kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Наурыз келді" сценарийі. 1-б?лімі

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

?АЗА?СТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ

?ызылopдa ?aлaсы

 МК?К «Алпамыс»

балаба?шасыны? ?уез жетекшісі

Т?рымбетова А?тол?ай Алибековна

 

"Наурыз келді"

сценарийі (орта??ы топтар ?шін)

 

Кейіпкерлер:?ыдыр ата,  К?н Ана, Жел ая?,Батырлар

(барлы? балалар «Наурыз »?німен  музыка залына кіреді,ауылдар?а б?лініп      отырады.

Ж?ргізуші:          Кел,балалар ойнайы?,

                               Наурыз тойын тойлайы?..

                               Баянды боп мереке,

                               ?ыр г?ліндей жайнайы?..

 Б?гін  ?лысты? ?лы к?ні!Ата бабаларымызды? с?зімен

айтса?«А? т?йені? ?арны жарыл?ан к?н».   Б?л к?н –к?н мен т?нні? те?елетін,жан –жануар т?лдейтін,адамдарды? аузы а??а тиетін, жер ж?зінде шатты? орна?ан к?н.

Наурыз – ба?ытты? бастамасы, жа?сылы?ты? жырсышы, ?мірге н?р сыйла?ан, сезімге г?л сыйла?ан, халы? ?астерлейтін к?н.

?лысты?  ?лы к?ні, ??тты болсын а?айын!

(осы кеде жарапазан айтып ?ш бала кіреді)

                                             «Жарапазан»

1-бала :Ала?ай наурызда т?ттіге тоятын болды?

2-бала;Енді к?рші ауыл?а барып жарапазан айтайы?

3-бала: Ж?рі?дерн ,ж?гірелік

(?шеуі ?ш столдан т?ттілер алады,шы?ып кетеді)

Ж?ргізуші:  Оу, а?айын т?рмайы?!

                       Шатты?тан ??р ?алмайы?

                       Тойды? с?нін келтірер

                        Наурыз ?нін  ты?дайы? 

                                         ?н: «Наурыз  бізді? жа?а жыл»

 Та?па?тар:

 Манс?р                                              Дария

 ?арды ертіп жыл?асы                     Ой халайы? халайы?

Наурыз келді жыл басы                  ?сем ?нге  салайы?!

Шуа? т?кті жары? к?н                    Наурыз  тойын к??ілді

 Мейрамында халы?ты?                 Бірге ?арсы алайы?

          Барат                                                Минуара

Наурыз тойы тамаша                         Наурыз жауын наурыз с?н

Наурыз тойы жа?аша                        ?сем ?уен сазды ?н

Таби?ат та тамаша                             ?ыз бозбала ?ыдыр?ан

Тамылжып т?р жа?аша                     Жасыл желек к?к аспан

Ж?ргізуші:Аталар салтын са?та?ан

                    Жа?сы адамын ма?та?ан

                   К?здегенде д?п тиген

                   Мерген атын а?та?ан . дей отыра «мергендер» ауылына барып Наурыз Мерекесімен ??тты?тап «наурыз к?жеден»д?м татайы?

1-ауыл?а келіп «Мергендер»ауылы

Ж?ргізуші: ?лыс о? болсын ,дастарханымыз мол болсын!

?же: Мергендер ауылына ?ош  келді?іздер,т?рлеті?іздер.

Ж?ргізуші:Сіздер ?лысты? ?лы к?ні  ?андай д?ст?рді жа??артып отырсыздар

?же: Б?гін мені? кішкентай немерем Ертайды? бесікке б?леу  тойын тойлаудамыз

 (Бесікке б?лу д?ст?рін к?рсетеді.)

Ж?ргізуші: Бесікке б?ледік ,н?рестеміз т?тті ?йы?тасын деп ?ыздарымыз  «Г?лдер»биін билесін

                                          Би:«Г?лдер»

 Ж?ргізуші: Мерген ата- бабаларымызды? ?рпа?ы ойын?а ?алай екен ?

Жігіт:(сері жігіт т?рып) бізді? ауылды? балалары ойынды да керемет ойнайды

 Ж?ргізуші: Ендеше «Асы? ату» ойынын ойнайы?.

                           Ойын: «Асы? ату»

(ойынды сол ауылды? сері жігіті ж?ргізеді)

Шарты:Кішкентай асы?тарды бір сызы?пен ?атарлап ?ойып ,алыста т?рып ?олында?ы ?лкен асы?пен кішкентай асы?тарыды к?здеп тигізіп,?анша асы?ты ??латып ?тып алады сонша ?пай?а ие болады.

(Ойыннан кейін К?н  Ана кіреді)

К?н Ана:Зары?а к?ткен жа?а жылым

                  Наурызым келді – ау!

                  Жа?а жылым жарыл?а,ескі жылым есірке.

                  ?рпа?тарым аман ет.

 ?лыс о? болсын! А? мол болсын! Береке бірлік болсын!

Ж?ргізуші:Армысыз ?лемні? алтын шыра?ы,

К?н Ана! Т?рлеті?із!  Наурыз мерекесіне ??тты келді?із .Б?кіл ауыл болып наурыз тойын тойлап жатырмыз.Бізді? кішкентай  балаларымыз орта?а шы?ып ?нерлерін к?рсетпекші.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Наурыз келді" сценарийі. 1-б?лімі »

Қызылорда қаласы, МКҚК «Алпамыс» балабақшасының әуез жетекшісі А.А.Тұрымбетова

"Наурыз келді" сценарийі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Қызылopдa қaлaсы

МКҚК «Алпамыс»

балабақшасының әуез жетекшісі

Тұрымбетова Ақтолғай Алибековна



"Наурыз келді"

сценарийі (ортаңғы топтар үшін)



Кейіпкерлер:Қыдыр ата,  Күн Ана, Жел аяқ,Батырлар

(барлық балалар «Наурыз »әнімен  музыка залына кіреді,ауылдарға бөлініп      отырады.

Жүргізуші:          Кел,балалар ойнайық,

                               Наурыз тойын тойлайық..

                               Баянды боп мереке,

                               Қыр гүліндей жайнайық..

 Бүгін  ұлыстың ұлы күні!Ата бабаларымыздың сөзімен

айтсақ«Ақ түйенің қарны жарылған күн».   Бұл күн –күн мен түннің теңелетін,жан –жануар төлдейтін,адамдардың аузы аққа тиетін, жер жүзінде шаттық орнаған күн.

Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жырсышы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.

Ұлыстың  ұлы күні, құтты болсын ағайын!

(осы кеде жарапазан айтып үш бала кіреді)

                                             «Жарапазан»

1-бала :Алақай наурызда тәттіге тоятын болдық

2-бала;Енді көрші ауылға барып жарапазан айтайық

3-бала: Жүріңдерн ,жүгірелік

(үшеуі үш столдан тәттілер алады,шығып кетеді)

Жүргізуші:  Оу, ағайын тұрмайық!

                       Шаттықтан құр қалмайық

                       Тойдың сәнін келтірер

                        Наурыз әнін  тыңдайық 

                                         Ән: «Наурыз  біздің жаңа жыл»

 Тақпақтар:

 Мансұр                                              Дария

 Қарды ертіп жылғасы                     Ой халайық халайық

Наурыз келді жыл басы                  Әсем әнге  салайық!

Шуақ төкті жарық күн                    Наурыз  тойын көңілді

 Мейрамында халықтың                 Бірге қарсы алайық

          Барат                                                Минуара

Наурыз тойы тамаша                         Наурыз жауын наурыз сән

Наурыз тойы жаңаша                        Әсем әуен сазды ән

Табиғат та тамаша                             Қыз бозбала қыдырған

Тамылжып тұр жаңаша                     Жасыл желек көк аспан

Жүргізуші:Аталар салтын сақтаған

                    Жақсы адамын мақтаған

                   Көздегенде дөп тиген

                   Мерген атын ақтаған . дей отыра «мергендер» ауылына барып Наурыз Мерекесімен құттықтап «наурыз көжеден»дәм татайық

1-ауылға келіп «Мергендер»ауылы

Жүргізуші: Ұлыс оң болсын ,дастарханымыз мол болсын!

Әже: Мергендер ауылына қош  келдіңіздер,төрлетіңіздер.

Жүргізуші:Сіздер Ұлыстың ұлы күні  қандай дәстүрді жаңғартып отырсыздар

Әже: Бүгін менің кішкентай немерем Ертайдың бесікке бөлеу  тойын тойлаудамыз

 (Бесікке бөлу дәстүрін көрсетеді.)

Жүргізуші: Бесікке бөледік ,нәрестеміз тәтті ұйықтасын деп қыздарымыз  «Гүлдер»биін билесін

                                          Би:«Гүлдер»

 Жүргізуші: Мерген ата- бабаларымыздың ұрпағы ойынға қалай екен ?

Жігіт:(сері жігіт тұрып) біздің ауылдың балалары ойынды да керемет ойнайды

 Жүргізуші: Ендеше «Асық ату» ойынын ойнайық.

                           Ойын: «Асық ату»

(ойынды сол ауылдың сері жігіті жүргізеді)

Шарты:Кішкентай асықтарды бір сызықпен қатарлап қойып ,алыста тұрып қолындағы үлкен асықпен кішкентай асықтарыды көздеп тигізіп,қанша асықты құлатып ұтып алады сонша ұпайға ие болады.

(Ойыннан кейін Күн  Ана кіреді)

Күн Ана:Зарыға күткен жаңа жылым

                  Наурызым келді – ау!

                  Жаңа жылым жарылқа,ескі жылым есірке.

                  Ұрпақтарым аман ет.

 Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Береке бірлік болсын!

Жүргізуші:Армысыз әлемнің алтын шырағы,

Күн Ана! Төрлетіңіз!  Наурыз мерекесіне құтты келдіңіз .Бүкіл ауыл болып наурыз тойын тойлап жатырмыз.Біздің кішкентай  балаларымыз ортаға шығып өнерлерін көрсетпекші.

                                               Ән: «Көктем»

Күн Ана:Өркендерің өссін балалар ,өздерің өнерлі екенсіңдер.

Жүргізуші: Мен сіздерден бүгін көп нәрсе көріп, мерекелік көңілмен келесі ауылға барсам деймін.Күн Ана менімен бірге көрші ауылға барып наурыз мерекесін тойлатыңыз.

Күн Ана: Ия, ауылдарға барсақ барайық

Жүргізуші:Сау болыңыздар

Ауыл адамдары:Сау болыңыздар

(Музыка ойналады, айналып барып келесі ауылға барады)

2-ші ауыл «Желаяқтар»

Жүргізуші: Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!

Күн Ана:Ұлыс оң болсын ,ақ мол болсын!

Жел аяқ : Бірге болсын ,төрлетіңіздер ,қадірлі қонақ болыңыздар(деп құшақ жая қарсы алады)

Жүргізуші:Бұл ауыл қай ауыл болады?

Отырғандар:Желаяқтар ауылы

Жүргізуші:Білдім- білдім сонда сендер ертегідегі желаяқтың ұрпақғы болдыңыздар ғой.

Отырғандар:Дәл солай

Жүргізуші:Онда неге бос тұрмыз «Қыз қуу  » ойынын ойнып жіберейік.

Ойын: «Қыз қуу»

Күн Ана:Біздің желаяқ жігіттеріміз  қыздарды қуып жететін шығар

 Жүргізуші: Бәрекелді жеңімпаздардың құрметіне шабандоздар би билеп берсін.

                                              Би: «Шабандоздар»

 Күн Ана: Көрші ауыл сәбилерін бесікке бөлеп мәре- сәре болып жатыр. Сіздер бүгінгі мерекені немен айырықша еткелі отырсыздар?

 Келіншек :Наурыз мерекесімен бірге менің кенже қызым Айдананың тұсау кесу тойы да тұспа тұс келіп қалды.

Жел аяқ : Ендеше Айдананың «Тұсау кесер» рәсімін Күн Анаға берейік .Күн Анадай Ашық ,жарқын болсын.

(Тұсау кесер дәстүрін көрсетеді)

Күн Ана:Біссіміләй (деп қолына ала жібін алып ,тұсау кесу рәсіміне кіріседі)   

Жүргізуші:Айдана әжесіне қол қанат болсын ,өнерлі болып өссін ,балалардың Айданаға арнаған өлең жырлары бар  

                                                           

                                                          Тақпақтар:

Адема                                                    Ділшат

Дастарханда дәніміз                     Наурыз келді еліме   

Жайдарлымыз бәріміз                  Наурыз келді еліме

Жарасу бар жаулық жоқ              Байлық бақыт тілеймін

Қандай жақсы наурыз                  Бүкіл қазақ еліне

Айша                                                    Абдулазиз

Жылдың басы наурыз              Күттіріп келген жыл басы

Жердің басы наурыз                Бізбен бірге  жырлашы

Мерекеге арналған                   Дастарханға елімнің

Бүгінгі жыр- әніміз                  Береке ырыс сыйлашы

 

 Күн Ана:Наурыз тойы бұл ауылда да керемет тойланып жатыр, дегенмен де келесі ауылға барып «наурыз көжеден»дәм татайық

Жүргізуші :Ендеше жүріңіз Күн Ана көрші ауылға барайық,сау болыңыздар балалар.

 Ауыл адамдары: Сау болыңыздар

(Музыка әуенімен көрші ауылға бара жатқан кезде Қыдыр атаға жолығады)

Күн Ана:Амансыз ба Қыдыр ата.Ұлыс оң болсын  ақ мол болсын.

Жүргізуші:Сәлеметсіз бе Қыдыр ата ,қайда бет бұрып бара жатырсыз.

Қыдыр ата: Амансыңдар ма,мен мына көрші ауылдарға ұлыстың ұлы күнімен құттықтап ,ақ батамды беруге бара жатырмын.

Жүргізуші:Ата  біз де көрші ауылға  бара жатырмыз ,бізбен бірге жүріңіз.

Қыдыр ата:Онда жолға бет алайық

(деп батырлар ауылына келеді)

3-ші ауыл «Батырлар »

Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме! .Ұлыс оң болсын

Күн Ана:Ақ мол болсын

Қыдыр ата:Асалаумағалекум Халқым менің !

                      Ардақты Наурыз тойын, салтымды елім

                      Мереке басы болсын берекенің

                      Игі еңбектің жемісін бәрі жесін

                      Наурыз құт береке әкелсін!

Амансыңдар ма ұл-қыздарым,ұлыстың ұлы күні құтты болсын.

Батырлар: Амансыздар ма Қыдыр ата, Күн Ана ,жоғары шығыңыздар, төрлетіңіздер

Қыдыр ата: Бұл кімнің ауылы болды екен?

Батырлар:  Бұл Алмпамыстай, Қобыландыдай батырлар дүниеге келген ауыл,солардан тараған ұрпақтары едік .

Қыдыр ата:.Қане бойларыңдағы алып күштеріңді көрейінші.

Батырлар:Ендеше біздің батыр ұлдарымыздың күшін сынап  «   Итеріспек » ойынын ойнап жіберсін.

                                                    Ойын: «Итеріспек»

Шарты:Екі жақтан екі құрсау жерге қойылады ,екі-екіден балалар шығарылады да құрсаудың ішінде бір аяқтап тұрып қолдарын артқа қойын ,иықтарымен бір-бірін итереді.Қай бала құрсаудан шығып қалады ,сол бала жеңіліп қалады.Ал құрсаудың ішінде қалған бала жеңімпаз атанады.Осылай ойын жалғасын табады.

Күн Ана:Кішкентай батырлардың күштері асып –тасып тұр екен.

Қыдыр ата:Әрине бұлар батырдың ұрпағы емес пе.

Жүргізуші:Міне керемет ауылдың батырлары жеңіп жатқан кезде қарап тұрмай біз де ауылдың алты ауызын айтып жіберейік.

                                Ән: «Кел билейік»

 Қыдыр ата:Жарадыңдар, Самарқанның көк тасы жібіген көктемнің бұл күнін ерекше тойлаған қазағым.Бұл күні ырымдаған, тілектер қабыл болатын күн.

Жүргізуші:Онда ата біз мына отырған балалардың біреуін атқа отырғызайық.

Қыдыр ата:Қай бала екен атқа отырмаған?

Отырғандар:Жауап береді

(Дәстүрді көрсетеді)

Отырғандардың бірі:Наурыз салт-дәстүр мерекесі!
Сол салт-дәстүрлеріміздің бірі- «Атқа мінгізу».Бүгін мен осы мерекеге әдейлеп  Абдулазиз азамат болсын-деп атқа мінгізуге ,досарының арасына алып келдім.(Ұл баланы атқа мінгізген кезде оған тілек айтылады.Алмасқа өз тілектерін білдіруге достары келді.)
1 досы: Басыңа бақ қонсын!-деп бөрік сыйлайды.
2 досы: Үлкен азамат бол!-деп шапан жабады.
3 досы: Қамшы сыйлап ер бол,батыр бол!-деп тілек айтады
( Адулазизді әжесі атқа мінгізіп қолына қамшы ұстатып,ауылды аралатады.Ауылды аралап жүрген кезде шашу шашылады.)

 Күн Ана:Ұлыстың ұлы күні , әр шаңыраққа шуағын төксін .

Жүргізуші:Күн Ана ,Қыдыр ата жолға бет алайық ,әлі баратын ауылдарымыз көп.

Батыр:Қыдыр ата  иләи әмин ақ батаңызды беріңіз (Деп қол жаяды)

Қыдыр ата:Осындай ұлы күні, жиналған өрендеріме ерекше батамды берейін.

           Ия, Аллам!

          Адам болсаң адамдарға қас қылма

          Сорлы қылма көк аспанның астында

          Мынау келген Ұлыстың ұлы күні

          Оң болсын!

          Ақ мол болсын!

          Қайда барсаң жол болсын

          Ұлыс бақты болсын

          Төрт түлік ақты болсын

          Ұлыс береке берсін

          Пәле-жала жерге енсін

          Өмірін қосқан екі жас

          Үйірлі-шүбірлі болып

          Құмырсқадай өсіп-өнсін! Әумин!

Барлығы:          Әумин! (Батадан кейін үшеуі шығып кетеді)  

Жүргізуші:   Балалар мерекемізді әрі қарай тобымызда жалғастырайық                         

 



2014жыл Страница 35



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Наурыз келді" сценарийі. 1-б?лімі

Автор: Т?рымбетова А?тол?ай Алибековна

Дата: 11.12.2014

Номер свидетельства: 142520


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства