kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?осымша білім беру мекемелеріндегі т?рбие ?рдісі

Нажмите, чтобы узнать подробности

5853.35aaa2554ifffhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuu

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?осымша білім беру мекемелеріндегі т?рбие ?рдісі »



Тақырыбы:

.

Автор тегі, аты, әкесі:



Жұмыс орны:



Қызметі:

Санаты:



Мекен – жайы



Телефоны:


Қосымша білім беру мекемелеріндегі тәрбие үрдісі.



Жангалиева Айнагүл Базарғалиқызы



Индер аудандық білім бөлімінің оқушылар шығармашылық орталығы

Бұқаралық бөлім меңгерушісі


ІІ

Атырау облысы, Индер ауданы

Қонаев 24/12

2-01-20
















Аты-жөні: Жангалиева Айнагул Базаргалиқызы



Туған жылы: 1982.12.03



Білімі: Атырау мемлекеттік университеті



Жұмыс орны: Индер аудандық білім бөлімінің оқушылар шығармашылық орталығы



Санаты: ІІ



Лауазымы: бұқаралық бөлім меңгерушісі















Өтініш қағаз


Баяндаманың тақырыбы: Қосымша білім беру мекемелеріндегі тәрбие үрдісі.

Баяндама авторы: Жангалиева Айнагул Базарғалиқызы

бұқаралық бөлім меңгерушісі

Марапаттары: 2009 ж «Тәрбие қызметінің әдістемелік

құралдары» аудандық байқауы ІІ орын

2012 ж «Үздік тәлімгер» аудандық байқауы.

ІІІ орын

2014ж «Жас Ұлан» ұйымының жұмыстарын

насихаттау. Алғыс хат

2014ж Республикалық «Үміт жобасы»

сертификат

Жұмыс өтілі: 10 жыл

Санаты: ІІ

Мекен-жайы: Атырау облысы, Индер ауданы

Қонаев 24/12

Телефон: 2-01-20












Аңдау хат

Баяндамада қосымша білім беру ұйымы ның оқушыларға сапалы білім беру, соның ішінде тәрбие мен қосымша білім беру саясатының басты бағыттарын айқындау.Жаңа заман талабына сай оқушының бос уақытын тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, тәрбиелік шаралар ұйымдастыру, қызығушылық және шығармашылық қабілеттеріне ерекше назар аудару.




Аннотация


Доклад дополнительный образование организация читатель качественный образование, в том числе воспитание и дополнение образую политика главный направление выяснил досконально овраг читатель досуг только что эпоха требование выгодный способ-способ применяю сижу, менторский мера объединяюсь, интерес и творчество способность особенный обращаю внимание.


Abstract

lecture additional education organization reader quality education, in a that number education and addition forms politics main direction finds out thoroughly.ravine reader leisure only what epoch requirement advantageous method-method applies sits, mentor measure unites, interest and work ability special pays attention.







Жұмыстың мақсаты:Тәрбие мен қосымша білім беру салаларын білім беру саясатының басты бағыттары деп айқындау,тәрбие беру ісін еркін және жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағыттау,әр балаға тәрбие мен қосымша білім беруге дербес бағытталуды қамтамасыз ету.


Жұмыстың міндеті:Оқушыларға қосымша білім берудің қолжетімді болуын дамыту және сақтау,оқушылардың білім алу ынтасы мен әлеуметтік қажеттіліктерін өтеуге мүмкіндік беру.



Күтілетін нәтиже:

Оқушының шығармашылық тұрғыда дамуына мүмкіндік беру аясын кеңейту.

Вариативтік тәрбие жүйелерін құру және дамыту арқылы тәрбиелілігі деңгейін көтеру.

Қосымша білім беру рөлін арттыру.

Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.

Оқушыларға жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,тиімді тәрбие сағаттары мен танымдық шараларды өткізу.














ЖОСПАР



І. Кіріспе

Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы.

ІІ. Негізгі бөлім

Қосымша білім беру мекемелеріндегі тәрбие үрдісі

ІІІ. Қорытынды

Тәуелсіз елге - тәрбиелі ұрпақ


















Оқу мен тәрбие егіз, оларды бір – бірінен бөліп қарауға болмайды. Ұлы данамыз Әл – Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» десе, ал В. Белинский «Бала тәрбиесіне ерекше мән берілуі керек, тәрбиенің арқасында болашақ адамзат тағдырының негізгі мәселесі шешіледі» деп білгірлікпен дөп басып айтқан.

Бала тәрбиесі - өте күрделі процесс. Оның күрделігі бесіктен бастау алып, үнемі уақытпен, бала көңіл – күйімен, жеке қабілетімен, икемділігімен, тізгінді үнемі қадағалау қажеттігімен ұғындырылады. Ойлап қарасақ, тәрбие баланың бал дәуренінен бастап азамат болғанға дейін тәні мен жанына төрт – бес арнамен құйылады:















«Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді халқымыз. Иә, ұрпақтың тәрбиесі-қоғамның болашағы және оған аса зор жауапкершілікпен қарау - әрбір саналы азаматтың борышы. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе»,- деп М.Әуезов көрегендікпен дәл айтты емес пе? Бала тәрбиесінің дұрыс жолға түсуі оны қоршаған ортаға, әсіресе отбасы мен ұстаздар қауымының парасаттылығына байланысты. Мемлекетімізде қазіргі таңда сапалы білім берумен қатар, болашақ жастарды рухани – адамгершілікке тәрбиелеудің де зор қажеттігі туындап отыр. Әлеуметтік жағдайлардың өзгеріске ұшырауы білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмыстарын тоқырауға әкелді.

Қазіргі кезеңде тәрбиеге және тәрбие жұмыстарына деген жаңаша көзқарас қалыптасуда, олардың ізгілік мәні тереңірек ашылуда. Тәрбие даму ретінде қарастырылады, яғни ол педагогикалық қарым-қатынаста адамдық сапаларды сақтау және қалпына келтіру.

Тәрбие жұмысы - педагогтардың нақты міндеті, яғни шәкірт тұлғасын сомдау мәселесін саналы түрде шешуге бағытталған үйлесімді іс-әрекеті.

Тәрбие және тәрбие жұмыстары әр баланы қайталанбас тұлға ретінде қарап, оның өзгеше қасиеттерін дамытуы қажет. Әрбір бала - тұлға, өзінше бір әлем, ал әр педагогтың міндеті әр тұлғаны көре білу, жүректеріне жол табу. В.А.Сухомлинский: «Әлемде адам тұлғасынан күрделі, одан бай ешнәрсе жоқ», - деп жазған. Бүгінгі күнде барлық ұстаздардың алдындағы мақсат - өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу болып табылады.

Халықтың болашағы - ұрпағы, ұрпақтың тәрбиесі – ұстазда. Ұстаздың мұраты - жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Ал толыққанды азамат қалыптасу үшін – ақыл-ой тәрбиесі, имандылық, еңбек, эстетикалық, тілдік қатынас, дене тәрбиесі, сонымен қатар экологиялық, экономикалық, жыныстық, патриоттық тәрбие берілуі тиіс. Тәрбиенің қалыптасуы – ұстаз, бала, ата-ана еңбегімен байланысты екендігі айқын.

Тәрбие мәселесін тек ұстаздар қауымының мойнына арта салумен іс бітпейді. Оның нәтижелі болуы ата-аналар мен қоғамдық ортаның тәрбие ісінен шет қалмай белсене араласуына, адам тәрбиелеудегі жауапкершілікті бірлесе қөтеріп, жұмыла істеуге тікелей байланысты. Ол жөнінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заң жобасында «Ата-аналар балалардың өмірі мен оқуы үшін олардың денсаулықтарын, рухани әрі дене қуатының қауіпсіз дамуын, адамгершілігі жағынан дұрыс қамтамасыз етуге міндетті» делінген.



Мектептегі негізгі білім берудің сыртында қосымша білімнің көз тасасында қалып қоя беретіні заңдылық. Дегенмен қосымша білім беру жүйесі әлеуметтік тұрғыдан алғанда қажет-ақ және ол жеке тұлғаны оқыту, тәбиелеу және дамыту тұтастығын қамтамасыз ететін білім ретінде қоғам мен мемлекет тарапынан тұрақты назар аударуды, қолдау көрсетуді талап етеді.

Қосымша білім беру қазіргі білім берудің қажетті компоненті болып табылады.ҚР президенті өсіп келе жатқан ұрпаққа білім беру мен тәрбиесін дамытудың басымды бағыттарын жүзеге асыруда оның рөлін,қоғам үшін оның нәтижелерінің маңыздылығын белгілейді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы » заңында қосымша білім беру – оқушыларды жан-жақты жетілдіру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту үдерісі ретінде көрсетіледі. Жас жеткіншектердің интеллектуалды дамып,кәсіби бағдарлануына мектептен тыс білім беру жүйесі мен тәрбиенің тигізер үлесі ерекше.

Қосымша білім баланың мектепте алған білімін кеңейтуге және тереңдетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ оның болашақ мамандығын таңдауына да негіз болады. Оның басты құндылықтары - оқу-тәрбие процесін айшықтандыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке тұлғаның өзін-өзі билеуін, шығармашылығын дамыту, педагогикалық шығармашылық үшін қажетті жағдай жасау, оқу-бағдарламалық және әдістемелік қамтамасыз етудің жаңа технологияларын құру, ақпараттық технологиялар негізінде жүйелік жетілдіру, дарынды балаларға қолдау көрсету және даралығын дамыту болып табылады. 

Біздің елімізде қазіргі таңда қосымша білім беру саласына, соның сапасына ерекше көңіл бөлініп отыр. Оқушылардың бос уакытын тиімді ұйымдастыру,олардың күш-жігерін дұрыс бағытта жұмсау және бойында тұнып жатқан туа біткен қабілеттердің көзін ашып, өнерге баулу-қай кезеңде болмасын,өзектілігін жоғалтпаған мәселе. Үздіксіз тәрбиенің ажыратылмас бөлігі оқушылардың шығармашылық жетілу мүмкіндіктері жүзеге асырылатын мектептен тыс жұмыстың саласы болып қалады. Осы бағытта Индер аудандық білім бөлімінің оқушылар шығармашылық орталығының педагогикалық ұжымы да балалардың шығармашылық дамуына әсер етуде. Оқушылардың дарынды болып өсіп,өмірлік қабілеттілігін дамыту үшін түрлі заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану-кез келген ұстаздың басты мақсаты. Шығармашылық орталықтың әр бөлімінде өткізілетін үйірме жетекшілері де осы мақсатпен қызмет етуде. Сонымен қатар тәрбие мәселесі де шет қалған емес. Жеке тұлғаны қалыптастыруға ,білім мен тәрбиенің даралануына көңіл бөлетін қосымша білім беру ұйымдары мен бағдарламаларды жан-жақты жетілдіруге ерекше көңіл бөлінген. Қазақстан Республикасының тәрбие бағдарламасын басшылыққа ала отырып, үйірме мүшелерімен бірлескен тәрбиелік шаралар ұйымдастырылуда: «Менің Қазақстаным» аттты флеш- моб, ұлттық теңге күніне, Елбасы күніне, Тәуелсіздік күніне орай шаралар өтті. Орталықта тәрбие, білім, оқу біліктілігін қалыптастыруды ғана көздемейді. Оқушыларды ұжымдық өмірге баулып,қарым-қатынас мәдениетін үйретеді. Әр бала-дара тұлға. Бала тәрбиесінде жаман қылықтар көрсетуден аулақ болып, балаға өнеге  бола алсақ- жан-жақты дамыған, шығармашылық қызығуы бар ұрпақ

тәрбиелей аламыз.

Педагогтар оқушылардың жеке-дара қабілеттерін дамытуды көздейді. Соған қарай оқушылардың бейімін,қызығушылығын дамытуды мақсат тұтады,әрбір жеке тұлға дүниетанымының қалыптасуын,адамгершілік қасиеттерінің, еңбекке деген сүйіспеншілігінің артуына, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай жасайды.Орталықта концерттік бағдарламалар, дөңгелек үстелдер, зияткерлік-шығармашылық диспуттар мен түрлі деңгейдегі байқаулар ұйымдастырылады. Орталықтың қызметі білім алушылардың өзін-өзі билеуін, шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру, қоғам өміріне бейімдеу, азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдайлар жасауға бағытталған.

Балалардың мектептен тыс бос уақытын тиімді ұйымдастыра отырып, тәрбие бағытында нақты қызмет жасайтын, қосымша түрлі салада білім беретін, кәсіби бағытта даярлай алатын бірден-бір білім мен тәрбие ордасы мектептен тыс ұйымдар болып табылады. Балалардың жеке басының дамуына жағдай жасау,шығармашылық еңбегіне қолдау көрсетіп, өздерінің қабілеттерін іске асыруларына жәрдемдесу, бір сөзбен айтқанда, қосымша білім мен тәрбие жұмыстарын жетілдіру – мектептен тыс ұйымдардың басты міндеті. Қосымша білім беру саласы өзінше үлкен жүйе. Қосымша білім беру жүйесінің басты құнды басымдықтары: оқу-тәрбие үрдісін демократияландыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке тұлғаның өзін-өзі билеуін, шығармашылығын дамыту. Сонымен қатар педагогикалық шығармашылық үшін қажетті жағдай жасау, оқу- бағдарламалық және әдістемелік қамтамасыз етудің жаңа технологияларын құру, балаларға қолдау көрсету және даралығын дамыту. Орталықта аз ғана уақыт ішінде бірнеше тәрбие жұмыстары атқарылды. Жеткіншектерге қосымша тәлім-тәрбие, бағыт-бағдар беруде күш-жігерін салып келе жатқан тәрбие ошағы. Оқушылар шығармашылық орталығының басты мақсаты тәрбиеленушілерге толыққанды өз дәрежесінде қосымша білім беру. Оқушылар шығармашылық орталығының құрамында екі бағытта (көркемдік-эстетикалық және техникалық) тәрбие мен білім береді.Бүгінгі күні оқушылар шығармашылық орталығында үйірмелер жұмыс жасайды.Тәрбие жұмысында еңбекке тәрбиелеуге басты назар бөлінеді. Бұл үшін орталықта тиісті материалды-техникалық қоры бар. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеуді ұйымдастыру үшін жақсы жағдайлар жасалған.Балалар тігін шеберханасында және ағаш шеберханасында жұмыс жасайды. Оқушылар құралдармен дұрыс жұмыс жасауға, электр және басқа да станоктарда жұмыс жасауға үйренеді.Тігін шеберханасында қыздар 5-сыныптан бастап, тігуге үйренеді. Бұдан басқа, олар киімді құрастыру мен модельдеу негіздерін меңгерту. «Тәрбие жұмысы – ол арнайы ұйымдастырылған қалыптастырушы үрдіс және ізгіліктілікті қабылдайтын, әлеуметтік құндылықтар мен азаматтық мінез-құлық үлгілері бола отырып, тек ғылыми негізделген тәрбие жүйесінің аясында ғана өзін іс жүзінде көрсетіп, өзін-өзі қалыптастырған тұлға үлгісіне жағдай жасайды. Бүгінгі таңда жас ұрпақтың саналы тәрбиелі болып өсуіне тәрбие жұмысының азаматтық патриоттық, саяси еңбек, денсаулық, адамгершілік, эстетикалық, экологиялық,құқықтық, жанұялық тәрбиелерінің рөлі арқылы іске асырылуымен нәтижелі болмақ. Сөйтіп, бұларды ұлттық тәрбиенің құраушылары деп танып, оларды кешенді түрде жүзеге асыру- үлкен міндет. Балалардың жеке басының дамуына жағдай жасау,шығармашылық еңбегіне қолдау көрсетіп, өздерінің қабілеттерін іске асыруларына жәрдемдесу, бір сөзбен айтқанда, қосымша білім мен тәрбие жұмыстарын жетілдіру – мектептен тыс ұйымдардың басты міндеті. Қосымша білім беру саласы өзінше үлкен жүйе. Қосымша білім беру жүйесінің басты құнды басымдықтары: оқу-тәрбие үрдісін демократияландыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке тұлғаның өзін-өзі билеуін, шығармашылығын дамыту. Сонымен қатар педагогикалық шығармашылық үшін қажетті жағдай жасау, оқу-бағдарламалық және әдістемелік қамтамасыз етудің жаңа технологияларын құру, балаларға қолдау көрсету және даралығын дамыту.

Тәрбиеленуші орталықтан өзінің қызығушылығын қанағаттандыратын, жеке

тұлғаны қалыптастыратын, еркін дамуға бағытталған білім алады. Қосымша

білім педагогтарының алдына қойған басты мақсаты бала бойындағы

қабілетті аша білу. Кез-келген баладан әрекеттің бір түрімен айналысатын

бейімділік байқалады, ал бейімділігіне орай қабілеті қалыптасады. Бейімділік

– баланың белгілі бір әрекетпен айналысуға бет бұрысы, көңілі аууы, оянып

келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Бейімділік бала бойындағы қандай

да бір нышанның барлығын хабарлайтын белгі деуге болады. Осындай сәтте

бала бойындағы бейімділігін байқап, оны шыңдап қабілетін ашса қосымша

білім педагогы үшін үлкен мәртебе.

Орталық  балаларды қолөнер мен техникалық бағыттағы  үйірме  түрлеріне тартып,  болашақтарына  оң бағыт сілтеуде маңызды роль атқарып келе

жатқан  қосымша білім  ошағы. Өскелең ұрпаққа қоғам талабына сай қосымша білім беріп, заман талабына сай   үйірмелерге тарту,  олардың  бос уақытын мазмұнды  ұйымдастыру, үйірмелерге қызықтыру, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрғылықты жері бойынша тәрбиелік процесті жүзеге асыру мақсатында  ашылып, үйірмелерге оқушылар тартылуда.

Тәрбиеленуші орталықтан өзінің қызығушылығын қанағаттандыратын, жеке

тұлғаны қалыптастыратын, еркін дамуға бағытталған білім алады. Қосымша

білім педагогтарының алдына қойған басты мақсаты бала бойындағы қабілетті аша білу. Кез-келген баладан әрекеттің бір түрімен айналысатын бейімділік байқалады, ал бейімділігіне орай қабілеті қалыптасады. Бейімділік

– баланың белгілі бір әрекетпен айналысуға бет бұрысы, көңілі аууы, оянып

келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Бейімділік бала бойындағы қандай

да бір нышанның барлығын хабарлайтын белгі деуге болады. Осынддай сәтте

бала бойындағы бейімділігін байқап, оны шыңдап қабілетін ашса қосымша

Бұл мемлекетіміздің болашақ ұрпаққа деген қамқорлығы деп түсінгеніміз дұрыс. Сабақтан бос уақытын қалай өткізерін білмей,іші пысып, қызық іздеп жүріп,жамандыққа ұрынып жатқан жастар жетерлік. «Нарық» деп, «ақша табамын» деп жүріп,көп ата-ана баласының тәрбиесіне мән бермей жатады. Оның арты жаңағы айтқан өкініш пен қайғыға әкеліп соқпасына кім кепіл? Одан да үйірмелерге тартып,өнерге баулу қажет. «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші ,балаға дер кезінде бағыт беріп,қабілетін анықтау,оның бойындағы тасып тұрған күш-қайрат, жігерін орынды жұмсауға үйрету- алдымен ата- ананың , онан соң ұстаздардың міндеті.

Егеменді ел болып, етек-жеңімізді енді ғана жинап болған қазіргі шақта халқымыздың тәлім–тәрбиесін игерген, рухани бай, ел болашағын ойлайтын, парасатты да саналы азамат тәрбиелеу-біздің, басты міндетіміз. Ел басшысынан бастап даладағы еңбекшіге дейін мектеп босағасынан өтіп, тәрбие алып шығатыны белгілі.

Тәрбие жолы - қиын жол. Өмірді өрнектейтін адам –ұстаз шәкірт алдындағы парызын ешуақытта ұмытпайды. Мүлт етсе үлкен қателік жіберіп алатынын біледі. Ал тәрбиеде кеткен қателікті түзеу оңай іс емес. Орталықтағы әр ұстаз ізденуді, білім беруді, баулуды, тәрбиелеуді, шығармашылықпен еңбек етуді абыройлы міндет, айбынды мақсаты деп біледі . Жас ұрпақты білімді, жан- жақты етіп өсіруге әрбір ата-ана, мектеп және бүкіл жұртшылық болып қатысу керек. Сондықтан да ұстаздар қауымы, сапалы білім бере отырып, еліміздің болашақ жастарын ұлағаттылыққа тәрбиелейік!
























Пайдаланылған әдебиеттер:



1. ҚР “Білім туралы” Заңы 27 шілде 2007 жыл.

2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты” атты Қазақстан халқына Жолдауы

3. Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени білім тұжырымдамасы “Қазақстан мұғалімі” газеті

4. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында арналған кешенді тәрбие бағдарламасы

5. Білім кілті.

6. 12 жылдық білім.

7. Тәрбие құралы

8. Қазақстан мектебі























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?осымша білім беру мекемелеріндегі т?рбие ?рдісі

Автор: Жангалиева Айнагуль Базаргалиевна

Дата: 15.02.2015

Номер свидетельства: 173818


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства