Просмотр содержимого документа
«Жолда ж?ру ережесіне байланысты эстафеталы? сайыс»
Жолда жүру ережесі бойынша «Сиқырлы Бағдаршам» атты дене шынықтыру пәнінен іс-шара әзірлемесі
Білім беру саласы: денсаулық, коммуникация, әлеуметтану, қауіпсіздік, музыка, дене шынықтыру.
Мақсаты: Жолда жүру ережесі, жол белгілері туралы білімдерін ойын түрінде бекіту, Жолдағы байқағыштық, жылдам ойлау қасиеттерін дамыту, жол ережесін сақтауға, топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: сауысқанның костюмі, ЖЖЕ бойынша плакаттар, жол белгілері, ысқырғыш, түрлі-түсті шеңберлер, кубиктар, доптар, т.б.
Жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты достар, тәрбиешілер, ата-аналар, қонақтар. Бүгін біз сіздермен ЖЖЕ қаншалықты білетіндеріңді тексеру үшін жиналып отырмыз. Ендеше, «Сиқырлы Бағдаршам» еліне қош келдіңдер!
- Көңіл күйлерің қалай?
- Алақандағыдай! (Алақандарымен көрсетеді)
Олай болса, дайынсыңдар ма? Жол ережесін бұзбауға уәде бересіңдер ме?
- Жол ережесін білейік,
- Аман-есен жүрейік!
Балалар, кім ЖЖЕ байланысты тақпақтар біледі?
1 бала Сапар шексек сізбен біз, Сан көлікке мінеміз Троллейбус, трамвай Автобусбен жүреміз 2 бала Көлік, көлік, көлік Көліктерге мінеміз Көшелермен, көшелерімен Күнде тынбай жүреміз 3 бала Тәртіп бұзсақ абайсыз Жағдай туар қолайсыз Май қызметкерлерінен Сан кешірім сұраймыз 4 бала Жол жүрудің тәртібін Ережесін білеміз Сақтағанда қатерден Сау саламат жүреміз
Ендеше, уақытты созбай, ортаға қатысушылармызды шақырайық.
Ду қол шапалақпен қарсы алыңдар, көк киімді Айгөлек тобы!
«АЙГӨЛЕК» МУЗЫКАСЫ ҚОСЫЛАДЫ
Алдарыңызда,қызыл киімді топ «Балапан» тобы!
«БАЛАПАН» МУЗЫКАСЫ ҚОСЫЛАДЫ
Құрметті сайыскерлер, сайысымызды бастамас бұрын, біраз жаттығып алайық, ол үшін барлығымыз бірге билейік.
ФЛЕШМОБ «АЯҚПЕННЕН ТОП ТОП ТОП!»
Ал енді екі топпен таныс болу үшін, топтың ұранын білейік!
Ендігі кезекте әділ қазылар алқасымен таныс болыңдар!
Барлығымен таныс болдық, ендеше «Сиқырлы Бағдаршам» еліне аттанайық. Ол үшін, қолымызға сиқырлы таяқшаны аламыз, оң қолымызды көтереміз, сол қолымызды көтереміз, шапалақтаймыз!
СИҚЫРЛЫ ДЫБЫС
Көп көзі бар батыр
Бағдаршам оның аты Өзінде көп ақыл Тоқ болғанмен заты
Тұрады ол дәйім Бұрышында жолдың Қиып өткен сайын Қарайтұғын балғын
Қызыл көзі жанғанда Қалт тоқтай қал табанда Сары көзі жанғанда Сақ абай бол барынша Жасыл жарық жол ашық, Жүгіре бер бел асып
Осы кезде сауысқан кіріп келеді.
МАИ қызметкері: Не деген масқара, барлығын бүлдірген!
Жүргізуші: Не болды?
МАИ қызметкері: Сиқырлы Бағдаршам еілндегі барлық жол белгілерін ұрлап кетіпті! Бағдаршамдарды сындырып тастапты! Барлығын бүлдіріп кетіпті! Көмктесіңдер! Тездетіңдер!
Жүргізуші: Тездетіп шара қолдану қажет. Сендер көмектесуге дайынсыңдар ма? Қиындықтардан қорықпайсыңдар ма? Менің сиқырлы ысқырғышым бар, сол көмектесер. Уақытымызды өткізбейік. Бірақ, жолға шықпас бұрын, алдымен ЖЖЕ қайталап алуымыз керек. . Мен сендерге сұрақ қоямын, ал сендер болады немесе болмайды деп жауап бересіңдер,
— Жаяу жүргінші жолымен өтуге…
Болады!
— Көлік келе жатқан жолға жақын жүруге…
Болмайды!
— Ата әжелерге жолодан өтуге көмектесуге…
Болады!
— Көлік жүретін жолдан жүгіріп өтуге…
Болмайды!
— Жолда жүру ережесін сыйлауға…
Болады!
Жарайсыңдар! Ендеше жолға аттанайық, оол үшін билейік.
«ТӨРТ ҚАДАМ АЛҒА» ӘНІ
Жүргізуші : Балалар, қараңдаршы, кім барлық бағдаршамдарды сындырып тастаған? Осының кесірінен қаншама апаттық жағдайлар болуы мүмкін!?
Тентек қыз: Ал, мен істедім!
Жүргізуші: Ал сен кімсің?
Тентек қыз: Мен, Тентек қызбын, , мен қырсықпын және бұзықпын, Барлығына қарсы жаман нәрселер жасағанды жақсы көремін! Ха-ха-ха!
Жүргізуші: Бірақ біз саған жол бермейміз, солай ғой? Қазір барлық бағдаршамды өзіміз орынан келтіреміз .
«БАҒДАРШАМДЫ ЖИНА» САЙЫСЫ
Белгі бойынша бірінші қатысушы қызыл кубикті алып шеңберге салады, екіншісі сарыны, үшіншісі жасылды шеңберді салады. Сөйтіп, жалғаса береді. Дұрыс және бірінші жинаған топ жеңіске жетеді.
Тентек қыз: Бағдаршамды жинапсыңдар! Жинасаңдар не бопты? Менде одан қорқынышты тапсырма бар. Бұл қорқынышты туннель, ішінде тышқандар жүреді!
Жүргізуші: Өтірік айтасың! Бұл қорқынышты туннель емес, бұл жер асты өту жолы!
«ЖЕР АСТЫ ӨТУ ЖОЛЫ» САЙЫСЫ
Қолымен жалаушаны ұстап, жеке-жеке туннель ішінен өтіу
Жүргізуші Қорқынышты емес пе, балалар? Жер асты өту жолын балаллар жолды қауіпсіз өту үшін арнайы жолдың астына жасаған, Ссондықтан, Тентек қыз, сен біздің текке қорқыттың, бұл бізге керісінше пайдалы!
Енді біз сені шошытамыз. (ысқырғышпен ысқырады) Тентектігіңді тоқтат! Жол белгілерін қайтар!
Тентек қыз: Жоқ, жоқ, қажер емес, қорқытпаңдар! Жұмбақтарымның жауабын тапсаңдар, қайтарып беремін.! Бұған дейін ешкім тауып көрген емес! хи-хи-хи!
Жүргізуші Сықылықтап күлуіңді қой, одан да тезірек жұмбағыңды жасыр!!
Тентек қыз: Балалар, тыңдаңдар, тапсырмалар өте қиын!
Жүргізуші: Балалар, бұл белгілердің қалай аталатынын айтайықшы!
Тентек қыз: Ал маған, белгілердің еш қажеті жоқ.одан да барып доп ойнайын!, Кім менімен барады? Тезірек жол бойына шығыңдар. Бұл жерде доп ойнаған өте жақсы! (доптарды балаларға лақтырады)
Жүргізуші: (ысқырып) Сіз көшеде жүру тәртібін бұздыңыз!. Балалар, жол бойында ойын ойнауға бола ма? Неліктен?
Тентек қыз: Қазір мен сендерді сынаймын!. Бағадршамның қызыл түсі қайда орналасқан, айтыңдаршы?
Балалар: Жоғарыда (қолдарын көтереді)
Сары — Қолдарын жинау
Жасыл — төмен түсіру.
Тентек қыз Қазір мен бағдаршам түстерін айтамын, ал сендер, қайда орналасқанын көрсетесіңдер!,
Жүргізуші:: Қанша тырыссаң да , бізді шатастыра алмайсың!. Балалар жол ережесінің барлығын біледі
«ЖҮРГІЗУШІ ОЙЫНЫ»
Тентек қыз Жарайды, солайақ болсын, тентектік жасамаймын! . Айтыңдаршы, сендер қалай менің тапсырмалаарымды қателеспей жасап бердіңдер? Бұның сыры неде?
Жүргізуші Бізге достық көмектесті. .
Тентек қыз: Мен сендермен достасқым келдеі, менімен дос болыңдар!.