Ұйымдастыру ізденіс | -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? -Күз мезгілінің ерекшеліктерін кім айтып береді? -Күз мезгілі туралы тақпақты кім біледі? 1.Алтын, сары, қызыл, көк, Алуан, алауан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап. 2. Ой, балалар, балалар, Қоңырқай күз болыпты. Қурап жапырақ салыпты, Ел, егінін орыпты. Тосын сәт: Кейіпкерлердің келуі: Балалар, сендерге бүгін ерекше сабақ болады деп естіп келдік. Сендердің білімдерінді тексерейік деп сендерге арналған сұрақтарымыз бар, жауап беруге келісесіңдер ме? 1.Қоянның сұрағы: -Балалар, сендер қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер? 2. Аюдың сұрағы: -Балалар, 1- ден 9 санына дейін тура және кері санап бере алады? 3. Аю сөзі: -Балалар, енді бойларыңды сергітіп алыңдар. Сергіту сәті: Биік – биік жартасқа өрмелеп шығайық, көк аспанның таза ауасын жұтып демалайық, ағаштар болып тербелейік, мөлдір бұлақ болып ағайық, құс болып қалықтап ұшайық, орнымызға ақырын ғана қонайық. 4. Қоянның сұрағы: - Балалар, кім санамақ біледі? 1-дегенім білім, 2 – дегенім егін, 3- дегенім үскі, 4 – дегенім төсек. 5- дегенім бесік, 6- дегенім асық, 7- дегенім желкен, 8- дегенім серке. 9 – дегенім торпақ. 5. Аюдың сұрағы: Жұмбақ: 1.Өзі биік жануар, Үстінде биік тауы бар. 2. Аласа ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. -Дұрыс айтасыңдар балалар, қараңдаршы тақтадан ненің суретін көріп отырсыңдар? -Қой аласа екен, ал түйе биік, бұлар несімен пайдалы? - Дұрыс, айтасыңдар! Балалар, тағы нені көріп отырсыңдар? - Иә, шыршалар тұр екен. - Балалар, ойыншығы көп шырша биік пе, әлде ойыншығы жоқ шырша биік пе? - Балалар, тағы нені көріп отырсыңдар? - Қайсы тоғай биік қызыл алмасы бар тоғай ма, әлде сары алмасы бар тоғай ма? - Балалар, тағыда мынау тұрған не? - Қай үй биік, қайсы үй аласа? - Балалар, енді алдарындағы үлестірмелі құралмен биік және аласа үй құрастырайық. Ойын: «Зейінді бол». | Күз мезгілі. Күзде күн суытады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Иә, келісеміз. Ұшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, сопақша, тік төртбұрыш. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9. 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1. Қимыл – қозғалыспен орындау. Түйе. Қой. Етін жейміз, жүнінен қолғап киеміз, сүтін ішеміз. Шыршалар. Ойыншығы көп шырша биік, ал ойыншығы жоқ шырша аласа. Екі тоғайды көріп отырмыз. Сары алмасы бар тоғай биік, қызыл алмасы бар тоғай аласа. Сары үй биік, ақ үй аласа. |