(Ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялармен жұмыс Балаларға суретке қарап, балалардың не істеп жатқанын, оқиғаның қайда болып жатқанын айтқызу. Ең ғажайып мереке – Жаңа жыл келе жатыр! Жаңажылдық жапсырма жасаймыз. Шыршаны, Аязата мен аққаланың бейнесін жасауға алақанымыз көмекке келеді! Еркін қиялдай беріңдер! (Ұ) Саусақтарға арналған жаттығу. «Аулаға серуендеуге шығамыз». Бір, екі, үш, төрт, бес (бір-бірлеп саусақтарын бүгеді), Біз серуенге шығамыз (сұқ және ортаңғы саусақтарымен үстел үстімен «жүреді), Аққала соғамыз (екі алақанымен қар «домалақтайды»), Құстарға нан үгіп береміз (барлық саусақтарымен нан «үгеді»), Сырғанақ тебеміз (сұқ саусағын алақанмен сырғанатады), Қарға аунаймыз (алақандарын үстел үстіне кезек-кезек аударып- төңкереді), Қар-қар болып үйге қайтамыз. (алақандарын қаққылайды). (Т) Аппликацияны әзірлеу технологиясы. Алақанды керек түстегі параққа жай қарындашпен бастырып сы-зып алу қажет. Бірнеше парақ қағазды бірінің үстіне бірін қойып, бір жасағанда бірнеше «алақан» қиып алуға болады. Шыршаның конусын саламыз. Сосын төменгі қатардан бастап сызылған үшбұрыштың сызығы бойымен қағаздан жасалған алақандарды жапсырамыз, бұл ретте желімді бөлшектің үстіңгі жағына ғана жағамыз, саусақтарымыз қозғалмауы керек, бұл біздің жапсырмамызға қосымша көлем береді. Бірінші қатардағы алақандарды бір-біріне жақын жапсырамыз, барлығы бес-алтау болуы тиіс. Әрбір келесі қатарда алақандар санын азайтып отырамыз. Балаларға алақандарды түсіне қарай (ашық жасыл, қою жасыл) кезекпе-кезек жапсырту. Шыршаны безендіру үшін түрлі түсті жылтыр желімді, пайеткалар мен бисерді пайдалануға болады. Аязата жасау үшін технологияның бірінші бөлігін қайталаймыз. Сосын Аязатаның бетін саламыз. Қызыл алақандардан оның тонын жасаймыз. Тонның өңірін жасау үшін майлықтарды пайдаланамыз. Сақал-мұртын ақ түсті алақандардан жасаймыз. Үшінші топ осылайша аққаланы жасайды. Бір баланы алақан әзірлеу тәсілін көрсету үшін тақтаға шақыру, тәрбиеленушілер білгендерін бекітуі және жұмыс ретін қайталауы үшін сол баланың әрекеттерін нақтылап, түсіндіріп отырады. (Ұ) Қауіпсіз жұмыс жүргізу ережелері. Желіммен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері. Желіммен жұмыс істеу кезінде қажет болса, жаққышты пайдалан. Жұмысты орындаудың осы кезеңіне ғана қажетті желім мөлшерін ал. Желімнің артық мөлшерін жұмсақ шүберекпен немесе майлық-пен абайлап алып таста. Жұмысты бітіргеннен кейін жаққышты және қолыңды сабынды сумен жақсылап жу. |