақ пісіріп берші, - дейді.
Кемпір: - Шал,неден пісірем? Көп болды үйде ұн жоқ!
Шал: -Қалған ұнды жинап, бауырсақ пісір.
(кемпір қимыл әрекеттер жасайды)
Шал: - Қандай әдемі бауырсақ!
Бауырсақ: - Мен кеттім домалап! Ля-ля-ля-ля!
Қоян: -Бауырсақ, бауырсақ! Мен сені жеймін!
Бауырсақ: -Қоян, мен атамнан, әжемнен кеткен бауырсақпын, сенен де қашып кетемін.
Қасқыр: - Бауырсақ, бауырсақ! Мен сені жеймін!
Бауырсақ: - Қасқыр сен мені жеме, одан да мені тында. Мен атамнан да әжемнен де, қояннан да кеткенмін! Сенен де қашып кетемін.
Аю: - Бауырсақ, бауырсақ! Мен сені жеймін!
Бауырсақ: - Аю сен мені жеме, одан да мені тында. Мен атамнан да , әжемнен де, қояннан да, қасқырдан да кеткенмін! Сенен де қашып кетемін.
Түлкі: - Бауырсақ, бауырсақ! Мен сені жеймін! Бауырсақ: - Түлкі сен мені жеме, одан да мені тында.
Түлкі: - Менің құлағым естімейді, тұмсығыма отырып айта ғой! Бауырсақ: - Мен атамнан, әжемнен, қояннан, қасқырдан, аюдан қашып
кеттім, сенен де қашып кеттім
Түлкі: - Ап !
Ертегі : «Жыл басына таласқан хайуандар»
Автор: Бұрын ерте заманда хайуандар жыл басы болуға таласыпты.
В это время выходит лошадь.
Лошадь: - Мен атпын. Мен алысты жақын қыламын, сүтімді ішеді. Адамға пайдалы мен боламын. Жыл басы болуға мен лайықтымын.
Выходит корова:
-Мен сиырмын. Сүтімді ішеді, құрт- май істейді, жыл басы болу маған лайық.
После выходит барашка:
-Мен қоймын. Жүнімнен киім тоқиды, киіз басады. Етімді жейді.
Жыл басы болуға мен лайықтымын
После выходит собака:
- Мен итпін. Сендерді қорғаймын. Дұшпан көрінсе үріп, абалап, адамға хабар беремін.Жыл басы болуға мен лайықтымын
После выходит петух
-Мен болмасам, адамдар жұмысына бармай ұйықтап қалады.
Мен таңертең тұрып, таң атты деп шақырып хабар айтамын. Жыл басы болуға мен лайықтымын
Выходит верблюд и говорит
- Мен түйемін. Мен шөлге шыдап алыс жерлерге бара аламын.
Жыл басы болуға мен лайықтымын.
В это время выбегает мышка:
- Бұл таластан ешнәрсе өнбес, жылды қарап тұрып, күн бұрын көрсе сол жыл басы болсын!
Верблюд:
-Менен бұрын кім көреді?- уснет.
(Тышқан түйенің үстіне мініп бірінші күнді көреді.)
Мышка:-Мен жыл басы болдым.
«Дос іздеген қошақан»
Қой: - Қошақаным өзіне өзіңе дос іздеп тап.
Қошақан өзіңе дос іздеп жолға шығады./ билеп айтады/
Қошақан: Мен қошақан , қозымын,
Момақанның өзімін.
Дос іздеп шықтым мен
Жайылып жүргін құлынды көреді.
Қошақан: Мә, мә мен дос іздеп жүрмін, сен кімсің?
Құлын: Мен құлын, құлыншақпын,
Өсіп тұлпар боламын.
Бас бәйгені аламын,
Дос болуға келісемін.
Екеуі қосылып жолға шығады. Бұзауды көреді.
Құлын: Сен кімсің? Бізге дос бол.
Бұзау: Мен бұзаумын, бұзаумын,
Сиыр болам сүт берер,
Балаларға күш берер
Дос болуға келісемін.
Бірақ мен алысқа бармаймын. Қасқырдан қорқамын.
Қозы: Қорықпа , көп болсақ, қасқыр бізден қорқады.
Бәрі қосылып жолға шығады.
Ән: Бірге ойнап күлеміз
Күш бірлікке сенеміз
Бөрі бізге кез болса,
Сыбағасын береміз.
Жолда ботақанды көреді.
Бұзау: Му, му сен кімсің? Бізбен дос бол!
Ботақан: Мен ботақан, ботамын,
Өскенде мен нар боламын.
Бірақ қазір қорқамын,
Жалғыз болсам далада,
Боздап дауыс қатамын
Дос болуға келісемін
Бәрі әндетіп жолға шығады. Жолда күшікті кездестіреді.
Күшік: Көзі шамдай күшікпін,
Бірге жүріп ойнаймын.
Сендерді қорғаймын.
Мен келісемін дос болуға.
Бәрі қосылып әндетеді
Қошақан: Қошақан:
Ой достарым, достарым,
Көз салыңдар, жарыққа,
Анау екі шыраққа.
Бұзау: Ойбай , қасқырдың өзі ғой,
Оттай жанған көзі ғой.
Ботақан:
Бір бәлені сезіп –ек,
Ал қашайық тезірек.
Күшік:
Бауырларым саспаңдар,
Жеке дара қашпаңдар.
Айласын тауып асырып,
Бірігіп жауды жеңеміз.
Қасқыр:
Ау, мыналар батыр ғой,,
Қорықпай бара жатыр ғой.
Қошақан:
Бірлік жасап келеміз,
Күш бірлікке сенеміз.
Мүйізімізге бір түйреп,
Сыбағанды береміз.
Қасқыр: Жеке, жеке кездессек
Жемек түгілі асармын.
Бәрі бірге:
Алақай! Алақай!
Қасқыр қашты!
Марал: «Бірлік бар жерде , тірлік бар»
Ән: Достығымыз жарасқан,
Бірге ойнап, күлеміз,
Дұшпандарға жем болмай,
Аман – есен жүреміз?
Қой: Қошақаным қоңырым,
Қойдай жуас момыным?
Үйге қайта ғой.