kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Планирование урока на тему: " Апельсинмен іс –т?жірибе ж?ргізу."

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім  саласыны?  мазм?ны: Таным

Б?лімі:Айналамен  таныстыру

Та?ырыбы: Апельсинмен  іс –т?жірибе  ж?ргізу.

Ма?саты:Балаларды?  апельсин  туралы  білімдерін  ке?ейту. Апельсинні?  ?асиеттерін,иісін  сезіне  білуге, зерттеу  ар?ылы   апельсин   туралы  толы?  т?сінік  беру.Танымды?  шы?армашылы?  ?асиеттерін,тілін,с?здік  ?орын  дамыту.Саба??а  ?ызы?ушылы?тарын  арттырып  белсенділікке,білімділікке  т?рбиелеу.

К?рнекіліктер: апельсин,алма, суреттер,шырын,су,майшам,??т?ару  желеткісі,?уырша?  театры.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Планирование урока на тему: " Апельсинмен іс –т?жірибе ж?ргізу." »

Білім саласының мазмұны: Таным

Бөлімі: Айналамен таныстыру

Тақырыбы: Апельсинмен іс –тәжірибе жүргізу.

Мақсаты: Балалардың апельсин туралы білімдерін кеңейту. Апельсиннің қасиеттерін,иісін сезіне білуге, зерттеу арқылы апельсин туралы толық түсінік беру.Танымдық шығармашылық қасиеттерін,тілін,сөздік қорын дамыту.Сабаққа қызығушылықтарын арттырып белсенділікке,білімділікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: апельсин,алма, суреттер,шырын,су,майшам,құтқару желеткісі,қуыршақ театры.

Іс әрекет бөлімі

Тәрбиешінің іс әрекеті

Баланың іс әрекеті


Мотивациялық қозғаушы











Ұйымдастырушы ізденіс
























































































































Рефлексивті түзету.

Шаттық шеңбер.


Күннің көзі ашылды

Көктен шуақ шашылды,

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті.

Бізбен бірге оларда

Қуанады балаша,

Қуанышқа бөленген

Өмір қандай тамаша!

Балалар көңіл-күйлерің қандай?


Сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?

Ендеше бүгін сендермен бәріміз бірге ертегіні тамашалайық.


Қуыршақ театрын көрсету.


Ормандағы аңдар нені бөліп алды?

Дұрыс айтасыңдар апельсинді бөліп алды.


Апельсин жеміс .

Апельсиннің шыққан жері,Отаны Оңтүстік Қытай және Үндістан.


Балалар жемістер қайда өседі?


Жемістер өсетін ағашты қалай атаймыз?


Ал,апельсин қайда өседі?

Апельсиннің пішіні қандай?


Қане, апельсинді ауада салып көрейікші.

Ал,түсі қандай?

Апельсиннің қызғылт сары түсін қалай шығаруға болады?

Мынау қандай түсті бояу,ал мынау ше?

Ол үшін осы түсті бояуды араластыру арқылы қызғылт сары түсті реңкті шығаруға болады.

Бұл түсті жылы түс дейміз.Апельсинді шайқап көрейікші,дыбыс шығама?

Яғни ол дыбыссыз.

Апельсинді одан әрі жақсы танып білу үшін алма мен апельсинді салыстырып көрейік.

Алма мен апельсинді балаларға ұстата отырып сипап сезуін дамыту.

Алма-тегіс,апельсин-кедір-бұдыр.Сыртында ұсақ көзшелері бар.


Апельсиннің қабығын аршу.

Балалар бөлмеде ненің иісі шығып тұр?

Иісі мұрынды жаратын хош иіс ол апельсиннің иісі екен.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз

Бау бақшаға барамыз,

Алма теріп аламыз,

Апельсин теріп аламыз.

Бәрін себетке саламыз,

Қолымызды жуамыз

Орнымызды табамыз.


Балалар мына құтқару желеткісін суға түскенде не үшін киесіңдер?

Дұрыс суда дұрыс жүзе алмасаң құтқару желеткісін кимесең суға батып кетулерің мүмкін ,сол үшін желеткіні киеміз.

Ал, апельсин суға бата ма?

Ол үшін тәжірибе жасап көрейік.

Тәжірибе жасау.

Ол үшін суы бар ыдыс,қабығы аршылған және аршылмаған апельсин керек.


Бірінші қабығымен саламыз ол суға батпайды,өйткені қабығында ауа кіретін көзшелері бар.Ол апельсинді суға батырмай су бетіне көтеріп тұрады.


Ал, қабықсыз апельсин судан ауыр,сондықтан суға батып кетеді.


Апельсиннің құрамында адам ағзасына пайдалы дәрумендер өте көп.Апельсин цитрусты жеміс болғандықтан онда С витамині көп кездеседі.Апельсиннің қабығында эфир майы өте көп болғандықтан одан апельсин майын өндіреді.

Қабығында эфир майы бар екенің білу үшін тағы тәжірибе жасап көрейік.


Ол үшін бізге майшам,сіріңке,апельсиннің қабығы керек.


Сіңірген күн жарығын

Аумайтұғын сары күн,

Дәрі дейді қабығын

Қабығын да аршыдым,

Дәмі қандай бал шырын.


Апельсиннен тағы шырын дайындауға болады.

Апельсин шырыны шөлдегенде таптырмас сусын.

Апельсиннен шырынды қалай дайындайды?

Апельсинді тазалап жуып қабығынан тазартып арнайы шырын қысатын ыдысқа салып шырынын алады немесе апельсинді қолымызбен қысу арқылы алуға болады.


Ойын: «Кім тез»

Шарты: Көп жемістің арасынан апельсинді тез тауып екінші ыдысқа салу керек. Жылдамдыққа тәрбиелеу, ойлау қабілетін дамыту.


Балалар бүгін біз немен таныстық?

Апельсин суға бата ма?

Апельсиннен тағы не дайындадық?


Қандай ертегіні тамашаладық?


Санамақ айтайық.


Апельсин біреу,аңдар көп

Апельсиннің бір бөлігі кірпіге

Бір бөлігі торғайға

Бір бөлігі балапанға

Бір бөлігі мысыққа

Бір бөлігі борсыққа.

Ал,қабығы қасқырға.


Енді топқа барып бізде апельсинді бөліп жейік.





Шаттық шеңберде тұрып

жылы лебіздерін білдіреді.







Тамаша




Ия








Апельсинді




Апельсин деп қайталайды.





Бақта өседі


Жеміс ағашы дейміз.



Ағашта


Домалақ


Ауада сызып көрсетеді


Қызғылт сары түсті











Жоқ.









Салыстыра отырып жауаптарын айтады.







Сергітуді қимылмен жасайды.





Ауада иіскеп көреді.






Суға батып кетпес үшін







Жоқ




Тәрбиешімен бірге тәжірибе жасайды.















Мұқият тыңдайды.












Екінші тәжірибені жасайды.





Өлеңді тыңдайды.









Апельсиннен шырынды қалай алатынын біледі









Ойынды қызығушылықпен ойнайды.





Апельсинмен


Жоқ


Шырын


Апельсин туралы.







Санамақты бәрі бірге айтады.













КМҚК «Жасұлан» ясли бақшасы

Тәрбиеші:Терликбаева.Г.Б


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Планирование урока на тему: " Апельсинмен іс –т?жірибе ж?ргізу."

Автор: Терликбаева Гульназ Болатбековна

Дата: 10.12.2014

Номер свидетельства: 142122


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства