Просмотр содержимого документа
«Жолы? болсын балдыр?ан!»
Орынбаева Қырмызы Ахметовна,
№5 жалпы орта білім беретін мектептің
мектепалды даярлық сынып мұғалімі
Маңғыстау облысы.Мұнайлы ауданы
87026514515
Жолың болсын балдырған!
Армысыздар әлеумет, кеш қонағы
Бүгін бізде мереке аса мәнді
Қуанып зер салайық, ей халайық
Балғындарды қошеметтеп қарсы алайық.
Кеше ғана алаңсыз ағаш атқа мініп, шапқылап жүрген бүлдіршіндер бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып, дайындық сыныбын аяқтап, 1-ші сыныпқа қадам басқалы тұр. Қадамдарың құтты болсын жас бүлдіршіндер. Қазір алдарыңызда тұрған бүлдіршіндер 9 ай ішінде алған білімдерін ән-күймен, өлеңдермен, жұмбақтармен, жаңылтпаштар мен өрнектеп өнерлерін ортаға салады.
- Балалар біздің Республикамыз қалай аталады?
-Қазақстан Республикасы
-Еліміздің елордасы қай қала?
-Елордамыз - Астана.
-Елбасымыз кім?
-Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев.
-Балалар еліміздің рәміздеріне нелер жатады?
-Еліміздің рәміздеріне: ту, елтаңба, әнұран жатады.
-Дұрыс айтасыңдар, Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Желбіреген көк туы, айбынды елтаңбасы, асқақтаған әнұраны бар.
Олай болса қазір «Көк тудың желбірегені» әнімен ертеңгілігімізді бастаймыз.
Ән: « Көк тудың желбірегені».
Жүргізуші: Ортаға тақпақтарын айтуға бүлдіршіндерімізді шақырамыз.
Құшағында жарқылдап Оқимыз білім аламыз
Өтті сәби күндерім Болашақ жолын саламыз
Би биледім ән тыңдап Дайындықпен қоштасып
Алаңдауды білмедім Біз мектепке барамыз
Біз балауса баламыз Жеті жасқа толамыз
Жетілді ой санамыз Әдепті бала боламыз
Даярлықпен қоштасып Ата – ананы қуантып
Біріншіге барамыз Кілең бестік аламыз.
Өз үлгіңді ұстаймын Күннің нұры шуақты
Айтқаныңнан шықпаймын Сергітеді денемді
Мен балапан құстаймын Құрдастарым сияқты
Баулыдың сен мұғалім Оқушымын мен енді
Бізге тәртіп үйреткен Жақсылыққа құмармыз
Ән салдырып билеткен Жақсы адам болып шығамыз
Таныстырған ең алғаш Таза сәби жүрекпен
Әріптермен, суретпен Айтамыз сізге мың алғыс
Жүргізуші: Енді кезекті биге береміз. (Барлық балалар қолдарындағы шарлармен би билейді).
Жүргізуші: Осы кезде асып сасып залға музыка әуенімен Дымбілмес кіреді. Қолында автомат, аузында ысқырғыш, бір балағы түрулі, кепкасы қисайған.
Дымбілмес: Сендерде мұнда не болып жатыр?
Жүргізуші: Амансың ба, Дымбілмес! Кішкене сабыр ет! Ештеңеден құр қалған жоқсың. Әуелі мына жұртпен амандас.
Дымбілмес: Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Жүргізуші: Дымбілмес сен білесің бе мектепке қандай құрал жабдықтар керек екенін?
Дымбілмес: Білмеймін.
Жүргізуші: Балалар, ал сендер білесіңдер ме?
Балалар: Ия, білеміз.
Жүргізушу: Қане айтыңдаршы, қандай құрал – жабдықтар керек?
Балалар: Кітап, дәптер, қалам, ермексаз, кетіргіш, т. б.
Жүргізуші: Көрдің бе, Дымбілмес мектепке баратын бала көп нәрсе білуі керек. Алдымен жақсы әдептерді білуі керек. Сонан соң денесін шынықтырып, сурет салып, өлең жаттап, тақпақтар айта білуі керек. Өнерлі болу керек.
Дымбілмес: Ой апай сол да сөз болып па. Менде өнер деген жетеді. Міне мен былай ысқыра білемін. Сосын мына автоматпен көздеп тұрып торғайларды жалп еткізіп атып түсіремін. Керек болса тақпақты да айтып беремін.
Мен айтамын тақпақты
Өзімді, өзім мақтап
Кеше киген шалбарым
Бүгін, міне сатпақ
Тал теректі кесемін
Балшық суды кешемін
Кеше әперген красовканы
Бірақ күнде тесемін
Жүргізуші: (Басын шайқайды) балалар сол дұрыс па?
Балалар: Дұрыс емес.
Дымбілмес: Сосын, сосын мен 20-ға дейін санай аламын. 1,2,3,6,10,15.
Жүргізуші: Жарайды Дымбілмес, сенің сырың белгілі болды. Сені мына түріңмен мектепке қабылдамайды. Сондықтан сен біздің балалардан үйрен.
Жүргізуші: Бестік айта ғойшы, біздің балаларға алып келген қандай тапсырмаларың бар.
Бестік: Құрметті де, сүйікті балалар! Мені сендерге білім ханшайымы жіберді. Балалардың мектепке барардағы дайындығын тексер деп жіберді. Ол үшін мен сендерге сұрақ қоямын, ал сендер жауап беріңдер.
Біздің мемлекетіміз қалай аталады?
Біздің елбасымыз кім?
Бір жылда қанша жыл мезгілі бар?
Көктем мезгілінде неше ай бар?
Ағашта он құс отыр еді, оның бесеуі ұшып кетті, ағашта неше құс қалды?
Менің алты алмам бар еді, оның екеуін досыма бердім, менің қолымда неше алма қалды?
Дұрыс айтасыңдар, сендер өте білімді, өнерлі балалар екенсіңдер. Әрқашанда осындай бола берулеріңе тілектеспін.
Оқушы: Ата – аналар қорықпаңдар. Берекет үлкейді, енді 1 – ші сыныпқа өзі барып келеді.
Білім деген теңізде
Берекет біздің қалқиды
Қорықпаңдар үлкендер
Берекет нық басып барады.
Жүргізуші: Балалар рахмет. Балалар манадан бері өлең айтып, би билеп, тақпақ айтып жатырмыз ал, енді математикадан алған білімдерімізді көрсетейік.
Ол үшін ортаға сандарды шақырамыз.
Біздің үйде бір тауық «Алақай» дер келді күн
Бір жұмыртқа жүр тауып Алтыдамын мен бүгін
Бір сиыр бар қорада Алты жасқа келмекші
Бәтіш тәтем жүр сауып. Алғы аптада енді кім
Екі аяқпен жүремін Жеті саны киелі
Екі көзбен көремін Жұрттың бәрі біледі
Екі қолым бар м енің Жеті жасқа жеткендер
Екеу құлақ білемін Жығылмай –ақ жүреді
Үйімде бар үш қалам Сен де мен де баламыз
Үшеуін де ұштағам Сегіз санын саламыз
Үш досымды салдым мен Сегіз деген екі төрт
Үш балыққа ұқсаған Сегіз жаста ағамыз
Төрт дөңгелек арбада Тоғыз жасқа келгенім
Төрт аяқ бар малда да Тоғыз жылды көргенім
Тауыса алмай бидайды Тоғыз жаста тәнті еткен
Төрт тышқан жүр қамбада Талабымды көр менің
Бестік деген бағаны Он жыл, он жас – он деген
Бақыт күнде алады Он жас кіші ол меннен
Бәрі жақсы көреді Онды жаза аламыз
Беске оқыған баланы Он тұрған бір нөл менен
1- дегенім – бесік, шықтық содан өсіп
2-дегенім – елім, далам, тауым, көгім
3-дегенім - үміт, үміт артар жігіт
4-дегенім - төзім, төзе білем өзім.
5-дегенім - бақыт, бағалайтын уақыт.
6-дегенім - ақыл, тыңдағаның мақұл.
7-дегенім - жалау, жүректегі алау.
8-дегенім - сөзің, серт беретін кезің.
9-дегенім - тоқтау, елдің жоғын жоқтау.
10-дегенім - отан, қорға соны ботам.
Жүргізуші: Тақпаққа кезек береміз.
Алфавиттің «А» тұрады басында
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында
Байқадыңба «Б» тұрады үшінші
Ал осының сыры неде түсінші
А деген ол аналар ғой ардақты
Ә деген ол әкелер ғой салмақты
Б деген ол балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де қаделі
Алшақ кетпей сондықтан да расында
Тұрады олар алфавиттің басында
Жүргізуші: Ойын.
Шарты: Кітаптың үстінде үрленген шарды бір жерден екінші жерге жеткізу.
Жүргізуші: Енді көріністі тамашалаңыздар. « Саңырауқұлақ саясында».
Ортаға саңырауқұлақты қойып, бір бала ертекті айтып тұрады.
Автор: Құмырсқа орман ішінде келе жатқанда аяқ астынан аспанды бұлт басып жаңбыр құйып кетеді. Ол жүгіріп келе жатып бір саңырау-тың астын паналауды жөн көреді.
Құмырсқа: Ой, жаңбыр жауып кетті ғой.
Жүргізуші: Бір кезде қанаты жабысып, су болып көбелек келеді. (Осы кезде көбелек қыз жүгіріп шығады)
Көбелек: Қатты жаңбыр жауып кетті ғой. Ұша алмадым алысқа, құмырсқа қасыңнан маған пана берші
Құмырсқа: Кел, кел сен кішкентайсыңғой, екеуміз бір саңыр-ң астына сыямыз.
Көбелек: Рахмет, саған құмырсқа. (Деп саңы-ң астын ол да паналайды).
Автор: Осы кезде шиқ-шиқ деп торғай жандарына қонады.
Торғай: (Шиқ-шиқ деп келеді). Жаңбыр қандай көп жауды, ұша алмадым алысқа, қастарыңнан орын беріңдерші.
Құмырсқа, көбелек: Кел, кел саған да орын бар. (Деп екеуі бірге айтады).
Торғай: Рахмет.
Автор:: Құмырсқа, көбелек, торғай үшеуі паналап отырса, түлкіден қашып келе жатқан қоян келеді.
Қоян: (Қоян секіріп, секіріп келеді де). Мені түлкі қуып келе жатыр, қастарыңа жасырыңдаршы.
Құм. Көб. Тор. Кел, кел саған да орын бар
Автор: Осы кезде қоянды түлкі іздеп келеді.
Түлкі: А-ха осы жерден қоян жүгіріп өтпеді ма?
Құм. Көб. Жоқ, өтпеді.
Түлкі: Қайда кетті екен.
Автор: Түлкі қоянды іздеп кетіп қалады.
(Осы кезде ар жақтан бір мұғалім келіп саңырау-тың астына үлкендеу төртбұрышты , түсі жасыл бірдеңе қойып саң-ты өскендей етіп қояды).
Автор: Төртеуі саңырау-тың астын паналап отырғанда , жаңбыр басылды. Бәрі саңырау-тың астынан шықты. Бір-біріне таңданып қарап былай таласты.
Құмырысқа: Басында жалғыз мен саң-тың астын паналап едім, соншалықты сиғанымыз қалай.
Көбелек: Соншалықты біз кіші ма едік, бұл қалай?
Торғай: Көңіл сиса бәрі сияды.
Автор: Деп төртеуі таң қалыпты. Осы кезде бақа келеді.
Бақа: Жаңбыр жауса саңы-қ тез өседі ғой соны да білмейсіңдер ма? Ақымақтар. (Деп бақа секіріп, секіріп кетіп қалады)
Автор: Бақа кете барады. Төртеуі таң қалысып, саңы-ты айналып былай дейді.
Құм.Көб.Тор.Қоян. (Саңырау-ты айналып жүріп былай дейді). Расында да саңы-қ өсіп кетіпті ғой.
Автор: құм-қа- Қобылан, көбелек - Толғанай, торғай - Диас, қоян -Раушан, түлкі –Дилназ, бақа - Нұрсая т.б. таныстырады.
Жүргізуші: Осылай бәрі бірігіп бір саңырауқұлақ астына тығылып қоян түлкіден, қалғандары жауыннан аман қалыпты.
Ән: «Бала тілегі».
Жүргізуші: Енді ата – аналар мен қоштасайық. Қоштасуға арналған би.
Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін үлкен рахмет.