kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Наурыз келді" сценарийі . 2-б?лімі

Нажмите, чтобы узнать подробности

?АЗА?СТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ

?ызылopдa ?aлaсы

 МК?К «Алпамыс»

балаба?шасыны? ?уез жетекшісі

Т?рымбетова А?тол?ай Алибековна

 

"Наурыз келді"

сценарийі (орта??ы топтар ?шін)

2-б?лімі

 ?н: «К?ктем»

К?н Ана:?ркендері? ?ссін балалар ,?здері? ?нерлі екенсі?дер.

Ж?ргізуші: Мен сіздерден б?гін к?п н?рсе к?ріп, мерекелік к??ілмен келесі ауыл?а барсам деймін.К?н Ана менімен бірге к?рші ауыл?а барып наурыз мерекесін тойлаты?ыз.

К?н Ана: Ия, ауылдар?а барса? барайы?

Ж?ргізуші:Сау болы?ыздар

Ауыл адамдары:Сау болы?ыздар

(Музыка ойналады, айналып барып келесі ауыл?а барады)

2-ші ауыл «Желая?тар»

Ж?ргізуші: Наурыз мерекелері?із ??тты болсын!

К?н Ана:?лыс о? болсын ,а? мол болсын!

Жел ая? : Бірге болсын ,т?рлеті?іздер ,?адірлі ?она? болы?ыздар(деп ??ша? жая ?арсы алады)

Ж?ргізуші:Б?л ауыл ?ай ауыл болады?

Отыр?андар:Желая?тар ауылы

Ж?ргізуші:Білдім- білдім сонда сендер ертегідегі желая?ты? ?рпа??ы болды?ыздар ?ой.

Отыр?андар:Д?л солай

Ж?ргізуші:Онда неге бос т?рмыз «?ыз ?уу  » ойынын ойнып жіберейік.

Ойын: «?ыз ?уу»

К?н Ана:Бізді? желая? жігіттеріміз  ?ыздарды ?уып жететін шы?ар

 Ж?ргізуші: Б?рекелді же?імпаздарды? ??рметіне шабандоздар би билеп берсін.

                                              Би: «Шабандоздар»

 К?н Ана: К?рші ауыл с?билерін бесікке б?леп м?ре- с?ре болып жатыр. Сіздер б?гінгі мерекені немен айыры?ша еткелі отырсыздар?

 Келіншек :Наурыз мерекесімен бірге мені? кенже ?ызым Айдананы? т?сау кесу тойы да т?спа т?с келіп ?алды.

Жел ая? : Ендеше Айдананы? «Т?сау кесер» р?сімін К?н Ана?а берейік .К?н Анадай Ашы? ,жар?ын болсын.

(Т?сау кесер д?ст?рін к?рсетеді)

К?н Ана:Біссіміл?й (деп ?олына ала жібін алып ,т?сау кесу р?сіміне кіріседі)   

Ж?ргізуші:Айдана ?жесіне ?ол ?анат болсын ,?нерлі болып ?ссін ,балаларды? Айдана?а арна?ан ?ле? жырлары бар  

                                                           

                                                          Та?па?тар:

Адема                                                    Ділшат

Дастарханда д?німіз                     Наурыз келді еліме   

Жайдарлымыз б?ріміз                  Наурыз келді еліме

Жарасу бар жаулы? жо?              Байлы? ба?ыт тілеймін

?андай жа?сы наурыз                  Б?кіл ?аза? еліне

Айша                                                    Абдулазиз

Жылды? басы наурыз              К?ттіріп келген жыл басы

Жерді? басы наурыз                Бізбен бірге  жырлашы

Мерекеге арнал?ан                   Дастархан?а елімні?

Б?гінгі жыр- ?німіз                  Береке ырыс сыйлашы

 

 К?н Ана:Наурыз тойы б?л ауылда да керемет тойланып жатыр, дегенмен де келесі ауыл?а барып «наурыз к?жеден»д?м татайы?

Ж?ргізуші :Ендеше ж?рі?із К?н Ана к?рші ауыл?а барайы?,сау болы?ыздар балалар.

 Ауыл адамдары: Сау болы?ыздар

(Музыка ?уенімен к?рші ауыл?а бара жат?ан кезде ?ыдыр ата?а жолы?ады)

К?н Ана:Амансыз ба ?ыдыр ата.?лыс о? болсын  а? мол болсын.

Ж?ргізуші:С?леметсіз бе ?ыдыр ата ,?айда бет б?рып бара жатырсыз.

?ыдыр ата: Амансы?дар ма,мен мына к?рші ауылдар?а ?лысты? ?лы к?німен ??тты?тап ,а? батамды беруге бара жатырмын.

Ж?ргізуші:Ата  біз де к?рші ауыл?а  бара жатырмыз ,бізбен бірге ж?рі?із.

?ыдыр ата:Онда жол?а бет алайы?

(деп батырлар ауылына келеді)

3-ші ауыл «Батырлар »

Ж?ргізуші:С?леметсіздер ме! .?лыс о? болсын

К?н Ана:А? мол болсын

?ыдыр ата:Асалаума?алекум Хал?ым мені? !

                      Арда?ты Наурыз тойын, салтымды елім

                      Мереке басы болсын берекені?

                      Игі е?бекті? жемісін б?рі жесін

                      Наурыз ??т береке ?келсін!

Амансы?дар ма ?л-?ыздарым,?лысты? ?лы к?ні ??тты болсын.

Батырлар: Амансыздар ма ?ыдыр ата, К?н Ана ,жо?ары шы?ы?ыздар, т?рлеті?іздер

?ыдыр ата: Б?л кімні? ауылы болды екен?

Батырлар:  Б?л Алмпамыстай, ?обыландыдай батырлар д?ниеге келген ауыл,солардан тара?ан ?рпа?тары едік .

?ыдыр ата:.?ане бойлары?да?ы алып к?штері?ді к?рейінші.

Батырлар:Ендеше бізді? батыр ?лдарымызды? к?шін сынап  «   Итеріспек » ойынын ойнап жіберсін.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Наурыз келді" сценарийі . 2-б?лімі »

Қызылорда қаласы, МКҚК «Алпамыс» балабақшасының әуез жетекшісі А.А.Тұрымбетова

"Наурыз келді" сценарийі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Қызылopдa қaлaсы

МКҚК «Алпамыс»

балабақшасының әуез жетекшісі

Тұрымбетова Ақтолғай Алибековна



"Наурыз келді"

сценарийі (ортаңғы топтар үшін)



Кейіпкерлер:Қыдыр ата,  Күн Ана, Жел аяқ,Батырлар

(барлық балалар «Наурыз »әнімен  музыка залына кіреді,ауылдарға бөлініп      отырады.

Жүргізуші:          Кел,балалар ойнайық,

                               Наурыз тойын тойлайық..

                               Баянды боп мереке,

                               Қыр гүліндей жайнайық..

 Бүгін  ұлыстың ұлы күні!Ата бабаларымыздың сөзімен

айтсақ«Ақ түйенің қарны жарылған күн».   Бұл күн –күн мен түннің теңелетін,жан –жануар төлдейтін,адамдардың аузы аққа тиетін, жер жүзінде шаттық орнаған күн.

Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жырсышы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.

Ұлыстың  ұлы күні, құтты болсын ағайын!

(осы кеде жарапазан айтып үш бала кіреді)

                                             «Жарапазан»

1-бала :Алақай наурызда тәттіге тоятын болдық

2-бала;Енді көрші ауылға барып жарапазан айтайық

3-бала: Жүріңдерн ,жүгірелік

(үшеуі үш столдан тәттілер алады,шығып кетеді)

Жүргізуші:  Оу, ағайын тұрмайық!

                       Шаттықтан құр қалмайық

                       Тойдың сәнін келтірер

                        Наурыз әнін  тыңдайық 

                                         Ән: «Наурыз  біздің жаңа жыл»

 Тақпақтар:

 Мансұр                                              Дария

 Қарды ертіп жылғасы                     Ой халайық халайық

Наурыз келді жыл басы                  Әсем әнге  салайық!

Шуақ төкті жарық күн                    Наурыз  тойын көңілді

 Мейрамында халықтың                 Бірге қарсы алайық

          Барат                                                Минуара

Наурыз тойы тамаша                         Наурыз жауын наурыз сән

Наурыз тойы жаңаша                        Әсем әуен сазды ән

Табиғат та тамаша                             Қыз бозбала қыдырған

Тамылжып тұр жаңаша                     Жасыл желек көк аспан

Жүргізуші:Аталар салтын сақтаған

                    Жақсы адамын мақтаған

                   Көздегенде дөп тиген

                   Мерген атын ақтаған . дей отыра «мергендер» ауылына барып Наурыз Мерекесімен құттықтап «наурыз көжеден»дәм татайық

1-ауылға келіп «Мергендер»ауылы

Жүргізуші: Ұлыс оң болсын ,дастарханымыз мол болсын!

Әже: Мергендер ауылына қош  келдіңіздер,төрлетіңіздер.

Жүргізуші:Сіздер Ұлыстың ұлы күні  қандай дәстүрді жаңғартып отырсыздар

Әже: Бүгін менің кішкентай немерем Ертайдың бесікке бөлеу  тойын тойлаудамыз

 (Бесікке бөлу дәстүрін көрсетеді.)

Жүргізуші: Бесікке бөледік ,нәрестеміз тәтті ұйықтасын деп қыздарымыз  «Гүлдер»биін билесін

                                          Би:«Гүлдер»

 Жүргізуші: Мерген ата- бабаларымыздың ұрпағы ойынға қалай екен ?

Жігіт:(сері жігіт тұрып) біздің ауылдың балалары ойынды да керемет ойнайды

 Жүргізуші: Ендеше «Асық ату» ойынын ойнайық.

                           Ойын: «Асық ату»

(ойынды сол ауылдың сері жігіті жүргізеді)

Шарты:Кішкентай асықтарды бір сызықпен қатарлап қойып ,алыста тұрып қолындағы үлкен асықпен кішкентай асықтарыды көздеп тигізіп,қанша асықты құлатып ұтып алады сонша ұпайға ие болады.

(Ойыннан кейін Күн  Ана кіреді)

Күн Ана:Зарыға күткен жаңа жылым

                  Наурызым келді – ау!

                  Жаңа жылым жарылқа,ескі жылым есірке.

                  Ұрпақтарым аман ет.

 Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Береке бірлік болсын!

Жүргізуші:Армысыз әлемнің алтын шырағы,

Күн Ана! Төрлетіңіз!  Наурыз мерекесіне құтты келдіңіз .Бүкіл ауыл болып наурыз тойын тойлап жатырмыз.Біздің кішкентай  балаларымыз ортаға шығып өнерлерін көрсетпекші.

                                               Ән: «Көктем»

Күн Ана:Өркендерің өссін балалар ,өздерің өнерлі екенсіңдер.

Жүргізуші: Мен сіздерден бүгін көп нәрсе көріп, мерекелік көңілмен келесі ауылға барсам деймін.Күн Ана менімен бірге көрші ауылға барып наурыз мерекесін тойлатыңыз.

Күн Ана: Ия, ауылдарға барсақ барайық

Жүргізуші:Сау болыңыздар

Ауыл адамдары:Сау болыңыздар

(Музыка ойналады, айналып барып келесі ауылға барады)

2-ші ауыл «Желаяқтар»

Жүргізуші: Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!

Күн Ана:Ұлыс оң болсын ,ақ мол болсын!

Жел аяқ : Бірге болсын ,төрлетіңіздер ,қадірлі қонақ болыңыздар(деп құшақ жая қарсы алады)

Жүргізуші:Бұл ауыл қай ауыл болады?

Отырғандар:Желаяқтар ауылы

Жүргізуші:Білдім- білдім сонда сендер ертегідегі желаяқтың ұрпақғы болдыңыздар ғой.

Отырғандар:Дәл солай

Жүргізуші:Онда неге бос тұрмыз «Қыз қуу  » ойынын ойнып жіберейік.

Ойын: «Қыз қуу»

Күн Ана:Біздің желаяқ жігіттеріміз  қыздарды қуып жететін шығар

 Жүргізуші: Бәрекелді жеңімпаздардың құрметіне шабандоздар би билеп берсін.

                                              Би: «Шабандоздар»

 Күн Ана: Көрші ауыл сәбилерін бесікке бөлеп мәре- сәре болып жатыр. Сіздер бүгінгі мерекені немен айырықша еткелі отырсыздар?

 Келіншек :Наурыз мерекесімен бірге менің кенже қызым Айдананың тұсау кесу тойы да тұспа тұс келіп қалды.

Жел аяқ : Ендеше Айдананың «Тұсау кесер» рәсімін Күн Анаға берейік .Күн Анадай Ашық ,жарқын болсын.

(Тұсау кесер дәстүрін көрсетеді)

Күн Ана:Біссіміләй (деп қолына ала жібін алып ,тұсау кесу рәсіміне кіріседі)   

Жүргізуші:Айдана әжесіне қол қанат болсын ,өнерлі болып өссін ,балалардың Айданаға арнаған өлең жырлары бар  

                                                           

                                                          Тақпақтар:

Адема                                                    Ділшат

Дастарханда дәніміз                     Наурыз келді еліме   

Жайдарлымыз бәріміз                  Наурыз келді еліме

Жарасу бар жаулық жоқ              Байлық бақыт тілеймін

Қандай жақсы наурыз                  Бүкіл қазақ еліне

Айша                                                    Абдулазиз

Жылдың басы наурыз              Күттіріп келген жыл басы

Жердің басы наурыз                Бізбен бірге  жырлашы

Мерекеге арналған                   Дастарханға елімнің

Бүгінгі жыр- әніміз                  Береке ырыс сыйлашы

 

 Күн Ана:Наурыз тойы бұл ауылда да керемет тойланып жатыр, дегенмен де келесі ауылға барып «наурыз көжеден»дәм татайық

Жүргізуші :Ендеше жүріңіз Күн Ана көрші ауылға барайық,сау болыңыздар балалар.

 Ауыл адамдары: Сау болыңыздар

(Музыка әуенімен көрші ауылға бара жатқан кезде Қыдыр атаға жолығады)

Күн Ана:Амансыз ба Қыдыр ата.Ұлыс оң болсын  ақ мол болсын.

Жүргізуші:Сәлеметсіз бе Қыдыр ата ,қайда бет бұрып бара жатырсыз.

Қыдыр ата: Амансыңдар ма,мен мына көрші ауылдарға ұлыстың ұлы күнімен құттықтап ,ақ батамды беруге бара жатырмын.

Жүргізуші:Ата  біз де көрші ауылға  бара жатырмыз ,бізбен бірге жүріңіз.

Қыдыр ата:Онда жолға бет алайық

(деп батырлар ауылына келеді)

3-ші ауыл «Батырлар »

Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме! .Ұлыс оң болсын

Күн Ана:Ақ мол болсын

Қыдыр ата:Асалаумағалекум Халқым менің !

                      Ардақты Наурыз тойын, салтымды елім

                      Мереке басы болсын берекенің

                      Игі еңбектің жемісін бәрі жесін

                      Наурыз құт береке әкелсін!

Амансыңдар ма ұл-қыздарым,ұлыстың ұлы күні құтты болсын.

Батырлар: Амансыздар ма Қыдыр ата, Күн Ана ,жоғары шығыңыздар, төрлетіңіздер

Қыдыр ата: Бұл кімнің ауылы болды екен?

Батырлар:  Бұл Алмпамыстай, Қобыландыдай батырлар дүниеге келген ауыл,солардан тараған ұрпақтары едік .

Қыдыр ата:.Қане бойларыңдағы алып күштеріңді көрейінші.

Батырлар:Ендеше біздің батыр ұлдарымыздың күшін сынап  «   Итеріспек » ойынын ойнап жіберсін.

                                                    Ойын: «Итеріспек»

Шарты:Екі жақтан екі құрсау жерге қойылады ,екі-екіден балалар шығарылады да құрсаудың ішінде бір аяқтап тұрып қолдарын артқа қойын ,иықтарымен бір-бірін итереді.Қай бала құрсаудан шығып қалады ,сол бала жеңіліп қалады.Ал құрсаудың ішінде қалған бала жеңімпаз атанады.Осылай ойын жалғасын табады.

Күн Ана:Кішкентай батырлардың күштері асып –тасып тұр екен.

Қыдыр ата:Әрине бұлар батырдың ұрпағы емес пе.

Жүргізуші:Міне керемет ауылдың батырлары жеңіп жатқан кезде қарап тұрмай біз де ауылдың алты ауызын айтып жіберейік.

                                Ән: «Кел билейік»

 Қыдыр ата:Жарадыңдар, Самарқанның көк тасы жібіген көктемнің бұл күнін ерекше тойлаған қазағым.Бұл күні ырымдаған, тілектер қабыл болатын күн.

Жүргізуші:Онда ата біз мына отырған балалардың біреуін атқа отырғызайық.

Қыдыр ата:Қай бала екен атқа отырмаған?

Отырғандар:Жауап береді

(Дәстүрді көрсетеді)

Отырғандардың бірі:Наурыз салт-дәстүр мерекесі!
Сол салт-дәстүрлеріміздің бірі- «Атқа мінгізу».Бүгін мен осы мерекеге әдейлеп  Абдулазиз азамат болсын-деп атқа мінгізуге ,досарының арасына алып келдім.(Ұл баланы атқа мінгізген кезде оған тілек айтылады.Алмасқа өз тілектерін білдіруге достары келді.)
1 досы: Басыңа бақ қонсын!-деп бөрік сыйлайды.
2 досы: Үлкен азамат бол!-деп шапан жабады.
3 досы: Қамшы сыйлап ер бол,батыр бол!-деп тілек айтады
( Адулазизді әжесі атқа мінгізіп қолына қамшы ұстатып,ауылды аралатады.Ауылды аралап жүрген кезде шашу шашылады.)

 Күн Ана:Ұлыстың ұлы күні , әр шаңыраққа шуағын төксін .

Жүргізуші:Күн Ана ,Қыдыр ата жолға бет алайық ,әлі баратын ауылдарымыз көп.

Батыр:Қыдыр ата  иләи әмин ақ батаңызды беріңіз (Деп қол жаяды)

Қыдыр ата:Осындай ұлы күні, жиналған өрендеріме ерекше батамды берейін.

           Ия, Аллам!

          Адам болсаң адамдарға қас қылма

          Сорлы қылма көк аспанның астында

          Мынау келген Ұлыстың ұлы күні

          Оң болсын!

          Ақ мол болсын!

          Қайда барсаң жол болсын

          Ұлыс бақты болсын

          Төрт түлік ақты болсын

          Ұлыс береке берсін

          Пәле-жала жерге енсін

          Өмірін қосқан екі жас

          Үйірлі-шүбірлі болып

          Құмырсқадай өсіп-өнсін! Әумин!

Барлығы:          Әумин! (Батадан кейін үшеуі шығып кетеді)  

Жүргізуші:   Балалар мерекемізді әрі қарай тобымызда жалғастырайық                         

 



2014жыл Страница 35



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Наурыз келді" сценарийі . 2-б?лімі

Автор: Т?рымбетова А?тол?ай Алибековна

Дата: 11.12.2014

Номер свидетельства: 142521


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства