Просмотр содержимого документа
«Екінші с?билер тобына тіл дамыту п?ніне арнал?ан ашы? саба? жоспары. Та?ырыбы: " ?й жануарлары"»
«Павлодар қаласының № 36 сәбилер бақшасы»
мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
Ашық сабақ
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы:« Үй жануарлары»
2ші « Б»сәбилер тобы
Тәрбиеші: А.Ж. Тайлакова.
Павлодар қ. Ленин кенті.
2015-2016оқу жылы
Күні:
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы:Үй жануарлары
Мақсаты: : Үй жануарларымен және төлдерімен таныстыру . Жануарларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіру. Міндеттері: 1)Үй жануарлармен таныстыра отырып, жаңа сөздерімен сөз қорларын молайту. Сұрақтарға жауап беруды үйрету.
2)Ой қабылеттерін дамыту.
3) Үй жануарларға деген қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі: көрсету, түсіндіру, үйрету, ойын, сұрақ жауап.
Көрнекіліктер: суреттер
Мотивация:
Шаттық шеңбер
Тәрбиеші: Кәне ,балалар, шаттық шеңберге тұрамыз
-Угәй, угәй әніміз, Арпа –бидай дәніміз, Ашық болып аспанымыз, Сәтті болсын күніміз!
(Балалар шеңберге тұрып , өлен сөздерін қайталайды)
-Балалар, бір бірімізге бүгінгі күнге сәттілік тілейді
Ғажайып сәт:
Топқа жылаған Лақ кіреді.
Тәрбиеші:- Салем Лақ, не болды саған, неге жылап тұрсын?
Лақ:- Сәлеметсізбе. Сәлем балалар. Мен анамды жоғалтып алдым.
Тәрбиеші:- Қалай?
Лақ: - Біз анам екеуміз аланқайда жүрдік. Мен секіріп ойнап жүрдім. Енді бір қарасам анам жанымды жоқ. Балалар, маған анамды табуға қөмектесіндерші.
Тәрбиеші:Ал ендіше лақ сен бізді ананды жоғалтқан аланқайға апар, сол жерден ананды іздеп көрейік.
Лақ балаларды аланқайға апарады. Бір ағаштын түбінде хат көреді.тәрбиеші хатты оқыйды.
«Салем Лақ! Мен Қасқырмын. Мен сенің ананды ұрлап әкеттім. Мен саған бір неше тапсырма дайындап қойдым. Осы тапсырмаларды орындасан ғана ананды қайтарып беремін. Қасқыр.»
Лақ одан сайын жылайды.
Тәрбиеші: -Ұайымдама Лақай, Біз балалармен саған көмектесеміз. Балалар көмектесеміз ғой?
Балалар: - Иә , көмектесеміз.
Үйымдастыру кезеңі:
Тәрбиеші: 1-ші тапсырма «Үй жануарлармен танысу»
Балаларға жануарлардың суреттерін көрсете отырып жануарлармен таныстыру.
Тәрбиеші: Жарайсындар балалар. Ал енді екінші тапсырма қандай екенің көрейык.
2-ші тапсырма «Үй жануарлар қалай дыбыстайды»
Ат, ботақан, қой, сиыр суреттерің балаларға таратып береді, осылардың қалай дыбыстайтынын айтып жаттығамыз деп ұсыныс жасайды. -Қой «мә-мә» деп маңырайды; -Сиыр «мө-мө» деп мөңірейді; -Ботақан «бө-бө» деп боздайды; -Ат «иһо-иһо» деп кісінейді. Балаларға дауыстарын айтқызып қайталатады.
«Төлдерін тап!» суреттен үй жануарларын төлдерімен сәйкестендіреді. Тәрбиеші: Жақсы , жарайсындар!
4- тапсырма : ойын
Дидактикалық ойын:
« Қай жануар қайда тұрады»
Үй және дала жануарларды мекен жайына қарай орналастыру.
Топқа Ешкі кіреді. Баласы екеуі қуанып құшақтасады.
Ешкі: Балалар мені құтқарғандарын үшін сендерге көп рахмет. Ал қазыр біз кетуымыз керек. Сау болындар.
Рефлексия:
Тәрбиеші: Бізде балалар тобымызға қайтайық.
-Балалар, бізге бүгін не келді?( Лақ)
-Тапсырмаларды не беріп жіберді? ( Қасқыр)
-Үй жануарлары қалай дыбыстайды
Қой «мә-мә» деп маңырайды; Сиыр «мө-мө» деп мөңірейді; Ботақан «бө-бө» деп боздайды; Ат «иһо-иһо» деп кісінейді. - Ал үй жануарлардын төлдерін қалай аттаймыз?(Қашақан, ботақан, құлыншақый, бұзау, лақ)
- Осы жануарларды біз неге үй жануарлары деп аттаймыз? (Өйткені олар адаммен тұрады)
Тәрбиеші:Жақсы балалар , сендер бүгін өте жақсы жұмыс атқардыңдар.Сол үшін мен сендерге арналған аздаған сыйлығым бар. Рахмет сендерге .