Просмотр содержимого документа
«Ересек «Қызғалдақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.Тақырыбы: «Біз кішкентай саяхатшылармыз!»»
Ересек «Қызғалдақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні: 12.04.19 ж
Тәрбиеші: С.Н.Сартаева
Кіріктірілген «Элеумет», «Таным» білім беру салаларының ұйымдастырылған оқу қызметтері: Әкология, Жаратылыстану.
Өтпелі тақырып: «Ғарышқа саяхат»
Тақырыбы: «Магнит әлемі »
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Бір-біріне қол ұшын беруге, қамқоршылық қасиеттерге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Магниттік қасиеттері бар кейбір денелерді анықтауды дамыту. Магнитпен тәжірибе жасауға қызығушылықтарын арттыру.
Оқытушылық: Магнит туралы мағлұмат беру, тәжірибе жасау арқылы магниттің қасиеттерімен таныстыру.
Педагогикалық технологиялар: АКТ, денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету: интерактивті тақта, слайд, суреттер. үн таспа, эксперементке қажетті заттар: магнит, су құйылған стақан, мата, қағаз, тарақ, ағаш, қасық, скрепка, құм, сандық, құлып, кілттер.
Сөздік жұмыс:
Көптілділік: темір – железа-gland, магнит-magnet, мата-ткань-fabric, дерево-ағаш-tree.
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Амандасу 3 тілде.
-Сәлеметсіз бе!, Здравствуйте!
Good morning! (Доброе утро!)
Good morning!
Good morning to you!
Good morning!
Good morning!
I`m glad to see you!
2. Негізгі бөлім
- балалардың назарын тақтаға аудару)
Профессор: -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Балалар сендерді өзімнің зертханама магниттің қасиеттерін анықтауға қонаққа шақырамын.
-Балалар профессорға қонаққа барамыз ба? Ал немен баруға болады?
(сиқырлы ғарыш кемесі арқылы бару)
Балалармен зертханада жүру қауіпсіздік ережелін қайталау.
- Балалар ал енді кішкене магнит туралы біліп алайық. (Бейнетаспа)
Сөздік жұмыс.
Кобальт – күміс түсті ауыр металл,
Никель-Күмістей ақ, иілгіш, созылғыш металл.
Металдар– Электр тоғы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар.
Сендердің әрбіреуіңде магниттер бар. Оларды қолдарыңа алып, магнитті сипаттап айтыңдаршы?
-Балалар магнит барлық заттарды тарта ала ма ?
Біз енді осыны тексеріп тәжірибе өткізейік
Зертханалық жұмыс №1
Үстел бетінде әртүрлі заттар жатыр: мата, ағаш , пластмасс, резинка, шеге, темір қасық, кішкентай магнит. Сол материалдардың әр қайсысына магнитті жақындату арқылы, қайсы магнит тартатының анықтау.
-Мата магнитті тарта ма? Неге? Қалай ойлайсыңдар?
-Ағашты магнит тарта ма? Неліктен?
-Қағазды магнит тарта ма? Неге олай ойлайсын? Неліктен?
-Шегені, скрепканы магнит өзіне тарта ма? Неге?
-Бұл не? Ал қасық неден жасалған? Пластмассаны магнит тартып алды ма? Неге?
Ал екінші қасықты көрейік. Магнитке жабысты ма? Неге ? ол қасық неден жасалған?
Қорытынды: кейбір темір заттар магнитке тартылады,ал темір емес заттарға магнит әсер етпейді. Бұларға:ағаш,пластмасса, мата, және т.б. осы заттарды атап шығып, олар неден жасалғанын айтамыз.
-Магнит қандай заттарды тартады, ал қандай заттарды тартпайды?
Зертханалық жұмыс №2
- Балалар, қарандаршы стакан ішіне әр түрлі заттар түсіп кетті. Су құйылған шыныдағы заттарды қолын суға малмай, шыныны төнкермей қалай алуға болады? Қалай ойлайсыңдар?
Қорытынды : -Магнит су мен шыныдан өте ме?
-Балалар сендер шаршап қалған боларсындар. Бір сергіп алайық!
Сергіту сәті: Мен қазақпын!
-Сендердің ойларыңша магнит тағы қай жерде қолданылады?
Зертханалық жұмыс №3
-Қағазды жыртып, тарақпен шашты сипалау. Балалар не байқадындар?
Қорытынды: Шашымыза да магнит бар. Сол магнит арқылы қағаз тараққа жабысты.
Зертханалық жұмыс №4
Магниттің қарама-қарсы жақтарын ажырату үшін бір жағын көк түске, екінші жағын қызыл түске бояйды. Бірдей түсті жақтары бірінен-бірі тебіледі, әр түсті жақтары бір-біріне тартылады.
Дидактикалық ойын: «Тартылады, тартылмайды»
- Балалар мен сендерге сыйлығымды мына қорапшаның ішіне салып едім, бірақ кілтін жоғалтып алдым. Маған кілтті тауып алуға көмектесіндерші!