kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Күз сары ағаштарымен желбіреп келеді.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Күз сары ағаштарымен желбіреп келеді.                  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Күз сары ағаштарымен желбіреп келеді.»



Тақырыбы: Күз сары ағаштарымен желбіреп келеді.

Мақсаты: Балаларды табиғаттың күзгі көріністерін тамашалай білуге тәрбиелеу.Жапырақтарына қарай атай білуге үйрету.Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баплалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы





Іздену ұйымдастырушы

























Рефлекстік кезең

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Сендер табиғаттан қандай өзгерістер байқадыңдар.

( күз мезгілінің маусымдық өзгерістері бейнеленген суреттер көрсетіп әңгімелеу)

-Балалар енді күзгі орманға саяхат жасаймыз.Орманда ағаштар көп.Көздеріңді жұмып еркін тыныс алыңдар.(үнтаспадан ағаштың сыбдыры. Судың сыңғыры, құстардың шиқылыестіледі)

-Міне балалар орманда әр түрлі ағаштар көп. Мына екі ағашқа назар аударыңдар.Мынау үйеңкі ағашы. Ал мынау емен ағашы. Үйеңкінің жапырақтары пішіні жағынан әр түрлі, жиегі иректелген. Ал емен ағашыныңжапырағы өзгеше ,емен ағашы жеміс береді.

Балалар. Ағаш табиғаттың қай бөлігіне жатады. Өлі табиғатқа ма. Тірі табиғатқа ма?

Ағаштардың адам үшін қандай пайдасы бар?

Дидактикалық ойын: «Жапырағынан таны».

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі,

Кіп-кішкентай бөбектер ,

Үп-үлкен боп өседі:

Дидактикалық ойын: Ағаштарға жапырақтарын тауып берейік

.

Бүгін не туралы әңгімеледік?

Балаларды мақтап мадақтап аяқтау.

Күз мезгілі

Өз білгендерінше әңгімелейді



Тыңдайды




Көздерін жұмады


Таңқалысады





Тыңдайды






Сұрақтарға жауап береді



Ойынды ойнайды



Қимылмен орындайды




Сызба арқылы көрсетеді

Жауап береді

қуанады



Тақырыбы: Бауда ма, бақшада ма?

Мақсаты: Көкөністер мен жемістерді ажырата білуге үйрету

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы





Іздену ұйымдастырушы
















































Рефлекстік кезең

Шаттық шеңбері:

Жарқырайды күннің көзі,

Нұрын шашып далаға.

Күн сәулесін төгеді,

Бақыт сыйлап балаға.


Жұмбақ жасыру.

Іші жұмсақ сырты қатты.

Еті қызыл, суы тәтті.(анар)


Жер астында жез қазық,

Жеуге болар ас қазық.(сәбіз)


Дидактикалық ойын:»Сиқырлы қорапша»






Мен алмамын, алмамын,

Түрлі-түрлі боламын.

Көкпеңбек едім көктемде,

Қызарам күз жеткенде

Мен алмұртпын, ақылдым

Күзде жинап алатын

Бабыраған біреуін

Жесең тойыпқаласың

Мен жүзіммін, жүзіммен

Сөлі балдай шырынмын.

Тәттілігін біледі-

Ара менен шыбын

Мен өрікпін, өрікпін

Ерте ашам гүлін.

Қара өрік, сары өрік,

Табиғатқа көрікпін.

Мен шиемін, шиемін

Қызыл болып пісемін

Тезірек жинап алмасаң,

Торғайдың көзі түседі

Мен –анармын, анармын

Қабығы қалың болармын.

Мөлт-мөлт еткен түрлері

Моншақты еске саламын


Сергіту сәті:

Жел соғады гу-гу

Жаңбыр жауады тырыс-тырыс.

Жаңбыр басталады.

Күн ашылады.

 

Екі топқа бөлініп отырайық

Мүсіндеу орталығы:Ермексаздан алма мүсіндеу

Жапсыру орталығы:қағаздан қызанақ жапсыру


Екі топтың жұмыстарын салыстыру

Сұрақтар қойып жеміс пен көкөністің айырмашылықтарын айтқызу.

«Көкөністер достығы»ертегісін драматизациялау

Мақтау мадақтау


Шаттық шеңберінде қимылмен орындайды





Жұмбақтарға жауап береді







Ойынды ойнайды

Көкөністер мен жемістерді атайды



























Қимылмен орындайды





Екі топқа бөлініп тапсырмаларды орындайды





Екі топ жасаған жұмыстарын салыстырып әңгімелейді.


Ертегіні рөлдерге бөлініп құрады



Күтілетін нәтиже:

Қайта жаңғыртады: Көкөністер мен жемістер туралы білімдері кеңейеді:

Түсінеді: Жұмбақ шешу арқылы көкөністер мен жемістерді ажыратады:

Қолданады: Шығармашылық танытады:





















Білім беру саласы : Қатынас (Таным ,шығармашылық)

Бөлімі: Көркем әдебиет (қорщаған ортамен танысу, сурет)

Тақырыбы: Ас атасы – нан.

Мақсаты: Балаларды дихандар еңбегімен таныстыра отырып, нанның дастарханға жету жолдарын түсіндіру .Мақал-мәтелдер, Тыйым сөздер, сұрақ-жауап айтқыза отырып, балалардың сөздік қорын , тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Нанды құрметтеуге , еңбек етуге, еңбекті сүюге үйрету.

Алдын ала жұмыс: Нан туралы тақпақтар, мақал-мәтелдер айту, суреттер көрсету.

Көрнекіліктер: Бейнетаспа, суреттер, қуыршақ, бауырсақ, бидай т, б

Билингвизм: нан-хлеб


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы күш

Шаттық шеңбері:

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап ,

Судай таза көңілмен бүгінгі күнімізді бастайық.



Шуағын шашатын нұрлы күн

Қуантап бізді ерекше

Амансың ба алтын күн

Амансың ба жарқын күн.


Балаларға тілек шоғы гүлін ұйымдастаруды ұсынамын.



(Балалардың көңілін табиғат бұрышына аударамын)

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз мезгіліндегі үлкендердің еңбегі қандай?







Шаттық шеңберіне жиналып, дәңгелене тұрады.


Қимылмен орындайды.





Тілік айту арқылы гүл шоғын жинайды.





Білгендерінше жауап береді.

Іздену -ұйымдастырушы

Жарайсыңдар балалар!

Балалар бізге бүгін жұмбақшы атайдан хат келіпті. Хатта сендерге жұмбақ жасырыпты

Өсірер тың дала,

Көшірер қамбаға.

Айналар ұңға да,

Айналар нанға да.

Бұл жұмбақтық шешуін сиқырлы сандықшаның ішінен табамыз. (сандықша ішінен бидай шығады)


Балалар осы бидайдан не жасалатынын білесіңдер ма?

Білгілерің келеді ме?

Ендеше бейнетаспаға көңіл аударыңдар.(Бейне таспа арқылы нанның дастарханға келу жолын көрсетемін)


Таңқаларлық сәт:

Бауырсақ пен қуыршақ келеді.

Ой , балалар бізге қуыршақ Айгүл келді. Ол бізге жай келген жоқ. Мына бауырсақтың дастарханға қалай келгенін білгісі келіп, сендерден көмек сұрай келіпті

Бауырсақ: -Менің дастарханға қалай келгенімді білгілерің келсе менің тапсырмаларымды орындаңдар!

Қуыршақ:- Қайдан келдің , бауырсақ?

Бауырсақ:-Менің бірінші тапсырмам нан туралы тыйым сөздер, мақал-мәтелдер айтыңдар.

-Жарайсыңдар, балалар! Мен, дүкеннен келдім нан сатқан.

Қуыршақ:Дүкенге келдің қай жақтан?

Бауырсақ:екінші тапсырмам Еңбек туралы мақал-мәтел.


-наубайдан келдім нан жапқан

Қуыршақ:наубайға келдің қай жақтан?

Бауырсақ:-Үшінші тапсырмам нан туралы қандай өлеңдер білесіңдер?







-Диірменнен келдім ұн тартқан.

Қуыршақ:Диірменге келдің қай жақтан?

Бауырсақ:төртінші тапсырмам нан туралы қандай ертегі білесіңдер?

-Даладан келдім кең жатқан

Жер Анам мені көсілген,

Дихандар мені өсірген.

Қуыршақ: Ой балалар, нан дастарханға көп еңбекпен келеді екен ғой. Сендердің білімдерің арқылы білдім. Рахмет сендерге! (шығып кетеді)



Сегіту сәті:

Ептеп ептеп жерден бидай терейік

Тергеніңді торғайларға берейік

Тойған торғай томпаң қағып секірсін

Ол да біздей бойына күш алсын



Дидактикалық ойын: «Нан қайдан келеді»


Ұжымдық жұмыс:

Қауыз ішіндегі бидайды бояу




Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп ,

Торғайларға тастаңдар.


Мақтап, мадақтау!








(Бидай)



Бидайды ұстап көреді.



Жоқ

Ия

Бейнетаспа қарайды.





Таң қалысады, сәлесмдеседі , көмектесуге келіседі.








Нанды баспа.

Нанды бір қолмен үзбе.

Бар байлықтың басы-нан

т.б



«Жалқаудың жаны тәтті,

Еңбектің наны тәтті»

«Еңбек түбі –береке».




Ерте тұрып таңнан

Пісіреді анам ақ нан.


Бәріміз де жей тұғын,

Ең алдымен нан керек.

Көтеруге ел туын,

Қуат керек , әл керек.

Т.б

Бауырсақ ертегісі

Нан қайдан шығады? Ертегісі












Қимылмен орындайды





Шашылған суреттерді ретіне келтіре әңгімелейді


Қауыз ішіндегі бидайды сары түсті бояумен бояйды.



Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп ,

Торғайларға тастаңдар.





Күтілетін нәтиже:


Қайта жаңғыртады: Нанның дастарханға келу жолын біледі.


Түсінеді:Мақал-мәтелдер, тыйым сөздер, тақпақтар, ертегілердің мағынасын түсінеді.


Қолданады: Ұжымдық жұмыс жасайды.

Құстар – біздің досымыз
Мақсаты:
● Балаларға жалпы құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы түсіндіру;
● Балалардың белсенділігін, қызығушылығын, сөздік қорын, ой - өрісін дамыту;
● Құстарды қорғауға, қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: «Құстар – біздің досымыз» атты бұрыш, құстар туралы буклеттер, альбом плакаттар, құстардың дыбысы жазылған таспа, «табиғат» туралы сызба.
Өткізу әдісі: Сұрақ - жауап, ойын, түсіндіру, көрнекілік әдістер.
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық сәт.
Сұрақ - жауап.
● Табиғат дегеніміз не? Ол нешеге бөлінеді?
● Өлі табиғатқа нелер жатады?
● Тірі табиғатқа нелер жатады?
● Табиғат құбылыстарына нелер жатады?
«Табиғат» атты сызбамен жұмыс.
ТАБИҒАТ
Өлі табиғат

Жер, су, топырақ, ауа, күн, жұлдыз
Тірі табиғат

адамдар
Өсімдік -------- Ағаштар,
------------------- Бұталар,
------------------- Шөптер
жануар -------- Сүтқоректілер,
------------------- Құстар,
------------------- Бунақденелілер,
------------------- Жәндіктер
Ал енді өсімдіктер мен жануарлар туралы қаншалықты білетінімізді «Кім жылдам?» ойынымен байқап көрейік. /Топқа бөлу. Жауап берген балаларды сыйлықтармен бағалау/.
Сайыс түрлері --------------------------- 1 топ ----------------- 2 топ
1. Жеміс ағаштарын ата
2. Көкөністерді ата
3. Үй жануарларын ата
4. Жемістерді ата
2.Іздену ұйымдастырушы
- Балалар, енді мынау тақтадағы сөзжұмбақтар шешіп көрейік. Егер дұрыс шешсек, бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады. (Құстар)
1) Түгі қара мамықтай, төсі ақ сыр жаққандай.
Ұшса оқтай зулайды, көктен жұлдыз аққандай.
2) Тал басында, түндіксіз отау.
3) Өзі сақ, өзі ұсақ, шықылдап тұрмайды.
Құйрығы ұзын, өзі ала, Бұл қандай құс?
4) Орманда жоғары, ағашқа қонады.
Тұмсығын балға қып, тоқ - тоқ соғады.
5) Ақ сарайды талқандап, шықты біреу таландап.
6) Биікке салған ағаш үй, сол ғой оның мекені.
Жаздай сайран салып - ақ, қыста алысқа кетеді.
Жұмбақтың шешулері: қарлығаш, ұя, сауысқан, тоқылдақ, балапан, қараторғай.
Сөзжұмбақтың шешуі: «Құстар»
- Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызда біз құстар туралы көп нәрселерді үйренеміз.
1. Құстар туралы түсіндіру.
Тірі табиғатта жататын жануарлардың ең көп маңызды тобы құстар туралы болып есептеледі. Құстардың түрі өте көп. Оларды біз үлкен екі топқа бөлеміз. 1) Жабайы құстар, 2) Үй құсары.
Жабайы құстар табиғатта өз алдында тірщілік етеді. Құстардың пайдасы өте көп. олар табиғаттың байлығы саналатын ағаштарды, өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден тазартады. Құстар бір орында тұрмайды. Олар бір жерден екінші бір жерге ұшып - қонып жүреді. Барлық құстарға ортақ қасиет – олар ұшады, қанаттары, мамықтары, бәрінің тұмсықтары бар. Олар жұмыртқалайды, балапан басады. Айырмашылығына келсе, құстардың дене көлемі, пішіні, тұмсығы түсі, дыбыстары, тіршілік етуі бір - біріне ұқсамайды. Құстар өте пайдалы. Олардың етін, жүнін, мамығын, жұмыртқасын адамдар керегіне пайдаланады.
3) Ойын: «Қай құстың дыбысы?» /Дыбыс таспасына жазылған құсардың дыбысын табу/.
Құстар немен қоректенеді?
Біздің жақта қандай құстар қысап қалады?
«Ұшты - ұшты» ойыны.
«Құстар – біздің досымыз» атты бұрышпен таныстыру (бұрышта құстарға байланысты буклеттер, альбомдар, плакаттар, қанатты сөздер қойылған, ).
Қазақ халқы ежелден - ақ құстарға әуес болған, оларға деген шексіз сүйіспеншілігін дәріптеп, жақсы көретін адамды құстарға теңеу арқылы ықыласын білдірген.
Сергіту сәті:«Шөп - шөп шөжелерім» әнімен
- Балалар, бүгінгі құстар сабағымызды естіп ормандағы құстар ақ көгершін арқылы хат жіберіпті. Кәне, оқып көрейік.
Егер орманда жүрген балалар құстардың ұясынан жұмыртқасын алып кетпекші болса, сен не айтар едің?
Егер құстың ұясынан балапаны жерге түсіп кетсе, сен қалай істер едің?
3.Рефлекстік кезең:
1) Тыйым сөздер: Аққуды атуға болмайды. Құстың ұясын бұзуға болмайды.
2) Сұрақ - жауап әдісімен:
а) Құстардың қандай пайдасы бар?
ә) Құстар туралы тақпақтар білесің бе?
3) Құстар туралы мақал - мәтелдер:
а) Бұрап қойған сағаттай, айқайлайды таң атпай.
ә) Ерді талап ұшырар, құсты қанат ұшырар.
Қорытындылау: Түрлі сыйлықтармен мадақтау.



Күтілетін нәтиже:


Қайта жаңғыртады: Құстар туралы білімдері кеңейеді


Түсінеді:Құстардың тіршілігі туралы түсінігі артады.


Қолданады: Құстарға қалай қамқор болу керектігін біледі.






































Тақырыбы: Жәндіктер әлемі


Мақсаты: Жәндіктер әлемімен таныстыру. Ара, құмырсқа, өзіндік
ерекшеліктерімен таныстыру. Балдың денсаулыққа пайдасы туралы, құмырсқаның еңбекқорлық қасиетін түсіндіру. Жәндіктерге деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: қою, сұйық, араның үйі «омарта»
Қостілдік компонент: ара – пчела, бал – мед, құмырсқа – муравей, көбелек – бабочка
Керекті құралдар: Жәндіктер суреттері, араның үйі омарта, құмырсқа илеуі
Іс - әрекет кезеңі. Тәрбиешінің әрекеті
Шаттық шеңбері:
Балдырған баламыз,
Қашан да, қайда да,
Достар бір - біріне
Сенімді боламыз
Ұйымдастырушылық – ізденушілік
1) Жұмбақ жасыру: Балалар мына жұмбақтың жауабын дұрыс тапсаңдар, бүгінгі әңгімеміз не жайлы екенін білесіңдер?
Ызыңдап ән салады
Жұп – жұқа қанаты
Тәттіге тамсанып
Қоқысқа қонады Ол не? Шешуі: Шыбын
Гүлдерге қонады
Шырынын сорады
Түр – түсі сары – ала
Бұл не? Шешуі: Ара
Қылдай белі бүгілген
Өзінен де жүгі үлкен. Ол не? Шешуі: Құмырсқа
- Бұл жұмбақтар не жайлы, оларды бір сөзбен қалай атайды?
- Жәндіктер
- Балалар тағы қандай жәндіктерді білесіңдер? - Құмырсқа, көбелек, шыбын, ара
- Жәндіктердің аяғы нешеу? 4, 2, 6
- Олар иісті сезе ме? - Дәмді иісті мұртшаларымен сезеді
- Ұша алатын (секіретін, жорғалайтын) жәндіктерді атаңдар.
- Шегіртке, инелік, қоңыз, маса т, б
- Ең мазасыз жәндікті кім біледі? – Шыбын
- Қалай ойлайсыңдар, ара пайдалы жәндік пе, әлде зиянды жәндік пе?

2) «Аралар ойыны: Ойынды бастамас бұрын балалармен пікір алмасу жүргізу.
- Гүлзардағы гүлдерден қандай араларды көрдіңдер? - Олар қалай ызылдайды?
- Аралар гүлдерден бал жинайды. Оны аю жақсы көреді. Ол омартадағы балды жеуге тырысады. Аралар оны жолатпайды.
(Балалар араның Ыз – ыз – ыз – ызыңдағанын келтіреді)
- Тағы қандай жәндікті еңбекқор деп айтуға болады?
- Құмырсқаны
Құмырсқаның үйі неге «илеу» деп аталатынын түсіндіреді. (Құмырсқа суреті көрсетіледі) Біреуі илеу салады, бірі илеуге кіріп – шығатын жол салады, азық тасиды)
- Қалай ойлайсыңдар, құмырсқалар жалғыз тұра ма, әлде топтанып па?
- Құмырсқа қысқа азық жинай ма?
- Құмырсқаның илеуін бақылап, жауынның жауатынын қалай білуге болады? (илеуге кіретін тесікті бекітіп тастайды)
3) Ой тастау:
- Егер жәндіктер жер бетінен мүлдем жойылып кетсе, не болар еді?
- Жазда қандай жәндіктерді кездестірдіңдер?
- Жазда олар көп бола ма?
- Жәндіктер қайда қыстайды? Кейбіреуі құрт, қуыршаққа айналады, ал үлкендері өледі. Кейбіреуі тасалау жерге тығылып, ұйқыға кетеді.
4) Көзге арналған жаттығу: Көбелектің сендермен ойнағысы келеді. Сендер оның қалай ұшатынын байқап, көздеріңмен артынан ілесіп отырыңдар. Көбелек жоғары, төмен, оңға, солға ұшады.
- Көбелек қайда ұшты? Жоғары, төмен, оңға, солға. Балалар көбелек сияқты ұшады, гүлге қонады, шырынын ішеді, ұшып қайтадан орындарына отырады.
Рефлективтік - түзетушілік
Ұ. о. іс – әрекетін қорытындылау: «Қиынды суреттер» ойыны. Араның, көбелектің, құмырсқаның суреттері 2, 3, 4 бөлікке қиылған. Балалар қиындылардан жәндіктердің суретін құрастырады.

Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: Жәндіктерді қорғауды аялауды білуі керек
Нені игереді: Жәндіктерден достықты, еңбекқорлықты үйренуді меңгерді
Нені біледі: Кез – келген жұмысты достарымен бірлесе істеген оңай екені

















Тақырыбы: Табиғатты ажырата біл

Мақсаты: Жылдың төрт мезщгіліне сай суреттерге қарап әңгімелеп ажырата білуге үйрету;

Көрнекіліктер: Суреттер


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы







Іздену ұйымдастырушы























Рефлекстік кезең



Шаттық шеңбері:

Амансыңба ,Алтын күн!

Амансың ба, Жер Ана!

Амансың ба, достарым!

Сендерді көрсем қуанам!

Жылдың неше мезгілі бар?

Қазір жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілінің айларын атап шығыңдар.

Ал енді балалар мен саендерге «Бұл қай кезде болады» өлең жұмбақты оқимын, сендер қай мезгіл туралы айтылғанын айтыңдар(өлеңді оқимын)

Сендерге қай мезгіл ұнайды?

Несімен ұнайды?

Сергіту сәті:

Жаңбыр, жаңбыр жауасың

Жанымызға дауасың,

Біз ойнайтын ауланың,

Тазартасың ауасын

Жұмбақтар жасыру:

Аспаннан домалап,

Көп моншақ төгілді.(жаңбыр)


Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ қашады.(жел)


Аппақ-аппақ көбелек,

Жерге қонар себелеп(қар)


Суретпен жұмыс:

Жыл мезгілдеріне сай бейнеленген суреттерді әңгімелеп беру

Ойын: «Жер, су, ауа»


Қорыту

Қимылмен орындайды





Төрт мезгіл бар

Күз

Қыркүйек, қазан, қараша



Көктке, жаз, күз, қыс



Жауаптары тыңдалады




Қимылмен орындайды






Жауаптары тыңдалады







Суретке қарап әңгімелейді

Ойынды ойнайды

Сұрақтарға жауап береді


Күтілетін нәтиже:


Қайта жаңғыртады: Жыл мезгілдері туралы түсініктері дамиды;

Түсінеді: Өлең оқып беру арқылы жыл мезгілдерін ажыратады:

Қолданады: Суретке қарап жыл мезгілдерін әңгімелейді


Қыс қызығы


Білім беру саласы: Қатынас
Ұ. о. іс - әрекеті: Көркем әдебиет
Ұ. о. іс - әрекетінің тақырыбы: Қыс қызығы.(Сурет бойынша).
Ұ. о. іс - әрекетінің мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейтіп, сөздік қорын байытумен бірге, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Қыс мезгілінің ерекшелігін ажырата біліп, көргендері мен байқағандарын дұрыс баяндауға, нені, кімді, кімдерді, қандай деген сұрақтарға нақты жауап беруге, сурет мазмұнына сай әңгіме құрап айтуға үйрету.
Табиғатты аялауға, әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Сықырлауық, шаңғы, хоккей, коньки сөздерін сөздік қорларына енгізе отырып, ойлау, көріп тану, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Балаларды жігерлендіру.
Ұ. о. іс - әрекетінің әдіс - тәсілі: Қуанышты сәт, сұрақ - жауап, көрсету, әңгімелеу, түсіндіру, тренинг қорыту, елестету, ән айту, жалғастыру.
Ұ. о. іс - әрекетінің көрнекілігі: Қыс бейнесі бейнеленген үй, шаңғы, коньки, хоккей үлгілері, компьютер, суреттер, қысқы ағаш.
Сөздік қор: Сықырлауық, шаңғы, коньки, хоккей.
Сөздік жұмыс: Сықырлауық, шаңғы, коньки, хоккей.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық қозғаушы

Іздену ұйымдастырушы
Рефлексивті коррекциялаушы

- Балалар, сендер аяздан қорқасыңдар ма?
- Далаға шыққанда тоңасыңдар ма?
Егер тоңатын болсаңдар, қане бір - бірімізді жылытайықшы /үрлеу әдісі/
- Қане, жылындық па?
Жылынып, болсақ, бір сәт өзімізді сыртта, таза ауада тұрғандай елестетейік.
- Балалар айналаның бәрі қандай?
- Қардың түсі қандай?
- Ауа қандай?
- Мұның бәрі қай мезгілде болады?
- Дұрыс айтасыңдар, міне қазір қыстың нағыз қақ ортасы. Бұл мезгілді «Сықырлауық» қыс деп атайды. Далада жүргенде қардың үсті сықырлайды екен. Тыңдасаңдар сықырлаған дауыс естіліп тұрады.
- Қане, қайталап жіберейік, қандай қыс?
- Біз қыстан, аяздан қорықпаймыз, жылы киініп, далада ойнаймыз. Сендер қыста далада ойнайтын қандай ойындарды білесіңдер?
Ал бұдан да басқа қыста – шаңғы, коньки, хоккей ойындары бар екен. Біздің жақта бұл ойындар көп ойнала бермейді, сондықтан біз бұл ойындарды біле бермейміз.
- Міне, мынау құралды - «шаңғы» деп атаймыз. Шаңғыны аяғымызға киіп алып, қолымызда екі таяқшасын ұстап, биіктен төменге қарай сырғанаймыз, жоғарыдан төменге тез түсеміз.
Мынау коньки. Бұл конькимен мұз үстінде ойнаймыз.
- Мына таяқша хоккей таяғы деп аталады. Хоккей ойыны да мұзда ойналады. Аяғымызға коньки киіп хоккей таяғын қолымызға ұстап, мұз үстінде сырғанап жүріп ойнаймыз.
- Қане, бәріміз бұл ойындардың атын қайталап жіберейік.
Ал енді, балалар, қазір бәріміз мұнда назар аударайық.
- Бұл суреттен нені көріп тұрсыңдар?
Дұрыс айтасыңдар, бұл суретте қыс мезгілі бейнеленген. Осы суреттен көріп тұрған балаларға ат қояйықшы.
Шанасы бар бала кім?
Аққала жасап жатқандар?
Шаңғысы бар бала?
Қар үстінде жатқан балалар?
Шанамен сырғанап жүргендер? Қар әкеле жатқан кім?
Сурет бойынша әңгіме.
Мен сендерге бұл сурет бойынша әңгіме айтып берейін, қане, бәріміз мұқият тыңдап алайық.
- Түнде далада қар көп жауып, айналаның бәрін аппақ қар басқан. Балалар ғажайып қысқы табиғат аясында ойнап жүр.
Бейбарыс, Ақниет, Анель қардан домалатып «Аққала» жасапты. Оларға Гүлсезім көмектесіп, қар тасып жүр. Аққала өте тамаша болып шықты, балаларға қарап күліп тұр. Дат – шанамен, Бекжан – шаңғымен ойнап жүр. Олар балалардың аққаласына қызыға қарап қояды. Сырғанақта шанамен сырғанап жүрген Ғания мен Перизатта балаларға риза болды.
Барлық балалардың ойындарына риза болған Бағжан мен Ақниет өздерінің Аққаласын қалай жасайтындарын ойлап, қар үстінде жатыр.
- Балалар, сендерге әңгіме ұнады ма? Әңгіме қызық па?
Олай болса, қане орнымыздан тұрып, бәріміз тағы да бір далаға шығып, Аққала жасап көрейік.
- Біз қазір далада тұрмыз, жердің бетін қар басқан, қане басып көрейікші.
Енді алға еңкейіп жерден қарды алып, ұстап домалатамыз, үлкейту үшін жерге қойып, домалатып алайық.
- Аққала неше бөліктен тұрады?
Үлкен бөлігін жасап болдық, енді екінші бөлігін жасайық, оны қайда қоямыз?
- Енді қай бөлігін жасаймыз?
- Басына не кигіземіз?
- Көзі, аузына не саламыз?
- Мұрнына не істейміз?
Байқаңдар, балалар, биыл қоян жылы ғой, қояндар сәбізді жеп кетпесін.
Аққаламыз дайын болды, оң жағынан бір, сол жағынан бір қарайық. Аққаламыз әдемі болды ма?
- Жарайсыңдар, балалар.
Енді қайтадан суретке назар салып, сурет бойынша әңгіме айтайық. Қане, кім бастайды.
Жалғастыру әдісі бойынша әңгімелеу.
Балалар қазір қысқы ойын ойнап жіберейік.

Оқу іс - әрекетін қорыту, балаларды мадақтау.
Астана - Азиядадан жарнама көрсету. Азияда туралы айтып өту. Балаларды жігерлендіру.
- Қорықпаймыз
- Тоңбаймыз, тоңамыз
Балалар алақандарын алға тосып, үрлеп қимылдар жасайды.
Жылындық.

Айнала аппақ.
Қардың түсі аппақ.
Таза, әдемі.
Қыс мезгілінде

Сықырлауық қыс.

Аққала, қар атысу, сырғанақ шанамен
Шаңғы, коньки, хоккей.
Аппақ дала, қар, балалар, аққала, шана, шаңғы, т. б.

Дат
Бейбарыс, т. б.
Бекжан
- Ұнады
- Қызықты
Қимылдар жасайды.

- Үш бөліктен
- Үлкен бөліктің үстіне
- Кішкентай бөлігін
- Шелек
- Көмір
- Сәбізден

Қимылдар жасайды.
Балалар жауабы.

Күтілетін нәтиже:


Қайта жаңғыртады: Қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы біледі:

Түсінеді: Қысқы ойындар туралы әңгімелейді:

Қолданады: Қысқы ойын кезінде қызығушылық танытады; Қысқы ойындарды атап, сурет бойынша әңгімелей біледі.







































Табиғатты аялайық!


Мақсаты: Қоршаған орта, табиғат пен тіршілік арасындағы байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту. Ойлау есте сақтау және зерделеуін дамыту, сөздерді анық айтуға машықтау және сөйлеу мәдениетін қалыптастыру табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу, жаратылыстың әрбір заты мен мүшесін құрметтеуге, қоршаған ортаны қорғауға, сақтауға үйрету. Сүйіспеншілік, мейірімділік қасиеттерін дамыту.
Көрнекілік: бөлме гүлдері, гүл қопсытқыш, табиғаттың суреті.
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ – жауап, әңгімелеу
Шаттық шеңбер:
Армысың қайырымды Жер - Ана,
Армысың, мөлдір таза су
Армысың шұғылалы Алтын - Күн
Армысың мейірімді Аспан - Ата
Т:- Біз қазір неге ұқсап тұрмыз?
Б: - Күнге
Т:- Иә балалар жер бетіндегі тіршілік атауының қайнар көзі – күн.
Ол бізге не үшін керек?
Б: Күн бізге жарық, жылу береді
Т: Бәріміз күнге қолымызды созайық!
Күннен не алдық?
Б: Жылу алдық
Т: Осы күннен алған жылуымызды бір - бірімізге таратайық
- Балалар жылдың қай мезгілі?
Б: Қыс
Т: Қыс айының соңғы күні, ертең көктем айының алғашқы күні басталады
Қыс айларында күн қандай болды?
Б: Қыс айында күн суық, аяз, боран және қар жауды
Т: Табиғат дегеніміз не?
Табиғат дегеніміз - бізді қоршаған орта, оған (аспан, су, ағаш, гүлдер, өсімдіктер, күн) жатады. Табиғат өздігінен, адамның қатысуынсыз жаралған табиғи заңдылық. Ол тірі және өлі табиғат болып екіге бөлінеді. Тірі табиғатқа – ағаш, гүл, шөп, т. б олар өздігінен өседі. Өлі табиғатқа су, тас, құм жатады. Олар өспейді, дем алмайды, денесінде жаны жоқ.
Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Біз оған ұқыптылықпен қарауымыз керек. Бау - бақшада және өсіп тұрған ағаштар мен гүлдерге қомқорлық жасау керек.
Күн, су, ауа, гүл, адам айтысы
Күн:
Мен шуақты күнмін! Мен бәріне жылуымды, нұрымды, беремін. Егер мен болмасам табиғатта болмас еді. Сондықтан табиғатқа көрік беріп тұрған менмін!
Су
Мен мөп - мөлдір, тап - таза, сыңғырлаған сумын. Мен болмасам осындай сұлу табиғат болар ма еді? Табиғатқа көрік беріп тұрған менмін
Гүл:
Мен әсем гүлмін! Егер мен болмасам жер үсті жайнайтын ба еді? Менің арқамда табиғат әсем болып тұр. Табиғатқа көрік беріп тұрған мен ғана.
Ауа:
Мен таза ауамын! Табиғаттағы барлығы мен арқылы демалады Егер мен болмасам ешкім тіршілік ете алмас еді. Табиғатқа ең керекті менмін.
Адам:
Мен дүниедегі ең күшті, ақылды адаммын. Менен асқан ешкім жоқ бұл жалғанда. Сондықтан да бұл өмірдің иесі де киесі де менмін.
- Дұрыс айтасыңдар!
Күн болмаса жарық жылуды қайдан аламыз.
Су болмаса өсімдіктерді, қалай суарамыз
Ауа болмаса қалай тыныс аламыз
Гүл болмаса табиғатымыз әдемі болмайды
Адам осы қоршаған ортадағы талдарға өсімдіктерге пайдасын тигізеді, күтіп баптайды.
Т: Қысқы гүлдер бағына саяхатқа шығамыз.
«Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі»
Т: Балалар, бізге гүлдер не үшін керек?
Б: Бөлменің ауасын тазартады, біздердің көңіл - күйлерімізді көтеру үшін, біз гүлдерге қарап қуанамыз, әдемілік үшін қажет.
Т: Кейбір жәндіктердің де өмір сүруі гүлдерге байланысты. Гүлдер көп жақсылықтар сыйлайды. Егер де гүлдер жоқ болса не болар еді?
Б: Көңіл – күйіміз төмендейді адамдар қатал болады, жәндіктер жайылып кетуі мүмкін.
Топтық жұмыс:
- Қане балалар, гүлдерді аялау және қамқорлық көрсету мақсатында мына гүлді алайық. Бұл гүл шегір гүл (фиалка) деп аталады. Оның гүлінің түсі күлгін, жапырағы дөңгелек, түкті болып келеді. Жапырағы түкті болғандықтан біз оны сүрте алмаймыз. Біз оның жапырағын тазалау үшін суды бүркіп себеміз.
Т: Гүлдер өте нәзік, мейірімділікпен күтіп, баптау керек
Гүлдердің жылылығын, нәзіктігін, әдемілігін неге теңеуге болады?
Б: Анаға, күнге, әнге, қыздарға теңейді
Т; Гүлдің тамыры, сабағы, жапырағы, күлтесі болады.
Балалар енді біз енді мына гүлге қарайық?
Бұл гүлдің аты - фикус
Кәне бәріміз қосылып бірге атайықшы? Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.
Т: Гүлдің түсі қандай?
Б: Жасыл
Т: Ал, айта қойыңдаршы, жапырағы қандай?
Б; Гүлдің жапырағы үлкен, әрі жалпақ.
Т: Гүлдің түбін қалай қопсытып, қалай су құю керектігін түсіндіреді
Балалар гүлге су құяды. Балалар гүлдің топырағын қопсытуға, су құюға, жапырағының шаңын сүртуге қатыстырып көрсету.
Су ішпесе, шаңы сүртіліп, тазаланбаса гүліміз қурап қалады
Сендердің аналарың өздеріңді қалай баптап қараса, гүлді де солай күтіп қарау керек
Көрдіңдер ме, балалар, гүлді баптап күтсек, олардың жапырақтары көбейіп, үлкен болып өседі. Гүлдерге ауа, су. Күн қаншалықты қажет болса, күтім де соншалықты қажет.
Т; Енді гүлді қалай отырғызу керектігін үйренеміз. Барлығымыз мұқият қарап отырыңдар. Бөлме гүлін отырғызамыз
Құнарлы қара топырақ толтырылған гүлдің құтысын алып, ортасын кішкене тереңірек етіп қазып гүлдің құтысын алып, ортасын кішкене тереңірек етіп қазып гүлдің көшетін тамырын үзіп алмай кішкене шұңқырға саламыз
Түбіне су құямыз
Түбін жақсылап топырақпен нығыздап басамыз, үстіне тағы су құямыз
Міне, гүлімізді отырғыздық гүліміз әдемі болып өсу үшін тағы су құямыз
«Табиғатты аялайық» ойыны
Әр бала табиғат түрлерін плакатқа жапсырып, табиғат көрінісін бейнелейтін тиым сөздер айту
Гүлді жұлуға болмайды, гүлді аялау керек.
Ағашты кесуге болмайды, ол бізге таза ауа береді
Суды ластауға болмайды, сусыз өмір жоқ
Күнімізді бұлт баспасын
Көбелекті өлтірмеңдер, ол - әдемілік белгісі
Құсты атуға болмайды, құс адамның досы
Жасыл шөпті жұлуға болмайды, ол жерімізге көрік беріп тұрады
Аңдарды қорғауымыз керек, ол біздің байлығымыз
Асқар тауларымыз биік болсын
Т: Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ.
- Кәне, балалар барлығымыз қонақтармен қоштасайық.
Кәне барлығымыз тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық
Көріскенше күн жақсы,
Сау - саламат болайық
Сау болыңыздар!


Қысқы орман (Қысқы аңдар өмірі)


Тақырыбы: «Қысқы орман» (Қысқы аңдар өмірі).

Мақсаттары: Қыс мезгілінің құбылыстары мен қыс табиғатының ерекшеліктері туралы білімдерін нығайту, балаларды жабайы аңдардың қыс
қы өмірімен таныстыру, өмір сүру жағдайлары туралы мағлұмат беру.
Сурет бойынша әңгіме құрастыру шеберлігін жетілдіру.
Қойылған сұрақтарға толық жауап беруін қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуін жетілдіру, сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыру, дыбыстық
жаттығулар арқылы дыбыстық артикуляциясын жасау. Тілін дамыту.
Табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту, қоршаған әлемге, тіршіліктің бәріне мейіріммен қарауға тәрбиелеу. Оларды қорғай білуге тәрбиелеу.

Керекті құралдар: «Қысқы орман» картинасы, жабайы аңдардың суреттері.
Кубик, костюмдер.
Әдіс - тәсілдер: Алдын - ала жұмыс (аңдар туралы тақпақтар үйрету) Өлеңді мәнерлеп оқып беру, суретпен әңгіме, сұрақтар қою.
жұмбақтар шешу, тақпақтар айту, жаңылтпаштар айту, жабайы аңдар туралы тақпақтарды пысықтау, мақал - мәтелдер айту.
Жаңа сөздер: аюдың апаны, жаңғақ, күртік қар.
Билингвальды компонент: Қыс - зима, орман - лес, қасқыр - волк, қоян - заяц, түлкі - лиса, аю - медведь.
«Кубизм» стратегиясы: кубиктің қырларына жабайы аңдар суреттерін қою арқылы, кубикті лақтырып, сол аң туралы тақпақ айтқызу.

Шаттық шеңберімен бастау. Қол алысып, қане біз, (қол алысады)
Достасайық бәріміз. (Бәрі құшақтасады)
Армысың Алтын күнім! (Екі қолын жоғары көтереді)
Армысың Балабақшам! (Жан - жағына қарайды)
Армысың достарым, (достарына қарайды)
Сіздерді көргеніме қуаныштымын. (Қолдарын шапалақтайды)
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,
Бәріңізге амандасып,
Басымызды иеміз біз.

Тәрбиеші: Ал балалар, қазір жылдың қай мезгілі еске түсіріп жіберейікші,
Балалар: - Қазір жылдың қыс мезгілі.
Тәрбиеші: Қыс айларын атап беріңдерші?
Балалар:- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Тәрбиеші:- Балалар қыс мезгілінде табиғатта қандай құбылыстар болады?
Балалар -: Су қатады, қар жауады, боран болады, айналаның бәрін қар басады.
Тәрбиеші:- Дұрыс айтасыңдар, балалар айналаның бәрін ақ қар басады. Жерді, тауды, тасты, орманды бәрін қалың қар басады. Ормандағы ағаштардың бәрі ақ көрпеге оранғандай болады. Қысқы орманның балалар ауасы таза, табиғаты тамаша болады.
Мен қазір сіздерге «Қысқы орман» туралы өлең оқып берейін:

Қалғиды қысқы орман,
Мүлгиді қысқы орман,
Айырылып қалған соң,
Жаздағы құстардан,

Ақ желек жамылып,
Көк моншақ тағынып,
Ұйықтайды қысқы орман,
Көктемді сағынып,

Аюы, қояны ұйқыға тояды,
Жел тұрса қысқы орман
Сілкініп қояды.

Міне, балалар өлеңде не туралы айтылып тұр екен? Дұрыс айтасыңдар қысқы орман туралы, аңдары туралы айтылып тұр екен. (Балалар өздерінің ойларын айтады).
Ал енді балалар қысқы орман туралы сурет қарайық, нелерді көріп тұрмыз, қане кім әңгімелеп береді? Балалар ортаға шығып көргендерін әңгімелеп айтып береді. Орманда ағаштар өте көп. Қар бәрін басып тастады.
Ақ қоян қардың үстімен жүгіреді. Тиін ағашта секіріп жүр.

Жеке жұмыс: Қажетінше балаларға байланыстырып сөйлеуге демеу беру.
Балалар мына суретте жабайы аңдарды көріп тұрсыңдар, ал жабайы аңдар қандай аңдар? Балалар атап береді. Орманда өмір сүреді, өз қоректерін өз дері табады. Оларға аю, қоян, қасқыр, түлкі, кірпі жатады.

Тәрбиеші: Жабайы аңдардың тіршілігі қыста қиындау болады. Тоңады, ашығады. Қыста қоянның түсі ақ болады. Ақ қарда қоянды байқау өте қиын, ол қорғаныш қызметін атқарады. Түлкіде қардың астынан тышқан іздейді, өтірік өлген болып, қулығын асырады. Ал, қасқыр ет іздеп жорытады. Ал аю болса, жаз бойына жинаған майынан қорек алып, қыс бойына ұйқыға кетеді. Кірпі болса, күндіз ұйықтап, түнде қорегін аулауға шығады. Кірпі өте сақ, өзіне қауіп төнсе домалана қалады. Ал, кішкентай тиіндер ағаштан - ағашқа секіріп тыным таппайды. Құйрықтары ұзын, жүндері үлпілдек. Адамға бауырмал, оған қолыңмен нан ұсынсаң, ол төменге түсіп алады.

Балалар тақпақ айтады: («Кубизм» стратегиясы бойынша)
«Мен тиінмін, тиінмін».

Мен тиінмін, тиінмін.
Қысқа жылы киіндім,
Қоймам толы жаңғаққа
Іші жылы үйімнің.

«Ақ қоян»
Ақ қоян - ау, аққоян,
Ұзын құлақ, сақ қоян,
Қаша берсең, орманға
«Қорқағым» деп ат қоям.

«Қу түлкі»
Түлкі, түлкі қутыңдайсың,
Айналаңнан тың тыңдайсың,
Қанша қулығыңды асырсаң да,
Қасқырдан сен құтылмайсың.

«Қасқыр»
Қасқыр орманда жортады,
Аяздан ол қорқады,
Аспанға қарап ұлиды,
Малды ауылды ториды.

Сергіту сәті:


Қоян, қоян секеңдейсің, (балалар қоян болып секіреді).
Мұздан қарғып өтем дейсің (Аяқтарын алға қарай адымдап басады)
Тайып, құлап түстің, (Қол қимылымен көрсетіп сұрайды).
Не болды ал, үстің? (Екі қолын алдына созып, көрсетеді)

Тәрбиеші: Балалар, енді жұмбақ жасырайын:
Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады.(қар)
Қалқиып екі құлағы, елеңдеп қорқып тұрады. (қоян)
Итке ұқсайды, ит емес, адам берген азықты ол жемес.(қасқыр)
Өзі айлакер, қу жүрген жері айқайда шу.
Қызылқұмда қызыл қыз қутыңдайды.(түлкі)
Қорбаң - қорбаң етеді, орман оның мекені,
Тәтті балға тойып ап, қыста ұйқыға кетеді. (аю)
Денесінде көп ине, іс тікпейді әрине. (Кірпі)

Халық болжамдары және мақал - мәтелдер айту.
- Қар көп болса, нанда көп болады.
- Қыс қарымен көрікті, күз дәнімен көрікті.
- Қыс қарлы болса, жаз жаңбырлы болады.
- Аспанда жұлдыз көп болса, күн аязды болады.
- Түтін тіке шықса аяз болады.
- Бала мен ит ойнаса боран болады.

Дыбыстық жаттығулар жасау: Боран қалай ұйытқиды у - у - у - у - у - у - у - у.
Күртік қар қалай сықырлайды. Қырт - қырт, қырт - қырт.
Қасқыр қалай ырылдайды р(- р - р - р - р - р - р).
Аю қалай ақырады. О - о - о - о - о - о - о -.
Тиін жаңғақты қалай шағады. Шық - қық, шы - қық, шы - ық
Балалар қолы тоңғанда ай - ай - ай – ай ой - ой - ой - ой - ой дейді.

Жаңылтпаштар айтып үйрену. 1. Түлкі айлалы аң, айлалы аңға айла
пайдалан.
2. Қыста суық түсті, құлағым үсті, үсті.
3. Мұз – тұз, тұз - мұз, бәріде тұз бен мұз.

Жаңа сөздерді қайталап айту. Аюдың апаны. (Апан деген сөзге түсінік беру)
Күртік қар.(күртік деген сөзге түсінік беру)
Жорытады. (жүгіреді, азығын іздеп, орманды аралайды)
«Мозайка» құрастыру. «Түлкі», «Қоян», «Аю»

Мақсаты: Қима суреттерді құрастыру арқылы аңның сұлбасын құрастыру.
Баланың ой - өрісін, танымдық қабілетін дамыту.
«Аңдардың қимылы». Сазды әуенмен билейді. Ортаға түлкі костюмімен
бала шығады, оған ілесе балалар қимылын салып билейді, осылайша аю, қас
қыр, қоян шығады. Балалар аңдардың қимылына салып, көңілдене дөңгелене билейді.

Тәрбиеші: Балалар біз не туралы әңгімеледік? Қандай аңдардың өмірімен
таныстық? Қысқы орман сіздерге ұнады ма? Ненің суреттерін құрастырдық?
Тәрбиеші белсенді қатысқан балаларды мадақтап, қорытындылайды.



қайту Күтілетін нәтиже:


Қайта жаңғыртады: Қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы біледі:

Түсінеді: Аңдардың қысқы тіршілігі туралы білімдері кеңейеді

Қолданады: Аңдар сұлбасын құрастырады, қимылмен келтіреді;



































Аңдардың қысқы тіршілігі

 

Мақсаты: Балаларды жабайы жануарлардың қысқы тіршілігімен таныстыру. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер жайлы білімдерін жетілдіру. Шығармашылық жұмыстарға қызығушылықтарын арттыру, ой – қиялдарын іс жүзінде көрсете білуге үйрету. Желіммен, қылқаламмен жұмыс жасау дағдыларын бекітуді жалғастыру. Жан – жануарларға қамқор болуға, ұқыптылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Құралдар: Ойыншықтар қоян мен тиін, кәрзеңке, жабайы аңдар суреттері, қоянның кескіндемелері (әр балаға)
Сөздік жұмыс: Үлпілдек, мамық, түбіт, апан, ін.

Сабақ барысы:
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бізге орманнан қонақтар келіпті, қане айтыңдаршы мынау не?
Балалар: Тиін
Тәрбиеші: Ал мынау не?
Балалар: Қоян.

Тәрбиеші: Балалар мен қазір сендерге осы қоян мен тиін жайлы бір оқиға айтып берейін, мұқият тыңдап отырыңдар.
Орманда қоян мен тиін өмір сүріпті, екеуі дос болыпты. Жазда олар алаңқайда асыр салып секіріп алаңсыз ойнапты. Күн суытып күз түседі, тиін өзіне ағаштың жіңішке бұталарынан кәрзеңке тоқып отырады, қоян келіп:
– Бұл не? – деп сұрайды.
– Кәрзеңке – деп жауап береді тиін.
– Оны қайтесің – дейді қоян таңғалып.
- Бұл жай кәрзеңке емес, бұл менің нағыз көмекшім – деп жауап беріпті тиін.
– Сонда қалай, кәрзеңке қалай көмекші болады – деп қоян иығын бір көтеріп, ештеңе түсінбей өзінің ұяластарымен әрі қарай ойнап кете береді.

Тәрбиеші: Балалар айтыңдаршы тиінге кәрзеңке қалай көмекші болады, тиін онымен не істейді?
Балалар: Тиін оған жаңғақ, бүршік, саңырауқұлақтар салады.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар күз түсіп, қыс келе бастағанда тиін өзінің ағаш қуысындағы үйіне жаңғақ, бүршік, саңырауқұлақтар тасып, қысқа мол қылып азық жинайды. Өйткені қыста жердің бетін аппақ қар басып қалады да, жаңғақта, саңырауқұлақта табылмайды.
Тәрбиеші: Балалар айтыңдаршы қоян мен тиін үй жануары ма, әлде жабайы жануарлар ма? Олар қайда тұрады?
Балалар: Жабай жануарлар, орманда тұрады.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, олай болса жабайы жануарлардың қыста қалай тіршілік ететінін білгілерің келе ме?
Балалар: Иа.
Тәрбиеші: Ендеше менің мынандай сыйқырлы сандығым бар. Оның ішінде бізге қажетті заттар бар. Бірақ бұл жай ашылмайды, оны тек сиқырлы сөзбен ашуға болады, қане маған көмектесіңдерші.
Ғажайып сандық,
Сыр сандық.
Кілтіңді алайық,
Құлпыңа салайық.
Қақпағыңды ашшы,
Құпияңды шашшы.
Сандықтың қақпағы ашылып ішінен тиіннің суретін алып шығып ол туралы әңгімелеу.
Тәрбиеші: Балалар мынау өзімізге таныс тиін ғой, тек жүнінің түсі басқаша екен бағана қызғылт еді, ал суретте сұр? Балалар тиіннің түсі неге өзгерді екен?
Балалар: қорғану үшін.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, күзде тиін түлейді, қызғылт жүні түсіп орнына сұр түсті жылы жүн өсіп шығады. Сұр түс оған ағаш басында жыртқыш аңдарға көрінбей өмір сүруге керек, ал үлпілдеген жылы тон қыста суықтан қорғайды. Тиін өзінің ағаш діңіне салған үйіне кіріп жылы мамық құйрығын жамылып қысқа жинаған азығын жеп қыстан аман - есен шығады. Енді тиін туралы тақпақ тыңдайық.

Қыста жылы киіндім,
Қоймам толы жаңғаққа
Іші жылы үйімнің.
Тәрбиеші: енді келесі жануармен танысайық.
Ол үшін бірінші жұмбақ шешіңдер
Үсті толы ине
Бірақ та іс тігіп,
Қадамайды түйме
Балалар: кірпі.
Тәрбиеші: дұрыс бұл кірпі, кірпі бір түрлі ашулы сияқты. Ой балалар біз оны оятып жіберіппіз. Күздің соңында кірпі өзінің шөп төсеген інінде домаланып алып ұйқыға кетеді. Ол қыстай ұйықтайтындықтан, оған тиін сияқты қысқа азық жинаудың қажеті жоқ. Тек күзде ұйқыға жатарда жақсылап тамақтанып, терісінің астына көп май жинап алады. Сондықтан оның қыстай қарны ашпайды. Кірпі қыс кетіп, көктем туып, күн жылынғанда бір-ақ оянады. Ал енді қазір кірпінің ашуын басу үшін ол туралы саусақ ойынын ойнайық
Мен ашулы кірпімін
Көрінгенге түрпімін
Үстім толы ине
Есің болса тиме
Келсе егер түлкі
Түйреп алам түрпі.

Тәрбиеші: Балалар кірпі сияқты қай аң қыс бойы ұйықтайды.
Балалар: Аю
Тәрбиеші: Ал ол қайда ұйықтайды?
Балалар: Апанда.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар аю күз бойы көп тамақ жеп денесіне көп май жинайды да, қыста көктем туғанша ұйықтайды. Аю туралы қандай тақпақ білеміз.
Тәтті көрсе бас салар,
Аумайды жас баладан.
Үп-үлкен боп жасқанар,
Кіп-кішкентай арадан.
Тәрбиеші: Ал енді мына жұмбақ қай жануар туралы екен мұқият тыңдаңдар.
Өзі айлакер,
Өзі қу.
Жүрген жері айқай шу.
Балалар: түлкі.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, түлкі де қысқа дайындалады оның жүндері қалыңдап өсіп жылы тонға айналады. Ал сендер қалай ойлайсыңдар түлкі жүнінің түсін өзгерте ме?
Балалар: жоқ.
Тәрбиеші: Иә түлкі түсін өзгертпейді, өйткені оған ешкімнен тығылудың қажеті жоқ, ол өзі жыртқыш аң. Ал түлкінің үйі қалай аталады?
Балалар: Ін
Тәрбиеші: Иә түлкі інде тұрады. Сол жерде демалып ұйықтайды. Сосын қоян, тышқан аулауға шығады.
Тәрбиеші: Ой балалар біздің қоян тағы келіпті. Ол сендерге жаттығу жасауды ұсынады.
Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы - қырлы жерлермен
Ытқып - ытқып жүгірді.
Тәрбиеші: Балалар айтыңдаршы қоян қысқа қалай дайындалады.
Балалар: Түсін өзгертеді.
Тәрбиеші: Иә балалар, ол өзінің сұр тонын, жылы да аппақ тонға ауыстырады. Сосын жыртқыш аңдардан қорғанып, қардың түбінде құлағын жымырайтып, көзін жұмып ақ қардан аумай отыра қалады.
Тәрбиеші: Ал қоян қысқа азық жинай ма?
Балалар: Жоқ
Тәрбиеші: Иә қояндар қысқа азық жинамайды. Олар ағаштардың бұтасын, тамырын кеміріп қоректенеді. Сол себепті бағана қоян тиіннің кәрзенкесіне таңғалған еді.
Тәрбиеші: Балалар біздің қоян өзінің жүнінің түсін ауыстырмапты. Енді оны жыртқыш аңдар байқап қоятын болды ғой. Не істейміз? Келіңдер біз оған көмектесейік. Үстел басына отырыңдар бұл жерде қоянның сұр тоны ақ тонға айналдыратын ғажайып зат бар, ол мақта Тәрбиеші: Мақтаның түсі қандай?
Балалар: Ақ.
Тәрбиеші: Мақта аппақ, мамықтай, қоянның қысқы тоны сияқты. Енді алдарыңдағы желімді пайдаланып мақтаны қоянның кескіндемесіне жабыстырамыз. Көзін қара ермексаздан жасаймыз.
Балалар жабыстыру жұмысын жасайды.
Балалар жұмысын қарау.

Сөздік жұмыс жүргізу.
Жабайы жануарлар – дикие животные, қоян – заяц, тиін – белка, түлкі – лиса, аю – медведь.
қайту Күтілетін нәтиже:


Қайта жаңғыртады: Қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы біледі:

Түсінеді: Аңдардың қысқы тіршілігі туралы білімдері кеңейеді

Қолданады: Қоян сұлбасына жапсыру әдісімен жұмыс жасайды



Тақырыбы: Қар ериді, мұз болады


Мақсаты: Табиғаттағы қар мен мүздың құбылыстары туралы білім беру.

тәжірибе арқылы қар мен судың қасиеттерімен танысу.

бірігіп жұмыс жасауға өзара сыйластыққа, түсіністікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: стакан сумен, табақтағы қар мен мүз, қар бейнеленген суреттер.

Ұйымдастыру:  Балалар, бәріміз шеңбер құрып , қонақтармен бір- бірімізбен амандасайық.

«Арайлап таң атты, Алтын шуақ таратты. Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз. Қайырлы күн балалар, Қайырлы күн қонақтар.»

Сұрақ- жауап:

-Қазір қай мезгіл?

-Қалай білдіңдер?

-Таңы да не өзгерді?

-Ал енді менің айтқанымен келісесіндер ме? Келіссендер көк түсті карточканы көрсетіндер, ал келіспесендер қызыл карточка

көрсетіндер.

1.Күн ерте шығып,кеш батады.

2.Жаңбыр жауады.

3.Жердің бетінде қар жатыр.

4.Жылңалардан су ақты.

5.Күн қысқарды.

6.Боран соқты.

7.Жолдар тайғақ болды.

8.Көлдердің беті мүз болып қатып қалды.

-Жарайсындар, бәріңде дұрыс жауап бердіңдер.

-Балалар, табиғаттың бізге дайындаған құбылыстары көп. Әр мезгілде әр түрлі әдемі де сұлу болып келеді. Әр мезгілдің өзінің қүпиясы мен таңғаларлық сәттері болады.

Ең таңғаларлық мезгіл ол қыс: қане суреттерге қарайықшы.

«Қатты жел соғып терезеден хат ұшып түседі.»

-Балалар қарандаршы желмен хат ұшып келді, қарайықшы ішінде не бар екенін.Сендерге оқып берейін:

«Сәлеметсіндер ме, балалар?

Сіздерге екі егіз тамшы хат жазып отыр.Сендер өте ақылды және өте білімді екендігін естідік.Бізге көмектесіндерші!

Біз екеуміз тату –тәтті өмір сүрдік,бір уақытта қатты аяз соғып, біріміз мүз болып қатып қалды, ал екіншісі шашын тарап отырған , сол күйінде әдемі қарға айналып кетті. Енді сол әдемі болып қалған кар мені менсінбей, сен менің сыңарым емессін деп мені сүйкімсіз салқын мүз дейді.»

-Ал, балалар көмектесеміз бе? Қар мен мүзға айналған екі тамшыға көмектесейік. Олар екеуі судан жаралғанын дәлелдеп берсек, сонда олар достасады.

Сендерге жұмбақ жасырайын:

1.Әппақ етіп айналаны, ақ көбелек айналады.(Жапалақтап жауған қар.)

Қыста ғана болады, үстасан қолың тонады.(Қар)

-Балалар, алдымыздағы қарды ұстап көрейік, алақанымызбен не сезіндік?

-Мұздай алақанымыз су болды.

-Қар еріп су болады екен.

2.Өзі судан жаралған, бірақ судан қорқады.(Мүз)

-Мүзды да ұстап көрейік, ол мұздай, ол да су болып ериді екен.

-Ал, енді қорытынды шығарайық, жылы жерде қар мен мұз суға айналады.

2-дәлел.

-Балалар қардың түсі қандай?

-Ақ

-Балалар мұздың түсі қандай?

-Мүз түссіз.

3-дәлел.

-Балалар мұздын астынан біз алақанымызды көрейік, көрінеді ме екен?

-Я, көрінеді.

-Ал, қардың астынан?

-Жоқ, көрінбейді.

-Мұз мөлдір, кар ақ, ештене көрінбейді.

Сергіту сәті:

Күн болып жанайық,

Су болып ағайық,

Терең- терең дем алып,

Жүгіріп -жүгіріп алайық.

4-дәлел.

-Енді, балалар мұзға қарайықшы:карандашпен үстінен басып көріндер,мұз сынып қалды.

-Енді, ұардың үстінен басып көріндер, қарда ізі қалды.

-Сонымен, мұз сынғыш, ал қар тығыз.

5-дәлел.

-Алдарындағы суға қар мен мұзды салындар, не болды?

-Қар мен мұз батпай бетінде қалықтап жүзіп жүр.Содан қар мен мүз судан жеңіл.

Қорытынды: қар мен мұз судан жаратылған.Олар су болып есептеледі.Содандықтан мүз бен қар екеуі мәңгі дос.Мұз бен қар ол қатты түрдегі су. Ауа райы салқын болғанда су мұз болып қатып қалады.Ал ең кішкендай мұздар жоғарыда аспанда бізге қар болып жауады.

Балалар қарандаршы мұздан да қардан да бірдей мүсіндер жасауға болады. Сендер далада қардан аққала жасайсындар,мұзда сырғанақ тебесіндер. Міне қарандаршы қаншама заттар істеуге болады .

Қимылды ойын: «Қатырмақ»

Тәрбиеші қолындағы сиқырлы таяғымен балалардың қолдарына тигізу керек, кімнің қолына тиген бала сол қатып қалады.

-Енді балалар, жұмсақ қағаздан қар қийып терезеге жабыстырайық.

-Жұмыстарымызды бастамас бұрын, қайшы мен жұмыс істеу қауіпсіздік ережесін есімізге түсіріп алайық:

1.Қайшымен жұмыс істегенде, мұқият болу керек.

2.Көзден алшақ ұстаймыз.

3.Қайшының ұшын жоғары қаратып ұстауға болмайды.

4.Жолдасыңа қайшы берер кезде, жабық күйде ұстап, жұмыс істейтін бөлігін ұстап, сақинасын жолдасына қаратып береміз.

Балалар жұмысына кіріседі.

Балалардың жұмысын тексеріп мадақтау. Сиқырлы қорапшадан мұз кампит тарату.

Қонақтармен қоштасу:

-Келесі кездескенші, қош сау болыңыз.

Күтілетін нәтиже:

Қайта жаңғыртады: Қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы біледі:

Түсінеді: Қар мен мұз судан тұратынын тәжірибе жасау арқылы біледі:

Қолданады: Шығармашылы танытады


 

Құстардың қысқы тіршілігі


Тақырыбы: «Құстардың қысқы тіршілігі!»


Мақсаты:Құстардың қысқы тіршілігі және қыстайтын құстар туралы түсінік беру. Балалардың логикалы ойлауын, тілін, сөздік қорын, есте сақтау қабілетін дамыту. Құстарды қорғауға, ұясын бұзбауға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Интерактивті тақта

Ұйымдастыру кезеңі.


Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық.
Таза ауадан салайық,
Жүрек жылуын салайық
Мейірім шоғын салайық.
Жиналған осы шуақты,
Достарыма шашайық.

Т.Шанамен сырғып желетін
Шаңғы коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Балалар:Қыс мезгілі.

Т: - Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?
- Қыс мезгілінің айларын кім атап бере алады?
- Қазір қай ай?
- Қыс мезгілінде қандай ойын түрлерін білесіңдер?
- Қыс туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Сурет бойынша әңгіме құрау.
Т: Өте жақсы балалар, енді «Жақсы, жаман» деген ойын ойнайық.
Мақсаты: Жаман әдеттерден аулақ болуға, жақсы-жаманды ажыратып, қоршаған ортаға қамқор болуға тәрбиелеу.
Қойылған сұрақтарға балалар дауыстап «жақсы», «жаман» деп жауап береді.
Т:- Ағаштың бұтағын сындыру жақсы ма?
- Гүлдерге су құю жаман ба?
- Достарыңды ренжіткен жақсы ма?
- Үлкенге көмектесу жақсы ма?
- Құстарға ұя жасау жаман ба?
Т:Міне тамаша, балалар, ненің жақсы, ненің жаман екенін дұрыс айттыңдар.Бүгінгі сабағымызда құстардың қысқы тіршілігі туралы әңгімелесеміз.
Құстар екі топқа бөлінеді:жабайы құстар және үй құстары.
Жабайы құстар:сауысқан, жапалақ, қарлығаш, қызғыш құс, сарғалдақ, қарға, аққу,
бұлбұл, дегелек, қоқиқаз, қырғауыл, тоқылдақ т.б.
Үй құстары:тауық, үйрек, қаз, күркетауық.

Құстардың табиғатқа келтіретін пайдасы көп. Олар өсімдіктерді, ағаштарды зиянды жәндіктерден, құрттардан тазартады.
- Үй құстарының қандай пайдасы бар?
- Дұрыс айтасыңдар үй құстарының пайдасы өте көп.Олардың етін жейміз, жүнінен
көрпе, көпшік жасалады.
Қыс мезгілінде көп құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Ал кейбір құстар қыстап қалады.
- Қыстайтын қандай құстарды білеміз?
- Сауысқан, торғай, көгершін, қарға.
- Дұрыс айтасыңдар, бұлар суықтан қорықпайды, қыста өз қоректерін тауып жейді. Оларға жем шашып, ұя жасап қамқор жасау керек. Біздің мектебіміздің ауласында да құстарға ұя жасап қойған.
Ойын: «Құстар қалай дыбыстайды?»
Сергіту сәті:1, 2, 3, 4 қарлығаш боп ұш,
5, 6, 7 қарлығаш боп шалқы,
8, 9, 10 қарлығаш боп қон.

Ойын: «Не артық?»
Жұмбақ: Көлдің көркі сән екен
Ұшқанда сазды ән екен
Ақындар оны мақтаған,
Адамдар қорғап сақтаған
Ол қандай құс балалар? (Аққу)

Ауыл да, қала да мекені
Жолаушы жүрсек шығарып салады,
Алдыңнан шығады
Жаныңды еркелетеді. (Қарлығаш)

Ребус: Тау – ық.
Қорытынды: Балалар, біз бүгін не туралы әңгімелестік?
Сабақ ұнады ма?
Балаларды мадақтау, бағалау.



Күтілетін нәтиже:


Қайта жаңғыртады: Құстардың қысқы тіршілігі туралы түсінік қалыптасады;

Түсінеді:Құстарға қамқор бола алады, құстардың қысқы тіршілігі туралы түсінеді;

Қолданады: Бақылау жасайды;


























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Күз сары ағаштарымен желбіреп келеді.

Автор: Аманова Жанар Жетписовна

Дата: 10.03.2019

Номер свидетельства: 502461


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства