Музыка ойналып балалар тәрбеші көмегімен залға кіреді.
Жүргізуші: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар,
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Балалар барлығымыз терезеге қарайықшы, бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз мерекесі құтты болсын!
Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар .
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар,- дей келе балаларымыздың сіздерге арналған әндерін қабыл алыңыздар.
Ән: «Нұрын төккен ана»
1.Мамалардың бүгін мейрамы,
Ән саламыз билеп, қуанып.
Әжелердің бүгін мейрамы,
Ән саламыз билеп, қуанып.
Қ-сы:
Ля-ля-ля-ля-ля
Ля-ля-ля-ля-ля
2.Аялаған мені ән қанатыңмен,
Құттықтаймын сені салтанаттыңмен.
Бақытты ғой заман қандай көңілді.
Мен тілеймін саған ұзақ өмірді.
Жүргізуші: - Балалар, бізге қонақ келе жатқан сияқты қараңдаршы?
Жүргізуші: (Музыка ырғағымен тауық кіріп келеді)
Балалар сендер танисыңдарма? Кім біледі?
Балалар : Иә, бұл тауық қой.
Тауық: Мен алтын жұмыртқамды іздеп шығып едім, менің балапандарымда осында екен ғой!
Жүргізуші: Бүгін аналар мерекесі еді, балалар өнерін барлығымыз бірге тамашалап көрсек қайтеді?
Барлығы бірге: Иә жарайды, тамашалайық.
Тақпақтар:
1.Қызырбек Айсана
Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
2.Орташиев Ахмет.
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Аналарды ардақтап,
Әдеппен басымызды иеміз.
3.Темербек Әдемі
Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған.
Үлкен кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.
4. Ерлан Инабат
Мені жақсы көреді,
Күндей күліп жүреді.
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
5.Алмат Зере
Ақ анашым, аппағым.
Өзің жайлы тақпағым.
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
6. Қайрат Абылай
Менің әжем әліде,
Ұқсамайды кәріге.
Керек болса бәріңе,
Шәй қайнатып береді.
7. Асланқызы Зере
Жарқын жүзді жан анам,
Сендей болсын бар адам.
Тауық: Балалар сендер жем шоқып жей аласыңдар ма? Қанаттарыңды қаға аласыңдар ма?
Балалар : иә
Тауық : Ендеше барлығымыз бірге балапандар биін билейік.
Би: «Шип-шип шөже»
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, қандай әдемі биледіңдер.
(Музыка ойналады, әлде біреу жұмыртқаны домалатып залға кіреді.)\
Тауық: Мынау менің жоғалтқан жұмыртқам ғой!
(Қуанып қанатын қағып, айналып шоқыған болады)
Тауық: Ішінде не бар екен?
Жүргізуші: Жұмыртқаны тыңдап ішінде не бар екен
Ән: « Сылдырмақ»
1.Қолымызда сылдырмақ,
Сылдыр сылдыр етеді.
Аяғымыз тақылдап,
Өзі билеп кетеді.
Қ-сы: Ля-ля-ля-ля-ля
Ля-ля-ля-ля-ля
2.Қолымызда сылдырмақ,
Сыңғырлата қағамыз.
Оң аяқ пен сол аяқ,
Басуын тез табамыз.
Жүргізуші: Ал енді балалар бәріміз «Топ-топ балақан» әнін орындайық.
Ән: «Топ-топ балақан»
1.Біздер үйдің гүліміз,
Біздер үйдің күніміз.
Ата-анаға қуаныш,
Біздің әсем үніміз.
Қ -сы: Топ-топ балақан, 2 рет
Шапалақта алақан.
2. Мәпелеген анамыз, әке деген панамыз,
Кәмпит берсе біздерге, риза болып қаламыз.
Аман болсын анамыз,
Аман болсын панамыз.
Аман болса екеуі,
Жұлдыз болып жанамыз.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, әндерің де өздерін сияқты тамаша екен!
Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамынмен құттықтаймын!- дей отыра бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Барлық аналарды, аруларды мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз.