Просмотр содержимого документа
«"Smart nation" бағдарламасы»
№ 3 «Елочка» МКҚК бөбекжай
«Smart nation»
жабыстырмалы ойындар
Құрастырған:
педагог-психолог А.А.Нургалиева
Орал 2021
Мақсаты – мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың танымдық қабілеттерін жабыстырмалы ойындар арқылы дамыту.
Міндеттері:
Бала бойындағы танымдық белсенділікті жабыстырмалы ойындар арқылы дамыту;
Баланың шығармашылық ойлауы мен логикалық ойлауын дамыту;
Балаларды отырықшылыққа тәрбиелеу.
Жаңалығы: Мектепке дейінгі білім берудің мазмұндық аспектілерін қамтыған баланың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған қосымша бағдарлама.
Өзектілігі: «Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғыртудың қазіргі заманғы кезеңі әрбір адамның сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен білімге қолжетімділігі» (ҚР-да білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасынан)
Ерекшелігі: Жабыстырмалы ойындар балаларды бақылау, салыстыруды үйретеді; зейін, ой, ес, шапшаң т.б. психикалық сапаларды, тапқырлық, зеректік, есептеу т.б. математикалық қабілеттерін дамытады; баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді.
Өткізілу мерзімі мен уақыты: ІІ жартыжылдық, қаңтар-мамыр айлары, 2021 жыл
Күтілетін нәтиже: ойындардың алуан түрлілігінің арқасында бала ерте жастан қызықты түрде есте сақтау, көру, ойлау, түстерді қабылдау және шығармашылық қабілеттері мен дағдыларды дамытады.
Кіріспе
Баланың ақыл – ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету шындыққа тәрбиелеу мақсатында, сауаттылыққа баулу – бүгінгі күн талабы. Баланың ақыл – ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойын жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту – тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп – салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағы сын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік - жігерлі, дүниетанымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан – жақты дами алады.
Жабыстырмалы ойындарды үстел үсті ойындарға жатқызуға болады, ол тек қана таным қабілетін дамытып қана қоймай, сонымен қатар, ұсақ моторикасын, шығармашылығын дамытады, сыртқы әлеммен танысады, назар аударуға және табандылыққа үйренеді. Балалар білімді қызықты түрде қабылдайды және сөздік қорын кеңейтуге, байытуға, үйлесімді сөйлеуді дамытуға ықпал етеді.
Мектепке дейінгі балалардың ойлау қабілеттерінің дамуына зерттеу әдістерінің тигізетін әсері өте үлкен. Қазіргі мектепке дейінгі балалардың барлық ойлау қабілеттерін дамыту жолдарын ескере отырып жасалған, жабыстырмалы ойындар мазмұны ойлауды дамытуға үлкен үлесін қосады. Мектепке дейінгі білім берудің алдында тұрған негізгі мақсат – балаларға білім бере отырып ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру, оқуға ынтасын ояту болса, жабыстырмалы ойындар осы мақсатқа жетудің құралдарының бірі деуге болады.
Жабыстырмалы ойындар арқылы алған білімін бала өз іс – әрекетінде қолдануға машықтанады және ой қорытынды жасай алу, себеп – салдарды анықтау, түсінік беру, ойлау қабілетінің дамуы анық көріне бастайды және осы кезеңде баланың ойлауы нақты – бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды, заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өзінің ойын дәлелдеуге үйрене бастайды.
Тақырыптық жоспар
№
Тақырыптың аты
Өткізілген күні
1
«Көлеңкесін тап» ойыны
Кіші топ – жемістер мен көкөністер
Ортаңғы топ – жануарлар (аңдар, үй жануарлары)
Ересек топ – жануарлар (аңдар, үй жануарлары, экзотикалық жануарлар)
Мектепалды даярлық тобы – (аңдар, үй жануарлары, экзотикалық жануарлар, динозаврлар)
Қаңтар 2021ж
2
«Төлдерін тап» ойыны
Кіші топ – үй жануарлары мен аңдар
Ортаңғы топ – үй жануарлары мен аңдар
Ересек топ – үй жануарлары мен аңдар
Мектепалды даярлық тобы – үй жануарлары мен аңдар
Қаңтар 2021ж
3
«Түстер әлемі» ойыны
Кіші топ – қызыл, сары, жасыл
Ортаңғы топ – қызыл, сары, жасыл, көк
Ересек топ – қызыл, қызғылт, жасыл, сары, көк, қызғылт сары
Мектепалды даярлық тобы – ақ, қара, қызыл, қоңыр, сары, жасыл, ақшыл көк, қою көк, қызғылт, сұр, қызғылт-сары, күлгін
Қаңтар 2021 ж
4
«Геометриялық фигуралар» ойыны
Кіші топ – дөңгелек, үшбұрыш, шаршы
Ортаңғы топ – дөңгелек, үшбұрыш, шаршы
Ересек топ – дөңгелек, үшбұрыш, жұлдыз, сопақша, төртбұрыш, шаршы,
Мектепалды даярлық тобы – дөңгелек, үшбұрыш, көпбұрыш, төртбұрыш, шаршы, жүрек
Қаңтар 2021 ж
5
«Суреттің жартысын тап» ойыны
Кіші топ – жануарлар
Ортаңғы топ – жануарлар (аңдар, үй жануарлары)
Ересек топ – жануарлар (аңдар, үй жануарлары, экзотикалық жануарлар)
Мектепалды даярлық тобы – (аңдар, үй жануарлары, экзотикалық жануарлар)
Ақпан 2021 ж
6
«Қайда мекендейді?» ойыны
Кіші топ – үй жануарлары мен орман жануарлары
Ортаңғы топ – үй жануарлары мен орман жануарлары
Ересек топ – жануарлар (аңдар, үй жануарлары, экзотикалық жануарлар)
Мектепалды даярлық тобы – (аңдар, үй жануарлары, экзотикалық жануарлар)
Ақпан 2021 ж
7
«Жануарларды тамақтандыр» ойыны
Кіші топ – қоянға тамақ бер
Ортаңғы топ – бақаға тамақ бер
Ересек топ – қолтырауынға тамақ бер
Мектепалды даярлық тобы – қолтырауынға тамақ бер
Ақпан 2021 ж
8
Сәйкестендіру
Кіші топ – балақай жемістер
Ортаңғы топ – балақай жемістер
Ересек топ – жемістер (жеміс тілімдері)
Мектепалды даярлық тобы – жемістер (жеміс тілімдері)
Ақпан 2021 ж
9
«Көңілді математика» ойыны
Кіші топ – үлкен және кіші
Ортаңғы топ – біреу және көп
Ересек топ – сандарды сәйкестендір
Мектепалды даярлық тобы – 1-10 сандарын сәйкестендіру
Наурыз 2021 ж
10
«Үлгіге қарап орналастыру» ойыны
Кіші топ – түрлі-түсті кәмпиттер
Ортаңғы топ – түрлі-түсті бал
Ересек топ – түрлі-түсті бал
Мектепалды даярлық тобы – шардағы ойыншықтар суреттері
Наурыз 2021 ж
11
«Логикалық тізбек» ойыны
Кіші топ – жануарлар
Ортаңғы топ – жануарлар
Ересек топ – мур-мур мысықтар
Мектепалды даярлық тобы – су асты өмірі
Наурыз 2021 ж
12
«Екінші жартысын тап» ойыны
Кіші топ – көбелектер
Ортаңғы топ – көбелектер
Ересек топ – аяқ киім
Мектепалды даярлық тобы – аяқ киім, пончиктар
Наурыз 2021 ж
13
«Дене мүшелері және эмоциялар» ойыны
Кіші топ – көз, мұрын, ауыз, аяқ, бас, құлақ, қол, саусақ, табан
Ортаңғы топ – көз, мұрын, ауыз, аяқ, бас, құлақ, қол, саусақ, табан
Ересек топ – жануарлар (аңдар, үй жануарлары, экзотикалық жануарлар)
Мектепалды даярлық тобы – (аңдар, үй жануарлары, экзотикалық жануарлар, динозаврлар)
«Төлдерін тап» ойыны
Кіші топ – үй жануарлары мен аңдар
Ортаңғы топ – үй жануарлары мен аңдар
Ересек топ – үй жануарлары мен аңдар
Мектепалды даярлық тобы – үй жануарлары мен аңдар
«Түстер әлемі» ойыны
Кіші топ – қызыл, сары, жасыл
Ортаңғы топ – қызыл, сары, жасыл, көк
Ересек топ – қызыл, қызғылт, жасыл, сары, көк, қызғылт сары
Мектепалды даярлық тобы – ақ, қара, қызыл, қоңыр, сары, жасыл, ақшыл көк, қою көк, қызғылт, сұр, қызғылт-сары, күлгін
Қорытынды:
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның мәні ерекше. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.
Мен өз шығармашылық жұмысымда жабыстырмалы ойындарды тиімді пайдалана отырып, баланың білім алуға деген ынтасын күшейтіп, белсенділігін арттырамын. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болуы керек. Ойындардың эстетикалық әрленуіне, көрнекілік суреттердің әсемдігіне үлкен мән беремін. Балалардың таным қабілетін, логикалық ой-өрісін кеңейтіп, білім алуға ынтасын арттыруда жабыстырмалы ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор.
Жабыстырмалы ойындардың дамыту аймағы:
Ұсақ моториканы дамытады
Шығармашылық-қиялын шыңдайды
Қабылдау қабілетін дамытады
Логикалық ойлауы дамиды
Сөйлеу қабілеті шыңдалады
Бір орнында отырып ойнау, тапсырманы орныдау қабілеті қалыптасады
Сенсориканы дамытады
Кіші топ тәрбиеленушілері ересектердің әрекеттеріне ере отырып, жұмыс жасай бастайды; әрекеттері мақсатталады; тапсырманы орындауға назар аудара бастайды; барлық тапсырманы балалар өз беттерімен орындайды; таным деңгейі диагностикасының қорытындысы:
Ортаңғы топ балаларында әлемді тануға деген қызығушылық, ойын мазмұны мен ондағы кейіпкерлерге деген эмоционалды қарым-қатынас пайда болады; таным деңгейі диагностикасының қорытындысы:
Ересек топта балаларда өз беттерімен ойынның тапсырмаларына деген қызығушылықтары байқалды; шығармашылықтары мен эстетикалық сезімдерінің дамуы байқалады; таным деңгейі диагностикасының қорытындысы:
Мектепалды даярлық топ балалары өз беттерімен ойындардың тапсырмаларын орындай алады, сюжеттік әңгіме құрастырып, сөйлеу арқылы түсіндіріп отырады; таным деңгейі диагностикасының қорытындысы: