№ | Тақырыбы | Мақсаты | Сағат саны |
-
| Жемістер (алма, алмұрт) | Пішінді мүсіндеудің басу, қысу, жалпақтау әдістерін пайдалана отырып әртүрлі пішінді заттарды мүсіндеуге үйрету. | 1 |
-
| Себет | Себеттің қажеттілігі туралы түсінік беру, есу тәсілі арқылы затты құрастырып мүсіндеуге үйрету. | 1 |
-
| Биші Әйгерім | Ойыншықтардың әртүрін мүсіндеуге, жеке жұмыстарды қосып мүсіндеуге үйрету. | 1 |
-
| Тиын жаңғақ кеміреді | Тиын, тиынның тіршілігі жайлы түсінік беру, тиынның мүсінін жасай білуге үйрету. | 1 |
-
| Түйе жайылып жүр | Әдемі түйенің мүсінін ермексазбен жасай білу, әдіс-тәсілдерін үйрету. | 1 |
-
| Күзгі жапырық (релефті мүсіндеу) | Балаларға күз туралы түсінік беру, күз айларының атауларын меңгерту. | 1 |
-
| Көкөніс (қияр, қызылша, сәбіз) | Балаларға көкөністің пайдасын түсіндіре отырып мүсіндеуге үйрету. | 1 |
-
| Балапандар | Балаларға кесек ермексаздан балапан бейнесін мүсіндеуге үйрету. | 1 |
-
| Кесе | Мүсіндеудің созу, тегістеу, сылау сияқты техникалық әдістерін қолдануға, түстерді қабылдай білуге, ермексазды дұрыс қолдана білуге үйрету. | 1 |
-
| Үйрек | Кесек ермексаздан үйрек бейнесін мүсіндеуді үйрету. | 1 |
-
| Дән терген құс | Балаларға құстардың тіршілігі туралы түсінік беру, мүсіндей білуге үйрету. | 1 |
-
| Қоян бауырсақты кездестірді | Ертегі әлеміне қызығушылықтарын қалыптастыру, ертегі кейіпкерлерінің мүсіндерін жасай білуге үйрету. | 1 |
-
| Мысық жіп орамымен ойнайды | Саусақ арқылы жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. | 1 |
-
| Аққала соққан бала | Балаларға қыс мезгілі және қыс айлары туралы түсінік беру. | 1 |
-
| Қанат жалау ұстап келеді | Бала бейнесін мүсіндей білуге үйрету. | 1 |
-
| Біздің аю | Аюдың өзіне тән ерекшеліктерін ажырата отырып мүсіндей білуге үйрету. | 1 |
-
| Шана | Қысқы табиғат әсемдігін сезініп шананы мүсіндей білуге үйрету. | 1 |
-
| Қоян көжектерімен | Балаларды тыныс-тіршілігімен таныстыру, қоянның үй жануарына жататынын түсіндіру. | 1 |
-
| Қуыршақ (Дымков ойыншығы бойынша) | Сазбалшықпен жұмыс істей білуге үйрету. | 1 |
-
| Құмыра | Ыдыстар туралы түсініктерін кеңейтіп, құмыраны мүсіндеу әдіс-тәсілдерін үйрету. | 1 |
-
| Торғай | Құстардың дене бөліктерінің көлемдерін үйлестіре білуге үйрету. | 1 |
-
| Торсық | Қазақтың ұлттық бұйымы-торсықпен таныстыру; торсықты ермексаздан мүсіндеу әдіс-тәсілдерін үйрету. | 1 |
-
| Қуыршаққа арналған ыдыс (қасық, тәрелке, саптыаяқ) | Геометриялық фигураларға келтіре отырып ыдыстарды мүсіндеу. | 1 |
-
| Әжемнің сандығы | Балаларды мүсіндеудің тегіс нәрсеге бедерлі сурет түсіре білу әдісімен таныстыру және үйрету. | 1 |
-
| Бұғы (Дымков ойыншығы бойынша) | Дымков ойыншығын жасауға, сәндік мүсіндеу өнеріне үйрету. | 1 |
-
| Жүйрік ат | Мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін сақтай отырып, жүйрік атты мүсіндеу. | 1 |
-
| 8 наурызға арналған сыйлықты әшекейлеу | Балалардың қол қимыл әрекетін жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс істеуді үйрету. | 1 |
-
| Суда жүзген қайық | Суда жүретін көліктер туралы түсініктерін қалыптастыру, қайық бейнесін мүсіндей білуді үйрету. | 1 |
-
| Жайлауда | Сурет бойынша әңгімелей отырып, жайлау, киіз үй туралы түсінік беру. | 1 |
-
| Тостаған (наурыз мерекесіне) | Балаларды қазақтың сәндік қолданбалы өнерімен таныстыру, қымыз құятын ыдыс-тостағанмен таныстыру. | 1 |
-
| Менің сүйікті ойыншығым | Балаларды сүйікті ойыншықтары туралы әңгімелей білуге қиялдау арқылы түрлі ойыншықтарды мүсіндеуге үйрету. | 1 |
-
| Ғарыш кемесі | Балаларға ғарыш, зымыран, ұшақ туралы түсінік беру. | 1 |
-
| Саңырауқұлақтар (ақ, қызғылтсары түстер) | Түс ерекшеліктерін ажырата отырып бірнеше саңырауқұлақты мүсіндеу арқылы сюжетті мүсіндеуге үйрету. | 1 |
-
| Әдемі гүл | Түймедағы гүлін мүсіндей білуге үйрету, көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту. | 1 |
-
| Ит - адамның досы | Адам мен жануар бейнесін мүсіндеу іскерлігін қалыптастыру. | 1 |
-
| Жәндіктер (қаңқыз) | Қаңқыз және оның өзіне тән белгілерімен таныстыра отырып әдемі мүсіндеуге үйрету. | 1 |
Барлығы: 36 сағат |