8-Наурыз Аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценариі.
Балалар көңілді әуенмен залға кіріп, жартылай шеңберге тұрады
Жүргізуші.Той тойлап дала менен қалаларым,
Мерекең құтты болсын аналарым!
Қаракөз қыз, абзал ана мерекесін
Құттықтауға келе жатыр балаларың!
Балалардың тақпақтары
1.Үн қатасын бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші Наурызбен
2. Жылылықтан жаралған,
Құшағы оның таң мекен
Менің айдай анамнан
Асқан сұлу бар ма екен.
Барлығы бірге: Ең жақсы
Ең әдемі
Ең көңілді
Ең сүйікті
Жүргізуші: Әлемдегі барлық әйел
Қымбат бізге ана ғой
Құттықтайды сіздерді
Әсем әнмен балалар!
Ән «Анамызды сүйеміз»
Айтыңдаршы балалар! Біздің анамызда анасы бар ма?
Бізге кампот пісіретін
Мейрамға көйлек те тігетін,
Дәмді құймақ та пісіретін,
Кім екенін қане айтыңдаршы!
Балалар: Әже
Әже туралы тақпақтар:
1.Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
2.Менің әжем, ақ әжем
Ұл мен қыздың бағы әжем
Ертегі айтып бер десем,
Айтып берер тағы әжем.
3.Аялаймыз әжені
Құрметтейміз, бағамыз
Сіздер үшін әжелер
Шырқап әнге саламыз.
Ән «Ақ әжем»
Балалар орындарына отырады.
Жүргізуші:Біздің балалар ән де салады, би де билейді, тақпақ та айтып, ойнай
да алады.Тіпті бүгін қонақтар үшін ертегі де қойып бермекші.
Көктемнің бұл керемет күнінде 8-Наурызды біз тойлаймыз.
Ән айтып, би билеп, тәтті дәмді де пісірілер әр үйде.
(Үйден әже шығады)
Әже:Мен пісірген тамақты сағынып немерем де келіп қалар.Қып-қызыл ғып дәмділеп бәліш пісіріп берейін. Үлпілдетіп әппақ қылып қамыр қою үшін,
ұннан басқа маған құлпынай тосабы, тұз, қант керек.Қамыр қойып, сый-сияпатымды даярлай берейін.(Үйге кіріп кетеді, үйден бәліш жүгіріп шығады)
Артынан жүгіріп әже шығады.
Әже:Бәліш сен қайда кеттің?
Бәліш:Әбден зерігіп кеттім,
Немере қызыңызды іздейін!
(Бәліш шеңберді айнала жүгіріп, ән айтады.)
Қызарып піскен
Мен дәмді бәлішпін.
Тәтті қоспа қосылған,
Өте дәмді дәл пістім.
(Бәліш қоянды кездестіреді)
Қоян:Сәлеметсіңбе, Бәліш!
Мен сен жеймін!
Жүргізуші:Ал балалар тұрмайық
Желден қорқар қоянды
Барлығымыз бірігіп,
Қаттырақ біз үрлейік! Балалар болысады.
Қоян: Жел соғуын қарашы, Тағы да суық болып кетті ғой!
Қоян қашып кетеді.
Бәліш ары қарай жүгіріп кетеді, алдынан Қасқыр жүгіріп шығады.
Қасқыр:Сәлеметсіңбе, Бәліш! Мен сені жеймін.!
Жүргізуші:Қасқыр сен бізді қорқытқанша , тезірек қашып кет!
Қазір аңшылар келіп көріп қояр!
Қасқыр:Олар келгенше, мен тезірек қашып кетейін. Ал кеттім!
Қасқыр қашып кетеді, әнін айтып, бәліш шыға келеді.Қарсы алдынан
Аю шығады.
Аю:Мынаны қара,бәлішті!Қайда жүгіріп барасың, достым!Мен сені жеймін!
Жүргізуші:балаларға қарап,
Аю үйде отырмайды,білемін ол арадан қорқады, қанеки Аюды қорқыту үшін,
барлығымыз араша ызылдайықшы.
Аю:Аралар келгенше , тезірек қашып кетейін.
Қолында бір бума гүлі бар қыз шығады.
Қыз:Орманды аралап келе жатып, аюды да, қоянды да кездестірдім.
Тышқанға да, бақаға да ұқсамайтын, өзі қып-қызыл бұл қай аң екен!
Ой, бұл бәліш қой!
Бәліш: Сені кездестіргенім қандай жақсы болды! Сені табуға балалар көмек-
тесті.Бәліш пісіріп, әжең тосып отыр.
Үйге кіріп кетеді, Әже шығады.
Қыз:Әже,сәлеметсізбе!
Әже:Сәлеметсің бе, жаным, немерем менің! Қалай өсіп кеткенсің!
Қыз Әжесіне гүл сыйлайды.
Әже: Керемет бұл күн болды ғой! Аяғым да маған биле деп тұрғандай!
Қолдарыңды соғыңдаршы. Мерекеде қуанышты.
Би « Веселись, детвора»
Жүргізуші:Енді орнымызға жайғасып демалайықшы!
Балалар орындарына отырады.
Сендерге бір құпияны ашайын.Анамыз жас және әдемі болып жүрсін десек,
анамызды әрқашан сыйлап, оған болысуымыз керек.Аналарына қалай болысады екенсіңдер, қазір білеміз.
1.Тұра сала таңертең
«Жейдем қайда?
Шұлық қайда?
Бәтеңкем ше?-деп сұрар,
Бала бар ма сіздерде?
2.Төсекті де салады,
Нанға өзі барады,
Дастархан да жайысар
Бала бар ма осындай?
3.Ойыншықтарды шашады,
Ал жинауға келгенде,
Жинай алмайм,ертең де,
Күн бар ғой деп қашатын
Қыз бар ма екен сіздерде?
4. Ал мына қыз керемет!
Жуып барлық ыдысты,
Өзі құрттай болса да,
Еңбектенер тырысып,
Мұндай бала сіздерге
Ұнай ма, айтыңдаршы,халайық!
Иә, біздің балаларымыз өте жақсы көмекшілер!Алғыр, ақылды, қамқоршы!
Қазір олар орындарында отырғылары келмей тұр, сіздерге көмектескілері
келіп тұр, құрметті аналар!
Жүргізуші:Ән салып, би билеуден басқа біздің балалар аналарына көмектесе
алады екен.
Ән «Вот какие ручки»
Жүргізуші:Ән айтып, би билейміз,
Гүлді де біз тереміз.
«Кім тез жинайды» ойыны
Ойын шарты:
Еденде гүлдің әр түрлі бөліктері шашылып жатады. Екі бала шығып жинайды.
Жүргізуші:Әлі көп нәрсені істей алмасақ та,біздің балалар өте тырысады.
Қазір бізді ----------------балалардың атын атау, немен таңқалдырып, не көрсете алады екен.
Қыз:біз де өскен соң ана боламыз, іс тігіп, тоқып, кір жууды үйренеміз,
әлі кішкентай болғандықтан біз тек «мама»болып ойнай аламыз.
( қыздар бесік жырының әуенімен қуыршақтарын әлдилейді )
Қыз:қуыршақтар дем алды енді орындарынан тұрады.
Көңілді әуен барлығымызды билеуге шақырады.
Қуыршақпен би.Биден соң қыздар өз орындарына отырады.
Әже:Таң атқаннан кешке дейін, ложкари --------------------көңіл көтереді.
Қасықты тақылдатып, көңілді ойын ойнаймыз.
Ложкарлар шығып, әже оларға қасық таратады.
Ложкарь:Сурет салынған әдемі қасықтар, гармошкадан да көңілдірек.
Қасықтарды сартылдатып ойнай бастасақ, билегіміз келіп кетеді.
Оркестр с ложками.
Жүргізуші:Ложкарлар жарайсыңдар!
Енді не тілейсіңдер!
Ложкарлар: Әткеншек тепкіміз келеді.
«Әткеншек» ойыны.
Жүргізуші: Ән де айтып, би де биледік,
Әткеншек те теуіп, көңілді ойнадық, аналарымыздың да көңілін
көтердік.Бізді бар ынтамен тыңдап, тырысқандарыңызға үлкен
рахмет. Мереке аяқталды.