|  -Балалар біз қандай ертегілерді білеміз?  
  
  
  
  -Осы ертегілерде қандай кейіпкерлерді кездестірдік?  -Қоян қандай аң?  -Түлкі қандай аң?  -Аю қандай аң?  -Қасқыр қандай аң?  
  -Бүгін біз сендермен бірге «Жеті лақ » ертегісін сахналаймыз.  
  Тәрбиеші:Ертеде бір ешкі мен жеті лағы болыпты.Олар орманда өмір сүріпті.Ешкі орманнан азығын тауып,жинап әкеледі екен.Ешкі орманға кетерінде былай дейді.  Ешкі:Лақтарым шырақтарым шұнақтарым есікті ешкімге ашпаңдар,мен сендерге шөп,сүт әкелемін.  Лақтар:Жарайды , есікті ешкімге ашпаймыз.  Тәрбиеші:Лақтар үйде ойнап,секіріп қала береді.Ешкінің үйде жоғын білген қасқыр,ешкінің үйіне келіп есігін қағып былай дейді.  Қасқыр:Лақтарым шырақтарым ,шұнақтарым анаң орманнан келді,есікті ашыңдар.  Лақтар:Мә-мә есікті ашпаймыз сен біздің анамыз емессің.Сенің дауысың жуан,ал анамыздың дауысы жіңішке.  Тәрбиеші:Сөйтіп лақтар қасқырға есікті ашпайды ,орманнан анасы оралады.  Ешкі: Лақтарым шырақтарым, құтыңдаған шұнақтарым есікті ашыңдар,аналарың шөп,сүт әкелді.  Тәрбиеші:Лақтар есікті ашады аналары үйге кіреді.Лақтар қасқыр келгенің,есікті ашпағандарын айтады.  Ешкі:Жарайсыңдар лақтарым!Мен орманға тағы кетемін,ал сендер есікті ешкімге ашпаңдар .  Тәрбиеші:Ешкі орманға кетеді,ал қасқыр ұстаға барып тамағын жондыртып ,тағы да келеді.  Қасқыр: Лақтарым шырақтарым, шұнақтарым мен сендерге сүт,шөп әкелдім есікті ашыңдар.  Тәрбиеші:Лақтар құанып есікті ашып жіберсе , ол - қасқыр.  Қасқыр: А-а мен сендерді ұстап үйіме алып кетемін.  Тәрбиеші:6 лақты қасқыр алып кетеді ал бір лақ тығылып қалады.Орманнан ешкі оралады,үйіне келсе есік ашық лақтарын іздейді.  Ешкі: Лақтарым шырақтарым қайдасыңдар?  Тәрбиеші:Тығылып қалған лақты тауып алады.  Лақ: Анашым , лақтарды қасқыр алып кетті:  Ешкі:Жүр ендеше орман аралап қасқырдан сұрайық.  Тәрбиеші:Ешкі мен лақ орман ішін аралап келе жатса алдарыңнан аңшы шықты.  Ешкі:Аңшы сен менің лақтарымды көрдің бе?  Аңшы:Жоқ,көрген жоқпын,жүр бірге іздейік.  Тәрбиеші:Сөйтіп аңшы мен ешкі келе жатса алдарынан қояндар шығады.  Ешкі:Қоян-қоян сендер менің лақтарымды көрдіңдер ме?  Қояндар:Жоқ,көрген жоқпыз жүріңіздер біз сіздерге жол көрсетейік.  Тәрбиеші:Сөйтіп ешкі,аңшы,қояндар келе жатса алдарынан түлкі шығады.  Ешкі:Түлкі сен менің лақтарымды көрдің бе?  Түлкі: Ия,оны қасқыр алып кетті.Жүріңіздер мен сеңдерге жол көрсетейін.  Тәрбиеші:Сөйтіп ешкі,аңшы,қоян,түлкі қасқырға барады.  Ешкі: Қасқыр сен,менің лақтарымды көрдің бе?  Қасқыр:Ия,лақтарыңды мен алып кеттім.Оларды жейін дебем бырақ ол ойдан бас тартым .  Ешкі:Не дейді.  Қасқыр:Лақтарын сондай сүйкімді екен,мен олармен дос болдым.  Тәрбиеші:Сөйтіп қасқыр лақтарды аман –есен ешкіге қайтарады.  Ертегіміз жақсы аяқталады,лақтар енелерімен қауышады.Орман тұрғындарының бәрі тату-тәтті өмір сүре бастайды.  Өлең айтады:  Секең-секең,ей,лақ,  Жүрмін саған кейіп-ақ,  Тыным тапсаң болмай ма,  Секірмей-ақ кей уақ. 
 |