Просмотр содержимого документа
«"алтын күз" ертеңгілігі»
Жомарт күз
Мақсаты: Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту.күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерін таныстыру.
Музыка әуенімен залға кіреміз.
Тәрбиеші: құрметті әріптестер, бүгін «Бөбектер» 1-кіші топтың «жомарт күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Армысыздар, халайық
Бармысыздар халайық
Күзгі тойды жүп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық. Қараңдаршы , бүгін біздің балалармыз қандай әдемі болып кеткен. Қолымызғы не ұстап келдің?
-Жапырақтар
Осы жапырақтың түсі қандай?
-Сары
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздерме балалар!
Уа,халайық дархан далам армысың.
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр.
Мен сендерді көргеніме қуаныштамын,
Алиша
Алтын ,сары ,қызыл,көк, Алуан-алуан жапырық.
Аян
Күзгі бақтар күлімдеп, Көз тартады атырап.
ІНЖУ
Уылжыған өрікпін, Бау-бақшаға көрікпін.
РЯНА
Күз түсті,дән пісті, Айтамыз алғысты.
ҚЫМБАТ Қуандырып біздерді, Мерекелі күз келді.
Шұғыла
Кел,жемісті алтын күз, Кемелденсін халқымыз.
ӘН: БАЛАПАН
Жарайсыңдар балалар! Енді біз «жапырақтар жинау» ойынын ойнайық.
Кәне бәріміз жапырақтарды жинайық.
Күз ханшайымы: Айналайын,балалар! Енді мен сендермен қоштасамын! Бұл естен кетпес күн болды. Бәріңізге бақыт тілеймін! Сау болыңыздар! Тәрбиеші: Білім – теңіз, мектепті кеме дейміз, Білім менен тәрбие егіз дейміз. Әдебі мен тәлімі үндесетін, Балаларды болашаққа жетелейміз. Қош дейміз әлі талай кештер бар, Өнерлерің өрлей берсін ұландар,-дей келе Бөбектер тобының«Жомарт күз» ертеңгілігі аяқталды.