Ұйымдастырушылық – ізденістік | Демонстрациялық құралмен жұмыс (сандықтың суреті). Балалардың назарын суреттегі сандыққа аударту, сандық туралы суретке қарап әңгімелеу керектігін айту. Сандыққа не салуға болатынын, ерте кезде ата – әжелеріміз сандыққа қандай бұйымдарын салғанын сұрау. Сандықтың «әбдіре» деп те аталатыны айтылып өтіледі. Демонстрациялық құралмен жұмыс (малақай, тымақ суреті). Балалар назарын малақай мен тымақтың суретіне аудару. Суреттегі заттарды бір сөзбен қалай аталатынын және олар киімнің қай түріне жататыны, жасалғаны, қай мезгілде киетінің және олардың бір – бірінен айырмашылығы туралы сұралады. -балалар, баскиімді тебуге болады ма? Үйде жерде жатса не істейміз? «Қызыл малақай» өленің оқу. Алақай – ау, алақай, Киіп алдым малақай. Қызыл жіптен тоқылған, Өрнектері жасылдан. Ұнатамын мен оны Тастамаймын басымнан. Ж. Кенжеғалиев. Педагогке мәлімет: Тымақ – аңның немесе малдың терісінен тігілетін бас киім. Оны «түлкі тымақ» деп те атайды. Тымақтың екі құлағы және мойынды жауып тұратын етегі болады. «Малақай» оны құндыз, бұлғын, сусар, түлкі, қарсақ т.б. аңдар, құлын, бұзау, қозы мен лақтың елтірісінен тігіледі. Малақай маңдайдан екі құлағы мен төбесінен және артқы құлағынан тұрады. Оның сайларының түйісетін ұштары үшкір болады да, етек жағы тік тәрізді болады. Малақайды «құлақшын» деп те атайды. Ол ерлердің салқында киетін баскиімі). Сергіту жаттығуы. Ақ сандығым ашылды, Ішінен жібек шашылды. Ол жұмбақты тыңдайық, Шешпей оны табайық. (сергіту сәтін қимыл қозғалыспен орындау). Балалардың назарын үстел – үстіндегі сандыққа аударып, сандықты ұстап көрсетіп, оның неден жасалғаны, қандай ою – өрнекпен безендірілгені туралы әңгімелеу. Сандықты ашып оның ішінде не бар екенін білу үшін суреттеу бойынша табу қажет екені түсіндіріледі. Ортаға бір баланы шығарып ол сандықтың ішіндегі (желпуіш, жалған шаш, теңге) біреуін таңдап, оны басқа балаларға суреттеп жасырады. Ал балалар суреттеу бойынша ол не зат екенін табу керек. Педагог сол сияқты жалған шаш пен желпуішті суреттеп жасыруға бағыт бағдар береді. Мазмұнды рөлді ойын «Дүкенші». Мақсаты: дүкенге келген сатып алушы мен сатушы арасын байланысты көрсете отырып, мәдениеттілікке, әдептілікке баулу. Ал енді балалар мен сендерге санамақ оқып берейін. Санамақ: «Киім бұйым» Бір дегенім – бөрік, Кисең берді көрік. Екі дегенім – етік, Киер сәнді етіп. Үш дегенім – ішік, Теріден тігер пішіп. Төрт дегенім – тымақ, Қыста кисең жылы – ақ. Бес дегенім – байпақ, Іші жылы жайпақ. (М. Қуанышбаев). | Назарларын суретке аударып, сандықты сипаттайды (оның пішінін, безендірілген ою – өрнек түрлері, оның ішіне не салуға болатынын айтады). Тымақ, малақай мал, аң терісінен тігілетін қыстық баскиім. (төбесі биік, мол пішілген маңдайы, екі құлағы және желкені жотаға дейін жауып тұратын артқы етегі болатындығын педагогтің көмегімен айтады. Әрине болмайды, жерде жатса оны жоғарыға көтеріп қоямыз. Жерде жатса ол кірлеп қалады. Тақпақты балалар педагог соңынан қайталайды. Сергіту жаттығуын орындайды. Балалар сандыққа назарын аударады, сандықтағы ою – өрнектердің атын атап, неден жасалғаны жайлы айтылады. Мысалы: «теңге» ол қағаздан немесе темірден жасалады. қағаздан жасалған төртбұрышты, ал темірден жасалған түрі дөңгелек. Ол бізге қажет. Балалар санамақты мұқият тыңдап, қимылын келтіре отырып жасайды. |