Өскемен қаласы әкімдігінің «№100 балабақша-бөбекжайы»КМҚК
Жыл басы-Наурыз
№3 «Балдаурен» 5 жастан 6 жасқа дейінгі
мектепалды даярлық тобы
Тәрбиеші:Байжайлауова Бағдат Сыдыковна
2019 жыл
Жүргізуші:
Келіңдер. Наурыз тойға бәрін бүгін,
Аямас өнерпаздар ән мен жырын.
Тойлайық, халық тойы Наурызымның
Шуағын жерге төккен, бақыт нұрын!
Балалар, залға кіріп, ән айтатын орындарына тұрады
1-ші бала:
«Көктем жыры»
Көлде аққу, көкте қаз,
Орманда бұлбұл сайраған.
Көптен күткен көктем кеп,
Құлпырып дала жайнаған
Көктемнің күнін қарсы алып,
Бүгін елім тойлаған (Асылжан)
2-ші бала:
Есть праздник Наурыз,
Новый год восточный
Играет озорной кобыз,
Теперь весна уж точно
Теперь равны и день и ночь
Пробуждается природа,
И начинается новая жизнь(Амирлан)
3-ші бала:
Ағылшын тілінде Ілияс
Ән «Наурыз»
Балалар, орындарына отырады.
Ата кіреді.
Ия, шуағын шашқан Көктем мерекесімен бірге Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі де келіп жетті.Наурыз мерекесі құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Менің немерем 5-ке толды. Атам қазақ ұл баласын 4-5 жасқа толғанда баласы азамат болды деп атқа қондырған. Мен де осы Наурыз мерекесімен қатар немеремді атқа мінгізу дәстүр тойын өткізбекшімін.Қане, балалар тойға қонақтарды шақырындар.
Махамбет пен Айбын жүгіріп шығады.
Алақай, алақай!
Той басталды!
Тойға шақырамыз!
Қонақтар кіреді:
Бір –бірлерімен төс қағысып, амандасады.
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Өзбекше:Навруз байрам, Байрамингиниз мубарак болсин!Сизларға омад, бахт, соэлиқ ва чин севги тилаймын!
Орысша:1.Пусть Наурыз принесет благополучие, радость и добро!
Желаем весеннего тепла и радости в жизни!
2.Наурыз приходит с весной.Расцветает природа.Пусть этот праздник принесет в жизнь новые и хороие изменения.
Дастархан басына жайғасып отырады.
Жүрг.
Уа, халайық, осындай екі мереке қатар келгенде тамаша бимен шашу шашайық.Біздің ұлдардың орындауында «Домбра» биін қабыл алыңыздар.
Би «Домбра»
Асылжан, Ілияс,Арнур, Ералы, Мирас.
Ата: тамаша бір ойынның кезегі келген сияқты.Қане, балалар шеңберге тұрайық,мына домбрамен бір ойын ойнайық.
Ойын «Домбра»
Дастарханның басында отырған орыс ұлтының өкілі:
Мы тоже пришли не с пустыми руками.
«Русский танец»
Ата:ал, енді азаматымызды атқа отырғызу рәсімін бастайық.(атты жетектеп кіргізеді)
Ата баланы атқа отырғызады.Шашу шашылады.
Ата бата береді.
Атқа жақсы шаба біл,
Өнеге, өнер таба біл,
Аймағына жаға біл,
Өнеге, өнер таба біл.
Атқа міндің, ақжол болсын!
-Алақай, алақай!(Махо)
-Досымыз атқа мінді!(Рахат)
-Азамат болды!(Айбын)
-Биден шашу шашайық(Сұлтан)
Би «Грузиндер достығы»
Жүрг: Наурыз мерекесіне жаттаған тақпақтарымызды айтайық.
Сұлтан:
Наурыз айы келгенде,
Күн шуағы шашылып,
Жылғалардан су ағып,
Ақ әжелер құлпырып
Наурыз көже пісіріп
Қонақтарға тартамыз.
Рахат:
Вы же чувствуете,
В воздухе пахнет весной.
И она нам сейчас
Наурыз подарила.
Но в любую погоду,
Придет весна,
Это праздник весны
Для всего Казахстана.
Іңкәр:
Асқар «Наурызым, армысын»
Ата-бабам тойлаған,
Наурызым, армысын!
Қызығына тоймаған,
Дархан дала, қарлы шың,
Мерекені байырғы,
Алды халқым қабылдап.
Ақ дастархан жайылды,
Ошақта от жалыңдап.
Өзбек қызы:
Бізде алыстан ат арытып осы мерекеге құр қол келген жоқпыз,арнайы сыйымыз бар.
Келіндер, достар, би билейік.
«Өзбек» биі
Жүрг: Халық түсінігі бойынша Наурыздың 21-нен, 22-не қараған түні даланы қыдыр ата аралайды екен,сол себепті осы түн Қыдыр түні деп аталады. Қыдыр ата адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын ақсақал.Ендеше, Қыдыр атаны қарсы алайық.
Қыдыр ата:
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Ата:Қыдыр ата, отырыңыз, біздің балалардың өнерін тамашаланыз.
Айзада:Наурыз-көктем.
Наурыз көктем, наурыз жыр,
Ана мейірім, шуақ нұр.
Жан иесін жаңартқан,
Аққан бұлақ, нәзік сыр
Наурыз әсем, наурыз құс,
Сұлу да, сағым құз.
Самғай ұшқан қарлығаш,
Аққу қаздар мамық төс.
Ералы:Жансүгіров «Жазғытұры»
Ой, балалар, балалар,
Жылы, жылы жел соқты.
Жылғалардан су ақты
Қанқыл-қанқыл қаз кепті,
Ой, балалар, балалар,
Ойналық та, күлелік.
Айбын:
Пусть на твоей земле,
Мой Казахстан прекрасный.
Смеются дети и цветут сады.
В весенний праздник Наурыз чудесный.
Ән: «Наурыз»
Ата: Батаменен ел көгерер,
Жаңбырменен жер көгере-дегендей, Қыдыр ата өзіңізден бата сұраймыз.