kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Ақ боран» Тұманбай Молдағалиев

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Балаларды поэзия тілін түсінуге үйрету, прозамен көлемді етіп суреттелетін оқиғаның поэзияда қысқа ғана шумақтарға сиятынын түсіндіру. Поэзия тілінде берілген суреттеуді қара сөзбен әңгімелеп бере білуге дағдыландыру.Ақындық шығармашылыққа қызығушылығын тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Ақ боран» Тұманбай Молдағалиев»

«Ақ боран» Тұманбай Молдағалиев

Сабақтың мақсаты: Балаларды поэзия тілін түсінуге үйрету, прозамен көлемді етіп суреттелетін оқиғаның поэзияда қысқа ғана шумақтарға сиятынын түсіндіру. Поэзия тілінде берілген суреттеуді қара сөзбен әңгімелеп бере білуге дағдыландыру.

Ақындық шығармашылыққа қызығушылығын тәрбиелеу.

Көрнекілік: Қыстағы боранды күн суреті, қардың суреті, көркем әдебиет әліппесі, қағаз, түрлі – түсті қаламдар.

Сабақтың барысы:  Ұйымдастыру кезеңі

-         Қыс мезгілі туралы кім өзінің жатқа білетін өлеңін айтып береді?

-         Жақсы. «Боран» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-         Боран деген қыстың күндері қар жауған кезде желдің қатты тұруы. Қар желсіз, тыныш жауса, ол «боран» деп аталмайды. Ал жел өте қатты және қар өте қалың жауып тұрса, қалың жауып жатқан қардан төңіректегілер көрінбей, барлық жер аппақ болып көрінсе, ол «ақ боран» деп аталады. Борандатып жауған қарлар желге ұшып, сай – сала теп – тегіс болып, тегіс жерден айырмасы болмай қалады. Ақ боран соққанда желдің дауысы қасқырдың ұлығаны сияқты естіледі.

-         Ал енді, балалар, қағаз, түрлі – түсті қаламдарыңды алып, «ақ боранды» қалай елестетесіңдер, соның суретін салыңдар.

Балалардың жұмысы

-         Балалар, сендер мына кісіні білесіңдер ме?

-         Бұл кісі  ақын – Тұманбай Молдағалиев

-         Тұманбай Молдағалиевтің қандай өлеңдерін білесіңдер?

-         Ақын  Тұманбай Молдағалиев үлкендерге де, балаларға да арнап өлеңдер жазады. Бүгін біз ақынның «Ақ боран» өлеңімен танысамыз. Мен сендерге өлеңді оқимын, сендер өздерің салған суретке қарап отырыңдар.

Тәрбиеші мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіреді.

Боран, боран, ақ боран,

Адаспаса екен атты адам.

Даланы кезіп барады,

Ақ киімділер қаптаған.

Боран, боран,ақ боран,

Шоферға жол тым ауыр.

Оранып әппақ мақтаға,

Жатқандай ұйықтап бір ауыл.

Боран, боран,  боран – ау,

Соғасың тынбай не біліп?

Көрінбей кетті жол анау,

Күрпілдек қарға көміліп.

Боран қайда барасың?

Сәл ғана сабыр ет енді.

Әже отыр күтіп баласын,

Мен күтем шофер көкемді.

-         Енді мына көркем әдебиет әліппесіндегі суретке қараңдар. Сурет «Ақ боранға» ұқсай ма?

Тәрбиеші «Ақ боран» өлеңінде айтылғандардың балалар салған суретте көрінетін немесе көрінбейтінін салыстыра қарауды ұсынады. Балалар жауап беруге қиналған жағдайда тәрбиеші өлеңді оқып, түсіндіре отырып, салыстыруға көмектеседі.

-         Өлеңде ақ боран қалай берілген?

-         Сендер салған суретте өлеңде айтылғандар бар ма?

Балалардың жауаптары.

-         «Ақ боран» өлеңін әңгіме етіп жазса, онда үлкен әңгіме болар еді. Өлең сөзбен жазылған оқиға қысқа ғана болады, өлеңнің ерекшелігі осында. Кез келген оқиғаны әңгіме етіп жазса, үлкен әңгіме болады, ал өлең етіп жазса ол өте қысқа ғана сөздерге сыйып кетеді. Ал енді балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер шешіп көріңдер:

Мамықтай ұлпа, қанттай ақ,

Қыста жер бетін басады,

Жазда сайға қашады. (қар)

Қанаты жоқ ұшады,

Қыста жер бетін басады,

Жазда сайға қашады. (қар)

Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ желеді,

Ауызы жоқ ұлиды. (боран) Сабаққа жақсы қатысқан балаларды атап өтіп, сабақты қорыту.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«Ақ боран» Тұманбай Молдағалиев

Автор: Мұңсызбаева Дина Сатқарқызы

Дата: 27.02.2017

Номер свидетельства: 396251


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства