Ересектер тобына арналған оқу жұмыстарын
ұйымдастырудың технологиялық картасы
Күні: 20.10.2015ж.
Оқытушы: Жанакаева.Г.С.
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Қазақ тілі
Тақырыбы: « Шалқан» ертегісін театрландыру
Мақсаты: Шалқан ертегісін ролдерге бөліп, театрландыру.
Балаларды ролде ойнай алуға үйрету, сөздерді анық айтуға, есте сақтауына жаттықтыру.Бір – біріне көмектесуге, қамқор болуға тәрбиелеу.
Сөздік қоры: Көмекке кел, шалқан, немере, тышқан.
Жабдықтар: матадан істелінген шалқан, суреттер.
Тәсілдер
Кезеңдері
Мұғалімнің іс - әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Қазақстан Республикасының әнұранын айтамыз.
-Бүгін аптаның қай күні?
-Кеше аптаның қай күні?
-Ертең аптаның қай күні?
-Апта күндерін атайық.
Балалар амандасады.
Балалар оң қолдарын кеуделеріне қойып, әнұран айтады.
-Сейсенбі
-Дүйсенбі
-Сәрсенбі.
-Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Іздену – ұйымдастырушы
-Балалар сендер «Шалқан» ертегісі туралы естідіңдерме?
-Қане еске түсірейік.
-Бұл ертегіде
Дедушка- ата
Бабушка- әже
Внучка- немере
Собака- ит
Кошка- мысық
Мышь- тышқан
Сергіту сәті:
Ақ қояным тұршы
Беті-қолыңды жушы
Айнаға қарашы
Шашыңды тарашы
Әдемі көйлек киші
Балабақшаға баршы
-Ендеше балалар сол ертегіні қазақша рольдерге бөліп ойнайық
Шал болған бала келіп тұқым егеді. Күтіп отырады.
Үлкен шалқан қойылады, күз болып жұлатын кез келеді.Ары тартады, бері тартады жұлынбайды
-Кемпір шығады
Кемпір шалқан жұлынбаған соң немересін шақырады
Ары тартады, бері тартады
Немересі итін шақырады.
Ит жүгіріп шығады.Көмектеседі, алынбайды.
Ит мысықты шақырады
Мысық иттің артынан ұстап тартады, жұлынбайды.Мысық тышқанды шақырады.
Тышқан мысықтың артынан тартып шалқанды жұлып алады.
Басқа балалар қолдап отырады.
Сергіту сәті:
Аяқпенен топ-топ-топ
Қолымызбен хлоп-хлоп-хлоп
Бір оңға, бір солға
Айналамыз кел мұнда
Қолымызды бір сілтеп
Басымызды шайқаймыз
Бір оңға, бір солға
Айналамыз кел мұнда
-Иә, білеміз
Ертегі туралы айтып береді
Топпен қайталайды
Сергіту сәтін қимылдар арқылы жасайды
Балаларға рольдер бөліп беріледі
Балалардың сөзі:
-Әй кемпір мында кел, көмектес!
-Не болып қалды
-Немерем бері кел
-Әже не болды.
-Итім мында келші
-ав-ав-ав
Мысық шығады
-Мияу-мияу
Тышқан шығады
Балалар мәз болып орындарына отырады.
Балалар сөздерін айта отырып, қиылдар арқылы жасайды.
Рефлексивті түзетуші:
-Балалар бүгінгі ертегіміз ұнады ма?
-Қандай кейіпкерлер ұнады?
-Сау болыңыздар!
-иә, ұнады
Жауап береді.
Сау болыңыз!
Күтілетін нәтиже:
Түсінеді: : «Шалқан» ертегісінің мазмұнын;
Қабылдайды:Ертегіні қалай рольдерге бөліп ойналатынын
Қолданады: Ертегідегі кейіпкерлерді рольдерге бөліп ойнайды, қимылдар арқылы жасайды.
