Ертегі «Аю мен қоян» Ертегі мазмұны бойынша сұрақ – жауап. (https://www.youtube.com/results?search_query=%D0%90%D1%8E+%D0%BC%D0%B5%D0%BD+%D2%9B%D0%BE%D1%8F%D0%BD) – Аюдың іс – әрекеті дұрыс па? Не себепті? – Қояндар қандай амал тауып алады? – Аюды қалай сипаттайсыңдар? Ол қандай? – Ал қоянды қалай сипаттайсыңдар? Ол қандай? «Тыңда және қайтала!» Слайдтағы суреттерді тамашалап, берілген сұрақтарға жауап береді. - Бұл тамашалаған суреттерді сендер қалай түсінесіңдер? - Бұлар қандай қасиеттерге жатады? - «Әдептілік» сөзін қалай түсіндірер едіңдер? Пікір – талас: 1 – бала: – Әдептілік – әдемілік. Әдепті адам әдемі. Ол өзінің дұрыс киінуі, сыпайы сәлемдесуі, өзін - өзі күте білуімен әдемі. 2 – бала: – Әдемі адамның бәрі әдепті бола ма? Әдептілік дегеніміз - өзін - өзі кез келген ортада ұстай білу. Ол әдемі болмаса да, өзін - өзі ұстай білсе - әдепті. 3 – бала: Үлкен кісілерге «Ассалаумағалейкүм» деп амандасып, амандығын, денсаулығын сұрау парыз. Дұрыс амандасудың адамгершілік, иимандылық мәні бар. 4 – бала: Дұрыс тамақтану, мезгілімен ұйықтау, әке мен ананы сыйлау – халықтық әдеп. Біз осы нәрселерді, ұлттық әдепті қорғай білуіміз керек. 5 – бала: Сәлемдескенде, сәлем бергенде, әркім дауыстың дабырламауына, үнінің үйлесімділігіне, яғни дауыс ырғағына ерекше көңіл аударып, салмақпен, әдеппен сөйлеуге міндетті. Сөз басы сәлем дегеніміз осы. «Қалпақтар» ойыны Балаларға қалпақтарының түсіне қарай тапсырмалар беру (көк, сары). Көк түсті қалпақтар - әдептілік туралы тыйым сөздер айтады: 1. Үлкен кісімен сөйлескенде қолыңды қалтаға салып тұрма, 2. Үлкен кісімен сәлемдескенде қолыңды бұрын ұсынба, 3. Біреумен сөйлескенде бетіне қадала қарап, тақалып тұрма, ыржалақтап күле берме, немесе мөлиіп тұрма. 4. Біреудің дүниесіне таңдана қызығып, тесіле қарама. 5. Біреудің дүниесін өз бетіңмен аударыстырып, ақтарма. 6. Ата-анаңның бетінен алма. 7. Үйде отырып ысқырма. 8. Біреумен сөйлескенде керексіз нәрсені қазбалап сұрай берме 9. Әркімді бір кекетіп , мұқатпа. 10. Тамақ ішкенде ашкөзденіп, қомағайланып кетпе. Сары түсті қалпақтар – «Сөйлемді жалғастыр» ойыны: «Не істеу керек?» - Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.) - Үлкеннің тілін...................(алу керек.) - Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.) - Кішілерді..............................(қамқорлау керек.) - Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.) «Керісінше» ойыны – Балалар, мынау сиқырлы гүл, бірақ абайсызда оның күлтелерін шашып алдым. Гүлдің күлтелерін жинау керек. Ол үшін мен жағымсыз сөздер айтам, ал сендер соған қарама – қайшы жағымды сөздерді айтуларың керек. Егер біз сөздерді дұрыс тапсақ, бізде әдемі сиқырлы гүл пайда болады. әлсіз – күшті жаман – жақсы жалқау – еңбекқор ұқыпсыз – ұқыпты ақымақ – ақылды көңілсіз – көңілді әдепсіз – әдепті Мұғалім гүлді оңға қаратып қояды, сонда схема пайда болады. Шығармашылық жұмысы. Балаларға «Әдептілік гүлін» салуға ұсыныс тастау. Гүлдің қанша күлтелері бар? Олардың түсі қандай? Ендеше жұмысымызды бастаймыз. |