Деме?із біз ?нерді аяп ?алды, Мезгіл де біраз жерге таяп ?алды. ?ош болып т?ры?ыздар к?ріскенше Осымен ерте?гілігіміз ая?талды.??рметті аналар сіздерге к?птен к?п рахмет.Сау болы?ыздар!
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Мақсаты:Анаға деген сүйіспеншілігін арттыру,ана мейрімін сезіну,анаға деген махаббаттарын ояту.Ананы сыйлау,құрметтеу,аялау керек деп түсіндіру.
Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы.
Құрметті ата-аналар, апайлар, ұстаздар,балабақша ұжымы сіздерді бүгінгі көктемнің алғашқы аналардың мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.Күндей құлпырып,күндей жайнап өміріміздің көркі болып жүре берініздер.
Ана дейміз бәрімізде аңқылдап, Ана дейді жас сәбиде жарқылдап, Ана деген бәйтерегі өмірдің, Ана деген алтын қазық алтын бақ!
Теңіздей тербеліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсету де.
Би:Вальс «Мереке күніңмен»
Құрметті аналар сіздерді ортаға шақырам.Аналар екі топқа бөлінеміз.
1-Қызғалдақтар,
2-Ақ гүлдер
Әділ қазылар алқасын сайлаймыз ұлдардың аналары төрелігін береді.
Мен сіздерді ойын шарттарымен таныстырайын
1-таныстыру.(әр топ өздерін таныстырады)
2-доппен секіру (кенгру доптын үстіне отырып секіру)
3-кім жылдам (онда біз түймелерді тағамыз)
4-Мақал-мәтелді жалғасытру(бірінші топ мақалды бастайды, екінші топ оны жалғастырады.)
2.кенгру доппен секіру:(доптың үстіне отырып секіру)
Әділ қазылар баға беру.
Әркімнің де өмірден аласы бар, Аласы бар адамның анасы бар. Мерекесін құттықтап аналардың, Ән жолдайтын апалардың баласы бар.
Ән:«Асыл әжем»
3.сайыс «Кім жылдам» онда аналар (1 мин ішінде 10 түймені жіпті үзіп тағу керек).
Әділ қазылар баға беру.
Дүниедегі ең кемеңгер дананы Ана табады, аялайды, бағады. Сол үшін де құдіретіне бас иіп, Құрметтейік қасиетті ананы,-деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз
Би: «Шалала» қыздардың орындауында
4.сайыс Мақал-мәтелді жалғастыру.(ана,қыздар туралы ).
Әділ қазылар баға беру.
Сергіту сәті: (ұлдар қыздарды вальс билеуге шақырады музыка тоқтаған кезде орындықта тұрған гүлді қызға ұсыну керек)
Әділ қазылар бағаларыңызды бергенше балалар тақпақтарын айтады.
О, аналар осындайсың бәріңде, Осындайсың жасындағы кәріңде, Сыйынатын осы өмірде құдірет, Сыйынар ем ана деген тәңірге,
Дильназ:
Мен үшін не керек-бәрін іздеп табасың
Айналайын анашым,жұмысына барасың.
Қайтып мені көргенде,шын сағынып қаласың
Нуркен:
Анам,анам,ақ анам,
Мен өзіңдей ақ балаң.
Айтқан тілді аламын,
Жұмсағанда барамын.
Н:Айгерім:
Анамыздың мейірлі,
Жүзіне біз қараймыз.
Анамыздың пейілді
Жомарт жанға балаймыз
Е.Айгерім:
Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
Оңалбай:
Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамынмен құттықтаймын.
Жаннур:
Ақ анашым аппағым,
Өзің жайлы тақпағым.
Өзің жайлы әнімде,
Арнадым саған бәрінде.
Ақиқат:
Мені жақсы көреді,
Күндей күліп жүреді.
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Толғанай:
Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.
Даурен:
Бізге қарап елжіреп,
Сүйсе беттен күнім деп,
Құшақ жайса келші деп,
Жүгіреміз күлімдеп.
Жанерке :
Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған.
Үлкен кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.
Ерзат :
Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды құмаймын.
Айтқан сөзін тыңдаймын,
Анашымды сыйлаймын.
Мадина:
Сене өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.
Қанат:
Қозы бағып жүргенде, жаңбыр жауды, Бір тамшысын әкелдім, анам саған! Гүлдер басып кетіпті тау мен бауды, Шоқ гүл көтеріп әкелдім анам саған.
Динара :
Жарқын жүзді жан анам,
Сендей болсын бар адам.
Сендей болса бар адам,
Шаттық кетпес баладан.
Мадияр :
Айналайын анашым,
Әлпештеген баласын.
Еміп өскен бөбекпіз,
Анамыздың мамасын.
Аяужан :
Мен мұғалім анамның,
Өнегесін аламын.
Ертең менде анамдай,
Оқытушы боламын.
Мұхтар :
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден ,
Аналарға сыйлаймыз.
Әділ қазылар болсаныздар аналарды марапаттауға сөз береміз.Қатысқан аналарға мақтау қағазы мен медальдар табысталады.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды, Мезгіл де біраз жерге таяп қалды. Қош болып тұрыңыздар көріскенше Осымен ертеңгілігіміз аяқталды.Құрметті аналар сіздерге көптен көп рахмет.Сау болыңыздар!
ШҚО,Ұлан аудандық Білім және дене шынықтыру бөлімі.