Шарты: Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ аз да екінші топ коп. Аз топ қақпан, көбі - тышқандар болады. Қақпандағы балалар бір - бірінің қолдарынан ұстап жүреді. Тышқандар қашып ұстатпайды. Тәрбиешінің белгісімен қақпандағы балалар қолдарын ұстап тұрады да, тышқандар шеңбер арқылы жүгіріп өтеді. Сонда тәрбиешінің белгісімен «жап» дегенде балалар қақпанды жауып қалады. Осылай тышқандарды ұстап болған соң, орындары ауысады.
«Жануарлар»
Шарты: Алаңда тәрбиешінің белгісімен балалар жан - жаққа жүгіреді. Тәрбиеші «Жануарға айналыңдар» - дегенде балалар тоқтап, бір - бір жануарды көрсетіп тұрады. Тәрбиеші алдын ала балаға өзі жануарды таңдау керектігін ескерту керек. Ойынды 3 - 4 рет қайталауға болады.
«Жапалақ»
Шарты: Бөлменің бұрышында жапалақ (жүргізуші) отырады. Қалған балалар тышқан мен шымшықтар болады. Күндіз бәрі жүгіріп жүреді. Тәрбиеші «Түнде» дегенде олар қозғалмай отыруы керек. Түнде жапалақ аң аулауға шығады. Егер кім қозғалса, соны жапалақ ұстап ұясына тасиды. Келесі жолы басқа жапалақты таңдап, ойын жалғасады.
«Маймыл мен жолбарыс»
Шарты: Бұл ойындары көбінесе сатылары бар спорт бар алаңында ойнатса өте тиімді. Біреуі жолбарыс болып, қалғандары маймыл болып банан теруге ағашқа шығады. Жолбарыс келіп маймылдарды қуалайды, ұстаса өз үңгіріне тасиды.
«Дұрыс көзде»
Шарты: Балалар шеңбер болып турады. Әрқайсысында бір - бір асық. Ортада жәшік тұрады. Бала мен жәшіктің арасы метрден аспауы керек. Берілген сигнал бойынша балалар бірден жәшікке асықтарды лақтырады. Бәрі лақтырып біткен соң, асықты алып қайтадан ойынды қайталауға болады. Егер асық шеңберге түспесе де балалар асықты алып, шеңберге тұрады.
«Диагностикалық орталықта»
Мақсаты: Аурухана туралы түсініктерін кеңейте білу, ауруханаға қажетті заттарды атап білуге үйрету. Балаларды мейірімділікке, жанашырлыққа тәрбиелеу.
«Дүкенші»
Барлық заттың жаңасын,
Сатушыдан табасың.
Төлеп толық бағасын
Керегеңді аласың.
Мақсаты: Балаларды еңбекке, еңбекті құрметтей білуге, сыпайылыққа, ізгілікке, адалдыққа баули отырып, сатып алған затының атын, түсін айта білуге, санауға, топтастыруға, теңестіруге, көп, аз, ұғымын айыра білуге үйрету.
«Құрылысшы»
Таспен сарай қаладым,
Әдемі үйлер саламын.
Кіргіземін шырайын -
Ауыл менен қаланың
Мақсаты: Ойын арқылы балалардың білімдерін, түсініктерін тереңірек кеңейту, ойлау қабілеттерін, тілін дамыту. Құрылысшы мамандығын құрметтеуге тәрбиелеу.
Қалада көп, биік үй,
Соның бірі біздің үй.
Барады үйлер биіктеп,
Төбесіне тиіп көк.
«Шаштараз»
Әдемілік - ұраным,
Қайшы, тарақ - құрағым,
Шашыңды алып әйбаттап,
Әп - әдемі қыламын.
Мақсаты: Балаларға шаштаразының еңбегін бағалай білуге үйрету және пайдаланатын заттарды атай білуге дағдыландыру (қайшы, тарақ, алжапқыш, су, айна)
«Наубайханашы»
Мақсаты: Балаларды наубайханашының қызметімен таныстыру. Ойын арқылы балалардың ой - қиялын, тіл байлығын дамыту. Наубайханашының еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Өнер мамандығы «Күйші, композитор»
Мамандығы: Балалардың жан - жақты музыкалық, шығармашылық қабілеттерін, сезімі мен көзқарасын және талғамын дамыту. Ұлттық аспаптар, күйші композиторлар және олардың шығармалары жайында, өнер мамандықтары туралы білімдерін кеңейту. Есте сақтау, ән салу, аспаптарды үнінен ажырату қабілеттерін дамыту, музыкадан алған сезімді би қимылдары арқылы бере білуге үйрету.