kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сочинение на тему "Мені? туып ?скен жерім - егеменді ?аза?стан"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мені? ту?ан жерім – ?аза?стан Республикасы. Б?л – бай тарихпен, к?не м?дениетпен ж?не ерекше таби?атпен ?лы мемлекет. Осы тамаша таби?ат-ай! Бурабайды? ?атты ?ара?айлары, ты? жерді? алтын егіндері, ?лы даланы? а?шыл бетегесі – барлы? мені? ?аза?станым. Менi? ?аза?станым - ел ысты? ?алаулы сонымен аяулы, ма?ызды, асыл. ?асырлар к?п оны? жауларынан ?оныстандырып, ме?герiп, ?ор?ал ?алылу ж?не б?гiн ?мiрше? бiзге м?ра?а тапсырылу ?шiн бабаларымыздар?а керек болды. Е?бек, тер ж?не ?андар, ?уаныш ж?не бейнеттер неше ?ткен ?рпа?тар ?лесiне тидi. Жо??арлармен со?ыстар, патшалы?ты? ?иын кезе?і, ?лы Отан со?ысы – ?аза? хал?ы к?п ?ай?ыларды к?зі к?рді. 
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сочинение на тему "Мені? туып ?скен жерім - егеменді ?аза?стан"»


Табиғаттың тамаша жазы қандай,

Айналама көк кілем жазылғандай.

Сымбатыңнан айналдым, туған жерім,

Сылдырлаған бұлағы, суы балдай.

Табиғат тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәр, жер бетіне көрік берген сәні. Табиғат, жер-ана, атамекен, туған жер ауылым деген ұғымдар бір-бірімен тамырлас, әрі тағдырлас .Тұған жер деген сөзде терең ұғым бар, әрі ол әрбір адамның жарық дүниеге шыр етіп келген киелі мекені. Туған жердің барлық табиғи қадір-қасиеті ананың ақ сүтімен тұла бойына тарайды. Адамның барлық өміріндегі тағдыры да туған жермен тамырласып, өзектесіп жатады.

Менің туып өскен жерім –егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар,неше түрлі жануарлар өмір сүреді. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.

Қазақстан-өте бай республика Қазақстандай жері шырайлы, шөбі шүйгін өлені мен арқашан да мақтан тұтамын. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ. «Отаның –алтын бесігің», «Отаны жоқтың-нағыс жоқтық»-деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз отанын сүю, өз ана тілін ардақтау-әрбір азаматтың бірінші міндеті.

Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс.

Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық

Қашада қарыздармын елім, саған

Анамсың ауыз жүрсем көп аңсаған.

Жүректің арнап ыстық махабатын,

Туған ел, берерім көп менің саған.

Қазақстан-бүкіл қазақ халқының ата мекені, кіндік қаны тамған киелі жер. Ол менің елім. Туған ел мағынасы тереңде жатыр. Оның жұпар атқан жусаны, кеудеңе құйылған мөлдір ауасы, жотаға өрлеген жалғыз аяқ жолдары. Осының бәрі –туған елдің бір бөлшегі.

Қазақстан жері әр түрлі табиғи жағдайда орманды, далалы, таулы аймақтардан тұрады. Міне, осындай ұлан-ғайыр өлкемізде алуан түрлі өсімдіктер өседі. Қай заманда болмасын, адамзат баласы өсімдік өнімдерінің тағамдық жағын ғана емес, емдік, шипалық жағына да көнелі болған. Жер жүзіндегі дәрілердің 40% ы өсімдіктен дайындалады. «Дана көптен шығады,дәрі шөптен шығады» демекші, Қазақстанның өзінде әр түрлі дәрілер алынатын өсімдіктер саны бес жүзден астам. Халық медицинасында кеңінен пайдаланып келе жатқан жалбыз, адыраспан, жусан, шашыратқы сияқты көптеген дәрілік өсімдіктер өседі.

«Өсімдік-өмір сәні, көңіл нәрі »- дегендей, туған жеріміздің өсімдіктер әлемін әр қашан қорғауымыз және аялауымыз керек. Себебі, өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес. Оларды орынды пайдаланып, қорғай білудің маңызы зор. Өйткені адам баласы өзіне қажет қорек, ауа, киім, баспана, күнделікті өмірде пйдаланатын нәрселердің көбін өсімдіктерден алады.

Сондықтан бүгінгі таңда адамзат алдынды ең күрделі мәселе өзінің қоршаған тіршілік ортасын қоғау, бүлдірмей, ластамай, көркейтіп, гүлдендіру тұр.

Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік.

Бір-бір ағаш егейік.

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,

Таза ауа үшін терімізді төгейік.

Адам табиғатқа тәуелді боса, табиғат оған тәуелді, табиғат адамды дүниеге әкелген болса адам табиғатты жаңғыртады.

Табиғат пен адам қашанда қарым-қатынаста, үнемі байланыста болады. Оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Адамның тіршілік әрекеті табиғатқа әсер етеді. Табиғатта кездесіп жатқан өзгерістердің көбі адам қолымен жасалады. Соның ішінде табиғатқа зиян келтіретін келеңсіз әрекеттер де баршылық. Олар ауаның, судың ластануы, өсімдіктер санының азаюы, топырақ құрамының өзгеруі, т.б. Адамның табиғатқа қолайсыз әрекетінің нәтіжесінде бірнеше экологиялық мәселелері бар аймақтар пайда болған. Оларға Каспий маңы, Семей ядролық полигоны, Арал теңізі т.б жатады. Осы өзгерістердің барлығы адам өміріне, денсаулығына әсер етеді. Табиғатпен өзара қарым-қатынастың бұзылуы экологиялық апаттарға әкеледі.

Қазіргі кезде барлық адмазат алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі – табиғатты қорғау, оның сан алуан байлықтарын ұқыпты пайдалану, яғни экологиялық қатерден сақтау.

Бәрімізді алаңдатып отырған отырған жағдай – табиғатымыздың тікелей адамның іс-әрекетінен ластанып бұзылуы. Мысалы, кеңінен белгілі аймақтық экологиялық мәселе - Арал теңізі. Арал теңізінің кеуіп қалған түбінен сарапшылардың мәліметі бойынша 50-70 мың тоннадан астам тұз көтерілуде. Ауыз судың сапасының нашарлығы балалар арасындағы инфекциялық аурулардың жоғары болуына әкеліп соқтыруда.

Су ресурстарын тиімсіз пайдалану, Қытайға судың көптеп берілуіне байланысты Балқаш көліне де Арал тағдыры тууы мүмкін. Қазіргі су ресурстарына деген қажеттілік 50% ғана орындалып отыр.

Орман – тоғайларды есепсіз қиып, пайдалану жердің құрғақшылығын арттырып, топырақтың су режимін бұзуда. Аңдарды, құстарды аяусыз ату, аулаудан олардың саны азайып кетті. Жасыл өсімдіктер – ағаштар, бұталар аяусыз кесіліп, отын ретінде пайдалануда. Қарағайдан, май қарағай және шыршалардан тұратын қылқан жапырақты ормандар отынға немесе қағаз шығару үшін кесіп алынады. Жақсы күтімі бар өміршең орманда дереу жас ағаштар отырғызылады. Өкінішке орай, ормандарды ағаш үшін ғана емес, сонымен қатар ауыл алқаптары мен фермаларға жерді тазарту үшін кеседі. Сонымен бірге орман өрттері нәтижесінде ормандар жойылада. Өрттер көбінесе абайсызда от жаққан немесе әдейі өрт жасаған адамдардың кінәсінен орын алады. Көптеген ағаштар және басқа өсімдіктер өрттен кейін қайтадан тез өсіп кетеді. Алайда, тірі табиғат өрттен өте ауыр зардап шегеді.

Орманды барлық жерде жою табиғат үшін жойқын салдарға әкелуі мүмкін. Ормандарды жою нәтижесінде топырақ құнарлылығын тез жоғалтады. Жаңбыр топырақтың жоғары қабатын шайып әкетеді және жайғалған орман орнында талшілік аймағы немесе шөл дала пайда болады. Сондыұтан құрметті жастар ормандарды сақтайық және оның аудандарын кеңетейік!

Табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау әрбір адамның ардақты да төл ісі. Ол үшін арнайы эколог мамандығын алудың қажеті жоқ. Эколог – мұғалімнің де, дәрігердің де, құрылысшының да, ақынның да, тіптібіз жастардың да болуы ғажап емес. Өйткені, ол адам нағыз табиғат жанашыры, табиғатты жан – тәнімен сүйетін, оған қамқор бола білетін халқына туған жерінің табиғатын сақтауды насихаттай алатын азамат болуы тиіс.

Елбасымыз айтқандай, болашақ Қазақстанның жастары салауатты да, тәрбиелі, өзін-өзі таныған, экологиялық сауатты, ауасы таза, суы мөлдір, экономикасы дамыған елде тұруы керек. Бұл үшін туған еліміздің табиғатын қорғайық және көркейтейік.

« Салауатты өмір салтын бала кезден бастайық,

Салауатты өмір салтын халық болып қоштайық!»



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Сочинение на тему "Мені? туып ?скен жерім - егеменді ?аза?стан"

Автор: Адахамова Гулнара Сайдикаримовна

Дата: 26.04.2016

Номер свидетельства: 322751


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства