Я, Нургожина Рыскуль Жанбырбаевна работаю воспитателем в мини-центре в Наурзумской средней школы. Я люблю свою профессию и очень люблю маленьких детей. Главное ценность в группе - это воспитанник, и ему предоставляется право добывать знания самому, думать, анализировать, сопоставлять и делать выбор. Естественно, меняется и роль воспитателя. Воспитатель учит своих воспитанников учиться и тем самым дает им в руки мощное средство познания
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Мектепте а?паратты? технологияны ?олдануды? жолдары""""»
Күз суреті
Мақсұт Неталиев
Сарыала жапырақтар Қонады қалқып ұшып. Мүлгиді атырап бар Жамылып алтын ішік. Бу шығып бүйірінен Ағады жылға-бұлақ. Ақбөкен үйірімен Барады Сырға құлап. Дәнді алқап жалтылдайды, Жайғандай дүзге кілем. Жер-Ана ән тыңдайды, Аққулар тізбегінен. Қайың тұр амал қылып, Шық моншақ тағынып ап. Сүйеді самал – жігіт Қалғандай сағынып-ақ! Бұлбұлдар сайрамады, Бұтаққа жайғасып жай. Дөңгелеп Ай барады, Әлемнің айнасындай! Тәкәппар тау-шыңдар да Өрлейді сүйіп өрін. Қызығы таусылған ба, Думанды дүниенің?!
Отан
Мұқағали Мақатаев
Отан!! Отан! Сен болмасаң, не етер ем? Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем, Өмірден бұл өксуменен кетер ем. Құс ұясыз, Жыртқыш інсіз болмайды. Отансыз жан өмірінде оңбайды. Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды. Тірі адамға – сол қайғы! Күн көреді, Әкесіз де, анасыз, Өмір сүрер. Әйелсіз де, баласыз, Ал Отансыз – Нағыз сорлы панасыз? Білесің бе, Отанның сен не екенін? (Екі өмір жоқ, әрине, жоқ екі өлім.) Екі Отан жоқ. Жалғыз Отан – мекенің!
БЕС САУСАҚ
Атам шақырып алды да, Отырғызды алдына. — Бес саусақтың атын біл, Тоқып алғын жадыңа! Бас бармағың — ата-анаң, Үлкеңдерден бата алған. Аман жүрсе қалқайып, Қалмас елден, қатардан.
Ортан терек — нағашың, Сол үйде өскен анашьщ. Қамқор болып жүреді, Еркелеп те аласың.
Аты жоқ саусақ — достарың, Жақсы болса қостағын. Жаман мінез көрсетсе, Қатарыңа қоспағын.
Кіші бөбек — білімің, Терең болсын ілімің. "Ұлық болсаң — кішік бол", Дей көрмегін: ірімін.
Бес саусағың — бақытың, Сонда балам, бар құтың. Бес саусағың біріксе, Текке кетпес уақытың.
Балалар - біздің болашақ
Қасым Аманжолов
Балалар - біздің болашақ, Сүйсінеміз, сүйеміз. Бұл болашак тамаша-ақ! Болашаққа иеміз. Көтеріп жас сәбиді, «Күлші, бөпе, күл!» - дейміз. Көңіл дария шалқиды, Балалармен гүлдейміз. Алға кетіп барамыз Болашақты құшақтап. Жыламайды баламыз Көзден жасы бұршақтап. Жыламайды баламыз, Жылатпаймыз еш уақыт. Бәрі бізде, қараңыз: Өмір, өлең, күш, бақыт! Алтын оты үміттің, Көзіміздің қарасы; Балапаны бүркіттің Біздің елдің баласы... Түстік Корей көгінде Жүр айналып қара құс. Құмартады ол өлімге, Қызу майдан қан соғыс. Өлген ана жанында Еңбектейді жас бала. Шашақ атқан шағында Бұл не деген масқара?! Сұмдар қаңғып даланы, Өлім екпек болады. Дүниеде барлық баланы Жетім етпек болады. - Тарт колыңды баладан! Өңшең жауыз сүмырай!.. - Деп түр бүгін әр адам, Көкірегіне кек сыймай. Жыламайды баламыз, Жылатпаймыз еш уақыт! Бәрі бізде, қараңыз: Өмір, өлең, күш, бақыт!..
Қуыр, қуыр, қуырмаш
Қуыр, қуыр, қуырмаш, Мен айтайын қолыңды аш! Мынау тұрған бас бармақ, Жұмыс содан басталмақ. Алақанның тұңғышы Болсын осы жылқышы. Балаң үйрек жанында, Бейім сиыр бағуға. Отран терек - ұзыны, Түйе бақсын, қызығып! Шылдыр шүмек - бұл саусақ, Қой бағуды тұр аңсап. Титтей бөбек-шынашақ, Сен дайында жер ошақ. Білекке енді барайық, Онда не бар табайық: Мына жерде күн болар, Мына жерде түн болар. Мына жерден ай шығар, Мына жерден май шығар. Бәрін айтып болдық па? Келіп қалдық қолтыққа! Қытық, қытық, қызық-ай, Міне, өрік, міне, май! Қуыр, қуыр, қуырмаш, Бидай салам, қолыңды аш. Төгіп алмай, күлем деп, Балапанға барып шаш!
Айналайын Баладан (Екі баланың айтуына арналған)
- Айналайын баладан, Тауып алған даладан. - Далада бала жата ма? - Түсіп қапты шанадан. -.......біздің қайда екен? - Қыздарменен тойда екен. - Тойда неғып жүр екен? - Алма теріп жүр екен. - Алмасынан кәнекей? - Жаңа теріп жүр екен. - Жаңасынан кәнекей? - Қабы толмай жүр екен.