kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Күз жомарт" атты мерекелік ертеңгілік бағдарламасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

утренник "Золотая осень" проведенный в группе предшкольной подготовки на казахском языке

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Күз жомарт" атты мерекелік ертеңгілік бағдарламасы»

Тақырыбы: Жомарт Күз

Мақсаты:- Балалардың күз туралы түсініктерің кеңейту

-Күз айында болатын құбылыстарды түсіндіру

-Әр баланың есте сақтау қабілеттерін дамыту.

-Балаларды ұйымшылдыққа, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.

-Эстетикалық тәрбие беру.

Алдын ала жүргізілген жұмыстар: Балаларға тақпақтарын жаттату, әннің сөзін жаттату, қыздарды биге дайындау, қойлымға киім дайындау, балалар қолдарына жапырақтар дайындау, саз-әуен залын мерекеге сай безендіру.


(Күзгі бал кеші) Мерекеге сай безендірілген саз-әуен залы. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарға жайғасады. Балалардың қолдарында жапырақтар.

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгін мектепалды даярлық тобының балалары дайындаған «Жомарт Күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Келіңдер қарсы алайық! - Қараңдаршы, бүгін біздің активи зал қандай әдемі болып кеткен. Қолымызға не ұстап келдік? - Жапырақтар.

- Осы жапырақтардың түсі қандай? - Сары. (Сырттан бір дыбыс естіледі,желдің шуы) - Балалар, тыңдаңыздаршы бұл не шу?

(Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді)

Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар: Сәлеметсіз бе!

Күз ханшайымы:

Уа, халайық, дархан далам армысың,

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін

Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқымның алғысын.

Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын.

Тәрбиеші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!

Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Ағайынды бәрі,

Шықса – жасыл,

Түссе – сары.

Бұл не? Балалар: Жапырақ

Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар!

Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім.

Әр жапырағымда тапсырмалар .

Егер де тапсырмамды орындасаңдар, менің де сендерге деген сыйлығым бар.

Тәрбиеші: Әрине, қымбатты Күзханшайымы! Біздің балалар Күз туралы өлең, тақпақ, жұмбақтар шеше алады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ән: «Күз жомарт»

Міне Күз ханшайымның бірінші тапсырмасы - сұрақтар.

1-сұрақ: Күз мезгілі неше түрге бөлінеді? (Ерте Күз, алтын Күз, қара Күз)

2-сұрақ: Күз айларын ата. (Қыркүйек, қазан, қараша )

Тәрбиеші: Ендеше ортаға Күз айларын шақырайық.

1-бала: (Қыркүйек) Айару

Бірінші қыркүйек Білімге бастады.

Мал мен аң жүр билеп,

Құс шарлап аспанды.



2-бала: (Қазан) Ақжан

Жаңартқан ғаламды

Жаңбырлы ғажап ай

Осынау заманды

Орнатқан қазан ай.

3-бала: (Қараша)

Мол байлық тергені

Шаттығы қаншалық.

Қарашы, өрледі

Қараша ән салып.


Тәрбиеші: Мінеки, балалар Күз айларымен таныстыңдар.

Өнім биыл тамаша!

Көз тоймайды қараса:

Сәбіз, пияз, қияр, картоп,

Бұршақ, асқабақ, қызылша,

Қызанақ, орамжапыраққа қарашы.

Көкөністер бір жерде жиыла қалып дауласты.

Балалар (хормен):

Жиналып қаппыз бәріміз,

Қайсымыз ең дәмдіміз?

Ішімізден адамға

Тиеді көп пайдамыз?

4-бала: (Бұршақ) Кенжебек

Кішкене түймедеймін мен

Ұнаймын мен бәріне

Дәмді тағамдарымен

Сый жасаймын бәріңе!

5-бала: (Қызылша) Жазира

Мен де бір сөз айтайын

Мақтанайын сіздерге.

Менсіз борщ болмайды

Винегрет те үстелде.


6-бала: (Орамжапырақ) Димаш

Мақтанғаннан не пайда?

Менсіз дәмді щи қайда?

Мені қосса самсаға,

Бәрі жейді тамсана.

7-бала: (Қияр) Айшуақ

Дәмім тілді үйірген

Мен тұздалған күйімде!

Жаңа піскен кезімде

Жейді бәрі сүйсіне!

8-бала: (Шалқан) Ернұр

Кім білмейді шалқанды?

Талайлар маған таң қалды.

Бәріне сый боламын

Тауып көр менен дарханды.

9-бала: (Сәбіз) Ақарыс

Кім бар сәбіз шырынын

Жастайынан ішпеген?

Мені жеген адамдар

Кем болмайды күшке де!

10-бала: (Асқабақ) Батырбай

Өсем бақша-бауында

Қатты ұқсаймын қауынға

Жемек болып шикідей

Күлкі болма қауымға.

11-бала: (Қызанақ) Олжас

Піскен кезде қызанақ

Көз тартар қызыл түсімен

Бар ма адам сүйсінбей,

Томат шырын ішпеген?

12-бала: (Пияз)Еркебулан

Боламын мен дәмдеуші

Барлық-барлық тағамға

Көкөністер ішінен

Мен пайдалы адамға.

13-бала: (Картоп) Төлебай

Мен ұялшақ картоппын

Мен емеспін мақтанар

Мені жақсы көреді

Үлкендер мен балалар.

Бос айтысты қояйық,

Дауласуды тоқтатайық!


Көкөністер барлығы:

Жиналып қаппыз бәріміз,

Қайсымыз ең дәмдіміз?

Ішімізден адамға

Тиеді көп пайдамыз?

Тәрбиеші: Көкөністер бәріде

Денсаулыққа пайдалы

Мұны жақсы біліңдер,

Оларды жақсы көріңдер

Ән: «Менің анам алтын » Ақарыс

Тәрбиеші: Күз ханшайымы, балалардың өнерлері ұнады ма?

Күз ханшайымы: Иә, балалардың бәрі өнерлі екен. Келесі тапсырма жұмбақ жасырайын тауып көріндер балалар

1.Жазда інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні

Құйрығынан суырып,

Әкелді әжем бір күні.

Бұл не? (Сәбіз)

2. Жайлы, жұмсақ төсегім,

Домаланып өсемін

Қабат-қабат тоным бар

Қалай оны шешемін.

Бұл не? (Орамжапырақ)

3. Қалың киім ұнатады,

Шешіндірсең жылатады.

Бұл не?(Пияз)

4. Аспай піскен, қайнамай түскен. (Жеміс)

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар!Жұмбақты да шеше аласыңдар

Ал енді қонақтарымызды сынап көрейік

. «Ұйқасын тап» ойыны ойнайық.

Ойын: «Ұйқасын тап»

1. Пісетін кезі дәл Күзде

Мезгілсіз оны үзбе.

Аузыңнан кетпес бал дәмі

Оның аты-(шабдалы)

2. Кіп-кішкене болса да,

Ағаштың басын иеді.

Жемістерін айырып,

Танисың ба...?(шиені)

3. Жапырақты тасалап,

Өсетін жері- бақша-бақ.

Күрең қызыл шіркін-ай,

Оның аты....(таңқұрай)

Тәрбиеші: Берекесін сыйлауға

Өлкемізге Күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

Жемістерді қарсы алайық.

(Осы кезде әуен ойналады. Ортаға жемістер шығады.)

14-бала: (Алмұрт) Айзере

Мен алмұртпын, алмұртпын,

Аузындамын бар жұрттын.


15-бала: (Алма)Алдияр

Мен алмамын, алмамын,

Таңдай жұлар бар дәмім.

16-бала: (Анар) Мерует

Бұтақтан үзілген

Жарылса анармын

Моншақтай тізілген,

Дәндерін аламын.

17-бала: (Жүзім) Ақтілек

Мен жүзіммін, жүзіммін

Моншақ болып тізілдім.

18-бала: (Өрік) Ұлағат

Өрікпін, мен өрікпін,

Бау-бақшаға көрікпін

Баптап мені күткен соң,

Талды бойлап өріппін.

19-бала: (Шие) Інжу

Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен бас иемін.

Күз ханшайымы:-Өте тамаша,балалар!Қазір менімен ойын ойнайсыңдар ма?

Бұл ойын «Қай жеміс?» деп аталады.Көздеріңді жұмып,жемісті жеп,қай жеміс екенін айтасыңдар.(Бір ыдыста туралған әр түрлі жемістер)

Көрініс: «Алма»

Ән: «Қошақаным қайда екен»

Қыздардын биі. Атауы: «Радуга»

Күз ханшайымы: Рахмет, балалар!

Өнершіл - өрендерім!

Міне, менің сыйлығым

бір себет Күз сыйы.

Сендерге денсаулық, шаттық және байлық әкелсін.

Тәрбиеші: Күз ханшайымы, саған мың алғыс!

Бүгінгі сыйлығына рахмет .

Бізге тағы кел, біз сені сағына күтеміз.

Күз ханшайымы:

Берекелі бақ дәулет

Артта түссін тойланып.

Сау болыңдар, балалар

, Келгенше жыл айланып. (Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді)




Қош бол,Күз ханшайымы.

Тәрбиеші: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Сондықтан сендер еңбекшіл болыңдар. Қазіргі сендердің еңбектерін сабақ оқу.

Міне, балалар осымен «Жомарт Күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды

.Сіздерді Күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін.

Ата-аналардың бүлдіршіндерге құттықтау сөзі.




Өзіндік талдау

Тақырыбы: Жомарт Күз

Мақсаты:- Балалардың күз туралы түсініктерің кеңейту

-Күз айында болатын құбылыстарды түсіндіру

-Әр баланың есте сақтау қабілеттерін дамыту.

-Балаларды ұйымшылдыққа, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.

-Эстетикалық тәрбие беру.

Алдын ала жүргізілген жұмыстар: Балаларға тақпақтарын жаттату, әннің сөзін жаттату, қыздарды биге дайындау, қойлымға киім дайындау, балалар қолдарына жапырақтар дайындау, саз-әуен залын мерекеге сай безендіру.




Қорытынды: Әр қайсы бала өзіне берілген міндетті жауапкершілікпен алып шыға білді. Барлығы тақпақтарын тамаша жаттап келген. « Күз жомарт» әнін «Қошақаным» әнін ойдағыдай орындап шықты. Күз ханшайымының барлық сұрақтарына жауап бере алды.

Ақарыс «Менің анам алтын» атты әнің орындап көпшіліктін көңілінен шыға білді. Ал балалар «Алма» атты қойылымды қойып, оны көрермендерге жеткізе алды.

Ал қыздардың билерінде кішкене кемшілік болды. Олар алғаш көпшіліктің алдына шыққандықтан өздерін еркін ұстай алмай кішкене жасқанушылық болды, алдағы уақытта бұл қателіктерімізді қайталамаймыз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Күз жомарт" атты мерекелік ертеңгілік бағдарламасы

Автор: Дорветхан Алтынгүл

Дата: 21.01.2018

Номер свидетельства: 451465


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства