kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ғарырышкер болғым келеді

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды мектепке психологиялық тұрғыдан дайындау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ғарырышкер болғым келеді»

Тақырыбы: «Мен ғарышкер боламын»

Білім беру саласы: «Таным»

Оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру

Мақсаты: Білімділігі: Ғарыш, ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру.

Дамытушылығы: Балалардың сөздік қорларын байыту. Экологиялық сана қалыптастыру және дамыту.

Тәрбиелігі: Табиғат сұлулығын сезінуге, оны қорғауға, батылдыққа, адамгершілікке, ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, ой қозғау, көңіл-күйді көтеру, сурет бойынша әңгіме, ойын, сұрақ-жауап, қорытынды.

Көрнекілігі: слайд бойынша тақырыпқа байланысты суреттер, ғарышкерлер суреттері

Сөзік қоры: ғарыш, ғарышкер, ғалам

Билингвальды компонент: ғарыш – космос - space, ғарышкер – космонавт - cosmonaut, ғалам – мир - peace

Алдын-ала жүргізілген жұмыс: балаларға ғарышкерлер туралы ән мен тақпақтар жаттату.

Жүру барысы:

Жылулық шеңбері.

Біз қандаймыз, қандаймыз

Арайлар атқан таңдаймыз

Күлімдеген күндейміз

Еш ренжуді білмейміз (Балалар шеңберге жиналып, қызығушылықпен айтады).

Өткен тақырыпты еске түсіру.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктемде табиғат қандай құбылыстарға өзгереді?

-Көктемнің неше айы бар? Айларын атаңдар.

-Сәуір айында қандай мереке бар, естеріңе түсіріңдерші?

-Иә, бұл сәуір айында үлкен мереке бар. Ол – ғарышкерлер күні деп аталады.

-Ғарышкерлер дегеніміз кімдер?

-Ғарышкерлер дегеніміз – олар ғарышқа, аспан әлеміне ұшатын адамдар.

-Балалар аспаннан нелерді көруге болады?

Балаларға ғарыш туралы түсінік беру. Слайд арқылы әңгімелеу. (суреттерін көрсете отырып)

-Мынау аспан әлемі. Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар, шоқ жұлдыздар бар.Аспан әлемінде 9 ғалам бар. Сол ғаламның үшіншісі Жер деп аталады. Ал біздер сол Жер ғаламында өмір сүреміз.

Ғарышқа қандай көлікпен барады?

-Иә, ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп те атаймыз. (зымыран суреті мен макетін көрсету). Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Біз бүгін ғарышкер ағалармен, аспан әлемімен танысамыз.

Ең бірінші адамдар айға ұшпас бұрын тірі дененің баруы үшін Лайка деген итті ғарышқа ұшырған екен. Жерге қонғаннан кейін оның денесіне, қанына тексеру жүргізіп, ғарышқа адамның да баруға болатынын білген.

Ең алғаш ғарышқа ұшқан Ресей азаматы ол Юрий Гагарин. Ол 1961 жылы 12 сәуірде тарихта тұңғыш рет «Восток» ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан ғарышқа ұшты.

Ол Мынау ғарышқа дайындалып жатқан кезі.

1991 жылы Қазақстаннан алғаш ғарышқа ғарышкер Тоқтар Әубәкіров ұшты. Екінші болып ғарышқа қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев ұшты. Олар ержүрек, батыр, халық қаһармандары, еліміздің мақтанышы.

Мынау Байқоңыр ғарыш айлағы. Ол Қазақстанның Қызылорда облысында Қармақшы ауданы деген жерде орналасқан. Ғарышқа ұшар алдында олар әртүрлі дайындықтан өтіп, арнайы білім алады.

Ғарышта адам демалатын ауа жоқ, көлеңке жағы қатты суық, күн түсіп тұрған жағы өте ыстық болады екен. Ғарышкерлер үстеріне арнайы киім киеді. Ол скафандр деп аталады. Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ болғандықтан тек осы арнайы киіммен жүре алады екен.

-Балалар, біз ғарыш, ғарышкерлер туралы тақпақтар жаттап едік қой. Кәне, есімізге түсірейікші.

1.Бүгін Юрий ағаның,

Ұшқан күні ғарышқа.

Мен аспанға қараймын,

Мен ғарышкер боламын. Балауса

2.Мақтанышы даламның,

Байқоңырдың құшағы.

Ұрпақтары ғаламның

Осы жерден ұшады. Ақнұр

3.Күлімдейді күміс күн,

Құштарында көз тігіп.

Кемесіне ғарыштың,

Байқоңырда кезігіп.

4.Байқоңырдан ұшқанға,

Барлық әлем қарады.

Дос құшақтар аспанға,

Көтеріліп барады.

5. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері

«Тоқтар Әубәкіровке»:

Алтын бесік тербеткен,

«Байқоңырдан» аттандың.

Ең алғашқы қазақтың

Ғарышкері атандың.

Мақтанады өзіңмен,

Бүгінгінің баласы

Мүмкін олар ертең-ақ,

Ізбасарың болады.

-Балалар, сендер ғарышкер болғыларың келе ме?

-Балалар, кәне бойымызды жазып ән шырқап алайық.



«Күн мен Ай» сергіту сәті


Балалар жұлдыздарға айналып, шеңбер құрады. Күн мен Айдың бетпердесін киген балалар ортада тұрады.

«Күндіз күннің жарығынан жұлдыздар көрінбейді» деген сөздер айтылғанда «ай» мен «жұлдыздар» отырады.

«Кеш батып, түн болды» дегенде «ай» көтеріліп, әуен дыбысы арқылы «жұлдыздар» өздерінің жарық сәулесін түсіре бастайды (балалар орындарынан тұрып билейді)

Әуен біткенде күн көтеріліп, ай мен жұлдыздар орындарына отырады

Жапсыру.Ұжымдық жұмыс. «Түнгі аспан»

Балалар қара түсті қағазға қиылған зымыранның, айдың, жұлдыз пішінді планеталардың суретін қойып, жапсырады.

Тосын сәт.

Аспан әлемінен қонаққа Жұлдыз келеді.

Жұлдыз балаларды аспан әлеміне саяхатқа апарады.

-Біз, қазір балалар, аспан әлеміне барамыз. Кәне, барлығың еркін отырып, көздеріңді жұмып, көз алдарыңа аспанда ұшып жүргендей болып елестетіңдер (үнтаспадан музыка әуені естіледі). Біз зымыранға отырып, аспанға көтерілдік. Аспанда күн бізге күлімсіреп қарап сәулесін шашып тұр. Кенет аспан әлемінде ай көрініп, жымыңдап жұлдыздар да көріне бастады. Біз жоғарыға көтерілген сайын суық ауаны сезіне бастадық. Денеміз тоңғандай болды. Біздің қасымыздан қатты жылдамдықпен бір құс ұшқандай болды. Ол құс ғарыш кемесі – зымыран екен. Қайтатын уақытта жақындады. Енді біз Жер планетасына ораламыз (балалар көздерін ашады).

Жұлдыз: -менің де сіздермен қоштасатын уақыт болды. Басқа да балаларды аспан әлеміне саяхатқа апарайын. Балалармен қоштасады.

Үлестірмелі материалмен жұмыс: «Зымыран құрастыру.

Әртүрлі геометриялық фигуралардан зымыран құрастыру. Зымыран туралы әңгімелеу.

Қорытындылау.

Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін пысықтау.

-Балалар бүгінгі күн қалай аталады?

-Ғарышкер дегенді қалай түсінеміз?

-Біздер қандай ғаламда тұрамыз?

Балалар сендер бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар. Сендерге рахмет! Енді жылулық шеңберін жасап, «Мен ғарышкер боламын» атты әнмен қонақтарымызды шығарып салайық.

Жылулық шеңбері.

«Мен ғарышкер боламын» әні.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Ғарыш әлеміне жасаған алғашқы сапар, ғарыш алаңы Байқоңыр, зымыран, қазақтың тұңғыш ғарышкерлері, ғарышкерлердің киімі туралы;

Нені түсінеді: Ғарыш әлеміне тұңғыш ұшқан орыс азаматы Ю.Гагарин, қазақтың тұңғыш ғарышкерлері Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаев туралы мәліметтерді;

Нені меңгереді: Ғарыш әлеміне арнайы ғарыш кемелерінің ұшатындығын, ғарышкерлердің арнайы дайындықтан өтетіндігін, олардың арнайы киімдерінің болатындығын.

























































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ғарырышкер болғым келеді

Автор: Абылгазыева Жазина Эдилбаевна

Дата: 06.11.2018

Номер свидетельства: 483861


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства