kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Зулкарнаева Жайлаугул

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды жаңа жылмен, оның ерекшеліктермен таныстыру. Мерекеге сай баланың көңіл күйін көтеру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Зулкарнаева Жайлаугул»


«Жаңа жыл » мерекесіне арналған ертеңгілік.


Қош келдің жаңа жыл !


Қатысушылар: Аяз ата, Ақшақар, Аққала, түлкі, қоян, жүргізуші, балалар.

Мақсаты: Балаларды жаңа жылмен, оның ерекшеліктерімен таныстыру. Мерекеге сай баланың көңіл күйін көтеру. Шырша әсемдігін, қыс келбетін сезіну, әсер алу қабілеттерін жетілдіру. Жұмбақ жасыру өлең орындау, би билеу арқылы балалардың сөйлеу тілін дамыту. Жақсылыққа, достыққа бір-біріне бауырмалдық көрсете білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Қыс туралы суреттер, ойыншықтар ілінген шырша, ұлпа қарлар. Музыка залы мерекеге сай әсем безендірілген музыка ырғағымен балалар залға кіреді.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті балалар, ата-аналар және қонақтар!

Міне көптен күткен қыс мезгілі де ортамызға келіп жетті. Жер үсті аппақ қарға оранды. Ағаштар ақ көрпесін жамылды. Қыс айында бәріміз асыға күтетін тамаша бір мереке бар. Ол қандай мереке, қане айтыңдаршы?

Ол мереке жаңа жыл!

Дұрыс айтасыңдар.

Жаңа жылды тойлау үшін осы әсем шырша түбіне барлығымыз жиналып отырмыз.

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн

Әр қанаттан кең алқапқа жарайды

Балалар! Қараңдаршы, шыршамыз қандай әсем

Ойыншықтарымыз қандай әдемі!

Осы шыршамызға арнап бір ән орындайық

Ән: «Жаңа жыл»

Ән орындалып болған соң, шырша түбінен қоян мен түлкі шығады.

Жүргізуші: Балалар біздің шырша мерекемізге қонақтар келді. Қонақтарымызды танисыңдар ма?

Балалар: Түлкі мен қоян.

Жүргізуші: Сендер қайдан келдіңдер?

Түлкі мен қоян: Мына шыршалармен бірге орманнан келдік.

Жүргізуші: Түлкі мен қоянға орындық беріп шырша түбіне отырғызады. Балалардың өздерің туралы не білетінін тамашалаңдар.Балалар қояндар қалай секіреді? Түлкі қалай жүреді?

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы –қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып секірді

Қоян: Ой, балалар сендер менің қорқақ екенімді біліп алыпсыңдар. Менің көжектерімде жүр екен. Ал, түлкі ертегіде нені жеп қойды?

Балалар: Бауырсақты.

Ал, қоян нені жақсы көреді.

Балалар: Сәбіз жақсы көреді.

Түлкі: Балалар сендер біз туралы бәрін біледі екенсіңдер. Олай болса бәріміз бірге билейік.

Би: Балапандар.

Түлкі мен қоян: Балалар біз енді орманға барамыз, онда тағы да түлкі қояндар бар, бізді күтіп жүрген шығар.

Жүргізуші: Балалар түлкі мен қоянға жаңа жыл мерекесінде өз атымыздан сыйлық берейік. Ал. Бізге сыйлықты кім әкеледі?

Балалар: Аяз ата әкеледі.

Жүргізуші: Түлкі не жақсы көреді?

Балалар: Бауырсақты жақсы көреді.

Жүргізуші: Түлкіге үлкен бауырсақ сыйлаймыз. Ал, қоян не жақсы көреді?

Балалар: Сәбізді жақсы көреді.

Жүргізуші: Қоянға үлкен сәбіз сыйға берейік. Қоян мен түлкі рахмет айтып қол ұстасып қоштасып орманға кетеді.

Балалар бәріміз бірге Аяз атаны шақырайық.

Аяз ата, ау-ау

Аяз ата, ау-ау деп шақырайық. Залға домаланып аққала кіреді.

Аққала: - Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Мені таныдыңдар ма?

Мен Аққаламын ғой. Мен қардан жасалдым. Мен қармен ойнауды ұнатамын.

Ән: Аппақ-аппақ.

Ойын: «Қар ату»

Аққала қоштасып кетеді.

Музыка ойналады залға Аяз-ата мен Ақшақар кіреді.

Аяз ата мен ақшақар: Сәлеметсіңдер ме балалар!

Балалар: Сәлеметсіздр ме Аяз ата, Ақшақар!

Аяз ата: Амансың ба ұлдарым

Есенсің бе қыздарым

Қандай жарқын жүздерің

Қандай әсем жырларың

Асулармен алысқан

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан

Өздеріңе оралдым

Бар сыйлығым жоралғым

Керемет бір ән тыңдап

Келіп тұр –ау демалғым

Қасымда бар ақшақар

Ол да ренжіп қалмасын

Ең бақытты балалар

Оған да ән арнасын

Жүргізуші: Әсем ән де, би де бар

Отыр ата сәл демал!

Балалар: тақпақтар айтады

Ән: Аяз ата

Аяз ата: Мына шыршаны танымай қалдым қандай тамаша етіп безендіргенсіңдер

Ақшақар: Шыршаның шамы неге жанбай тұр?

Аяз ата: Қазір жағамыз. Қане балалар сендер:

Үш рет шапалақтаңдар

Екі рет секіріп айналыңдар

Үш рет аяқпен тарсылдатыңдар

Ал мен сиқырлы таяғыммен үш рет түрткілеп сонда шамдары жанады

Ән: «Аппақ-аппақ»

Ақшақар: Аяз ата мерекеге менің кішкентай сіңлілерім келіпті біз бір би билеп берейік

Би: «Ұлпа қар»

Ән: «Сыбызғы сазсырнай» Әннен кейін 12 соққан сағаттың дауысы естіледі.

Жүргізуші: Балалар, тыңдаңдар. Жаңа жыл келді. Есіктен тыщқан мен тышқан кіреді, балалармен қонақтармен сәлемдесіп.

Доңыз: Қонақтар, балалар мен сендермен қоштасуға келдім. Осы тышқан жылы бәрі жақсы болсын.

Тышқан: Жаңа жыл боп келдім мен

Жақсылықпен ендім мен

Тыныш болсын еліміз

Аман болсын жұртымыз

Балалар: Құтты болсын, құтты болсын

Құтты болсын жаңа жыл!

Доңыз мен тышқан қоштасып кетеді.

Ақшақар мен Аяз ата:

Сыйлықтарым ауыр, көп көмектесіңдер.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балалар «Жаңа жыл» мерекеміз осымен аяқталды. Көп-көп рахмет келгендеріңізге.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Зулкарнаева Жайлаугул

Автор: Жайлаугул Хайратовна Зулкарнаева

Дата: 24.12.2019

Номер свидетельства: 533369


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства