Просмотр содержимого документа
«Ересек «Қызғалдақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тақырыбы: ««Ғарыш зымыраны » (заттық)»
Ересек «Қызғалдақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні:11.02.19ж
Тәрбиеші:С.Н.Сартаева
«Шығармашылық» білім саласы ұйымдастырылған оқу қызыметі: Аппликация Өтпелі тақырып: «Техника және біз»
Тақырыбы: ««Ғарыш зымыраны » (заттық)
Мақсаты:
Тәрбиелік: Балаларды жұмысты бірге жасауға және бірлікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың ой-өрісін, қиялын дамыту.
Оқытушылық: Ғарыш туралы білімдерін бекітіп, балаларды 3-4 топқа бөліп, ғарыштың бейнесін қағаздан қию, жырту әдістерімен жасау. Жұмыстарын бүкілпараққа орналастыруға үйрету.
Педагогикалық технологиялар Әңгімелеу, ойын, АКТ.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Интерактивті тақта,сурет
Көптілділік компонент:Ғарыш-ракета
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық кезеңі
С.Тұрғынбеков.
Тұрамын қалай таңданбай,
Айтсам бір екі ән қандай?
Ғарышқа ұшты Ер қазақ
Халқымның бағы жанғандай,
Елімнің даңқын көтеріп,
Қазағым ұшты ғарышқа!
2.Негізгі бөлім
Қазақстан елінің тұңғыш ғарышкері- Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев туралы түсінік беріп олардын жасаған ерліктеріне тоқталып портреттерімен таныстыру.
Слайдтармен әңгіме жүргізу.
Балаларға қауіпсіздік ережелерін естеріне салып,
зымырынның қиып жапсыру үлгісімен таныстырамын.
Сергіту сәті.
Ұзын қанат инелік,
Инелікке тимелік,
Зымыран біз жасадық,
Инеліктен үйреніп.
Зу-зу,-зу-зу, зу-зу.
3.Қорытынды
Жасаған жұмыстарынан көрме жасап, балаларды мадақтау.
Ересек «Қызғалдақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні:11.02.19ж
Тәрбиеші:С.Н.Сартаева
«Таным» білім саласы ұйымдастырылған оқу қызыметі: Жаратылыстану Өтпелі тақырып: «Техника және біз»
Тақырыбы: «Ауа қайда тығылды?»
Мақсаты:
Тәрбиелік: Өсімдіктер ауаны тазартатындығын естеріне түсіре отырып, табиғатты сүюге баулу, оны қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Тіршілік үшін ауаның маңызы зор екендігін ұғындыру.шұ
Оқытушылық: Тәжірибе көмегімен барлық жерде бар екенін түсінуге қөз жеткізу; ауасызтіршілік жоқ екенін түсіндіру.
Педагогикалық технологиялар ойын технологиясы, АКТ.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Интерактивті тақта,сурет
Көптілділік компонент:ауа-воздух-
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі
Балаларға жұмбақ жасыру.
Көзге көрінбейді,
Жұтсан білінбейді. (Ауа)
Ол жоқ жерде өмір сүре алмайсың,
Көзбен оны ешқашан көре алмайсын
-Балалар бұл не деп ойлайсыңдар?
2.Негізгі бөлім
Ауа-азот, оттегі, көмірқышқыл және басқа да әр-түрлі газдардаң қосындысынан тұрады.
Оттегі –тірлікке ең керектісі. Ауамен адам да, аң мен құстар да, өсімдіктер дем алады.
Ендеше балалар сендермен ауа туралы көбірек білу үшін зертханалық жұмыстар жүргізіп көрейік
Тәжірибе №1
Стаканның ішіне қағазды толтырып, суға малу. Сол кезде қағаз су болмайды. Неліктен ? Өйткені стакан ішінде ауа бар.