Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 бөбекжай-бақшасы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад № 3акимата города Костаная отдела образования акимата города Костаная»

Вариативті компонет
Екінші кіші «Көбелек» тобы
Қостанай
2016-2017
2 кіші «Көбелек» тобына арналған вариативтік компонент
«Қолымызды үйретеміз»
Тақырыбы: «Сылдырмақ»
Мақсаты:
Керекті құралдар:сылдырмақтар, 0,5л сыйдылығымен пластикті бөтелкелер, фасоль,бұршақ.
Билингвальді компонент: ойыншықтар – игрушки, сылдырмақ - поргемушка
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың іс-әрекеті |
1 кезең мотивациялық – қозғаушы | Балалар қараңдаршы менің қолымда не бар? Жарайсыңдар балалар | Балалар тәрбиешіге назар аударады Қолындағы заттарға таңырқап қарайды Балалардың жауабы -Ойыншықтар -Сылдырмақтар |
2 кезең ұйымдастырушылық –ізденіс | Олай болса балалар бәріміз ортаға шығып сылдырмақтармен би билейік. Өте жақсы балалар Балалар неге бұл ойыншық сылдырмақ деп аталады? Балалар біз қазір бәріміз сылдырмақ ойыншығын өз қолымызбен жасаймыз. Ол үшін мына бөтелкеге сендер бір-бірден фасоль мен бұршақты саласыңдар Ал енді тыңдайық. Жақсы балалар. Сергіту сәті | Балалар тәрбиешіні тыңдайды Ортаға шығады Сылдырмақтарды алады Тәбиешінің көрсеткен қимылдарын орындайды. Балалар қуанады Балалар ойланады Тарсылдайды Сылдырлайды Дыбыс шығарады Балалар тәрбиешіге назар аударады Балалар қолдарына бір-бірден фасоль мен бұршақты алады Бәрі бөтелкеге салады Бір бала бөтелкенің қақпағын бұрап жабады. Сылдырлаған дыбысты бәрі таң қалып тыңдайды Балалар әсем әуенге сылдырмақпен бәрі билейді, тәрбиешінің көрсеткен қимылдарын қайталайды. |
3 кезең рефлексивті -түзетушілік | Балалар айтыңдаршы мынау не ? Сылдырмақпен біз бүгін не істедік? Бөтелкеге не салдық? Қандай дыбысты тыңдадық? Сендерге бөтелкемен ойнаған ұнады ма? | Тәрбиешінің айтқанына назар аударады -Ойыншық -Сылдырмақ -Біз биледік -Бөтелкеге фасоль мен бұршақ салдық -Сылдыр -Тарсыл Балалардың жауабы -Ұнады |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: сылдырмақ ойыншығы туралы;
Түсінеді: фасоль мен бұршақтың не екенін;
Қолданады: пластикті бөтелкенің қақпағын бұрап жабу, сылдырмақпен би билеу, фасоль мен бұршақты бөтелкеге салуды.