Просмотр содержимого документа
«Золотая осень - Алтын күз 0 " А" класс. Внеклассное мероприятие»
«Винное орта мектебі» КММ
0 «А» сыныбы
Сыныптан тыс шара
тақырыбы: «Алтын күз»
тәрбиеші: Раисова Е.М
2018-2019 оқу жылы
Тақырыбы: «Алтын күз!»
Мақсаты:
1) Балаларды күздің кереметімен таныстыру.
2) Күз туралы түсініктерін кеңейту
3) Табиғатты қорғауға тәрбиелеу
Көрнекілігі: «Алтын күз» жазуы бар плакат, күз туралы суреттер.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, ата-аналар, балалар. «Алтын күз»атта ертеңгілігімізді тамашалауға хош келдіңіздер!
- Балалар халқымыз күзді неліктен «Алтын күз» деп атайды. Соған тоқтала кетейік.
Мақсат:
- Күз маусымының алғашқы айы –қыркүйек. Ол ерлік пен еңбек айларының бірі. Қойма алтын астыққа толады.
Дильназ:
- Күз маусымының екінші айы –қазан. Бұл ай-жиын –тайен аяқталатын, дихандар еңбек жемісіне кенелетін береке айы, берекесін қуаныштайтын мереке айы.
Айдана:
- Күздің соңғы айын қазақтар қараша дейді. Қараша десе дегендей, айнала қоңырқай тартады. Ағаш –қурай жапырағыннан айырылып, орман-тоғай сирейді. Қара суық түсіп, қыс демі сезілетін кез.
Жүргізуші: Балалар жеміс-жидектерді қай мезгілде жинап аламыз?
Ендеше күз ханшайымын ортаға шақырайық!
Гүлзира (Күз): Мен күзбін. Өте еркемін. Сәл нәрсеге бұртиып, қабағымды түйе қаламын.
Кейде болмашыға өкпелеп, көз жасымды аямай төгіп-төгіп жіберемін. Әйтсе де менің жомарттығым мен ақ көңілдігімді бәрі де ұнатады.
Жүргізуші: Балалар күз мезгілі сендерге ұнайды ма? Несімен ұнайды?
Ендеше күзге арналған өлең, тақпақтарымызды айтайық.
Мақсат: Күз де келді, күз келді
Құстар мекен іздеді
Күз де келді, күз келді
Қондырмайды түзге елді
Күз де келді, күз келді
Керек оқу бізге енді
Дильназ: Қыркүйек келіп, күз келіп
Шопан көшті күздеуге
Мектепке бет түзедік
Гүл құшақтап біздер де.
Арсен: Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жапырақ,
Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ
Айдана: Құстар қайтты ән салып
Бұлт шарлады аспанды,
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды
Айтуар: Күздің сыйын алайық
Қызығына қарайық
Күзге арнап бәріміз
Әнімізді салайық
Ән: «Жау-жау жаңбыр»
Ойын: «Көкөністерді құрастыру»
Көкөністер мен жемістер айтысы
Жүргізуші:
Өнім биыл тамаша! Көз тоймайды қараса:
Сәбіз, картоп, кәдіш пен қып-қызыл піскен қызанақ,
қырыққабатқа қарашы! Көкөністер мен жемістер жиыла қалып дауласты.
Көкөністер мен жемістер.
Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайысымыз ең дәмдіміз?
Ішіміздер адамға тиеді көп пайдамыз?
Мақсат (Қырыққабат):
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға
Бәрі жейді тамсана
Айдана (Сәбіз):
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!
Арсен (Қияр):
Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!
Дильназ (Қызанақ):
Піскен кезде қызанақ
Көз тартар қызыл түсімен
Бар ма адам сүйсінбей
Томат шырын ішпеген?
Айтуар (Пияз):
Боламын мен дәмдеуіш,
Барлық –барлық тағамға
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға
Жүргізуші: Көкөністер бәрі де, денсаулыққа пайдалы
Муны жатқа біліндер, оларды жақсы көріңдер!
Би: «Күзгі жапырақтар».
Жүргізуші: Балалар күз ханшайымы сендерге жұмбақтар әкелген екен, шешуін тауып көремізбе?
Жұмбақтар:
Іші-жұмсақ, сырты қатты
Еті қызыл, сүті тәтті (Қарбыз)
Дөп-дөңгелек доптай
Іші қызыл шоқтай
Дәмін татып көрсен
Одан дәмді жоқтай (Алма)
Бұл не деген көп киім
Жетпіс қабат көп киім
Жаңбыр жауса өтпейді
Қабат-қабат тоны бар
Түймелеуге жетпейді (Қырыққабат)
Гүлзира (Күз): Рахмет, балалар
Барлығыңды қимаймын
Барымды мен сыйлаймын
Бір айға нәр бір демім
Өздеріңмен біргемін.
Жүргізуші: Балалар күз ханшайымын шығарып салайық
Ән: «Біз өмірдің гүліміз»
Жүргізуші: Осымен Алтын күз мерекесі аяқталды, балалар сендерге көп рахмет!