Қызығушылықты ояту(Ұ) «1 минутта қанша рет қол шапалақтай аласың?» Оқушылар берілген уақытта тапсырманы орындайды. Барлық оқушы қатысады. Барлығы бір уақытта бастайды. 1минут өткеннен кейін бірдей тоқтатылады. Әр бала өзінің тапсырмасының нәтижесін ортаға салып талқылайды. Неліктен аз? Бұл тапсырма арқылы оқушылардың қызығушылығы артады. Қ.Б. «Бас бармақ» әдісі Жаңа сабақ. (М.К) Мұғалімнің түсіндірмесі Минут(мин) –уақыттың өлшем бірлігі.Бұл аз уақыт аралығы. Уақытты минутпен анықтау үшін механикалық, электрондық сағаттары және құмсағат қолдануға болады. Механикалық сағаттың сағаттық тілі, минуттық тілі, секунддық тілі болады. Циферблаттың көмегімен 1 минут аралығы және 5 минут аралығы көрсетіледі. Оқушылар минуттың өлшем бірлігі екенін біледі. М.К.Оқушыларға циферблат таратылып беріледі. Циферблат арқылы 1 мин , 5мин, 10 мин көрсетеді, анықтайды. Оқушылардың танымдық қабілеттері артады. «Мен зерттеушімін» (Т) «Сен 1 минут ішінде қай әрекетті неше рет қайталай аласың?» Тапсырманы топта орындайды. 1-топ «Өз есімімді.... .рет жазамын» 2-топ «Қағазға ...рет нүкте саламын» 3- топ «Дөңгелектерді ...рет жапсыра аламын» Осы тапсырмада оқушылардың сауатты жазу, жылдамдық дағдылары қалыптасады.Тапсырма арқылы оқушылар 1 минуттың қысқа мерзім болғанымен, осы уақыт ішінді бірнеше әрекет істеуге болатынын түсінеді. Қ.Б. Графикалық бағалау «Ой қозғау» 1 минутта тағы қандай әрекеттер жасауға болады? (оқушылардың ойы тыңдалады) Мысалы: 1 минуттың ішінде дәрігер адам өмірін құтқара алады, өрт сөндіруші өртті сөндіре алады, спортшы жылдам жүгіріп мәреге бірінші келе алады, ... т.б. Қорытынды: 1 минут ішінде бірнеше маңызды әрекет жасауға болады. Оқулықпен жұмыс «Сен білесің бе?»Ересек адамның жүрегі 1 минутта шамамен 60-65 рет соғады. Бұл ақпарат оқушыларға пайдалы болып көрінеді.Оқушылардың танымдық қабілеттері артады. «Орындап көр» (Ж) Өз тамыр қағысыңды өлше. Сенің жүрегің 1 минутта неше рет соғады? Тапсырма әр оқушыға жеке орындауға тапсырылады. Оқулықта берілген суретке сүйене отырып, білек тамыры арқылы жүрек соғысын қалай есептеуге болатынын түсіндіру. Оларға бірдей бастау және бірдей аяқтау керек екенін ескерту. 1 минутта санап болғаннан кейін нәтижесі сұралады және «Жазу көрсеткіші» тақтасына жазып көрсету. Неліктен ересек адаммен баланың жүрек соғысы бірдей емес? Ересек адамның ағзасы қалыптасқан, сондықтан тұрақты көрсеткіштер көрсетеді. Баланың ағзасы белсенді дамып жатқанын көрсетеді.Адамның тамыр соғысы медицинада ересектер мен балалар денсаулығын анықтайтын көрсеткіштің бірі болып табылады. Оқушыларда салауатты өмір салтын дұрыс ұстау құндылықдары қалыптасады. Дескриптор: 1 минутта білек тамыры арқылы жүрек соғысын санап біледі. Қ.Б.Дескрипторлар арқылы |