kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жолы? болсын, балдыр?ан ерте?гілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаба?шамен ?оштасу ерте?гілігі "Жолы? болсын, балдыр?ан". ?те ?ызы?ты ерте?гілік.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жолы? болсын, балдыр?ан ерте?гілігі»

«Жолың болсын балдырған» атты ертеңгілігі


Дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата – аналар! Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2015–2016 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында балабақшамен қоштасу ертеңгілігіне Көкшетау қаласының №10 «Алтын бала» балабақшасының «Гүлдер» тобының түлектері «Бақытты балалық шақ» ұшағымен келіп қонды. Ертеңгілік барысында қол телефондарыңызды өшіріп, дабыр сөзді қойдырып, қолдарыңыздан келгенше әр баламызды қошеметтеп, әр сөздерін мұқият тыңдап, өнерлеріне тамсанып, қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз

1 жүргізуші: Қымбатты ата – аналар, бала – бақша қызметкерлері, қонақтар. Біз бүгін бірнеше жыл мәпелеп күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.

2 жүргізуші: Өтті кызық көп күндер,

Алты жасқа жеттіңдер.

Барасыңдар мектепке,

Бір белестен өттіңдер.

Өсті ақыл ойларын,

Өсті міне, бойларың,

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларын! – деп ортамызға 2016 жылғы «Гүлдер» тобының түліктерін шақырамыз.

1.Спортшы бала – Сапарбек Мансур

1. Әдемі қызымыз – Қабдолла Адия

2. Сұңғақ бойлы, биязы мінезді – Ахмет Нұрсұлтан

2. Әнші қызымыз – Тагаева Арайлым

3. Топтың сабырлы да ұяңы – Сәкен Елжас

3. Әдепті қызымыз – Аширбекова Дильназ

4. Білімді де жан-жақты – Өтеген Абылайхан

4. Белсенді қызымыз – Бекіш Інжу

5. Мінезі темір – Таип Айдос

5. Биші қызымыз – Джангунакова Ясмин

6. Салмақты бала – Сейітқали Әділ

6. Тапқыр қызымыз – Любимова Алина

7. Алғыр бала – Сүлейменов Азамат

7. Сүйкімді қызымыз – Байканова Мадина

1-жүргізуші: Кешегі сәби балаңыз,

Жарады міне қараңыз,

Келесі сөз соларда

Тыңдайық әнін бәріміз

Ән: «Біздің, балабақшамыз»

2 жүргізуші: Ақ тілекті ағытып тастайық

Қоштасатын кешімізді бастайық

Жүздерінен көрем шаттық арайын

Болсын солай әрбір күнің, әр айын – деп біздің түлектеріміз өз өлең жолдарын сыйға тартады.

Мадина: Міне менде, үлкен болдым,

Жасым толды 6-ға.

Кітаптағы ертектерді.

Енді оқимын шетінен.

Ойыншықты жинаймыз,

Бөбектерге сыйлаймыз.

Өнер білім үйреткен,

Бақшамызды қимаймыз.

Абылайхан: Биыл күзде мектепке

Біріншіге барамын,

Мақтанбаймын мен текке

Дайын дәптер, қаламым.

Мен де кітап аламын,

Мен де оқуға барамын,

Жаман бала дегізбей

Жақсы оқитын боламын.

Арайлым: Балабақша базарлы үй,

Көшедегі ажарлы үй.

Шаттығы бар шуағы.

Өз үйіміз сияқты.

Нұрсұлтан: Тақта біздің панамыз,

Мектеп біздің анамыз.

Ертең өсіп толамыз.

Білімді адам боламыз.

Қуанамыз, сыйлаймыз,

Қуаныштың мың гүлін.

Бақшамызбен қимай біз,

Қоштасатын күн бүгін.

Ән: «Тәрбиеші»






(Асып - сасып залға музыка әуенімен Жалқаубек кіреді, қолында автомат, аузында ысқырғыш, бір балағы түрулі, кепкасы қисайған.)

Жалқаубек: Сендерде мұнда не болып жатыр?
2 - жүргізуші: Бізде балабақшамен қоштасу кеші болып жатыр. Біздің балалар мектепке барады.

Жалқаубек: Апай, апай мен де мектепке барамын, балалар мені де өздеріңмен ала кетіңдерші мектепке.
1 - жүргізуші: Амансың ба Жалқаубек! Кішкене сабыр ет! Ештеңеден қалған жоқсың. Әуелі мына жұртпен амандас.
Жалқаубек: Сәлеметсіздер ме

2-жүргізуші: Жалқаубек, сен білесің ба мектепке қандай оқу - құралдары керек?
Жалқаубек: Білмеймін.
1-жүргізуші: Балалар, ал сендер білесіңдер ме?
Балалар: Ия білеміз.
2 - жүргізуші: Кәне айтыңдаршы. Қандай оқу - құралдары?
Балалар атайды: дәптер, қалам, қарындаш, бояу, ермексаз, сызғыш, т. б.

1 – жүргізуші: Дұрыс балалар, ал енді Жалқаубек пен бірге « Мектепке кім тез жиналады» ойын ойнайық.

Жалқаубек: Оқымап ем бір алдым,

Келіп қаалды мұғалім,

Әкеп едім «екілік».

Мамам шықты зекіріп

«Үш» алғанда байқадым.

Папам басын шайқады

«Бес» - деп едім, бүгін кеп.

Қарайды бәрі күлімдеп.

1-жүргізуші: - Кәне Жалқаубек,

Бесіңді көрсетші.

Жалқаубек.: - Міне бесім.

2-жүргізуші: - Мынау тұрған «үш» делік.

Ал мынауың «екілік».

«Бес» алдым деп бүгін сен,

Неге айтасың өтірік?

Жалқаубек: - Ой, апай есепті-

Білмеуіңді қарашы.

Үшті қосса екіге

«Бес» болмай ма санашы. (күнделіктің бетін ашып көрсетіп айтады. Күнделіктің бір бетінде 3, ал сол бетінің төменгі тұсында 2 тұр).

1-жүргізуші: - Қосуды біледі екенсің. Ал басқа білімің 2 мен 3 екенін ұмытпа. Жалқаудың аты жалқау. Балалар сендер жалқау болмаңдар, жақсы оқыңдар.



Мектепте талай қызық, пайдалы нәрсе үйренесіңдер, Жалқаубектен үлгі алмаңдар. Жалқаубекке керісінше өзіміздің білімімізді көрсетейік.

1-жүргізуші: - Әндетейік жырлайық,

Биден шашу шашайық. – келесі кезекте биші қыздарымыздың биін тамашалайық

Би «Флешмоп»

2-жүргізуші: - Ал балалар енді білім еліне аттанамыз.

Салақ: - Әй тоқтаңдар, тоқта. (деген дауыс естіледі).

Жалқаубек: - Ой сайтан! Кет жолдан.

Салақ: - Қорықпаңдар мен қарақшы да сайтан да емеспін.

Жалқаубек: - Енді кімсің.

Салақ: - Мен бе, Салақ.

Фамилиям - Кір қожалақ.

Жалқаубек: - Өзің өте әдемі екенсің, қайдан жүрсің?

Салақ: - Жақын жерде тұрамын. Білім еліне барайын деп шықтым.

Жалқаубек: - Сені онда жібермейді.

Салақ: - Неге? (өкпелеп) Ол не дегендерің мен бе кір? Қай жерде кір көріп тұрсыңдар? Бұл кір емес.

Жалқаубек: - Ол не?

Салақ: - Кәне қай жерде?

Жалқаубек: - Мына жеріңде, мына жеріңде лай ғой.

Салақ: - (көзін қылитып бетін көрмекші) Жоқ қой ештеңе (оған айна береді. Түріне айнадан дұрыстап қарап алады) Бұл лай емес.

Жалқаубек: - Не ол сонда?

Салақ: - Ол күнге күйген ғой.

Жалқаубек: - Күнге қорқынышты болып күйіпсің ғой, дақ боп (қалтасынан орамал алып бірнеше үлкен дақты сүртеді).

1-жүргізуші: - Балалар сендер қалай ойлайсыңдар салақты, білім еліне алуға болама? Балалар: - Жоқ

Салақ: - Енді не істесем екен?

Жалқаубек: - Барып жуынып, киініп тазаланып келейік. Кеттік Салақ.

Салақ: - Жарайды сонда ғана білім еліне алатын шығар. Кетейік.

Жалқаубек: Балалар өте көп тапақ біледі, ән айтады, би билейді. Сендер мектепке дайын екенсіңдер, бізде мектепке барғымыз келіп тұр. Сондықтан балалар біз барып жиналайық. Біз портфелімізді дәптерлерге, қаламдарға, қарындаштарға толтырып келейік. Ал сендербізді тоса тұрыңдар, жарайма? (Жалқаубек пен Салақ кетеді)

2 – жүргізуші: Ұлдарымыздың әсем әнін тыңдайық

Ән: «Барамын мен мектепке»

1 жүргізуші: Мынау не деген сиқырлы қорап? Ішінде бір нәрсе бар сияқты? Ол кімге екен?





2 – жүргізуші: Жоқ, Бұл қорап бізге емес, қораптың ішінде ойыншықтар жатыр. Біздің балаларымыз 3 жыл бұрын осындай болды. Ал қазір олар өсті, ер жетті. Мектепке баратын бопты. Енді олар осы ойыншықтарды өздерінің кішкентай бүлдіршіндерге сыйлауға бел буды.

1 – жүргізуші: Ендеше ортаға кішкентай бүлдіршіндерді шақырайық.

сәби тобы кіреді.

Алаң: Абзал жаңдар, биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.

Қуанышты жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды сәби тобы баршаңды.

Айханым: 5 жыл бойы оқыған,

Ойға білім тоқыған.

Ағалар мен апалар,

Орындалды ойыңыз,

Құтты болсың тойыңыз.

Мөлдір: Сіздерге жалың жүректен,

Айталық достық тілекпен.

Әрқашан сәтті жол болсын,

Сапарларыңыз оқ болсың!

Інжу: Көзі шамдай күшікпін,

Көп ойынға түсіппін.

Сендермен енді қоштасам,

Бөбектермен достасам.

С.Мансур: Машинамын – көлікпін,

Мамандарға көніппін.

Үйренген соң білімді,

Білесіңдер тілімді.

(Ән әуенмен сыйлықтарды сыйлайды. Сәби тобымен қоштасады)

Алина: Қош балабақшамыз,

Естен кетпес есіміз

Қош балабақшамыз

Алғаш ашқан есігін.

Қанша бала, қанша қыз.

Бір шоқ гүлміз баршамыз.

Ойын – күлкі ордасы

Біздің балабақшамыз.

Әділ: Ана тілін ардақтап,

Ана тілді біз сүйдік.

Сурет салып, ән жаттап,

Оқып, жазып үйрендік.

Айдос: Мектеп қамқор анамыз,

Оқып білім аламыз.

Өнерпаз боп өсетін.

Біз мектепке барамыз.

Әліппенден әріп танып,

Алғаш рет оқимыз.

Тәрбиеден тәлім алып,

Елжас: Жер де ақ қар жатсада,

Асыр салып ақпанда,

Күнде ертемен бақшаға.

Келетінбіз ақ таңда.

Ән: «Қоштасу әні»

1 – жүргізуші: балалар мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр:

Ойынның аты: «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойыны

1. Мектепке біз барамыз ба?

2. Кілең бестік аламыз ба?

3. Айтқан тілді аламыз ба?

4. Ақылды бала боламыз ба?

5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?

6. Сабаққа ерте тұрамыз ба?

7. Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?

8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?

9. Екі алғанда жылаймыз ба?

10. Оқушы біз боламыз ба?

2– Жүргізуші: : Енді жаңағы балаларға қойылған сұрақтар сияқты ата – аналарға да сұрақтар қойып көрейік: Ойын: «Ия, ия» «Жоқ, жоқ»

1. Балаңызға әрқашан тірек сіз ба?

2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз ба?

3. Тамағын уақытында бересіз бе?

4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?

5. Сериал көріп жатасыз ба?

6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?

7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?

8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?

9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?

10. Бала үшін асулардан асасыз ба?

Би: «Джентельмен» ұлдар биі

1 жүргізуші: Ал, біздің балалардың ағылшын тіліндегі өлең жолдарын тыңдайық.

Тақпақтар:

Мадина : Teacher,teacher thanks a bunch

I will miss you very much

I`v e learned more than I can say

It`s Graduation day1

Айдос : Happy graduation

I`m so proud of you

Maybe we could

Go to the zoo?



Абылайхан: Your teacher will be

Friendly and kind

She`ll help expand your

Imagination and mind

Дильназ: Jus t look around

And you will see so many toy

Some friends are girls

Some are boys

Ән: «If you are happy»

1-жүргізуші: Ән мен күйді төгілдіп,

Інжу маржан шашайық.

Қонақтарды тамсаңдырып,

Тақпақтарды арнайық – дей отырып, келесі кезек балабақша қызметкерлеріне арналады.

Інжу: Гүлжан Шахманқызы -

Балабақшаның басшысы мен тірегі,

Барлығы оны мейірбан деп біледі.

Әрқашан да басшы демей ол өзін

Ортамызда күліп, ойнап жүреді.

Құтты болсың мейрамыңыз бүгінгі

Көріп жүрсің ауыл – елің нұрынды

Өзінізге бақыт тілеп өмірде

Сыйлаймыз, сізге осы гүлімізді. (меңгеруші)

Аблайхан: Қай кезде де, әдіскер,

Қайғырмайды өзі үшін.

Біздер үшін қуанып,

Қызарады біз үшін. (әдіскерлер)

Ясмин: Сәнді балабақшамыз, жасыл желек көшеміз,

Аясында Отаның, асыр салып өсеміз.

Шуағына бөлеген, аялаған демеген

Тәрбиеші апайлар мейірімді не деген.

Әріп тани білеміз, қабырғаға ілеміз.

Баласыңдай бір үйдің, тату – тәтті жүреміз. (тәрбиешілер)

Әділ: Ақ төсекке жатқызған,

Тәтті тамақ ұсынған,

Бала болып ойнаған,

Жұлдыз апайға мың алғыс (күтуші)

Арайлым: Сергек ол үнемі,

Салып етіп бар күшін.

Түгендеп жүреді,

Балабақша ақысын

Жанна апайға мың алғыс(есепші)

Айдос: Балабақшаның қызметін,

Иығына көтерген.

Қоймашы Алма апайға

Тілектеспіз әрдайым. (қоймашы)

Азамат: Іш ауырса, тіс ауырса

Апай дәрі береді.

Сондықтан да ол апайды

Балалар жақсы көреді.

Людмила апайға мың алғыс (дәрігер)

Қ.Әдия Ән салғызын үйреткен,

Нотаны да меңгерткен

Мың алғыс Гүлнар апайға,

Ән салуды үйреткен. (музыка)

Алина: Біздің гүл бақшада,

Бар әсем асхана.

Бар онда аспазшы

Ақ көңіл жақсы апа.

Әлде май, құймақ па?

Палау ма, сорпа ма,

Тұрады ортада

Тәп тәтті тамағы, Ай ас маманы. (аспазшы)

Мадина : Тақпақты да жаттаймыз 
Әнге, биге баптаймыз 
Ағылшын тілін үйреніп, 
Ақ сенімді ақтаймыз. 
Жұлдыз апайға мың алғыс
Дильназ: Қай кезде де, Ардақ апай

Қайғырмайды өзі үшін

Біздер үшін қуанып,

Қызарады біз үшін. (орыс тілі)

Қ.Әдия Дені саудың, жаны сау деп,

Спорт түрін үйреткен.

Шынықтырып денені,

Жаттығулар өткізген

Әрқашан сізге мың алғыс. (дене шынықтыру)

С.Мансур: Көңілді өскен баламыз,

Шырқатып әнге саламыз.

Тойымызға сән берер,

Би де билеп аламыз

Аякөз апайға мың алғыс (биші)

1 – жүргізуші: Сөздерінді ұмытпай,

Есімізге аламыз,

Ұмытпас деп ұясың,

«Қош бол, балабақшамыз» әнін саламыз.

Ән: «Қош бол, балабақшамыз»

1 – жүргізуші: Сөз кезегін балабақша меңгерушісі Ержанова Гүлжан Шахманқызына беріледі.

2 – жүргізуші: Сөз кезегін ата – аналар атынан Джангунакова Дана Сейлхановнаға беріледі.



2 – жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетінде.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде – дей отырып, ортаға «Соңғы Вальс» биін қол шапалақпен тамашалайық.

1 – жүргізуші: Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,

Жас түлектер жүздеріңде нұр тұнды.

Бізден ұшып, қанат қағып есейдіңдер,

Өздеріңмен қоштасатын күн туды.

(Жалқаубекпен Салақ келеді.)

Жалқаубек: Балалар біз келдік бізде сендер мен мектепке баруға дайынынбыз.

2 – жүргізуші :Сендер дайын екенсіңдер ғой ? Міне балалар, сендердің көптен күткен қимастығы мол қуанышты мерекелерің аяқталды. Біздің сенімімізді ақтайды мектепте үлгілі де тәртіпті бала болатыңдарыңа сенеміз. Сендерге ақ жол, сәт сапар тілейміз.

1 – жүргізуші: Біздең ұшып талай қанат қағындар,

Жүректерден армани отын жағыңдар.

Жақсы оқып алтын ұя мектепте,

Бұл өмірдей бақыт жолын табыңдар!

Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,

Өздеріңді сағынып біз жүрейік.

Құтты болсың қадамдарын аттаған,

Біз сендерге сәтті сапар тілейік!

Осымен біздің «Жолың болсын балдырған» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Қош сау болыңыздар.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жолы? болсын, балдыр?ан ерте?гілігі

Автор: Махаббат Г?лстан Махаббат?ызы

Дата: 05.06.2016

Номер свидетельства: 332775


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства