kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"К?ктемгі ?уен"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру  саласы:  Шы?армашылы?

Б?лімі:  Музыка

Та?ырыбы: « К?ктемгі  ?уен»

Ма?саты:  Балаларды?  музыка?а  ?ызы?ушылы?ын  арттыру ;

                     К?ктемгі таби?ат  ??былысымен  танысу, к?ктемгі  ??старды?  сайра?анын  музыкада

                     ажырата білу.

К?рнекілігі:  К?ктем к?рінісіні?, ??старды?  суреті, ?нтаспа.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"К?ктемгі ?уен"»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Шығармашылық саласы.Ән

Тақырыбы: «Менің сүйікті қуыршағым»

Мақсаты : Өздеріне ұнаған ойыншықтары жайлы әңгімелеп айтып беру,Әуен ырғағына сай қимылдай білуге үйрету,музыкаға қызығушылығын арттыру.Қуыршақпен танысу.

Түрі: Ашық сабақ

Әдіс-тәсілі: Ойын, сұрақ- жауап, жұмбақ,әңгімелету, түсіндіру.

Көрнекіліктер: Ойыншықтар көрмесі, ойыншықтардың суреттері, үнтаспа.

Ұйымдастыру кезеңі

1.Қонақтармен амандасу.

2.Көтеріңкі көңіл күй.

3.Шаттық шеңбері.

4.Жаңа оқу іс-әрекетімен танысу.

5.Сұрақ-жауап.

6.Жұмбақтар.

7.Дидактикалық ойын «Жалғасын тап»

8.Ән үйрену. «Қуыршақ»(Дауыс жаттығуы, әуенін тыңдау)

9.Сергіту жаттығуы.

10.Қуыршақты қарсы алу.

11.Әуенді –ырғақты қимыл.

12. «Ойын» ойыншықтар дүкені

13.Қорытынды.

14. Қонақтармен қоштасу.

Балаларды ұйымдастыру.

Балалар көңілді әуенмен адымдап кірді,шеңбер бойымен жүріп,зал ортасына бір сызық бойына келіп тұрды.

1)Музыка жетекшісі:Сәлеметсіңдерме, балалар!

Балалар: Сәлем деймін, күнге мен,

Сәлем деймін, мен саған

Сәлем деймін ,апайға

Қонақтарға құстарға.

2)Музыка жетекшісі : Балалар, көңіл күйлерің қалай?

Балалар: Жақсы.

Музыка жетекшісі: Сендердің көңіл күйлерің жақсы екендігіне көз жеткізу үшін,мен сендерге түрлі –түсті қағаздар таратып, білгім келіп отыр.(Музыка әуенімен)

Музыка жетекшісі: Балалар шаттық шеңберге тұрады.

3)Шаттық шеңбері;

Біз ұқыпты баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ойыншықтарды жинаймыз

Үлкендерді сыйлаймыз.

Музыка жетекшісі: Балалар, біздің бүгінгі тақырыбымыз

4)«Менің сүйікті қуыршағым».

5)Сұрақ-жауап.Сүйікті ойыншықтарың бар ма?

-Қандай ойыншықтарың бар?

-Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер?

-Ойыншықтарды қалай ұстау керек?

Балалар.Жауап береді.

Балалар, мына үстел үстінде жатқан заттар не?

Балалар. Олар -ойыншықтар.

Музыка жетекшісі.Ойыншықтармен не істейді?

Балалар.Ойыншықтармен ойнайды.

Музыка жетекшісі: Балалар, қараңдаршы , мен сендерге арнайы ойыншықтардан көрме ұйымдастырдым.Ойыншықтар қандай әсем,әдемі көп.Балалар мынау қандай ойыншық?

Балалар.доп.

Музыка жетекшісі: Доптың пішіні, түсі,қандай?

Балалар. жауап береді.

Музыка жетекшісі: Қыз балалар көбіне қандай ойыншықпен ойнайды? Балалар ше?

Балалар: Қыздар қуыршақпен,Ұлдар машинамен.

Музыка жетекшісі: Балалар қуыршақ қандай болады?

Қуыршақтың әдемі шашы,әдемі көйлегі бар.

-Кім қуыршақтың қалай ұйықтайтынын көрсетеді?

Балалар ойыншықтар жасалуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді.

.Матадан жасалған.

.Пластмассадан жасалған.

.Резинадан жасалған.

.Ағаштан жасалған. Сипаттама беру.

-Дыбыс шығаратын ойыншықтармен,басқаларымен де таныстыру.

6)Жұмбақтар шешу.

.Аяғы бар жүрмейді,

Аузы бар күлмейді.

Айнымайды бөпемнен,

Тек сөйлеуді білмейді.(Қуыршақ)

.Суға салсаң батпайды,

Түскен жерге жатпайды.(Доп)

7) Дидактикалық ойын; «Жалғасын тап».

Ойын шарты;Бастаушы сөйлемді бастап береді, балалар аяқтайды.

-Менің ойыншығым..................................(әдемі)

-Мен қуыршақпен........................................(ойнаймын)

-Допты жоғары..........................................(лақтырдым)

8)Ән үйрену. «Қуыршақ»

Алдымен әннің әуенін тыңдап алайық.

Ән үйренбес бұрын, ән айтқанда сақталатын ережелерді еске түсірейік.

Ән айтпас бұрын дауыс жаттығуын жасайық.

Күй сандықты ашайық до-до-до

Тілдерін біз басайық до-до-до

Бас дыбысты басайық до-до-до

Шырқап әнге салайық до-до-до

9) Сергіту жаттығуы.

Ұзын құлақ сұр қоян, естіп қалып сыбдырды.

Ойлы, қырлы жерлермен, ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына, қиығын сап көзінің.

Келе жатқан томпаңдап, көжегі екен өзінің.

10) Ғажайып сәт.

Қуыршақты қарсы алу.

Залға қуыршақ келеді.Қуыршақ балалардың балабақшасымен танысқысы келетінін,өнерлерін көргелі келгенін айтады.

11)Әуенді-ырғақты қимыл.

-Балалар қуыршаққа өз өнерімізді көрсетеміз бе?

Балалар, «қуыршақ» биін билейді.

Қуыршақ ,билеріне риза болып ,алғысын айтады.

Балалар қуыршақпен қоштасады.

12) «Ойын» ойыншықтар дүкені.

Балалар, дүкенші, тұтынушы болып рольдерді сомдайды.

13) Қорытынды.

-Балалар сендерге бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ұнадыма?

Сонымен, қуыршақты қалай ұстау керек екен?

Қуыршақ қандай болады?

Бүгін қандай ән үйрендік?

Бізге қонаққа кім келді?

14)Қонақтармен қоштасу.

Балалар иіліп сәлем беріп, қоштасады.

(Марш әуенімен адымдап залдан шығып кетеді)


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"К?ктемгі ?уен"

Автор: Шорманова Салтанат ?алдыбай?ызы

Дата: 31.03.2016

Номер свидетельства: 312708


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства